Абдиманапова акнур бауыржанкизи


Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері



бет7/20
Дата20.05.2024
өлшемі397.31 Kb.
#501583
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Эканомика жұмыспен қамтыу

1.2. Тұрақты жұмыспен қамту тұжырымдамалары мен модельдері

Жұмыссыздықты топқа бөліп қарастыру және циклдық, құрылымдық жұмыссыздық болып бөлінеді. Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыздық коэффицентінің қобалжуын әр түрлі топтар бойынша жалпы коэффицент немесе жұмыссыздық дәрежесі және жұмыссыздық коэффицент арасындағы қатынастарды пайдалана отырып, жұмыс күші құрамындағы топтар бойынша зерттеуге болады. [3, 49]


Жұмыссыздықты тудыратын экономикалық себеп бойынша жұмыссыздықты төрт түрге бөлуге болады:
-фрикциондық жұмыссыздық қызметкер бір жұмыс орнынан екіншісіне ауысқанда болады;
-құрылымдық жұмыссыздық экономика құрылымында ұзақ уақыт бойы өзгерістер болуынан туады: нәтижесінде қызметкер мен жұмыс орын арасында біліктілік деңгейі және маман түрі бойынша сәйкессіздік пайда болады;
-циклдік не сұраныс тапшы жұмыссыздық түрі тұтас сұраныс жеткіліксіз жағдайында туады;
-маусымдық жұмыссыздық кейбір салаларда экономикалық белсенділігінің жыл бойында теңселуімен байланысты болады.
Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.
Экономистер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.
Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқұ курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып келеді, сондықтан да ол қауіпті болып келеді. [3, 53-б]
Құрылымдық жұмыссыздық дәрежесі жалпылама жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.
Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.
Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық”деп атайды. [4, 64]
Көріну сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіп- орынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.
Жұмыссыздық дәрежесін төмендету және көмек көрсету. Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәу-елді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму кон-цепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,
Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.
К.Маркс жұмыссыздықтың үш түрін ажыратады: ағымдық, жасырын және тұраланған. Мұндай жұмыссыздық түрлері өткен тарихта ғана қалып қойған жоқ, ол нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттердің бәріне де тән. Қазақстан да бұл проблемалардан өтіп кете алған жоқ.
Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру. [5, 178-179-бб]
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:
-Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;
-Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;
-Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-Жұмыспен қамтуды субвенциялау;
-өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;
-өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.
Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр.
Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды , барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары жүргізілуі қажет.
Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді. [6, 248-б]
1945 жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату. [6, 82-б]
Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді , жағдай жасайды;
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын (сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру;
- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.





























































Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.

Еңбек нарығын реттеу үлгісі


Қолданыстағы үлгісі
Ерекшелігі
Ескерту
Америкалық үлгі
Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі;
Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу
Тұрғындардың еңбек нарығына кірудің қиындығы
Жұмыссыз кедейлердің көптігі
Шведтік үлгі
Жұмыс орындарын құруға, кәсіби даярлау мен қайта даярлауға көп шығын жұмсау
Еңбек нарығына жастардың жұмысқа орналасу қиындығы
Еңбек ақы төлеудің төмен болуы
Жапондық үлгі
«Өмірлік жалдану» жүйесінің қолданылуы
Бұл жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі
Жастардың қызмет ету аясының тар
болуы
Қазақстандық үлгі
Еңбек нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру
Еңбекке орналастыру бойынша жалпы қоғамдық жүйенің жұмыс істемеуі
Жас маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға қолдау көрсетудің жоқтығы
Ескерту: Кайранбеков Б. О. Еңбек потенциалы-еңбектің саны мен сапасы // «Жаңа Қазақстанның инфрақұрылымдық кешеніндегі экономикалық, қаржылық және есеп саясатының тұрақтылығымен бәсеке қабілеттілігі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Алматы қ. 2007. [6, 72-74]

Сурет-1. – Еңбек нарығын реттеу үлгілері.


Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.


Жұмыссыздық – экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын құбылыс. [7, 84-б]
Біріншіден, ол адамдар мен үй шаруашылықтарының белгілі бір бөлігін (кейде едәуір көлемін) экономикалық әрекет жағдай жасайтын мүмкіндіктерге қол жеткізуден айырады. Олар үшін адам даму жағдайлары едәуір нашарлайды. Екіншіден, жұмыссыздық (әсіресе, ұзақ мерзімді, тоқыраулы) еңбек дағдыларын жоғалтуға, яғни жинақталған адам капиталынан айырылуға ұшыратады және осылыайша ол адам дамуына теріс ықпалын тигізеді. Үшіншіден, жұмыссыздық тек жеке адамдардың ғана емес, сонымен бірге жұмыссыздардың әл–ауқатының деңгейін қолдауға, мемлекетердің жұмыспен қамту жөніндегі түрлі бағдарламаларын іске асыруға байланысты елеулі әлеуметтік шығындарға ұшыратады, ал мұндай жағдай адам дамуына анағұрлым тиімді бағытталуы мүмкін ресурстарды қоғамнан оқшауландырады. Шығыс Еуропа және ТМД елдерінде кепілденген және толық жұмыспен қамтылуға ұзақ жылдар бойы дағдыланып қалған адамдар, кенеттен мемлекеттік секторды қайта құру мен жеке секторда жұмыс орындарын ашудың баяу қарқындары себебінен жұмыспен қамтылу кепілдігінен айырылып, жұмыссыздықтың өсу проблемасын бастан кешірді. Тіпті экономикасы өрлеу үстіндегі елдерде де жалақы деңгейінің төмендеуі байқалады. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда.
Сонымен, жұмыссыздық құбылысы қоғам үшін қазыналық жоғары шығындарды, адам капиталынан айырылуды, әлеуметтік саралардың күшеюін, инновация проблемасының шиеленісуін білдіреді.

Халықаралық еңбек ұйымының әдісі бойынша және әр мемлекеттің арнайы заң нормаларымен есептелінеді. ХЕҰ әдісі бойынша, мемлекеттік жұмыспен қамту органдарынан басқа қызмет орындары мезгіл–мезгіл халықтық сұрақтану жүргізеді. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейін есептеумен Статистика бойынша агенттік шұғылданады. [7, 145-146-б]


2010 жылғы I тоқсанда 15 жастағы және одан асқан экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адам құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,7%-ға көп. Республика экономикасында 8,0 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 66,4%. Өткен жылғы I тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 198,9 мың адамға (2,5%-ға) артты.


Кесте-2. – 2008-2010 жылдарда Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары

15 және одан асқан жастағы халық


2008ж.
2009ж.


2010ж.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық, мың адам
8336,7
8413,5
8555,5
Халықтың экономикалық тұрғыдан белсенділік деңгейі, %
70,5
70,3
70,7
Жұмыспен қамтылған халық, мың адам
7762,9
7830,4
8029,3
Жұмыспен қамту деңгейі, %-бен:

15 жас және одан асқан жастағы халыққа шаққанда


65,7
65,5
66,4
экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда
93,1
93,1
93,8
Жалдамалы қызметкерлер, мың адам
5138,3
5199,1
5348,7
жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %
66,2
66,4
66,6
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам
2624,6
2631,3
2680,6
жұмыспен қамтылған халық санындағы үлесі, %
33,8
33,6
33,4
Жұмыссыз халық, мың адам
573,8
583,1
526,2
Жұмыссыздық деңгейі, %
6,9
6,9
6,2
15-24 жастағы жұмыссыздар, мың адам
108,8
100,5
81,5
Жастар жұмыссыздығының деңгейі, %
(15-24 жастағы)
8,1
7,7
6,1
Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, %
2,9
2,7
2,3
Экономикалық тұрғыдан енжар халық, мың адам
3485,5
3548,8
3544,1
Халықтың экономикалық тұрғыдан енжарлылық деңгейі, %
29,5
29,7
29,3

Ескерту: ҚР Статистика Агенттігі Жедел ақпарат № 10-01/172 2010 жылғы 7 мамыр [8, 1-2]


Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,6%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,4% құрады. Жалдамалы қызметкерлердын негізгі үлесі мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылған – 81,3%.
2010 жылғы I тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 526,2 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 56,9 мың адамға немесе 9,8% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 6,2% (2009ж. I тоқсанда – 6,9%) құрады. [8, 2]
Ағымдағы жылғы I тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 42,4%, әйелдердің үлесі – 57,6% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 303,2 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 80,2 мың адамға (36,0%-ға) көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет