Ойнап, күліп, кешікпей ой ойлалық!
Ойынымыз аз болсын, оймыз көп, Оймен талап етпеген іс қоймалық (Шәкәрім).
Адалға өзімізше аяңдалық! Арамға аяқ баспай шабандалық! Елемесең есіңе енбейді ақыл Ескерсең, осы сөзім сендерге анық (Шәкәрім)
Құландар ойнар қу тақыр Қурай бітпес демеңіз. Қурай бітпес құба жон, Құлан жортпас демеңіз. Құрсағы жуан боз бие Құлын салмас демеңіз. Қулық туған құлаша Құрсақтанбас демеңіз. Қу таяқты кедейге Дәулет бітпес демеңіз (Бұхар жырау). Аллитерация мен ассонанс поэзиялық шығармалар мен қатар прозада да кездеседі. Сондай-ақ бұл тәсіл көркем мәтінде тек ырғақтылық мән жамап, ұйқас қызметін атқару үшін ғана емес, микромәтіндерді байланыстыру қызметін де атқарады:
Қырықтан соңғы иманым, Отыз жылдай жиғаным, Көп ғалымның сөзінің Ақылға алдым сыйғанын. Молдалардың әдісін, Пайғамбардың хадисін, Әулиелік жадысын – Алмадым ақыл тыйғанын (Шәкәрім). Ассонанс құбылысының микромәтін құрылымындағы жеке сөйлемдерді байланыстыру мақсатында жұмсалуы:
Ар түзер адамның адамдық санасын, Ақ жеңіп шығады арамның қарасын (Шәкәрім). Ассонанс құбылысының өлең шумақтары арасын байланыстыру мақсатында қолданылуы
Адамның бәрі бір болмайды аласы, Оларды бұзатын нәпсінің таласы. Ар билейтін заманда нәпсі өліп, Бірігер еңбекте барша адам баласы.
Адалдың жер жоқ ақырда жеңбейтін, Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін. «Ақ иіліп сынбақ жоқ» деген рас, Нәпсі өлсе, өзімшіл, бұған кім сенбейтін (Шәкәрім). Кейбір өлең мәтіндерінде дауысты немесе дауыссыз дыбыстар дыбыстық тіркес күйінде қайталанатын кезі болады. Бұл құбылыс соңғы кездері белгілі бір тәсілге айналу үстінде. Оны дыбыстық анафора деп атап жүрміз.