Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға  қатысуы



бет6/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

Жұмыс берушiлердiң халықты жұмыспен қамтуға
 қатысуы:

1. Жұмыс берушiлер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын iске асыруға:
1) еңбек туралы заңдарға сәйкес жеке еңбек шарттары мен ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;
2) қызметкерлердi кәсiби даярлау және өндiрiс iшiнде оқыту жүйесін дамыту;
3) құрылымдық өзгерiстер барысында білiктi қызметкерлердің кадрлық әлеуетiн сақтау және ұтымды пайдалану;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргiзуге жәрдемдесу;
5) өз қаражаты есебiнен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру;
6) жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша өтiнiш жасаған адамдарды ұйымдарда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бос орынға жұмысқа қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерлерді сақтандыру арқылы қатысады.
2.Жұмыс берушi:
1) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердiң жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердiң қызметтерi мен кәсіптері, мамандықтары, бiлiктiлiгi және еңбекақы мөлшерi көрсетiле отырып, босатылуы мүмкiн қызметкерлердiң саны мен санаттары туралы және олар босатылатын мерзiмдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бiр ай бұрын уәкiлеттi органға толық көлемде ақпарат беруге;
2) бос жұмыс орындары (бос қызметтер) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде олар туралы уәкiлеттi органға мәлiмет жiберуге;
3) уәкiлеттi орган берген жолдамаға тиiстi белгi қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып, ол туралы дер кезiнде (уәкiлеттi орган оған азаматтарды жiберген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде) хабарлауға мiндеттi.
3. Осы баптың талаптарын бұзғаны үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi заң актiлерiне сәйкес туындайды.
Халықты жұмыспен қамтудың республикалық және
аймақтық бағдарламалары: [1, 7]

1. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкілдерiнiң қатысуымен әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарлары негiзiнде халықты жұмыспен қамтудың:
1) халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды;
2) жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңдестiру жөнiндегi шараларды;
3) халықтың әлеуметтiк қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;
4) қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытуды;
5) еңбек рыногындағы қажеттiлiктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсiби даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесiн ұйымдастыруды;
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетiлдiрудi;
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілiктi атқарушы органдардың рөлiн арттыру жөнiндегi шараларды;
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде уәкiлеттi органның қызметiн жұмыс берушiлермен, қоғамдық бiрлестiктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен қамту агенттiктерiмен ұштастыруды;
9) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жетiлдiрудi;
10) инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтiн бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан
еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады. [2, 36-б]
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір – бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар).
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Бөлімді қорыта келе, еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған. Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет