Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
1. Мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:
1) кемсітушілiктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктердi қамтамасыз етуге;
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;
3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесуге кепілдік береді.
2. Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.
Нысаналы топтарға:
табысы аз адамдар:
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар жатады.
Жергiлiктi атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергiлiктi бюджеттiң қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тiзбесiн, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау жөнiнде қосымша шаралар белгiлей алады.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асырудың орталық атқарушы органдары:
1. Орталық атқарушы орган қызметiнiң тәртiбiн, оның құқықтық мәртебесiн және құзыретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P010983)
2. Орталық атқарушы орган өз құзыретi шегiнде:
1) уәкiлеттi органдарға әдiстемелiк және ұйымдық басшылықты жүзеге асыруға;
2) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халық пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлап отыруға;
3) халықты жұмыспен қамтудың Республикалық бағдарламасын әзiрлеуге;
4) iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық келiсiм-шарттар жобаларын қарауға қатысуға;
5) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен лицензия беруге, оны тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға; (РҚаО-ның ескертуі: қараңыз. P990862)
6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруге;
7) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;
8) еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға мiндеттi.
Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:
1) мемлекеттiк жұмыспен қамту саясатына сәйкес аймақтық бағдарламалар әзiрлеу;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отыру;
3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдау;
4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау;
5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |