Абдразаков б. Б


Аралық сот шешімін атқарудың ерекшеліктері



бет8/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Халықаралық процесс

2.2 Аралық сот шешімін атқарудың ерекшеліктері
Егер бірнеше арбитрлер болғанда, олар белгілі мәселе бойынша келісімге келмесе, шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Кез келген бір мәселе бойынша көпшіліктің шешімі болмағанда, Арбитраждық соттың Төрағасы арбитраждық шешімді бір өзі шығарады, яғни егер ол жалғыз арбитр ретінде болса. Егер арбитрлердің біреуі арбитраждық шешімге қол қоймаса, қолдың болмауының себебін көрсету шартымен көпшіліктің қолының болуы жеткілікті. Арбитраждық шешім әрқилы валютада көрініс табуы мүмкін және Арбитраждық сот тиісті деп есептейтін, мұндай ставкалар бойынша, арбитраждық тергеудің пәні болып табылатын, әрқилы бағадан тараптардың біреуіне жай я болмаса күрделі пайыздар төленуі туралы шешімді Арбитраждақ сот шығара алады.
Бейбіт келісім жағдайында Арбитраждық сот бейбіт келісімді бекітетін арбитраждық шешімді шығара алады, егер тараптардың біреуі сол туралы өтінсе. Егер тараптарға келісілген шарттардың негізінде арбитраждық шешім қажет болмаса, онда бейбіт келісімге келуі туралы жазбаша нысанда тараптармен мақұлдануын Арбитраждық сот алғаннан кейін, Арбитраждық сот тарқатылады және арбитраждық тергеу аяқталады.
Арбитраждық сот LCIA Регламентіне сәйкес арбитраждық тергеуге келісіп, тараптар арбитраждық шешімді кешіктірмей орындауға міндетті және сотта немесе басқа сот органында шағымдану немесе апелляцияның кез келген нысанына өзінің құқығынан бас тартады, яғни мұндай бас тартудың заңды күші бар тәсілмен жасалуы мүмкін. Арбитраждық шешімдер шыққан күннен бастап, тараптар үшін түпкілікті және міндетті болып табылады (16-бап).
Лондондық Халықаралық арбитраждық соттың Регламентімен бірге 1990 жылы 1 қаңтардан бастап өрекет ететін арбитраждық алымдар және шығындар туралы Ереже қолданады. Арбитраждық шығындар (заңды көмек үшін шығындар немесе тараптардың өздері көтерген шығындардан басқа) берілген ережеге сәйкес анықталады.
Егер тараптар басқаша келіспесе, Арбитраждық сот қандай ара-қатынастарда тараптар шығындардың барлық бағасын немесе бөлігін Арбитраждық сотқа LCIA төлейтінін анықтайды (18-бап).
Арбитраждық сот LCIA Регламентіне сәйкес (19-бап), қасақана және әдейленген құқық бұзушылықтардың салдары үшін арбитрлер жауапкершілікке ие жағдайларын қоспағанда, Арбитраждық сот, арбитрлердің біреуі берілген Регламентке сәйкес жүргізілетін, кез келген арбитраждық тергеуге байланысты қандай болсын әрекеттер немесе кемшіліктер үшін тараптардың біреуінің алдында жауапты емес.
Арбитраждық шешім шығарылған және қосымша шешімдерді шығару және түзеудің мүмкіндіктері жойылған соң, Арбитраждық сот және арбитрлердің біреуі арбитраждық тергеуге байланысты кез келген мәселе бойынша белгілі бір тұлғаға қандай болсын арыздарды жасауға міндетті емес және тараптардың ешқайсысы арбитраждық тергеуден туындайтын, қандай болсын сот іс жүргізуінде Арбитраждық соттың лауазымды тұлғаларының біреуін немесе арбитрлердің біреуін куә ретінде қолдануға талпынбауы тиіс.
Арбитраждық соттың Регламентіне сәйкес қандай болсын талап немесе ереженің сақталмауын білген, мұндай сақталмауға жедел қарсылық білдірмей арбитраждық тергеуге қатысуын жалғастырған тарап, қарсылыққа деген өзінің құқығынан бас тарқан болып есептеледі.
Арбитраждық сот LCIA Регламентінде арнайы қарастырылмаған барлық мәселе бойынша, Арбитраждық сот Арбитраждық сот Регламентке сәйкес әрекет етеді және арбитраждық шешім заңды орындалу үшін барлық саналы түрде күш жұмсайды (20-бап).
Қазақстан Республикасында халықаралық коммерциялық дауларды қарайтын арбитраждық орган бар. ҚР-ның Министрлер Кабинетінің Қаулысы № 356 негізінде 1993 жылы 5 қазанда құрылған, ҚР-ның Сауда-өндірістік палатасының жанындағы Арбитраждық комиссия бұл орган болып табылады. Қазіргі кезде Арбитраждық комиссия 1996 жылғы 11 сәуірдегі Сауда-өндірістік палатасының Президиумымен бекітілген, ҚР-ның Сауда-өндірістік палатасының жанындағы Арбитаждық комиссия туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Арбитраждық комиссия келісім-шартты және басқа азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды арбитраж арқылы реттеуді қамтамасыз ететін, тәуелсіз тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган болып табылады.
Арбитраждық комиссия пайда болған немесе пайда болуы мүмкін дауды Арбитраждық комиссияның шешуіне беру туралы тараптардың жазбаша келісімі болғанда ғана дауларды өзінің қарауына қабылдайды. Келісім-шартқа кіретін келесі арбитраждық ескертпе ұсынылады: "нағыз келісім-шартқа байланысты пайда болатын барлық даулар, Қазақстан Республикасының Сауда-өндірістік палатасының жанындағы Арбитраждық комиссиямен түпкілікті реттеуге жатады.
Арбитраждық комиссияға кіретіндер:
- тиісті органдарда комиссияның атынан шығады, арбитраждық өндірісті дұрыс жүргізуді бақылайды, арбитрлердің жұмысын ретке келтіреді, регламентін бұлжытпай ұстануын бақылайды және жалпы басшылықты жүзеге асыратын Арбитраждық комиссияның Төрағасы;

  • Төраға болмағанда, оның функцияларын Төрағаның орынбасары атқарады.
    Арбитраждық комиссияның Төрағасы және оның орынбасары ашық дауыс беру
    жолымен арбитрлердің жалпы жиналысында сайланады;

  • арбитрлер және жауапты Хатшы.

Арбитрлер тәуелсіз және дауды объективті білікті қарайтынына кепілдік береді. Жауапты Хатшы материалдарды дұрыстап сақтауды, шешімдерді тиісті көркемдеуді қамтамасыз етеді, ал қажет болған жағдайда, Арбитраждық комиссияның қызметі туралы мәліметтерді баспаға шығаруды ұйымдастырады.
Он бес адам мөлшеріндегі Арбитраждық комиссияның құрамы ҚР-ның Сауда-өндірістік палатасының Президиумымен бес жыл мерзімге тағайындал ады.
Арбитраждық комиссияның көп емес уақыт орын алғанына қарамастан, ол беделді, өйткені қарастыратын істердің мөлшері ұлғаюда. Арбитраждық комиссияда арбитрлер отандық құқықтық ғылымның өте тәжірибелі өкілдері болып табылады.
Сөйтіп, өте әйгілі және беделді арбитраждық институттардың регламенттерін қарастырып, тұрақты әрекет ететін арбитраждардың мағынасын түсінуге болады.
Айта кететін жәйт, географиялық пункттің нұсқауын кіргізген, анықсыздықтың негізінде арбитраждық келісімнің күші дауланған кезде, әйгілі арбитраждық мекемелердің тәжірибесінде осы жағдайлар орын алған. Мысалы, № 3460 іс, Халықаралық сауда палатасының жанындағы Халықаралық коммерциялық арбитраждық сотта тыңдалды. Жалпыға мәлім, ХСП-нің тіркелген кеңсесі Парижде (Франция) орналасқан. Берілген істе арбитраждық ескертпе Женевадағы Халықаралық сауда палатасына сілтемені қамтыды. Арбитрлердің пікірінше, "Женевадағы Халықаралық сауда палата" сөздері тіркелген кеңсесі Парижде орналасқан ХСП-нің қамқорлығындағы арбитражды білдіреді.
Бұл шешімге ХСП-нің арбитрлері № 5029 ісінде сілтеме жасады, ол жерде арбитраждық ескертпе қолданбалы регламент-ХСП Регламентін ғана көрсетті. Тараптардың біреуі ХСП-дағы арбитражға қарсы шықты, сөйтіп есептеудің себебі, бұл үшін ескертпе "Париждегі Халықаралық сауда палатасын" көрсетуі тиіс. Арбитрлер болса керісінше есептейді, олардың ойынша егер "Париждегі Халықаралық сауда палатасын" көрсеткен кезде, екі мағына туындайды: "Парижде" деген сөздер ХСП тіркелген кеңсесіне немесе тараптармен келісілген арбитраж орнына жатады ма дегенді білдіреді.
Тараптар тұрақты әрекет ететін арбитраждық органдарды таңдау бойынша бірнеше себеп орын алады.
Айтып кету керек, тараптар арбитраждық келісімде аd һос арбитражына дауларды шешуге берген кезде, мысалы, арбитражды жүргізудің ережелерімен байланысты мәселелерді дұрыстап қарамауы және жіберіп алуы мүмкін. Тұрақты арбитраждық органдардың арбитраждық регламенттері келесі шығарылатын атқарылатын арбитраждық шешіммен арбитраждық тергеуді тиімді жүргізуді қамтамасыз ету үшін арналған. Арбитраждық тергеуді жүргізу үшін арбитраждық сот тағайындалады және қандай болсын тарап арбитражға қатысудан бас тарту жолымен арбитражды бұза алмайды, бұны арбитр де істей алмайтынына, Регламенттер қамтыған ережелер кепілдік береді. Арбитраж аd һос үшін Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ және басқа регламенттерді қабылдаумен, тараптар арбитраждық келісімде бұл регламенттерді қолдануды қарастыру шартымен бұл себептер аз маңызды болады.
Тұрақты әрекет ететін арбитраждық институт арбитраждық тергеуге бақылау және әкімшіліктендіру үшін әділ органды ұсынады. Бұл орган жарамды арбитраждық сотты таңдауға көмек көрсете алады, арбитраждық шығындар төлемін бақылайды, арбитрлердің қаламақысының мөлшерін орнатады және арбитражды жүргізудегі кешігуді минимумға азайтады.
Тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган арбитраждың бас кезінде пайдалы болуы мүмкін, мысалы, арбитражды жүргізудегі ынтымақтасуды амалсыздан қалаған жауапкер жағдайлары орын алғанда. Бұл жағдайда тұрақты әрекет ететін арбитраждық орган кепілдік бере алады, яғни іс бойынша объективті және атқарылатын шешім шығару үшін, арбитраждық сот сондай жолмен қалыптасады..
Тұрақты әрекет ететін арбитраждық органдар едәуір сипатта болашақта туындауы мүмкін дауларды шешуге, арбитраждық тергеуде тараптардың ынтымақтастығы белгісіз болғанда шешеді. Халықаралық коммерциялық арбитражды тиімді жүргізу үшін барлық қажеттіліктерді беру үшін халықаралық танылған арбитраждық институттардың арбитраждық регламенттері сондай жолмен өңделді және саналы түрде құрылған кестеге сәйкес жүргізілетін әкімшіліктендіруші арбитраж тұрақты әрекет етеін арбитраждық органның басшылығымен жүзеге асырылады.
Халықаралық сауданың тәжірибесінде көптеген жағдайларда институциялық арбитражды қалайды.
Арбитраж аd һос (тура-"бұл үшін", яғни белгілі істі қарау үшін), басқаша "бір реттік" деп аталады және нақты дауды қарау үшін тараптармен арнайы құрылады. Тараптар өздері арбитраждық сотты қараудың тәртібін және онда істі қараудың ережелерін анықтайды. Іс бойынша шешім шығарғаннан кейін мұндай арбитраж өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Аd һос арбитраждарымен дауларды шешуді қарастыратын халықаралық мәмілелердің қатысушылардың қызметін жеңілдету үшін, халықаралық деңгейде арнайы регламенттер жасалды, арбитраждық ескертпедегі оған деген сілтемелер тараптармен процедураны таңдауды жүзеге асыруға тең, оған сәйкес арбитраждық сот өндірісті жүргізуі тиіс.
1966 жылы БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссия арбитраждық тергеудің процедурасы туралы ұсыныс ретінде көрініс табатын Арбитраждық регламентті қабылдады, бұл регламентке сәйкес тараптардың келісуі бойынша даулар арбитражбен шешілсе, онда ұсыныс қолданады. 1966 жылы Азия және Таяу Шығыс үшін БҰҰ Экономикалық комиссиясы халықаралық сауда арбитраждың ережелері қабылданды. 1976 жылы халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) Арбитраждық регламентті қабылдады, ол мынадай жағдайларда қолданды, егер тараптар келісім-шартта оған жазбаша нысанда келіссе, және де бұл регламент өзгерістермен қолдана алады, егер тараптар сол туралы келіссе.
Бұл регламенттердің ең қолданылатыны Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ болып табылады.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ арбитраж бойынша сарапшылармен және арбитраждық мекемелермен ауқымды консультациялардан кейін 1976 жылы халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ-ның Комиссиясымен қабылданды. Сол жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 31\98 резолюциясында халықаралық сауда қатынастары контекстінде туындайтын дауларды реттеу кезінде бұл регламентті қолдануды ұсынды. Әртүрлі құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жүйелі елдер үшін қол жетерлік болып табылатын, аd һос арбитражы үшін халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына едәуір үлес болып табылатын регламентті өңдеу туралы сендірушілікке байланысты бұл ұсыныснама енгізілді.
Сол кезден бастап Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ аd һос арбитражы жағдайында ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде кең колданады және жақсы белгілі болды. Арбитраждық ескертпелер мен келісімдерде бұл регламентке келісуші тараптар жиі сілтеме жасады және арбитраждық мекемелердің едәуір саны сол немсе басқа нысанда бұл регламентті таныды немесе қабылдады.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды танудың жолдарының бірі ол, өзінің арбитраждық регламенттерін дайындаған кезде оған арбитраждық мекемелер сүйенеді. Соған байланысты екі әртүрлі әдіс қолданылды.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ үлгіні толық алуы туралы бірінші әдіс (мысалы, 1978 жығы коммерциялық арбитраждың Америка аралық комиссияның процедурасының Ережелері) немесе ішінара (мысалы, 1980жылғы Халықаралық энергетикалық агенствоның дауларын реттеу бойынша Орталықтың қосымша ережелері және арбитраж үшін Процедуралар).
Басқа әдіс бойынша Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды қазіргі күйінде қабылдап және оның атауын сақтау үшін және берілген мекемеге ұсынылатын даулар туралы ережелерді сол немесе басқа мекеменің әкімшілік ережелері және статуттарын кіргізу үшін бұл даулар бұл статуттарда немесе әкімшіліктендірілген ережелерде орнатылған өзгерістерді ескеріп, Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес қаралады. Мұндай позицияға иеленген мекемелердің типтік мысалы болып Афро-Азиялық консультативтік құқықтық комитеттің қамқорлығымен құрылған, екі арбитраждық орталық болып табылады (Куала-Лумпурдағы аймақтық арбитраждық орталық, халықаралық коммерциялық арбитраждың Каирлық орталығы). Одан басқа, жоғарыда сипатталғанға ұқсайтын жағдай, 1981жылғы 19 қаңтардан бастап "Иран Исламдық Республикасының үкіметі және АҚШ үкіметімен сөгістерін реттеуге қатысты Алжирлік Халық-Демократиялық Республикасының үкіметінің Арызына" енгізілді.
Барлық жоғарыда айтылған жағдайлар арбитраждық мекеменің сол немесе басқа өзіндік ережелеріне байланысты, бірақ одан басқа, өзінің тұрақты арбитраждық регламенттері бар мекемелердің көптеген саны, сол немесе басқа нысанда Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды қолдануға келісті, егер тараптар соны қаласа. Кейбір мекемелер, мысалы, өздерінің тұрақты регламенттерінде (мысалы, Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот, Федералдық экономикалық палатаның Сыртқы саудалық арбитражы, Белград, Югославия) бұл мүмкіндікті қарастырған.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды қолдануды көздейтін, типтік ескертпелерде немесе ұсыныснамаларда, саудалық палаталар немесе арбитраждық ассоциациялар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерде арбитраждық мекеменің әкімшілік қызметтерін ұсынуды танудың басқа нысаны көрініс табады.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды қосқанда, типтік мысал және сонымен бірге бірінші халықаралық келісім болып табылатын "1977 жылғы КСРО және АҚШ арасында контрактілерде және саудада қолдану үшін факультативті арбитраждық ескертпе" (Американдық арбитраждық ассоциациямен және КСРО-ның Сауда-өндірістік палатасымен дайындалған), сонда Стокгольмдік сауда палатасы құзырлы орган ретінде тағайындалды.
Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес арбитраж жанында әкімшілік қызметтерді көрсетуге және құзырлы орган ретінде әрекет етуге өзінің дайындығы туралы мәлімдеген басқа мекемелердің көптеген санынан, "арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес істерді қарау үшін процедуралардың" әкімшілік арнайы кешенін қабылдаған Американдық арбитраждық ассоциацияны (ААА), процедуралардың әкімшілік арнайы кешенінде ААА құзырлы орган функцияларын қалай орындайды және ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес әкімшілік қызметтерді көрсетуі толық көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген мысалдар бойынша, Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды танудың және арбитраждық өндірісте оны қолданудың бірнеше жолдары орын алады.
Егер тараптар, өздерінің арасында туындаған дауларға, Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-дың қолдануын қаласа, онда олар келісім-шартқа келесі типтік арбитраждық ескертпені енгізген жөн: "осы келісім-шарттан туындайтын немесе байланысты я болмаса оның бұзылуынан, тоқтатылуынан немесе күші жоқтығынан туындаған әрқилы дау, қайшылық я болмаса талап, қазіргі уақытта әрекет ететін Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес арбитражда шешуге жатады". Сонымен қатар тараптар құзырлы органды (мекеменің аталуын немесе тұлғаның атын), арбитрлердің санын (бір немесе үш), арбитраждың орнын (қала, ел), арбитраждық тергеудің тілін көрсете алады.
ЮНСИТРАЛ регламентінің белгілеуі бойынша, егер тараптар келісім-шартта жазбаша нысанда бұл келісім-шартқа қатысты даулар Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ға сәйкес арбитраждың қарауына берілетіні туралы келіссе, мұндай даулар өзгерістері бар осы Регламентке сәйкес шешуге жатады, сол туралы тараптар жазбаша нысанда келісе алады.
ЮНСИТРАЛ Регламенті арбитраждық тергеуді реттейді, оның ережелерінің біреуі арбитражға қолданылатын заңның нормасына қайшы келеді, одан тараптар бас тартуға құқығы жоқ, заңның бұл нормалары қолданылады (1-бап, 2-т.)
Арбитраждық тергеуді қозғайтын тарап, басқа тарапқа арбитраж жөнінде мәлімдейді. Басқа тарап арбитраж туралы мәлімдемені алған күні, арбитраждық тергеу басталған болып есептеледі. Арбитраж туралы мәлімдемеге кіретіндер: арбитраждық тергеуге дауды беру туралы талап; тараптардың аты-жөні және мекен-жайы; сәйкес арбитраждық ескертпеге немесе жеке арбитраждық келісімге сілтеме; дау туындаған келісім-шартқа сілтеме; даудың сипатын жалпы нысанда көрсету және даулы бағаның мөлшерін, сәйкес жағдайда анықтау; талаптың мазмұны; арбитрлердің санына қатысты ұсыныс, егер олардың саны тараптармен алдын ала келісілмесе (3-бап)
Егер тараптар алдын ала арбитрлердің саны туралы келіспесе (бір немесе үш) және егер 15 күн ішінде арбитраж туралы мәлімдемені жауапкер алғаннан кейін, тараптар бір арбитр ғана болады деп келіспесе, онда үш арбитр тағайындалады (5-бап).
ЮНСИТРАЛ регламентіне сәйкес (6-бап), жалғыз арбитр тағайындалуы тиіс кезде, тараптардың біреуі басқасына ұсына алатыны: кандидаттардың біреуі немесе бірнеше тұлғалардың біреуі жалғыз арбитр ретінде шыға алады; егер тараптар алдын ала құзырлы орган туралы келіспесе, - бір не бернеше мекемелердің атауы я болмаса тұлғалардың біреуі құзырлы орган ретінде шығуы мүмкін.
Егер 30 күннің ішінде тараптардың біреуі мұндай ұсынысты алғаннан кейін тараптар жалғыз арбитрді таңдау туралы келісімге келмесе, жалғыз арбитр тараптармен келісілген құзырлы органмен тағайындалады. Егер құзырлы орган тараптармен келісілмесе, я болмаса егер олармен келісілген құзырлы орган әрекет етуден бас тартса немесе тараптардың біреуінен тағайындау туралы өтінішті алған соң 60 күн ішінде арбитрді тағайындамаса, кез келген тарап Гаагадағы Тұрақты арбитраждық соттың Бас хатшысымен құзырлы органды тағайындауды сұрай алады.
Тағайындауды жүзеге асырғанда, әділ және тәуелсіз арбитрді тағайындауды қамтамасыз ете алатын мұндай ой қабілеттерін ескереді, сонымен қатар тараптардың ұлтынан емес, басқа ұлттан арбитрді тағайындайды.
Үш арбитр тағайындалуы тиіс кезде, әрбір тарап бір арбитрден тағайындайды. Осындай жолмен тағайындалған екі арбитр үшінші арбитрді тағайындайды, ол арбитраждық соттың арбитр - төрағасы ретінде шығады (7-бап, 1-т.)
Әр арбитрге қарсылық хабарлануы мүмкін, егер оның әділдігіне немесе тәуелсіздігіне ақталған күмәнді туындататын мән-жайлар болса (10-бап, 1-т.).
ЮНСИТРАЛ Регламентінің белгілеуі бойынша (15-бап, 1-т.), өзінің көзқарасын білдіру үшін процесстің әр сатысында олардың әрқайсысына барлық мүмкіндіктерді беру және тараптарға бірдей қарау шартымен, осы Регламентті бұлжытпай ұстанумен арбитраждық сот өзі дұрыс деп таныған жолмен арбитраждық тергеуді жүргізе алады.
Егер тараптар арбитраждық тергеуді жүргізудің орны туралы келіспесе, мұндай орын арбитраждық тергеудің мән-жайларын ескеріп, арбитраждық сотпен анықталады. Арбитраждық сот тараптар келіскен ел немесе қала шегінде арбитраждық тергеуді жүргізүдің орнын анықтай алады. Ол арбитраждық тергеудің мәнін ескеріп, ол дұрыс деп есептейтін кез келген жерде арбитрлер арасында консультациялар үшін отырыстарды жүргізеді және куөгерлерді тыңдай алады. Тауарларды, басқа мүлікті немесе құжаттарды қарау үшін ол дұрыс деп есептейтін, кез келген орында арбитраждық сот жинала алады. Арбитраждық шешім арбитраждық тергеуді жүргізудің орнында шығарылады (16-бап).
Тараптардың келісімін бұлжытпай ұстанып, арбитраждық сот өзінің тағайындалуынан кейін кешікпей арбитраждық процессте қолданылуы тиіс тіл немесе тілдер туралы мәселені шешеді. Бұл шешім талап арызға, талап бойынша жауапкердің қарсылықтарына және кез келген басқа жазбаша арыздарға және ауызша тергеуді жүргізу кезінде, мұндай тергеу кезінде қолданылуы тиіс тіл не тілдерге қатысты.
Талап арызға тіркелген кез келген құжаттар немесе талап бойынша жауапкердің қарсылықтары, сонымен бірге әр қосымша құжаттар немесе түпнұсқаның тілінде тергеу кезінде ұсынылған дәлелдемелер, арбитраждық сотпен анықталған немесе тараптар келіскен тілде я болмаса тілдерде аудармасы болуы тиіс жөнінде арбитраждық сот өкім ете алады (17-бап).
ЮНСИТРАЛ Регламенті бойнша (21-бап), сот қарауына жатпайтындығы бойынша оның қарсылығы туралы жеке арбитраждық келісімді немесе арбитраждық ескертпенің жарамсыздығы я болмаса болмауына негізделген қарсылықтарды қосқанда, арыздарға қатысты шешім шығаруға, арбитраждық сот құқылы.
Арбитраждық ескертпе бөлігі болып табылатын келісім-шарттың жарамдығы немесе орын алуын белгілеуге арбитраждық сот құзырлы. Сонымен қатар Регламент ЮНСИТРАЛ Регламентіне сәйкес арбитраждық тергеуді қарастыратын және келісім-шарттың бөлігі болып табылатын арбитраждық ескертпені белгілейді және бұл бойынша осы келісім-шарттың басқа шарттарына байланысты емес, келісім ретінде қаралуы тиіс. Келісім-шарттың жарамсыздығын арбитраждық сотпен тану арбитраждық ескертпенің жарамсыздығын автоматты түрде туындатпайды.
ЮНСИТРАЛ Регламентіне сәйкес (32-бап 1-т.), түпкілікті арбитраждық шешімнен басқа арбитраждық сот аралық, алдын ала немесе ішінара арбитраждық шешімдерді шығаруға құқылы.
Арбитраждық шешім жазбаша нысанда көрініс табады және тараптар үшін түпкілікті және міндетті болып табылады. Тараптар арбитраждық шешімді кешіктірмей орындауға міндетті (32-бап,2-т.). Арбитраждық шешім себепті болмауы тиіс деп тараптар келіскен жағдайларды қоспағанда, оның шешімі негізделген себептерді Арбитраждық сот көрсетеді.
Арбитраждық шешімге арбитрлер қол қоюы тиіс және шешім шығарудың күніне және орнына нұсқауды қамтуы тиіс. Егер үш арбитр болғанда және олардың біреуі арбитраждық шешімге қол қоймаса, шешімде оның қол қоймауының себебі көрсетілуі тиіс. Арбитраждық шешім екі тараптың келісімімен ғана жарияланады.
Егер арбитраждық шешім шыққан елдің арбитраждық заңдары арбитраждық соттың сақтауына беру немесе оны тіркеуді талап етсе, онда сот бұл заңдармен көрсетілген мерзім ішінде мұндай талапты орындау тиіс (32-бап,7-т.).
Қолданбалы құқыққа қатысты ЮНСИТРАЛ Регламентінің белгілеуі бойынша (33-бап), дауды мәні бойынша шешу кезінде қолдануға тиісті ретінде тараптармен келісілген құқықты арбитраждық сот қолданады. Тараптардың мұндай келісімі болмағанда, арбитраждық сот қолданбалы деп есептейтін коллизиялық нормаларға сәйкес анықталған, құқықты қолданады. Арбитраждық сот "достық делдалдар" немесе ех aequo еt bоnо (әділеттік және мейірімді ар-ұят бойынша) ретінде шешім шығара алады, мынандай жағдайда, егер тараптар бұған сотты тікелей өкілетті етсе және егер арбитраждық процессті реттейтін заң, мұндай арбитраждық тергеуге жол берсе. Барлық жағдайларда арбитрлер келісім-шарттың шарттарына сәйкес және берілген мәмілеге қолданылатын сауда әдеттерін ескеріп, шешімді қабылдайды.
Егер арбитраждық шешімді шығарғанға дейін тараптар дауды реттеу туралы келісімге келіссе, арбитраждық сот арбитраждық тергеудің тоқтатылуы туралы қаулы шығарады, я болмаса, егер екі тарап сол жөнінде сұраса және сот мұнымен келіссе, келісілген шарттардың негізінде арбитраждық шешім нысанында реттеуді бекітеді. Арбитраждық сот мұндай шешімнің себептерін айтуға міндетті емес (34-бап, 1-т.).
Шешімді алған соң 30 күн ішінде тараптардың кез келгені, басқа тарапты хабардар еткен соң, арбитраждық соттан шешімді түсіндіруді сұрай алады, мұндай түсіндіру сәйкес өтінішті алған соң 45 күн ішінде жазбаша нысанда беріледі. Ол түсіндіру шешімнің құраушы бөлігі болып табылады (35-бап).
Арбитраждық шешімде арбитраждық сот арбитраждық шығындардың мөлшерін (бағасын) белгілейді (38-бап). "Шығындар" терминіне кіретіндер: жекелеп арбитраждық соттың әрбір мүшесінің қаламақылары, арбитрлермен көтерген, жол және басқа шығындар, сарапшылардың қызметтерінің және арбитрлермен сұралған басқа көмектің төлемдері, арбитраждық сотпен бекіткен куәгерлердің жол және басқа шығындары, заң өкілдігіне және істі жеңген тарапқа көмек шығындары, егер мұндай шығындар туралы арбитраждық тергеу кезінде хабарланса және арбитраждық сот мұндай шығындардың бағасын саналы деп таныған мөлшерде, құзырлы органның қаламақылары және шығындары, және Гаагадағы Тұрақты арбитраждық соттың бас хатшысының шығындары.
Даулы бағаны, даудың пәнінің күрделілігін, арбитрлер жұмсаған уақытты және т.б іске қатысты мән-жайларды ескеріп, арбитраждық соттың қаламақысының мөлшері саналы болуы тиіс.
Егер құзырлы орган тараптармен келісілсе немесе Гаагадағы Тұрақты арбитраждық соттың Бас хатшысымен тағайындалса және егер бұл орган өзі айналысатын тергеудің халықаралық істер бойынша арбитрлердің қаламақыларының шкаласын шығарса, онда арбитраждық сот өзінің қаламақысының мөлшерін белгілеген кезде, істің мән-жайлары бойынша бұл орынды деп есептейтін шекте, қаламақының бұл шкаласын ескеруі тиіс.
Егер мұндай құзырлы орган халықаралық істер бойынша арбитрлердің қаламақыларының шкаласын шығармаса, онда тараптардың әрбіреуі халықаралық істер бойынша қаламақылардың мөлшерін анықтау үшін қандай негіз әдетте қолданатыны туралы анықтаманы ұсынуды әр уақытта құзырлы органнан сұрай алады және олар үшін бұл орган арбитрлерді тағайындайды. Егер құзырлы орган мұндай анықтаманы ұсынуға келіссе, арбитраждық сот өзінің қаламақысын белгілеген кезде істің мәні бойынша бұл орынды деп есептейтін шекте мұндай мәліметті назарына аударады (39-бап).
Атап айтқан жөн, Арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды қолданудың пайдасына жағымды тенденция соңғы уақытта көрініс табуда.
Сөйтіп аd һос арбитраждары үшін ең қолданбалы және әйгілі регламенттерінің бірін қарастырып, яғни арбитраждық регламент ЮНСИТРАЛ-ды, мұндай арбитраждар қалай қызмет ететінін түсінуге болады.
Әйтеуір, Onex Corporation v. BALL Corporation (Ontario Court of justice. General Division. 24.01.94) ісі қамтыған арбитраждық ескертпені түсіндіруге мысал келтірген жөн (ЮНСИТРАЛ БҰҰ мәтіндері бойынша Прецеденттік құқық 30 тамыз 1994 жыл). Бірлескен кәсіпорында жауапкердің үлесін алуға бірлескен кәсіпорын туралы олардың келісімі аясында талапкер құқылы ма, соған қатысты талапкер мен жауапкер арасында дау туындады. Келісімге енгізілген арбитраждық ескертпеге сәйкес мәселені арбитражға берген дұрыс деп, тараптар келісті. Бірақ талапкер келісімнің ережесіне өзгерістер енгізу туралы өтінішпен сотқа жолданды немесе альтернатива ретінде ережені құраған кезде онда қателік жіберілген негізде, бұл ереженің күші болмауын хабарлағаны жөнінде және сол себептен ол тараптармен келісімге келгенді бейнелемейді. Арбитражға барлық дауды беру және іс бойынша өндірісті тоқтата тұру туралы жауапкер өтініш берді. Тараптардың жазбаша келісіміне өзгерістер енгізуге арбитраждық сот өкілетті ме, сол туралы мәселе арбитраждық келісімді түсіндірудің мәселесі болып табылады деп, сот анықтады. Ескертпеде қамтылған, "туындаған" немесе "түсіндіруге байланысты" деген келісімнің сөз тіркесі танылғанмен, "байланысты туындайтын барлық даулар" сөз тіркесіне қарағанда соншалықты кең болып табылмайды және бұл соңғы айтқан сөз тіркесі, түзеу түрінде құқықтық қорғаныстың заңды тәсілдерін қамту үшін, соттармен жеткілікті болып танылады және келісімді түзеудің мүмкіндігін енгізу үшін ол әжептәуір жеткілікті. Соттың есептеуінше, егер күмән туындағанда, арбитражға ықпал ету үшін сондай жолмен арбитраждық ескертпені түсіндіру қажет. Сот іс бойынша өндірісті тоқтата тұру туралы қаулы шығарып, мәселені арбитражға берді.
Туындау мүмкін нақты даудың мәнін бейнелейтін арбитраждық тергеуді жүргізуді қалаған кезде, тараптар әдетте аd һос арбитражын таңдайды. Аd һос арбитраждары үшін арбитраждық регламенттерінің біреуіне сәйкес арбитраждық тергеуді жүргізуге егер тараптар келіспесе, ондай мақсаттар үшін арнайы арбитраждық келісім дайындалуы тиіс. Бірақ тіпті ондай арбитраждық регламенттердің біреуі таңдалған жағдайда, арбитраждық келісімде тараптар реттеуі тиіс мәселелерді қалады, (мысалы, құзырлы орган, арбитрлер саны, арбитраж орны, арбитраждық тергеудің тілі, қолданбалы құқық және т.б.). арбитраждық институт туралы олардың келісе алмайтын себебі бойынша асі һос арбитражын жүргізу туралы тараптар келісімде келісе алады және қарауға өзінің дауын шешуге бере алады. Бұл жағдайда сонымен қатар арбитраждық ескертпелерді қолдануға және аd һос арбитраждары үшін арнайы жасалған, арбитраждық регламенттердің біреуін қолдануға сілтеме жасауға ұсыныс жасалады.
Даудың сипатына байланысты, халықаралық коммерциялық арбитраж екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.
Жалпы арбитраж сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша барлық дауларды қарастырады. Стокгольмнің Сауда палатасының Арбитраждық Институты, Лондондық Халықаралық Арбитраждық сот, Халықаралық Сауда палатасының жанындағы (Париж қ.) Халықаралық Коммерциялық Арбитраждық сот және т.б.
Жалпы арбитраждан қарағанда, арнайы арбитраж даулардың белгілі категориясын қарастырады. Мысалы, теңіз дауларын қарастыру үшін Париждегі Теңіз арбитраждық палатасы, Токиодағы жапондық теңіз арбитражы, Гамбургтегі Теңіздік арбитраждық сот, РФ-ның Сауда-өндірістік палатасының жанындағы Теңіз арбитраждық комиссиясы және т.б. орын алады; тауарлардың нақты түрлерінің саудасымен байланысты даулар, бидай және жем саудасы Ассоциациясының арбитраждық сотында, кофе саудасы бойынша Нидерландық Ассоциация жанындағы арбитражда, Генуядағы тері және тері заттарының саудасы бойынша Биржа жанындағы арбитраждар қарастырыла алады.
Арнайы арбитраждардың қызметін бидай, жем саудасы Ассоциациясының арбитраждық сотының мысалынан көруге болады (Лондон қ.).
Шаруашылық дауларды шешу бойынша әйгілі және өзін жақсы ұсынған қызметтер көрсететін, күріш, бидай, боб, фураждың халықаралық саудасына үлес қосатын, бүкіләлемдік ұйым. Бидай, жем саудасы Ассоциациясында арбитраждық тергеу 1917 жылғы 31 қаңтарда күшіне енген, №125 арбитраждың Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Егер келісім-шарттың тараптары олардың арасында туындаған даулар, бидай, жем саудасы Ассоциациясының арбитраждық сотында қарастырылуын қаласа, олар келісім-шартқа келесІ ережені енгізе алады:
а) егер Тараптар басқаша келіспесе, берілген Контрактіге байланысты туындайтын әрқилы даулар, берілген контрактінің күніне соңғы болып табылатын басылым боыйнша №125 ГАФТА (GAFTA) арбитраждың Ережелеріне сәйкес, арбитраждық процедуралар арқылы реттеледі және бұл Ережелер берілген Контрактінің құрама бөлігі болып табылады және есептелетіндей, берілген Контрактіге қатысушы-екі тарап бұл Ережелермен таныс болды.
b) берілген Контрактіге қатысушы - тараптардың ешқайсысы, тараптардың біреуіне талабы бар тарап та қандай болсын заңды әрекеттерді немесе дауға қатысты басқа қатысушы-тарапқа қарсы процедураны бастамайды, егер бұл дау Арбитраждың Ережелеріне сәйкес Апелляциялық Кеңеспен немесе арбитрмен алдын ала қарауға және шешуге жатпаса, арбитрдің (арбитрлер) я болмаса Апелляциялық Кеңестің шешімін алу, алдын ала шарт болып табылатынына, тараптар келіседі және хабарлайды, сонымен бірге ол берілген Контрактіге қатысушы - тараптың біреуі немесе тараптың біреуіне талабы бар, әрқилы тұлға заңды әрекеттер я болмаса даудың мұндай түріне қатысты басқа тарапқа қарсы процедураларды бастауға құқылы болмас бұрын, орындалуы тиіс.
GAFTA арбитраждық Ережелері арбитраждық соттың екі деңгейлі жүйесін қарастырады. Бірақ тараптардың жазбаша келісімі бойынша арбитраждық соттың екі деңгейлі жүйесінің орнына бір деңгейлісі (Үш арбитрі бар трибунал тағайындалады, апелляцияның мүмкіндігі қарастырылмайды, тараптар арбитраждық соттың шешіміне азаматтық сотқа ғана шағымдана алады) (17 бөлім) қолданыла алады.
GAFTA Ережелері бойынша жүргізілетін, арбитраждың ерекшелігін "Тауарлар үлгілері" көрсетеді, бұған сәйкес егер бір тарап сот мүшелеріне тауарлардың үлгілерін зерттелу үшін бергісі келсе, онда бұл үлгілер алынуы, герметикалық жабылуы және Ассоциацияның мекен-жайына жіберілуі тиіс,сонымен бірге арбитрлердің қолы жететіндей болуы тиіс. Бірден тауарлардың үлгілерін алған соң, сот мүшелері ұсынылған үлгілердің күйін оқып білуі тиіс. Негізінен: "Келудің шарттары" контарктісінің пункті негізінде егер дау туындаса, онда үлгілер тоқталатын портта кемеден түпкілікті жүк түсіруді аяқтаған соң 21 күннен кешіктірмей оқып білуІ тиіс; егер талап стандарты бар орта пробаның сапасын салыстыруға қатысты болса (f.a.q.-fair average quality - орта пробаның сапасы), стандарт белгіленді не оның енді белгіленуі туралы Ассоциацияның мәліметті баспаға шығарған сәтінен бастап 21 күннен кешікпей, үлгілер оқып білуі тиіс.
"Тізбекті істердің тергеуі - қосалқы және бір уақыттағы даулар" деп аталатын 7 бөлім арбитраждың Ережелері үшін тән, онда белгіленетіндей, егер контракт тең шарттардың (бірақ тауардың бағасы әрбір контрактіде әр түрлі болады) негізінде бір тауар үшін жасалған контрактілердің тізбегінің бөлігі болып табылса, онда олардың арасында тікелей контрактілік қатынастар орын алған сияқты, соңғы сатып алушы және бірінші сатушы арасында тауарлардың сыртқы келбеті немесе \ және сапасы бойынша бір даудың тергеуіне жол береді. Апелляциялық Комиссия арқылы шағымдану құқығымен, тізбекті істерге қатысты арбитраждық сот қабылдаған шешімдер тізбектің барлық қатысушылары үшін міндетті және әрбір контракт бойынша арбитраждық соттың жеке шешімі орын алған сияқты, тізбектің аралық қатысушыларының әрбіреуі өзінің тура контрагентінен шешімнің күштеп орындалуын талап ете алады. Барлық басқа дауларда (тауардың сапасы немесе сыртқы келбетіне байланысты емес), тізбектің барлық қатысушылары келіскенде ғана, трибуна қосалқы істі жүргізе алады және бір отырыста біріккен істі қарастырады, бірақ шешімдер контрактілердің әрбіреуі бойынша жеке толтырылады.
GAFTA арбитраждың Ережелеріне сәйкес, арбитраждық соттың барлық шешімдері жазбаша түрде толтырылады және дербес арбитрмен қол қойылуы тиіс, ал егер істі трибунал қараса, онда арбитраждық соттың барлық үш мүшесі қол қояды. Арбитраждық сот Ассоциацияға өзінің шешімін ұсынады. Ассоциация соттың қол қойған шешімін алған соң, шешімнің дайын болғаны туралы тараптарға хабарлайды және тараптар сот шығындарын төлеген соң, оны алады.
Арбитраждық соттың шешімі даудың мәніне және өндіруге тиісті ақшаға қатысты міндетті болып табылады, бірақ бұл шешім Апелляциялық Комиссия арқылы шағымдалуы мүмкін. Арбитраждық соттың шешімі шағымдалуға жатпайды немесе сот мүшелерінің жеткіліксіз біліктілігінің негізінде жарамсыз деп хабарланбайды, егер тек тараптар сот тергеуі басталмас бұрын қарсылығын хабарламаса.
Арбитраждық соттың шешімін, сот шешімінің өзгерістері немесе толықтыруларын мойындау туралы я болмаса арбитраждық соттың шешімін алып тастауы туралы Апелляциялық Комиссияның шешіміне комиссия төрағасы қол қояды және оған қол қойған кезден бастап күшіне енеді. Апелляциялық Комиссияның шешімі міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды (12 бөлім, 12.6-бап).
GAFTA арбитраждың ережелері (23 бөлім) белгілеуі бойынша, егер шаруашылық даудың қатысушыларының біреуі арбитраждық соттың немесе Апелляциялық Комиссияның шешімін орындаудан бас тартса я болмаса қабылдамаса, онда Ассоциацияның Кеңесі бұл тарапқа жазбаша хабарлағаннан кейін, Ассоциация мүшелері үшін циркулярда және \ немесе Ассоциацияның Хабарлау Тақтасында бұл дәлел туралы мәлімдеуге құқылы. Егер шаруашылық даудың қатысушыларының біреуі Ассоциациядан сәйкес нұсқауларды алған кезде апелляцияны немесе дауды қарау бойынша шығындар және баждарды төлеуден бас тартқан кезде, сондай шаралар қолданады. Шаруашылық даудың қатысушылары Ассоциацияның осындай шараларды қолдану құқығын таниды.
Сонымен қатар РФ-ның Сауда-өндірістік палатасының жанындағы Теңіз арбитраждық комиссиясы қарастыратын даудың ерекшелігіне көңіл бөлген жөн.
РФ-нің СӨП жанындағы Теңіз арбитраждық комиссиясы 1930 жылы құрылған, КСРО Сауда - өнеркәсіптік палатасы жанындағы Теңіз арбитраждық комиссияның мирасқоры болып табылады.
РФ СӨП жанындағы Теңіз арбитраждық комиссия туралы Ережеге сәйкес (2-бап), ресейлік және шетел немесе тек ресейлік я болмаса тек шетел құқығының субъектілері, мұндай қатынастардың тараптары болып табылатынына қарамастан, сауда,теңіз қатынасынан пайда болатын, келісім-шартты және басқа азаматтық - құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, Теңіз арбитраждық комиссия шешеді. Негізінен, Теңіз арбитраждық комиссия мынадай қатынастардан туындайтын дауларды шешеді:
- кемелерді фрахтқа алу, жүктерді теңіз тасымалдау, сонымен қатар аралас
жүзуде (өзен-теңіз) жүктерді тасымалдау бойынша;

  • кемелер және басқа жүзбелі объектілердің теңіз буксировкасы бойынша;

  • теңіз сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша;

  • теңіз кемелері және басқа жүзбелі объетілерді сатып алу - сату, кепіл және
    жөндеумен байланысты;

  • лоцмандық және мүздық сым бойынша теңіз кемелерін агенттік және басқа қызмет көрсету, сонымен бірге ішкі жүзу кемелерін, өйткені сәйкес операциялар теңіз жолдары бойынша мұндай кемелердің жүзуімен байланысты;

  • пайдалы қазбаларды өндіру, гидротехникалық және басқа жұмыстарды,
    ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін кемелерді қолданумен байланысты;

  • теңіз кемелерін немесе теңіз кемесімен ішкі жүзу кемесін құтқару бойынша,
    сонымен қатар теңіз суларында ішкі жүзу кемесімен басқа ішкі жүзу кемесін
    құтқару бойынша;




  • теңізде батқан кемелер және басқа мүлікті көтерумен байланысты;

  • теңіз суларында теңіз кемелердің, теңіз кемесінің және ішкі жүзу кемесінің,
    ішкі жүзу кемелердің соқтығысуымен және кеменің порттық бекіністерге,
    навигациялық жағдай құралдарына және басқа объектілерге зиян келтірумен
    байланысты;

  • балық аулайтын ауларға және басқа аулайтын құралдарға зиян келтірумен,
    сонымен қатар теңіздік балық аулау кәсібін жүзеге асырғанда басқа зиян
    келтірумен байланысты.

- Теңіздік арбитраждық комиссия жоғарыда көрсетілген жағдайларда,
халықаралық өзендер бойынша, ішкі жүзу кемелері және теңіз кемелерінің
жүзуіне байланысты туындайтын дауларды және шетелдік тасымалдауларды
ішкі жүзу кемелерінің жүзеге асырумен байланысты дауларды тең шешеді.
Теңіздік арбитраждық комиссия өзінің шешуіне дауларды беру туралы тараптар арасында келісім болғанда ғана, дауларды қарауға қабылдайды. Сонымен қатар комиссия ҚР-ның халықаралық келісім шарттарына байланысты, тараптар оның шешуіне беруге міндетті дауларды қарауға қабылдайды (3-бап).
Теңіздік арбитраждық комиссияның шешімдерін тараптар ерікті түрде орындайды. Тараптар өз еркімен орындамаған Комиссияның шешімі, заң және халықаралық келісім-шарттарға сәйкес орындалады (5-бап).
Сондай жолмен, дауды халықаралық коммерциялық арбитраждың қарауына берген кезде, даудың ерекшелігіне байланысты, арнайы арбитраждың дауды шешудің мүмкіндігін, тараптар ескеруі тиіс.
Мәселенің екі аспектісін анықтау қажет: Қазақстанда қызмет ететін халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңнамасы; және шетелдік халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңнамасы
Қазақстанның арбитраждық сот туралы заңнамасы екі заңнан құралады: 2004 жылы 28 желтоқсанда қабылданған «Аралық сот туралы» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы». Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аралық және арбитраждық соттарының қызметіне байланысты заңнамасына қосымшалар мен өзгерістер енгізілді.
Осы екі заң Аралық сот пен халықаралық коммерциялық арбитраждың құрылымына толықтай түсінігін анықтауды талап етеді.
Ең алдымен аралық сот пен арбитраждың бір екенін түсіну қажет. Ағылшын тіліне «аралық сот» «арбитраждық сот» болып аударылады. Арбитраждық (аралық) соттың мәні - бұл мемлекеттік емес орган, тек екі жақтың келісімімен даулы мәселені шешуге арналған.
Аралық сот пен халықаралық коммерциялық арбитраж нақты арбитраждық органдар мен емес даулы мәселенің сипатына байланысты бөлінеді. Кез-келген арбитраждық (аралық) сот мемлекеттің ішкі және халықаралық даулы мәселелерді шеше алады. Кез-келген заңды тұлға «аралық сот» немесе «халықаралық коммерциялық арбитраж» деп аталған арбитраждық соттың барлығына да шағымдалына алады. Бұл жағдай даулы мәселенің сипатына байланысты аралық сот туралы немесе халықаралық коммерциялық арбитраж туралы соттың заңы жүзеге асады.
Міндеттің шектелуі халықаралық коммерциялық арбитраждық заңның 4 бабының 6 тарауында белгіленген.
Екі жақтың келісімі бойынша азаматтық құқық келісімнен пайда болған жеке немесе заңды тұлға арасында, коммерциялық және басқа да ұйымдар арасында, немесе екі жақтың біреуі Қазақстан республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда даулы мәселе арбитражға беріледі.
«резидент емес» түсінігі Қазақстан Республикасының заңына немесе валюта реттеу заңына сәйкес анықталуы қажет.
2005 жылғы 13 маусымда қабылданған валюталық реттеу туралы заңында бекітілген:
резидент:
Қазақстан Республикасының азаматтарынан бөлек, осы мемлекеттің заңына сәйкес берілген шетел мемлекетінде тұрақты тұратын құжаты бар Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс немесе Қазақстан реупубликасының қызмет бабымен шетелде жүрген азаматтар;
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құжаты бар шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалар;
Қазақстан Республикасының территориясында, немесе олардың филиалдары мен өкілеттіліктері Қазақстан Республикасында және одан тысқары орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар;
Қазақстан Республикасынан тысқары орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және басқа өкілеттіліктрі бар тұлғалар; (1 бабы 15 тарауша)
Резиденттік еместер барлық жеке, заңдық тұлғалар және олардың өкілеттіліктері (15 тараушасында) қазіргі заңның (1 бабының 10 тарауында) белгіленбеген.
Арбитраждың міндетіне заңда қабылданған азаматтық құқықтан туындаған даулы мәселелер жатады (аралық сот туралы 1 заң және халықаралық коммерциялық арбитраж заңының 1 бабы). Бұл басқа даулы мәселелерді (келісімге байланысты емес жекеменшік құығына байланысты) арбитраж қарастыра алмайды. Бұл арбитраж міндетінің шектелуі.
Аралық соттың міндетінің шектелуі аралық сот туралы заңның 7 бабының 5 тарауында көрсетілген: аралық сот мемлекеттің мүддесіне әсер ететін заңды жасқа толмаған, өз ісіне жауап бере алмайтын, аралық соттың мүшесі бола алмайтын, келісімдегі қызмет көрсету даулы мәселісіне байланысты, тауар және қызмет нарығындағы беделді орынға ие болатын субъектілердің, банкрот болып жарияланған мемлекеттік мекемелердің даулы мәселелерін қарастырмайды.
Бірақ бұл шектеулер халықаралық коммерциялық арбитражға таралмайды. Себебі халықаралық коммерциялық арбитраждық заңында бұл нормалар көрсетілмеген.
Негізінен бұл шектеулер және жағдайдың дәлелсіз қиындатылуы тек аралық сот қарастырады. Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңдағы құқықты негізгі халықаралық принциптің ЮНСИТРАЛ типтік заңының «халықаралық коммерицялық арбитраж туралы» 1985 жылы 21 маусымда қабылданған заңына сәйкес.
1985 жылы 21 маусымдағы ЮНСИТРАЛ «халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» заңына сәйкес екі жағдайда арбитраждық соттың шешімін жоюға болады: бір жақтың шешімді жою туралы өтініші және өтінішсіз соттың шешіміне байланысты.
Өтініш жазуға кейбір кемшіліктер итермелейді (екі жақтың біреуі өз ісіне жауап бере алмайтын болса, арбитраждың ісімен таныс болмаса, арбитраж шешімі келісімге сәйкес келмей даулы мәселеге байланысты шешім қабылданған жағдайда.)
Сонымен қатар сот өз шешімін екі жағдай жоя алады: 1) арбитраж Қазақстан Республикасының жариялық тәртібіне қарсы келсе; 2) ҚР заңына сәйкес даулы мәселе арбитраждық соттың пәні болмаған жағдайда.
Осы негіздемелер бойынша халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңнамасына сәйкес арбитраждық шешімнің мәжбүрлі түрде орындаудан бас тартуға да негіз болады.
Мәселенің екінші аспектісі шетелде орналасқан халықаралық коммерциялық арбитраждың реттеу заңына қатысты.
Қазақстан барлық халықаралық арбитраж туралы конвенцияларға қосылған.
Негізінен, Қазақстан Республикасының президентінің 1995 жылғы 10 шілдедегі жарлығында 1958 жылғы 10 шілдедегі шетелдік арбитраждық шешімдердің жүзеге асыратын, қабылдайтын және сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропалық конвенияға қосылды. Осы конвенциялардың ережелері Қазақстанға міндетті. 2004 жылдың 20 шілдедегі шешім Қазақстанда басқа мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларының арасында инвестицияны реттеу туралы конвенцияға жүзеге асты. (Вашингтон конвенциясы)
Қазақстандық заңға тоқталсақ, онда шетел арбитражына қандай дәрежеде әсер ете алады деген сұрақ туындайды?
Заңның жүзеге асу орталығы арбитраждық соттың шешім қабылдауымен және қайта қарастырумен байланысты. Бұл мәселе: шетел арбитражының шешіміне шағым беруге болады мажәне бұл нормалар АІЖК шетел арбитражының шешіміне мәжбүрлік етуіне болады ма?
Мұнда бірінші сұраққа қайшы жауап беруге, ал екінші сұраққа оңды жауап беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет