Абдиева Н. А. МӘтін және мәтінтүзу ұҒымдары


Көркем мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері



бет8/24
Дата10.05.2023
өлшемі242.01 Kb.
#473464
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
абдиева нураш

1.4 Көркем мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері

Көркем мәтін жалпы мәтінге тән құрылым заңдылықтарына ие болумен қатар өзіндік белгілері де болады. Мұндай ерекшеліктер көркем мәтіннің қолданыс аясына, тарихи, саяси, мәдени әлеуметтік ортасы, әдеби бағыты, мәтіннің стилі және жанры, автордың дүниетанымы, көркемдік-тілдік шеберлігі, даралығы, мәтін модальділігі және т.б. факторлардың әсерімен қалыптасады. Бұлардың барлығы көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің құрылымдық жүйесін ұйымдастырады. Кез келген мәтін тұтастыққа, байланыстылыққа негізделеді. Мәтіннің құрылымдық бөлшектеріне абзац, күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Мәтін лингвистикасындағы өзекті мәселелердің бірі – абзац мәселесі. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше абзац – ұғымы өз алдына дербес категория емес, күрделі фразалық тұтастықты көрсетіп тұратын сыртқы белгі, пішін. Бірқатар зерттеулерді абзац күрделі фразалық тұтастықтан бөлек, жазба мәтіндегі стилистикалық-композициялық элемент деп қарастырылады. Ал көп жағдайда абзац композициялық-стилистикалық элемент болып жұмсалмайды: күрделі фразалық тұтасымдарға сәйкес келгенде, олардың бірін екіншісінен ажыратып тұратын семантикалық белгі ретінде қызмет атқарады. Бұл абзацтың релевантты белгісі. Ал стильдік-композициялық белгі ретінде қызмет атқарады. Яғни бұл абзацтың иррелевантты белгісі [48, 55].


Қазақ мәтінінің күрделі фразалық тұтасым/абзац деңгейінде мүшеленуін зерттеген Ж. Қайшығұлова бұл мәселені мәтін және функционалды стиль нормалары мен автор прагматикасын ұстана отырып, көркем, ғылыми, ресми және публицистикалық мәтіндер негізінде қарастырған және мәтін мүшеленуінің осы түрі әр стильде әр түрлі көрініс табатынын анықтаған. Зерттеуші ғылыми және ресми мәтіндерге күрделі фразалық тұтасымның абзацпен сәйкес келуі тән болса, газети-публицистикалық стиьлге жататаны мәтіндерде авторлық прагматиканың басым болып, көркем әдебиет стилінде эстетикалық ақпарат рөлінің күштілігінен күрделі фразалық тұтасым мен абзац аралығында мәтін нормасынан ауытқушылардың жиі кездесетінін айтса, қазақ мәтінінің семантика- интонациялық мүшеленуін зерттеген Ж.Кеншінбаева мәтіннің күрделі фразалық тұтасым деңгейінде мүшеленуін кешенді түрде, яғни функционалды-семантикалық (дискурстық бағыт) және прагматикалық (пресуппозиция тұрғысынан) қырларын қарастырады [48].
Бір абзацтан екінші абзацқа өту ойдың ықшамдылығын, жүйелілігін көрсетіп, адресаттың қабылдауына да белгілі дәрежеде жеңілдік әкеледі. Мәтін нормасын негізделген логикалық тұтастықтың бұзылмауы, яғни мәтінді құрайтын күрделі фразалық тұтасымның синтаксистік бірілктерінің өз орнында жұмсалуы тән. Мәтін үшін негізгі норма дегеніміз – мәтіндегі ой желісінің біріне-бірі ұласып, бірінен-бірі өрбуі, яғни ойдың динамикалы түрде берілуі. Мәтіннің ақпараттық тұтастығы мәселесіне келгенде когезия (байланыстылық категориясы) құбылысы айрықша маңызды болып табылады. Оны И.Р. Гальперин, Т.А. ван Дейк, Г.А. Золотова, А.А. Вейзе, В.Г. Гак, С.И. Гиндин, И.А. Зимняя, Л.В. Зеленщиков, О.И. Москальская, И.П. Севбо, С.Э. Шмидт, Н.И. Жинкин сияқты ғалымдар зерттеген. Осы байланыстылық категориясына оппозиция ретінде дискреттілік категориясын атауға болады. Мәтін лингвистикасында дискреттілік ұғымына қатысты әлі күнге кесімді пікір қалыптаспаған. Мәтіннің мүшелену бірліктері ретінде көптеген ғалымдар күрделі фразалық тұтасымды, абзацты, микромәтінді атайды. Ал мәтіннің ең шағын бірлігі ретнде Н.И.Букетова сөйлемді таниды [49]. Мәтінді құрайтын тағы бір топ хронотоп ұғымымен беріледі. Хронотоп іс жүзінде ақиқат болмыстың қандай да бір үзігін модельдейді. Оның антропоцентристік сипаты басым болады. Зерттеуші Р.А.Омарова хронотоптың үш параметрін бөліп көрсетеді: бастапқы нүкте, ұзақтық, хронологиялық анықтық. Дискурстың уақытқа қатысты құрылымында ақиқат уақыт пен кеңістіктің қасиеттері басым болады [49].
Мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуы мәселесіне А.А. Леонтьев ерекше тоқталған болатын. Ол Н.И. Жинкин бастаған ғалымдар дайындаған предикаттар иерархия моделіне оң баға береді. Ол модель бойынша мәтіннің мағыналық компоненттерін орталық (негізгі ой) және перифирициялық (қосалқы ой) деп бөлуге болады. Мәтіннің осылайша мағыналық ұйымдастырылуы оның тұтастығы ұғымымен тығыз байланысты. Мұның өзі сөздің қабылдануы мәселесіне келіп тіреледі. Яғни мәтіндегі ойдың сатылы түрде өрбуі реципиенттің қабылдауын жеңілдетеді. Әрбір бөлікте айтылған негізгі ой келесі бөлікке жалғасады, ал қосалқы ойлар қалып отырады. Демек бұл жерде ақпарат қабылдаушыға іріктеліп, екшеліп ұсынылады [50, 41].
Мәтіннің күрделі фразалық тұтасымға, абзацқа мүшеленуі сыртқы факторлармен де тығыз байланысты. Сыртқы факторларға адресант пен адресат сияқты прагматикалық параметрлер жатады. Кез келген мәтіннің абзац, күрделі синтаксистік тұтастыққа мүшеленуі аудиторияның шығарманы ешбір қиындықсыз қабылауын көздейді.
Мәтіндегі абзац белгілі бір микротақырып құрай отырып, адресатты аталмыш ойдың басталғанынан хабардар етеді. Аудиторияның ақпаратты жеңіл және дұрыс қабылдауына мүмкіндік жасайды. Абзац құрылысы ерекшеліктерне талдау жасау оның құрылымының мәтін шеңберінде орналасуына байланысты алаун түрде болатынын дәлелді түрде көрсетеді. Абзацтың клт фразадан, ойды таратып жеткізуші бөлімнен, бастама және қорытынды бөлімнен тұратын моделі көпшілікке белгілі [50, 215].
Кілт фраза дегеніміз – абзацтың басты ақпараттық бөлігі, яғни ұсынылып отырған ақпараттың ең маңызды тұстарын көрсететін сөйлем.
Бірнеше сөйлемнен тұратын ойды таратушы бөлімі өзіне дейін ұсынылған ақпаратты анықтай түседі немесе ішнара толықтырады және ойды дамыта түседі.
Абзац құрылымының модельдері әр алуан болып келеді. Бір абзац кейде тек кілт фраза мен ойды таратып жеткізуші бөлімнен, бастамадан, қорытындыдан немесе тек кілт фразадан тұруы мүмкін. Бұл адресанттың коммуникативтік мақсаты мен сөйлеу жағдаяты сияқты экстралингвистикалық факторларға байланысты болады.
Мәтіннің тілдік деңгедегі элементтері көркем мәтін ұйымдасуының құрылымдық та семантикалық тәсілдері ретінде қызмет ете алады. Мысалы лексикалық қайталаулар сөйлем ішінде бірінен соң бірі келіп, , сөйлемдер арасында тізбектелген синтаксистік байланыстың құралы болады. «Мәтіннің семантикалық ұйымдасуының денотативті аспектісіндегі бірлігін белгілеу (немесе номинация), ол тілдік элемент тілден тыс объект арасындағы байланыс болып табылады» [51, 58]- дейді В.Г. Гак.
Олардың ішінен бір нысанды және әр түрлі нысанды тізбектерді көрсетуге болады. Екеуі де мәтіннің семантикалық ұйымдасуына қатысады. Бірінің артынан бірі келген сөйлемдерде бір ғана нысанды немесе әр түрлі нысандар арасындағы қарым-қатынасты білдіретін сөздер мен сөз тіркестері көркем мәтіннің семантикалық ұйымдасуына ықпал етеді. Лексикалық бірліктер немесе сөз тіркестеріні ң арасында чсемантикалық балама қатынас болады. Оларды бірқатар зерттеушілер «топиктер» деп атаса, енді бірі «номинациялық тізбек» деп атайды. Топиктер мәтінде тізбек құрайды. Олар көркем мәтінді семантикалық жағынан ұйымдастырады. Әр мәтінде түрлі нысанды номинациялар негізінде бірнеше номинациялық тізбектер түзіліп, олардың жиынтығы мәтін изотопиясын құрайды. Номинациялық тізбек элементтері өзара синтагмалық емес, парадигмалық (ассоциациялық) қатынаста байланысады [51, 27].
Кез келген мәтін төменгі деңгейдегі семантикалық және синтаксистік тұйықталған құрылымдардың ең жоғарғы деңгейдегі құрылымға кірігуі нәтижесінде қалыптасады. Мәтіннің құрылымдық бірліктері көп талас тудырғанмен мәтіннің ең кіші дербес бөлігі сөйлем екендігі белгілі. Мәтіннің тұтастық құрылымын былайшы көрсетуге болады: сөйлем – абзац – тарау- бөлім – мәтіндік тұтастық. Абзацтағы сөйлемдер мен абзацтар өзара логикалық және тақырыптық деңгейде ғана емес, сонымен қатар тілдік деңгейде де байланысты болады. Көркем мәтіндегі сөйлемдер арасында өзіндік байланыс тәсілдері бар [27. 90].
Абзац ішіндегі сөйлемдер мен абзац арасындағы байланыс мына принип бойынша жүзеге асады:
1 Тізбек бойынша байланыс. Мұнда әр сөйлем келесі сөйлеммен сөйлем құрылысының тілдік элементтерінің бірі арқылы іліктеседі. Мысалы:
Жамал жасы елуге таяп қалса да, киім киісі мен жүріс-тұрысынан ерекше талғам табы сезіліп тұратын, сөйлегені мен күлгеніне, тіпті біреуге көз тастап қарағанына дейін әдемілік пен әдептілік белдеуінен шашау шықпайтын, туа бітті қасиеті бар, тәкаппарлық пен қарапайымдылықты бір бойына білдірмей қатар сіңіре білген әйел еді. Ол өзін ешқашан жұрттан бөлек ұстауға тырыспайтын, әрқашан топ ішінде бола білетін және сол топтан оқшау да көріне алатын-ды, көпшіліктің қатарында келе жатып алда жүре білетін-ді (Д. Исабеков).
2 Жарыспалы байланыс. Сөйлемдер арасындағы байланыстың екінші принципі – жарыспалы байланыс. Бұл байланыста сөйлемдер бір-біріне іліктеспейді. Сөйлемдердің толымдылығына қарай өзара қарсы қойылады. Мысалы:
Біздің жақта шөп шабатын машинаға төрт ат жегетін. Төрт ат жегетін себебі, жер қия, өрлі-қырлы, екі-үш жұмыс көлігінің шамасы жете бермейді.Төрт ат жеккен соң, оның міндетті түрде ат айдаушы баласы болады. Алтыншы класты тәмамдаған біздер сол, атшы ұлдармыз (О.Бөкей).
Жарыспалы байланыс ең алдымен синтаксистік тәсілдер арқылы іске асады. Сөйлем не абзац басындағы анафора, жартылай немесе тұтастай лексикалық құрам сәйкестігі, жеке сөйлемдер арасындағы жалпы байланыс принципі, бірыңғай уақыттық меже немесе шақтық формалардың орналасуындағы симметрия көркем мәтін құрылымындағы параллелизмді күшейте түседі.
Көркем әдебиет қоғамдық өмір қалыптастырған әлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орнын, өзара қарым-қатынастар мен өзіндік ерекшеліктерін көрсетуде бірінші кезекте сол топтардың тіліне тән тілдік элементтерге иек артады. Мұндай тілдік ерекшеліктер көркем шығармада ортақ кәсібі мен тұрған жері, өскен ортасы т.б. жағдайлар біріктірген адамдар тобының әлеуметтік ерекшелігінен хабар беретін стильдік көрсеткіштер болып табылады. Көркем образ жасауға апаратын жолдағы көптеген амал – тәсілдер қатарында адамға тән түрлі мінез ерекшеліктері мен оның қалтарыстарын көрсетуде жазушы үшін үлкен маңызға ие нәрсе – кейіпкер тілін «өзгермеген» қалпында пайдалану. Қоғамдағы өзі кіретін әлеуметтік топпен ортасы атынан сөйлейтін кейіпкер ешқандай әсірелеу, боямасыз-ақ келбеті мен бітім болмысынан, білімі мен қабілетінен хабар беріп, тіл арқылы орнын айқындайды. Бұдан кейіпкер бейнесін сомдауда тілдік құралдардың қаншалықты маңызды екендігін, сондай-ақ тіл мен әдебиет арасындағы байланысты айқын аңғарамыз. Тілдік ерекшеліктерді туғызудағы негізгі факторлардың бірі шығарма кейіпкерінің қоршаған орта қалыптастырған дүние танымы мен өмірге деген өзіндік көзқарасы, көрген-білгені мен оқып-түйгенінен туған адами позициясы образ жасаудағы жазушы ескеретін бірден-бір жайт болып табылады.
Көркем шығарма тілі – көркем композицияның элементі. Көркем шығарманы лингвостилистикалық тұрғыдан талдауда негізінен екі нәрсе басты нысанға ілінеді: біріншісі – әдеби тілдің дамуы барысындағы көркем туындының орнын; екіншісі – жеке ақын-жазушылардың сөз мәнерін зерттеу. Бұл пәннің негізгі міндеті көркем мәтінді зерттеу арқылы оның идеялық және эстетикалық болмысын ашу болып табылады.
Тілдің тірегі – сөз. Сөз – халқымыздың өткен тұрмыс – тіршілігінің, ой – сезімінің, елдігі мен ерлігінің, парасатының әрі куәсі, әрі дерек көзі. Ал тілдің сөз байлығын танытатын – көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Сөз құдіретін көрсету мен сөзден айшықты кесте өрудің шеберлерінің поэзия немесе прозалық шығармаларының тілін зерттеу арқылы әдеби тілімізді танып, меңгерудің тиімді жолы болып табылмақ. Көркем мәтін ұлт тілінің құдіретін, оның бүкіл болмыс-сипатын танытуға қызмет етеді. Ғылыми, публицистикалық, ресми т.б. мәтіндермен салыстырғанда көркем мәтіннің тілдің көркемдігін, эстетикалық қызметін танытудағы мүмкіншілігі мол.
Көркем мәтін тіліндегі бейнелеу құралдары әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланылады. Ауызекі сөйлеу тіліндегі мақал-мәтелдер де, эпитет, теңеулер де, қарапайым сөздер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір мағыналық астар алып, стильдік функциясы арта түседі. Ауызекі сөйлеу стилінде, әдеби тілде де әдетте жиі айтылатын тіл құралдарының үйреншікті номинативтік мағынасы ақын-жазушылардың тілінде әр түрлі дамып отырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет