Абай ілімін білудің, ТҮсінудің ЖӘНЕ


талап → қабылдау → білу → түсіну → есте сақтау



Pdf көрінісі
бет7/58
Дата14.05.2024
өлшемі5.16 Mb.
#501068
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58
Мақалалар-жинағы-3

талап → қабылдау → білу → түсіну → есте сақтау. 
Абайдың танымдық үдерістер иерархиясында есте сақтау 
кезеңіне қатысы бар мына қағидаға назар аударайық: «Адам ата-
анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескер-
се, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, 
көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөз-
дерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке 
өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселе-
рін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны 
адам десе болады» [2, 155]. 
Білу, түсіну, білген, түсінген, есте сақтаған жақсы нәр-
селерді ескеру, іске жарату қағидасы аса маңызды. Адамның 
адамдығының өзі білген, есте сақтаған жақсы нәрселерді еске-
ріп, іске жаратуда. Білген білімді, естегі жақсы нәрселерді еске-
ру, іске жарату қолдану деген ұғымды білдіреді. Осыны негізге 
алғанда, Абайдың иеархиялық жүйесіне қолдану деген тағы бір 
процесті қосу орынды. 
Талап → қабылдау → білу → түсіну → есте сақтау
 Абай-
дың білім концепциясындағы
 танымдық процестер сатыларын 
білдіреді. Қолдану элементтері осы танымдық процестердің бә-
рінде де азды-көпті болады. Солай бола тұра Абай талап, қабыл-
дау, білу, түсіну, есте сақтау арқылы білген жақсы нәрселерді 
ескеруге, іске жаратуға, қолдануға аса зор мән береді. Алдыңғы 
процестерде жинақталған жақсы деген қазына-байлықтың бар 
маңызы мен мәні оны іске жаратуда, іс жүзінде қолдануда екен-
дігі туралы қағида ұсынады. Бұл қағиданың өмірлік маңызы бар. 
Егер білім алған кісі сол алған білімін өзінің, айналасының, ел-
дің игілігі үшін пайдаланбайтын болса, онда ол білімді емес, ол 
білімі жоқ адаммен тең. Осы қағида негізінде Абайдың білім 
концепциясындағы танымдық үдерістер иерархиясын қолдану 
процесімен түйіндеу қисынды деп білеміз. Сонда Абайдың білім 
концепциясында танымдық үдерістердің иерархиялық жүйесі 
мына үлгіде өрнектеледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет