Бастауыш сыныпта оқылатын Абай аудармалары.
Абай заманында қазақ арасында аударма өнері мүлде дерлік дамымаған болатын. Егер онымен бірең- сараң шұғылданушы табыла қалса, аударма ісіне негізгі мамандығының мұқтажына қажетті қосалқы құрал ретінде қарайтын еді. Мысалы, көрнекті ағартушы және тұңғыш педагог Ыбырай Алтынсариннің осы саладағы еңбегіне назар аударсақ,, ол кісі жас жеткіншектерді оқытуға себі тиетін бірнеше ғибрат әңгімелерді орысшадан қазақшаға аударғаны болмаса, бұл игілікті іспен кең көлемде және арнайы айналысқан жоқ.. Демек, қайталап айтсақ , аударма ол уақытта шын мәніндегі өнер дәрежесіне көтеріле алмады, көбінесе, әуесқойлық деңгейден аспады.
Ал, Абайдың өз басы аудармамен шұғылданған шағында бұл салада арнайы қызмет етуді, сөйтіп аударма ісін кәсіби сатыға көтеруді нысана етіп қоймаған. Әйтсе де, Абай өзінің ақындық өнері тәжірибесінде әрдайым орыстың озат мәдениетіне сүйенгендіктен, өзі сүйсіне оқып, үлгі-өнеге тұтқан классик ақындарды қазақша сөйлетпей отыра алмаған. Ол ол ма, Абай ақындығының кемелденуіне, жетіле түсуіне, асқан көркемдік пен терең мазмұнға ие болуына сол аударманың едәуір рөл атқарғаны, игілікті әсер еткені күмәнсіз. Қалайда, ақынның әдеби мұрасы ішінде аударма үлгілерінің де өзіндік орны мен салмағы бар.
Аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударған. Сонда ол А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» атты әйгілі романынан 7 үзінді, М.Ю.Лермонтовтан 30-ға таяу шығарма, И.А.Крыловтан 12 мысал т.б. авторлардан 7 өлең аударған. Енді солардың кейбіріне қысқаша тоқтап, Абайдың бұл саладағы жемісті еңбегіне баға беріп өтсек дейміз.
Абай аудармаларын Пушкин үзінділерінен бастайтын себебіміз кездейсоқ емес. Қазақ ақынының аударма өнеріндегі алғашқы қадамы тап осылайша болған еді. Өзінен өзі туатын бір сұрақ: Абай «Евгений Онегин» романын аударғанда алдына қандай мақсат қойды, осындай ұлы шығарманың нендей қасиеттері қызықтырып, қазақ классигінің ерекше назарын аударды.
«Евгений Онегинді» түгелдей аудармағанына қарағанда орыс қауымының сол кездегі өмірін жан-жақты және өте терең көрсететін романдағы көптеген жайлары Абайды оншалық қызықтырмағанға ұқсайды. Оның бер жағында «Евгений Онегин» алуандас өте күрделі туындыны бірден меңгеру оңай емес еді. Сондай –ақ, Абай заманындағы қазақ ортасынан «Евгений Онегин» романын жете түсініп оқитын мәдениетті жұртшылықты табу да қиын екені есте тұтқан абзал. Сондықтан да, Абай кімге де болсын түсінікті жайды ғана алады да, бір-біріне бара-бар, тең тұрса да, екі жасты махаббатты сәтсіз кейіпкерлер сипатында бейнелейді. Бірақ қазақ ақыннының мұнысы А. С. Пушкиннің алшақ кету яки оны бұрмалау емес пе? Жоқ олай емес. Мәселен түп нұсқадағы Онегин мен Абай аудармасындағы Онегин арасындағы ұқсастықты немесе айырмашылықта емес. Өйткені түптеп келгенде, сөз болатын бір ғана кейіпкер және соның Татяна мен қарым – қатынасы. Ал Пушкин романында Онегин саясатты Петербургке қайта оралғаннан кейін, өзі бір кезде бас тартқан жас Татянаны енді жаңа жағдайда көріп, оған бірден ғашық болады. Сұлу әйелдің аяғына жығылып, жүрек мұңын ақтармай ма?! Абай осы фактіге сүйене отыра, романның басқа кедергілер сөз болмайтынын ескеріп, екі жастың хаттарын келтіргенде, онысы шындықтан алыстап кетпеген және мұндай шешімнің сол кездегі қазақ жастары үшін өнеге тәрбиелік маңызы зор болатын-ды. М.О. Әуезов өзінің Абайға арналған белгілі еңбегңндегі ақынның осы аудармаларын эпистолярный деп атаған.\ М.О.Әуезовтың әр жылдар ойларындағы Абайға арналған монографиялық зерттеуін айтып отырмыз\ Айрықша көңіл бөлетін тағы бір мәселе сол « Евгений Онегиннен» не бары 7 үзінді ғана қазақшаланған болса, олардың бәрі бірдей Пушкиннің түп нұсқасымен мүлтіксіз дәл түсе бермейді. Бұл неліктен? Абайдың алғашқы қадамы, яғни аударма ісіндегі тәжірибесі аздығынан туды десек, аталмыш үзінділердің ішінде ақынның әрі көркем, әрі дәлірек аударғандары да кездеседі (мысалы, «Онегиннің сипаты», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Барасың қайда, қайда болмай маған» т.б).
Тегі негізгі себепті басқа жақтан іздеген дұрыс. Сайып келгенде, өз заманындағы оқушы көпшілікке аударманы ұғымды ету үшін мұндай азды – көпті алшақтыққа Абай саналы түрде барған сияқты. Бірақ ол еш уақытта да Пушкиннің негізгі сарынын, рухын мүлде өзгертіп көрген емес. Қайталап айтсақ, Пушкинді қазақшалағанда Абай қайтсе де оның текстіне тың жолдар енгізіп, өнер салыстыруға немесе орыс ақынын тартқан желіні бұзып соны тақырыпқа әдейілеп барған жоқ. Егер ара тұра Пушкиннің түп нұсқасынан алшақтау кетсе қазақ оқырмандарының қамын жеуден туған өте заңды көрініс демекпіз.
Абайдың ерекше сүйіп аударған екінші ақыны М. Ю. Лермонтов. Ең алдымен, Лермонтов шығармаларымен қазақ ақынының өте таныс екенін және оның жеке өлеңдерімен бірге кейбір поэмаларынан да үзінділер аударғанын аңғарамыз. Абай аударма өнерін жақсы меңгеріп, оның көркемдік сапасы мен түп нұсқаға дәлдігін айтарлықтай дәрежеге көтере білген.
М. Ю. Лермонтовтың әйгілі поэмасы «Демоннан» яки оның басқа да кесек туындыларынан үзінділерді қазақ тіліне аударғанда Абайдың көздеген мақсаты түсінікті айқын. Ол бір жағы өз көңіл күйін білдіретін, екіншіден, оқушы жұртшылыққа қатты әсер етіп толғандыратын жолдарды аударды. Мысалы «Измаил-бей» поэмасының екінші бөлімінен аударғанда қазақ классигінің назары мына бір жолдарға ауыпты:
Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?
Жұртын сүйген нәрсені ол да сүймек.
Ішің берік боп, нәпсіге тыюлысып,
Паңсымай, жайдақсымай, ірі жүрмек.
Сасқаныңды көрсетпе ешкімге бір,
Сөйтсе де ірісімен кеңесіп жүр.
Кейбірін қауыптендір мінін тауып,
Кейбірін жылы сөзбен көңілдендір.
Лермонтовтың зілді ирониясын Абай титтей деп әлсіретпей, сол күйінде жеткізе білген және өз заманының сипатына сай тереңірек ашу үшін қазаққа түсінікті жайларды баса көрсеткен. Содан болса керек, көпке дейін бұл үзіндіні Абайдың төл шығармасы деп келдік. Расында да қазақ даласындағы ел билеушілердің тәсіл айласын Абай бүркелемей-ақ айқындап ашып берген. Түп жағынан алғанда бұл аудармада аздаған алшақтық бар. Лермонтовты «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек», 22 жолдан тұратын тұтас бір шумақ болса, Абай оны әрқайсысы төрт жолдан келетін қазақтың қара өлеңімен аударған. Мысалы Абайдың аудармасында мынадай бір тамаша жолдар бар:
Асау терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жолындай бұйра толқын,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып....
«Теректің сыйында» тап мұндай теңеулер кездеспегенмен осыған жақын жолдарды «Демон» поэмасынан ұшыратуға болады:
И, глубоко внизу чернея,
Вился излучистый Дарьял,
И Терек, прыгая, как львитца
С косматой гривой на хребте,
Ревел,-и горный зверь и птица
Кружась в лазурной высоте...\ Собр. Соч... т-ІІ М1958, с 82
Лермонтов М. Ю.
Лермонтовтан, оның басқа адамдардан аударғанын, 30-ға тарта өлең болды. Алғашқы аудармасы
Қараңғы түнде тау қалқып,
Ұйқыға кетер балбырап . . .
Абай көбінесе, Лермонтов шығармаларын әрі шебер, әрі дәлме-дәл аударып отырған: Бұған дәлел ретінде «жалау», «жартас», «қараңғы түнде тау қалқып», «қанжар» сияқты өлеңдердің аудармаларын атап өтсек жеткілікті. «Тұтқындағы батыр» (узник)
Лермонтовты, өлең жолдары тығыз тар. Арасына басға сөз қосуға болмайтын сияқты әсерлік, ұйқастық жағынан жұрт тіпті оны Пушкиннен де бұрын біледі. Міне, Абай осыны түсінген, дегенмен кей жерінде одан да бөлектеу кетіп отырған. Оның себебі бар, кейде әлі де жетпеуі мүмкін.
Ал кей өлеңді басын ғана алып, әрі қарай өз ойын айтатын. Ол еліктеу. Оның ешқандай ұяты жоқ, біреудің аспабын алып қана күй тарту сияқты. Мұндай байланыс Байрон мен Лермонтовта да бар. Мысалы Лермонтовтан, Байроннан аударма «альбомы» бар. Ал өзінікін «в альбом» дейді. Ұқсастығына қараса Байрондікі деуге болады.
Кім білер жабыраңқы жазған сөзім,
Быть может стих унылый
Тот взгляд -
деген аудармасы Абайдың Лермонтовтан да, Байроннан да аудармасы деуге болады.
Унылый - күн, адам көнілі болады. Оны Лермонтовта бұрын орыс тілінде қолданбаған теңеуді алған. Сол сияқты Абай да тура «жабырқаңқы» деген сөзді алған. Осындай, әсіресе кушті сөздерді Абай айыра біліп, кұнын жоймай аударған». Бұдан оның орыс тіліне, ақындыққа өте күшті екенін көреміз.
ҚАНЖАР
Сүйкімді болат қанжар тұрсын жайнап,
Люблю тебя булатный кинжал
Ыстық, суық майданда
Товарищ холодный, светлый
Абай бұл жерде шеркесті «ер» деп мақтаңқырап жіберген.
Ал Лермонтовта
Лилейная рука
Знак минуты расставания (Лилия — гүл, суда өседі.)
Еркелі нәзік қолмен маған берді,
Қайғы мен өртенгеннің бейнесі еді.
Бұл жерін беру өте қиын. Дегенмен Абай өзі бұрын айтпаған сөзді теңеуді айтқан.
Абайдың ерекше көңіл бөліп аударған үшінші ақыны, орыстың атақты мысалшысы – И.А. Крылов. Сол бір кезде, аударма өнері жолға қойылмай тұрған шақтың өзінде И.А. Крыловтың бір мысалын («Қарға мен түлкі») тұңғыш рет Ы. Алтынсарин қазақшалаған болатын. Содан кейін Абай молырақ, жемістірек еңбек етіп, оның 12 мысалын қазақ тіліне аударды.
Крылов мысалдарының ішіндегі жақсылық пен жамандықты, ізгілік пен жауыздықты, адамгершілік пен ар намысты, надандық пен топастықты сөз ететін тәрбиеліе мәні зор шығармаларының қазақ ағартушыларын қызықтырғанын абайлау онша қиын емес. Ендеше, сол кездегі орыс өмірінің ұсқынсыз жақтарын қатты шенейтін Крыловтың сатиралық мысалдарын қазақшаларға бармай оның өсиетшілдік бағыты басымырақ мысалдарын Абайдың ден қоя аударуы тегін болмаса керек. Сонымен қатар өз заманасының кесепат кемшіліктерін әшкерелеп, халпыға жете түсіндіруді мақсат етіп отырған сыншыл Абай үшін астарлап, эзоп тілімен сөйлеу оншама тиімді болмаған сияқты.
Ерекше ескеретін нәрсе: Крылов мысардарын Абай негізінде шебер аударса да, екі жағдайда түп нұсқадан алғашырақ кетіп отырған.
Абай өз жанынан шығарып мысал жазбаған. Бірақ орыстың атақты мысалшысы И. А. Крыловтың бірнеше мысалын қазақшаға өлеңмен аударған. Солардың ішінен осы жинаққа үшеуі енгізілген. Олар жайындағы әңгімеден бұрын, әуелі «Мысал» дегеннің не екеніне түсінік бере кетейік.
Әдетте, ертегіде кездесетін тазша бала, хан мен уәзірлер немесе Ертөстік сияқты жеке адамдар, жырлардағы Алпамыс, Қобыланды сияқты батырлар, осы күнгі көркем шығармада суреттелетін адамдар әдебпет тіліп-де кейіпкер деп аталады. Ал мысалдағы осындай кеніп-керлер жан-жануарлар, құрт-құмырска, түрлі жәндіктер, аң-құстар болып келеді. Және олар өз ерекшеліктерін сақтап отырып, адамның сөзін сөйлеп, ісін істейді. Ақын-жазушылар өз шығармаларында солар туралы айтқан болып, шынында, адамның жаксы-жаман іс-қылығын, мінезін көрсетіп, оқырманға сабақ қылады. Сондай шығарма мысал деп аталады.
Жинақта берілген мысалдың біріншісінде шегіртке мен құмырсқа туралы қызықты әңгіме болады. Жаз бойы жапырақтың бірін тамак, бірін үн қып, ән-думанмен өткізген шегірткенің күз болғанда күйі кетеді, ал кыс түскенде жанын қоярға жер таппайды. Ақыры ала жаздай тыным көрмей дән жинап, үнін түзеп, енді қыстап қысылып, сабанда жатқан құмырсқаға келеді. Аяғына бас ұрып: «жаз шыққанша асыра!» - деп жалынады. Құмырсканың: «Жаз өтерін білмедің бе? Жаның үшін қам жасамадың ба?» - дегеніне әулекі шегіртке: «Сен секілді шаруа қылуға ән-жырдам қолым тиген жоқ» — дегенді айтады. Міме, осы мысалдан шығатып, оқырмамға сабақ болатын ой мысалдьщ сонында құ-мырсқаның:
Ала жаздай ән салсан, Селкілде де, бплей бер!—
деген сөзімен берілген.
Екінші мысалда көшеде біреу жетелеп бара жатқан таудай пілге титімдей қанден (күшік ит) шабаланып үріп болмайды. Мұны ерсі көрген ит: «Пілге үретін сыйқың жоқ, елге күлкі болмай, қойсаңшы!» — дейді. Бірақ оған қанден кұлақ аспайды. Рас, ол өзі мен пілдің арасы жер мен көктей екенін біледі екен, сөйте тұра «ұрыс, соғыс салмай-ақ, ер атанбақ» болады. Өйткені досымды көрген жұрт: «Қой, бұл қанден — ер шіркін пілге де үрген» деп батыр атақ береді — деп дәмеленді бишара.
Сонда алдыңғы мысалда құмырсқа еңбекқор, үқыпты, сондықтан ешкімге жалынышты емес, дәулетті адамды, ал шырылдауық шегіртке ырду-дырдушыл іске қырсыз жалқауды меңзеп тұрса, екіншісінде пайымсыз мақтаншақ күлкі етіледі. Крылов мысалының бұл ойы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде айтылатын «Майданға түспей бәйге алма» нақылымен үндесіп жатқанын байқауға болады.
Соңғы мысалда айлалы, әккі түлкі ақымақ қарғаға «жүнің де керемет, үнің де керемет» деп, мақтап-мақтап ән салғызбақ болады. Жалған сөзге иланған «үні періштенің, үніндей» «құс төресі» «қарқ» дегенде, тұмсығындағы ірімшігі «салп» деп жерге түседі. Қу түлкі кұлқынын тескен ірімшікті кағып алып, тайып тұрады. Сөйтіп, мақтан сүйгіш есер қарға майда тілді сұм түлкінің тәтті өтірігіне алданып, аузындағысынан айырылып қалады.
II. Крылов мысалының түйіні ұлы Абайдың, өзінің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі:
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз,—
деген ескертуімен үндеседі. Бұдан осы өлеңде айтылған данышпан ақын ойларының бір халық, бір заман емес, барлық халық, бар заман үшін де шындық екендігіне тағы көз жеткіземіз.
Алайда, соңғы жылдардағы зерттеушілердің нәтижесінде Абай аудармасының жалпы саны 12-ге жетіп отыр. Олардың бәрі дерлік ұлы ақынның 1909 жылғы басылымына енген және Мүрсейіт қолжазбаларының бәрінде де бар.(1905, 1907, 1910)
Сөйтіп жоғарыда аталған орыстың үш классигінен басқа Абайдың аудармасы бойынша қазақ әдебиетіне кірген тағы жеті шығарма бар: «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» «Адам Мщкевичтен», «Сұрғылт тұмандым бүркіп» (Романс, сөзі А. Делвигтікі, музыкасы М. Глиенканікі), «Қорқытпа мені дауылдан» (И.Буниннен), «Қалқамен менүндемей жүремін көп»(авт белгісіз) «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» (В.А. Крыловтан), «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы» (Я. Полонскийден), «Кең жайлау-жалғыз бесік жас балаға» (Ф. Шиллерден).
Абай мұндай игілікті іске еріккеннің ермегі немесе көлденең кәсіп ретінде қарамаған. Керісінше, соншалық шабытты жолдар орыс елінің ұлі мәдениетімен қазақ ақынының танысып, Пушкин, Лермонтов сынды абзал жандармен сырласу сәтінде туған. Сол себепті, Абай бір жағынан ақындық өнерін шырқау биікке көтерсе, екіншеден, сол кездегі қазақ жұртшылығын тың бір дүниемен таныстырды, келешек ұрпаққа өнеге боларлық ұмтылмас еңбек жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |