Абай шыєарма шыєармасын оќыту


Абай шығармаларын оқытуда қамтылмаған мәселелер



бет14/16
Дата19.04.2024
өлшемі337 Kb.
#499244
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Абай шығармаларын оқытудың бастауышта тиімділігі

Абай шығармаларын оқытуда қамтылмаған мәселелер.
«Абайдың 40 жасында жазған өлеңін бала көңіліне тоқу да оңай болмайды. Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушыда», — деген А. Байтурсынов сөзін еске алсақ, Абай шығармаларын оқушы бойына сіңіріп, ұлағатты сөзден тағылым алу мұғалімнен көп тәжірибелілік пен қиыи да күрделі істі керек етеді.
Абай шығармалары бастауыш мектептсн бастап оқулыққа енген. Бірақ бұрынғы бағдарламада, оқулықтарда әкімшілік бір орталыққа бағынушылықтың салдарынан ұлы ақын шығармаларының жарқын беттері жабылып қалган сәттері де болған. Сол себепті Абай шығармаларын аша отырып, тақырыптар бойынша бағдарламада қамтылмаған мәселелерді оқыту әдістемесін ортаға салып отырмыз.

Абай шығармаларын оқытуда қамтылмаған мәселелер



Дін туралы шығармалар



Абай шығармалардағы халықтық педаогика



Абай шығармаларындағы әке тағылымы



Абай шығармалары әр ғылым саласында

Осы сызбаны талдап көрейік:


І. Абай шығармаларында дін туралы. Біз осы күнге дейін Абайды ақын ұлы ойшыл ретінде таныдық Абай тану негізін қалаған М.Әуезовтен бастап барлық ғалымдарымыз Абайдың ғылыми мирасын талдап, тұжырымдарын халық алдына жайып салып тұр. Бұл біз үшін үлкен қазына. Ғалымдар ғылыми тұрғыдан таразыласа біз соны ұрпақ бойына сіңіру жолын іздестіреміз. Соның бірі бүгінгі күні балаларымыз тілден, діннен айырылып қалмай үшін ақынның шығармаларындағы діннің маңызы айрықша.
ІІ. Әке тағылымы. Құнанбайды басқа қырынан тану. Абайдың орны ерекше. Құнанбайдың Абайға таққан үш міні тарихтан алынғаны рас, бірақ соған қарап, әке мен баланы бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны аталып өтеді.
«Әке көрген оқ жонар» деп халық бекер айтпаса керек. Арғы атасын айтпағанда, Құнанбай шыншыл, әділ би, шешен, суырып салып өлең шығаратын ақын болған деген деректер жоғарыда аталған ғалым, жазушылардың еңбектерінде айтылады. «Ақын қай жерде болмасын жараның аузында жүреді» демекші, Құнанбай сыршыл болмауы мүмкін емес, оны Құнанбай айтты деген шешендік сөздер арқылы дәлелдеуге болады.
«Арғы атасы қажы еді» өлеңін талдап, мынадай сызбанұсқа құруға болады.

Құнанбай



Әділ

адал

өнерлі

Кең пейілді



Ел қамқоры

Осы бойынша өлеңнің тексті оқылып дәлелденеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет