Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi
орган: [1, 5] 1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:
1) өтiнiш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға - жұмыс табу мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге жұмыс күшiмен қамтамасыз ету мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;
2) азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;
3) еңбек рыногы бойынша деректер банкiн түзуге;
4) азаматтар өтiнiш жасаған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке қоюға;
5) кәсiби бағдарлау iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетуге;
6) жұмыссыздарды олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберуге;
7) еңбек рыногының қажеттiлiктерiне сәйкес жұмыссыздарды кәсiптік оқуға жiберуге;
8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы анықтама беруге;
9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;
10) халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.
2. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның:
1) жұмыс берушiге жұмыс күшi қажет болған жағдайда, оларға азаматтар мен жұмыссыздарды жiберуге;
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
3) бiлiм беру мәселелерiн қарайтын мемлекеттiк органдардан, білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға құқығы бар.