Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары


Дыбыстық қайталамалардың мәтінтүзімдік қызметі



бет10/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
абдиева нураш

2.2 Дыбыстық қайталамалардың мәтінтүзімдік қызметі

Кез-келген мәтін дыбыс арқылы жасалған


сөздерден түрады, сондықтан, мәтінтүзуші тілдік бірліктер туралы сөз болғанда, алдымен фонетикалық құралдардың қызметіне тоқталу қажет.
Көркем мәтіннің оқырманға түсінікті, қабылдауға жеңіл
болуы оның фонетикалық қүрылымына байланысты. Мәтіннің фонетикалық жүйесі неғүрлым жетік болса, оның қабылдану деңгейі де
соғүрлым жоғары болмақ.
Көркем мәтін тек тілдік қүралдар мен олардың семантикалық және синтагматикалық мазмүнынан ғана құралмайды, сонымен қатар дыбыстардың үйлесімділігі мен әуезділігінен де тұрады.
Мәтіннің дыбыстың жағынан бірыңғай үйлесімді берілуі қайталамалармен тығыз байланысты. Поэтикалық тілдің дыбыстық қүрылымын да фоника қарастырады. Бұл саланың тілдің дәстүрлі фонетика саласынан айырмашылығы, фоника сөзсаптамның дыбыстық қүрылымының шеберлігін қарастырады.
Көркем мәтінтүзуге қатысатын дыбыстық заңдылықтардың бірі— дыбыстық қайталамалар. Қайталамалар - тілімізде ертеден келе жатқан әдіс-тәсілдердің бірі. Көне дәуір ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі ақын жазушыларымыздың еңбектеріне дейін зер салып қарасақ, қайталамалардың түр-түрін кездестіреміз. Өйткені қайталамалардың актив қолданылатын орны көркем шығарма. Көркем мәтіндегі дыбыстық қайталамалар стильдік және құрылымдық қызметтер атқарады. Мысалы, тайғақ тағдырдың таяғына туралаған халық (О.Бөкей), дүниені құртып та, құлпыртып та жібере алады (О.Бөкей 403), туырлықтай жерге таласып, туысынан ат құйрығын кесіскендер (О.Бөкей), жұрағаттан айрылып жұтағандай боп (О.Бөкей), күйеуінің қаһарынан қаймыққан Қаршыға (Д.Исабеков), сипай соққан салқын леп (С.Мұратбеков), кекесінді кескінмен күйеуіне кәрін төгіп алды (С.Мұратбеков), шашыранды шыныдай шашырап ұшады (С.Мұратбеков) деген бейнелі тіркестер аллитерацияға құрылған болса, ай астына алтыбақан құрып (О.Бөкей), ағайынмен алысқанша, алысқа кетіп абыройыңды сақтағаның жөн (О.Бөкей), әжім әдіптеген көз (О.Бөкей), ашаңдау аққұба жүз (С.Мұратбеков) сияқты тіркестер ассонанс түзе жасалған.
Дыбыстық қайталамалар әсіресе поэзиялық шығармаларда өте жиі қолданылады. Қарасөз шеберлеріне қарағанда, ақындар өз шығармаларында дыбыстың көркемдік мүмкіншілігін барынша пайдаланады. Дыбыстың қайталануы сөзге әсерін тигізіп, соның нәтижесінде олардың арасында тығыз байланыс орнайды.
Бір дыбыстардың қайталануы авторға сөздің ритмикалығына қосымша құрам ретінде, қажет болуы мүмкін. Сонда да фонетикалық алымдарда, ең бірінші, дыбыстық қайталауларды көрсетеді. Оған аллитерация, консонанс және ассонанс жатады.
Кейде дыбыстардың қайталануы немесе олардың үйлесімдігі мәтінге бүтіндей дұрыс дыбыс беруі оны әрлендіреді, яғни орноментальды функция қалыптасады. Бірақ кейде олар авторлық мәтінде белгілі-бір семантикалық түсінікпен байланысады және сонда ғана дыбыс жазу құбылысы туындайды.
Сөздегі дыбыстардың бар болуының мәндік нақтылығы жазушылардың парономазияға жүгінуі арқылы көрсетіледі. Бірақ жеке семантикалық қайталаулар немесе парономазия барлық өлең мәтініне жайылмайды. Сонда да бұлар-дыбыс жазудың элементарлы формалары.
Егер де қандай да болмасын семантикалық дыбыс қайталануы немесе дыбыстардың үйлесімділігі барлық өлең шығармасының шегіне дейін өсуі немесе анафонияның құбылысы байқалады.
Дыбыстық қайталамаларды қарастырған еңбектердің басым көпшілігі оларды поэзиялық шығармалар тіліндегі тәсіл ретінде алады. Дүрысында, дыбыстық қайталамалар - жалпы көркем мәтін атаулыда кездесіп отыратын әдіс. Дыбыстарды белгілі бір мақсатқа сай саралап қолдану көркем прозада да, тіпті публицистикада да бар.
Дыбыстық қайталамалардың стилистикалық қызметін қарастырған ғалым О. Бүркіт олардың аллитерация, ассонанс, дыбыстық анафора, ұйқас, ыргақ, дыбысқа еліктеу, консонанс, ішкі ұйқас, паронимиялық аттракция секілді түрлерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет