Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет5/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

Екіншіден, білім, ғылымды анық, ақиқат мақсатпен білмек 
үшін үйренбек керек: білуді, білмекті мақсат етіп талап қылу 
шарт. Егер білуге талап қылған кісінің мақсаты мақтан, біреуден 
озу, біреуді жеңу болса, онда ондай мақсат оның көңілін тазарт-
пайды, бұзады. Осыдан сақ болу керек.
Үшіншіден, егер белгілі бір істің ізгілігіне, ақиқатына ижди-
һатымен көз жеткізсе, соны тұтып, содан айрылмау шарт. 
Төртіншіден, білімі мен ғылымын көбейтудің екі құралын 
ұдайы зорайту жолында болу керек. Ол екі қарудың бірі – пікір-
ленбек (білмек), екіншісі – білгенді ұмытпастық. 
«Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек» [2, 198], – 
дейді Абай. Ал ұмытпастыққа төрт түрлі себепті көрсетеді:
а) көкірегі байлаулы берік балмақ; ә) нәрсені көргенде я ол ту-
ралы естігенде ғибратлану, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу; 
б) сол нәрсені іштен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге 
бекіту; в) ой кеселді нәрселерден қашық болу [2, 173].
Айтылған жайлардан білім алушының есіне тән үдерістер-
дің қатары белгілі болады: 1) ұғу; 2) бірнеше уақыт қайтарып ой-
ланып, көңілге бекіту; 3) пікірлену; 4) ұмытпастық. Ес – білген, 
түсінген жайлардың санада сәулеленген жүйесі.
Бесінші шартта ақын ой кеселді нәрселерді көрсетеді:
уайымсыз салғырттық; ойыншы-күлкішілдік; қайғыға салыну; 
құмарлыққа салыну. Ақын осы төртеуін күллі ақыл мен ғылым-
ды тоздыратын нәрселер деп біледі [2, 173-174]. Бұлардың ішінде 
уайымсыз салғырттықтан бек сақ болуды ескертеді. Уайымсыз 
салғырттық, ақын ойынша, – «әуелі – құданың, екінші – халық-
тың, үшінші – дәулеттің, төртінші – ғибраттың, бесінші – ақыл-
дың, ардың – бәрінің дұшпаны» [2, 176].
Алтыншы шарт ғылымды, ақылды сақтайтын сауыт тура-
лы. Оның аты – мінез. «Сол мінез бұзылмасын!.. Қылам дегенін 
қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын 
ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір 
ақыл үшін, ар үшін болсын!» [2, 176].


14
Білім іздеу, білім алу, білім беру ісіне қатысты осы алты шарт 
бүгінгі білім беру ісі үшін де маңызды екенінде сөз жоқ. Осы 
шарттардың әрқайсысы білім беру ісі туралы ғылымның тарихы 
мен теориясында өз алдына жеке-жеке категория ретінде қарас-
тырылып, зерттелуге лайықты. Көрсетілген алты шарт айнала-
сындағы қағидаларын Абай өзінің өмірден көріп, білген тәжіри-
белеріне, таным байлығына сүйеніп негіздеді. Бұл жерде даныш-
пан ақынның шығармашылық ойлауындағы, өмірден көріп, біл-
ген тәжірибелеріне, таным байлығына сүйеніп ой қорытуындағы, 
пікір түюіндегі даралық пен даналық мәйегін аңғаруға болады.
Абай білім, ғылым үренуге талап қылушыларға талаптың 
өзінің бірнеше шарттарын білу туралы қағидаларында, білім, 
білу ісіне қатысты басқа тұжырымдарында білім алушылардың 
ішкі қалпы, білу үдерісі, білу үдерісін қамтамасыз етуші тетік-
тер (амал-тәсілдер), білу нәтижесінде қалыптасатын құзіретті-
лік мәселелеріне қатысты ойлары мен пікірлерінің тұтас жүйесін 
ұсынады. Оларды басты белгілеріне қарай мына ретте топтас-
тыруға болады: 1) білім алушылардың білім алуға дейінгі ішкі-
сыртқы қалпы; 2) білу үдерістері; 3) білу үдерісін қамтамасыз 
етуші тетіктер (амал-тәсілдер); 4) білу нәтижесінде қалыпта-
сатын құзіреттілік.
Білім, білу айналасында сипатталған алты шарт пен олар-
мен шектес құбылыстардың әрқайсысы өзара бір-бірімен сабақ-
тас, байланысты. Мұндай байланыс, сабақтастық негізінде пай-
да болатын тұтастық Абайдың білім туралы ойлары мен қағи-
даларының күрделілігін, жүйелілігін білдіреді. Осы тұрғыдан 
келгенде, Абайдың білім, білу туралы ойлары мен қағидалары 
өз алдына бір іргелі концептуалдық жүйені түзеді. Екінші жа-
ғынан, білім, білу туралы осы ұғымдар, түсініктер, қағидалар 
жүйесінің өзінде әлем данышпандарының еңбектерінде көрініс 
таппаған толықтық пен тұтастық бар.
Ақын талап қылушылардың тобынан білуді таңдап, білуге 
талаптанушыларды жеке бөліп алады, солардың білмекке тала-
бын оң көреді, дүние-мүлік байлығына жетуге талаптанушылар-
дың талабының терістігін, баянсыздығын аңғартады. Талаптың 
махаббаттан шығатыны, ал махаббаттың адамның адамдығы 
екендігі, оның ақыл, ғылымнан өнетіні, ғылым, білімді қалау-


15
дың, білуге талап қылудың кісінің көкірегін аршып, тазартуға 
бастайтыны туралы қағида ұсынады. «Қашан бір бала ғылым, 
білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты 
адам болады» [2, 185-186], – деп, танымдық, тағылымдық маңы-
зы үлкен қорытынды жасайды.
Кісінің талап қылып істемек болған ісінің жақсылығына, 
нәтижесінің ізгілігі мен игілігіне көзі жетіп тұруы шарт. Талап 
қылып істемек болған ісінің ізгілігіне, игілігіне көз жеткізбеу, 
білімсіз талаптану адамды жарға жығуы, қатерге ұшыратуы 
мүмкін. Одан аман болмақ үшін әр нәрсенің, әр істің алды- 
артын байқарлық, жақсылықты жамандықтан, ізгілікті зұлым-
дықтан айырарлық білім, ғылым керек. Сондықтан білімге, ха-
қиқатты, шынды білуге талаптану аса маңызды.
Дүниенің азатын, тозатын, таусылатын нәрселерін қалап, 
тек қана соларға жету үшін іс қылуға талаптануда, бар өмірін 
тек осы жолда сарп етуде опа жоқ. Ақын адам болам деген жас-
тарға ондай арзанға алданбай, «талаппен ұшып, талпынып, шар-
тарапты көздеуге» [1, 201] кеңес береді. Талаппен ұшу, талпыну, 
шартарапты көздеу секілді істердің әрбірінің терең мәні бар. Бұл 
жерде ақын ойын бейнелі түрде, астарлы мағынада айтқан. Ха-
лықтың дәстүрлі мәдениеті тұрғысынан алып қарағанда, олар 
түгелдей қыран құстың қылықтарын елестетеді. Саятшы қолын-
дағы қыран құсының томағасын алып, ұшырғанда, қыран осын-
дай әрекет жасайды: талаппен ұшады; талпынады; шартарапты 
көздейді. Осы әрекеттері арқылы ол алыс-жақынды тұтас шола-
ды, керегін күйкентай сияқты ұясының қасынан, іннің басынан 
емес, шартарапты көздеп табады. Ақын адам болам деген жас-
тың да үйдің іргесінде қалып қоймай, алысқа, биікке талпынып, 
керегін шартарапты көздеп табуын насихат етеді.
Абай «пайда ойламай, ар ойлаудың», «артық білуге талап 
қылудың» махаббаттан шығатынын айтады дедік. Бұлар пікір, 
ой ғана емес, бұлар – Абайдың іліміндегі біртұтас қағидалар 
жүйесінің басты тіректері. Қағидалар жүйесінің мәні адам бо-
лам деген, білім іздеген кісінің талабының махаббаттан шығуы, 
ақылға сай, ардың гүлін ашатын игілікті іске бастауы, ақылға 
қайшы, арға жат істен аулақ болуы туралы тағылымды тұжы-
рымдар, ойлар мен пікірлер аясында ашылады.


16
Абай адам болам деген кісінің асық болатын «бес асыл ісі-
нің» ішінде талапты бірінші атайды. Әңгіме бес асыл нәрсенің 
қайсысын бірінші атауда емес, олардың әрқайсысының «бес асыл 
іс» тобында атқаратын қызметінің мәнінде. «Бес асылдың» басы, 
бастаушысы – талап. Талап жоқ жерде өнер үйрену де, білім табу 
да, еңбек ету де жоқ, талапсыз ешқандай асыл нәрсеге қол жет-
кізіп болмайды. Абайдың ілімінде талапқа, білуге деген талапқа 
осы тұрғыдан толық сипаттама беріледі. Оның өзі талаппен не-
гіздес, сабақтас бірнеше әлеуметтік-этикалық ұғымдармен бай-
ланыста жүзеге асады. а) талаптың мағынасы, мәні ашылады;
ә) талаптың маңызы анықталады; б) талап пен талап қылу-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет