Абдразаков б. Б


ҚР Халықаралық коммерциялық төрелік және аралық соттар



бет6/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Халықаралық процесс

1.3 ҚР Халықаралық коммерциялық төрелік және аралық соттар
Ұзақ мерзімді экономикалық келісім шарттардың ережелеріне «қиындықтар туралы ескертпелердің» енгізілуі халықаралық экономикалық қатынастар тәжірибесінде кеңес берудің жиі қолданылатынын көрсетеді. Мұндай ескртпе дауды шешудің екі сатылы процедурасын қарастырады. Бірінші сатысында тараптар пайда болған қайшылықтарды кеңес алу арқылы шешуге міндетті. Егер де кеңес алу нәтижесінде тараптар келісімге келмесе, олар дауды шешудің басқа әдістеріне жүгінуге құқылы. Осындай ескертпелер көбінесе шикізат ресурстарымен ұзақ мерзімде қамтамасыз ету туралы және инвестициялық келісімдерде пайдаланылады.
Сонымен қатар, мемлекеттердің шарт жасау тәжірибесінде дауды реттеудің негізгі әдісі ретінде кеңес беруді қолданғаны туралы бірнеше мысалдар кездеседі. Олар тек дауды шешу кезінде ғана емес, мемлекеттердің экономикалық мәселелері бойынша келісімге келуде де тұрақты немесе ad hoc нысанында пайдаланылады. Көпжақты және әмбебап шартардың көбісінде, дау пайда болған жағдайда міндетті кеңес өткізу туралы ереже кездеседі. ТМД елдерінің Үкіметтері арасында жасалған еркін сауда аймағын құру туралы келім шарттың 19 бабында дауды реттеудің алғашқы сатыларында кеңес алу керектігі туралы ереже жазылған.
Келіссөздер мен кеңес беру арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен бельгиялық «Трактебель» компаниясының арасындағы экономикалық қайшылықтар шешілген болатын. Бұл даудың пәні компанияның Үкіметке қаржылық шағымдары
Сонымен, келіссөздердің бір нысаны ретінде кеңес беру халықаралық даулардың барлық түрлерін реттеу барысында қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының қазіргі сатысында кеңес беру дауларды реттеу тәжірибесінде кең таралған, бұл негізінен, әдістің халықаралық қарым-қатынаста пайда болатын даулар мен қайшылықтарды жылдам және әділ шеше алатынына байланысты, сонымен қатар келісуші тараптардың мүдделерінің қанағаттанатына байланысты. Осыған қарамастан, халықаралық экономикалық дауларды шешудің перспективті әдісі ретінде кеңес беру әлі де Б.Ұ.Ұ. жарғысында көрсетілген дауларды реттеу әдістерінің тізімінде және өзге де ұқсас құжаттарда көрсетілмеген. Дегенмен, ғалымдардың айтуы бойынша, кеңес берудің халықаралық даууларды реттеуде өз алдына әмбебап және бәріне тиімді әдіс болуына барлық алғышарттары бар.
Даулы мәселені шешу тек мүдделі тараптарға байланысты болатын әдістермен қатар, халықаралық қатынастар тәжірибесінде үшінші тараптардың араласуын қажет ететін әдістер де кездеседі. Дауласушы тараптар өздері дауды бейбіт жолмен шешу үшін ынтымақттастықтың кез-келген нысанына қол жеткізе алмаған жағдайда осындай әдіс қолданылады. Кейде мемлекеттер келіссөздер арқылы бейбіт келісімге келе алмайды. Осындай жағдайда ізгі қызмет немесе үшінші тараптың делдалдығы қажет. Осыған байланысты Р.С.Кингоранидің «тараптар кездесе алмағанда немесе келісімге келіссөздер арқылы келе алмаған жағдайда үшінші тарап, ол үшінші мемлекет немесе үшінші тұлға да болуы мүмкін, қайшылықтарды достық қатынастар негізінде шешу мақсатында дауласушы тараптардың кездесуін ұйымдастыру үшін өзінің ізгі қызметтерін ұсынуы мүмкін» деген сөздерін атап кеткен жөн.
Ізгі қызмет не делдалдық ұсынып отырған үшінші тарап немесе мемлекет міндетіне мүдделі тараптар арасында келіссөздер жүргізуді бастау немесе түсініспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу үшін байланыстар орнату жатады. Мұндай жағдайларда үшінші тарап ретінде бейтарап үкіметтер, халықаралық ұйымдар немесе аталған шиеленісте ешқандай мүддесі жоқ лауазымды тұлға бола алады.
В.А.Василенко мен М.А.Энтин «ізгі қызметтер функциясы біршама шектеулі және қосымша сипатта, сонымен қатар айтарлықтай материалдық шығындар әкеледі» деп ойлайды.
XX ғасыр басына дейін ізгі қызметтер мен делдалдық арасында ешқандай айырмашылық болмаған. Олар біртұтас болып саналған. Бұған 1853 жылғы Венадағы ұлы державалар конференциясының протоколы мен Гаага конференциясында қабылданған халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешу жөніндегі конвенция дәлел бола алады.
Ізгі қызметтер мен делдалдықтың мағынасын Л.Л.Камаровский түсіндіре отырып, «олардың тәжірибеде қолданылуының екі маңызды тиімділігі бар: осы тәсілдерге жүгінген тараптартардың тәуелсіздігіне еш нұқсан келмейді және тек құқық туралы дауды ғана емес, қақтығыстарын да шешуге ықпал етеді» деп жазады. Бірқатар ғалымдар екі әдіс арасындағы айырмашылықтарды зерттеу барысында ізгі қызметтерді өз алдына құқықтық институт ретінде бөліп көрсетті.
Ізгі қызметті зерттеген кеңес заңгерлерінің ішінде И.П.Блищенко, А.М.Ладыженский, Э.А.Пушмин, А.П.Мовчан, Н.Т.Самарцевті атап өткен жөн.
Ізгі қызметтерге «үшінші мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өз бастауымен, не қатығысушы елдердің өтініші бойынша, бейбіт жолмен дауды шешу үшін жағымды жағдай жасау мақсатында келіссөздерді ұйымдастыру, қайта жалғастыру секілді іс-әрекеттері» деген анықтама беруге болады. Бұл әдіс БҰҰ жарғысының 1б. 33б. көрсетілген халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістер тізіміне қосылмаған болса да, «... өз таңдауы бойынша өзге де бейбіт әдістермен» деген бөлігі ізгі қызметтерді білдіруі әбден мүмкін.
Ізгі қызметтерді жасау кезінде үшінші тараптың негізгі функциясы, ең алдымен дауласқан тараптар арасында тікелей байланыстар орнату. Бұған әдеттегі нысанда қол жеткізу мүмкін. Ондай нысандарға ұсыныстар, кеңестер беру жатады, яғни дауласушы тараптар оны қабылдауы да, одан бас тартуы да мүмкін.
Халықаралық қатынастар тарихында ізгі қызметтер көрсетудің көптеген мысалдары бар, XVIII-XIX ғасырларда Ресей бірнеше рет Австрия мен Пруссияны достару үшін осы әдісті пайдаланған. Ч.Ч.Хайд 1905 жылы президент Рузвельт Ресей мен Жапония үкіметтеріне бейбіт келісім жасау үшін тікелей келіссөздерге түсуін ұсынғанын мысалға келтіреді.
Ізгі қызмет көрсету институты дауды бейбіт жолмен реттеудің тағы бір әдісі – делдалдықпен тығыз байланысты. Делдалдық – үшінші мемлекеттердің не халықаралық ұйымдардың, халықаралық дауларды реттеуде өздерінің сол дауды шешуге қатысты ұсыныстары негізінде тараптар арасында келіссөздер жүргізуге бағытталған іс-әрекеті. Э.А.Пушминнің ойынща, делдалдық дипломатиялық келіссөздердің ерекшелеу болса да, бір нақты түрі.
Делдалдықтың басталуына құқықтық негіз болып дауласушы тараптардың үшінші мемлекеттерге (халықаралық ұйымдарға) жүгінуі немесе үшінші тараптар жағынан жасалған ұсыныс табылады. Делдалдыққа жүгіну, сондай-ақ делдалдық жасауға ұсыныс тараптардың өзара келісіміне негізделуі керек. Делдалдықтың басталуын көрсеттетін мұндай тәсіл алғаш рет Гаага ковенциясында бекітілген. «Келісімге келуші державалар қайшылықтар пайда болғанда не қақтығыс жағдайында қару алмай тұрып, мүмкіндігінше бір не бірнеше державалардың ізгі қызметтерін немесе делдалдығын пайдалану керек». Ал, 3 бабында «келісімге келуші державалар қақтығысқа қатысы жоқ бір немесе бірнеше державалардың өз еркімен дауласушы тараптарға жағдайы келгенше ізгі қызметтері мен делдалдығын ұсынғанын жөн көреді».
Делдалдықтың мақсаты – халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеуге ықпал ету. Делдалдықтың тікелей мақсаты даудың соңғы шешімін шығару емес, екі жақ келісімге қол жеткізуі үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру. Делдалдықтың процедурасы екі жақты келісіммен анықталады. Бұл туралы Гаага конвенциясының 6 бабында «ізгі қызметтер немесе делдалдық дауласушы тараптардың сұранысымен не қатысы жоқ державалардың ұсынысымен пайдаланылуы мүмкін, ол тек кеңес ретінде және міндетті бола алмайды» делінген.
Делдалдықтың факультативті сипатына қарамастан, делдалдың белгілі бір құқықтары болады. Өзінің қызметін атқару үшін қажетті делдалдың келесідей құқықтары бар: тарптардың барлық келіссөздеріне қатысу, тараптардың екіжақты тиімсіз және қатаң талаптарын алдын-ала жұмсарту, дауласушы тарптарды клісімге келтіру мақсатында өз бетімен ұсыныстар жасау. Кейбір жағдайларда делдалға келіссөздер жүргізу және келісімнің іске асуын кепілдендіруге құқық беріледі.
Кейбір ғалымдар дауласушы тараптар негізінен делдалдыққа қарағанда ізгі қызметтерді қалайтынын айтады. Мұндай жағдай үшінші мемлекеттер ізгі қызмет көрсету кезінде, өз бетімен ұсыныстар енгізе алмайтындығына байланысты. Осыған байланысты ізгі қызметтер мен делдалдықты келесідей критерилер бойынша бөлуге болады:

    • пайда болу тәсілі

    • құқытары мен міндеттері

    • пайдалану тәжірибесі

Қазақстанның ізгі қызмет көрсетуіне мысал ретінде, Ресей екеуінің Әзірбайжан мен Армения арасындағы Қарабах қақтығысында делдал болғандығын келтірсе болады.
Сонымен, ізгі қызметтер мен делдалдық келіссөздер мен кеңес беру әдістеріне қарағанда аз пайдаланса да, халықаралық экономикалық даларды шешуде қолданылады. Осы институттардың негізгі мақсаты тараптарға дауларды реттеуде көмек беру болғандықтан, бұл әдісті тараптар арасындағы қайшылықтарды «жұмсарту» қажет болғанда, дау ұзаққа созылмалы сипатта болған кезде, не асқынып кеткенде пайдаланған жөн.
Дауласушы тараптардың тәжірибесінде, пайда болған халықаралық даудың мәні қатысушыларға түсініксіз болатын жағдайлар аз кездеспейді. Осыған байланысты фактілерді анықтау мен нақтылау үшін, сонымен қатар қайшылықтарға заңды негіз беру үшін тергеу комиссиясы ұйымдастырылуы мүмкін. Тергеу комиссиясының қызметі туралы 1907ж. халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу туралы конвенциясында жазылған. Конвецияның 9б. халықаралық тергеу комиссиясына халықаралық дауларды реттеуді жеңілдету міндеті жүктелген.
Аталған конвенцияны талдай отырып, Ч.Фенфевич тергеу комиссиясы саяси және құқықтық мәселелер бойынша тараптардың арбитражды пайдаланбай келісімге келгісі келген жағдайда қолданылуы мүмкін және процедураға ерекше сипат береді дейді.
Осыған ұқсас көзқарасты Р.Уоллес ұстанады, оның ойынша тергеу комиссиясының негізгі функциясы дауға қатысты фактілерді анықтау, мысалы, куәгерлерді тыңдау немесе халықаралық құқық бұзылған аймақтарды аралау. Мұндай жағдайда тергеу комиссиясы дауды шешу әдісі ретінде емес, даудың фактілерін анықтауда қолданылатын қасымша процедура ретінде пайдаланылады.
Халықаралық құқық сөздігінде тергеу комиссиясына келесідей анықтама берілген: бұл – дауласушы тараптармен немесе өкілетті ұйымдармен даудың мәнін зерттеу үшін құрылған орган. Тергеу комисиясы дауласушы тараптар арасында жасалған, анықталуы тиіс фактілерді, комиссияның құрылу тәртібі мен мерзімі және оның құзыретін айқындайтын ерекше шарттың негізінде құрылады.
Тергеу барысында комиссия тараптардың әрқайсысынан түсініктеме алуына, тараптар ұсынған материалдарды қарауға, куәгерлерді, эксперттерді және т.с.с. шақыруға құқылы. Тергеу аяқталғаннан кейін, тергеу комиссиясы өз баяндамасын, осы баяндаманы қолдануға толық еркіндгі бар дауласушы тараптарға ұсынады.
Тергеу комиссиясы халықаралық экономикалық дауларды шешуде қолданыла алады. Мысалы, халықаралық экономикалық шарттардың ережелеріне сай дауларды шешу кезінде «әділдігі мен құзіреттілігіне қарай аралас үкіметаралық комиссиямен тағайындалған тәуелсіз тұлғалардан тұратын эксперттік топ құрылуы немесе техникалық кеңеңсшілер көмегі пайдаланылуы мүмкін». Осыған мысал ретінде, Чилия үкіметінің американдық сымтетік кампаниясын ұлттандыруына байланысты туындаған дауды айтуға болады. Кампанияның негізгі қорларының құнын бағалау үшін, әр тарап өздері таңдаған тәуелсіз эксперттердің көмегіне жүгінді. Эксперттердің қорытындысы кейін келіссөздерде қолданылды.
Келісім комиссиясы – халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің халықаралық құқықтық әдісі, мұны қолдану кезінде дау, тараптардың мүдделерін ескере отырып, халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары негізінде келісім шарт жобасын жасап, оны тараптарға ынтымақтастыру мақсатында ұсынуға міндетті үшінші мемлекеттердің өкілдерінен тұратын және сол тараптармен құрылатын органда қарастырылады.
Тергеу комиссиясына қарағанда, келісім комиссиясы тек даудың фактілерін анықтау үшін ғана емес, келісім шарттың жобаларын жасау үшін де қолданылады. 1928ж. 26 қыркүйектегі халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу туралы Жалпы акті мен оған 1949ж 28 сәуірде Бас Ассамблея енгізген өзгертулерінде келісім комиссиясының екі түрі берілген: тұрақты және арнайы. Тұрақты келісім комиссиясы алты айлық мерзімге, арнайы келісім комиссиясы үш айлық мерзімге құрылуы тиіс. Ғалымдардың айтуы бойынша, келісім комиссиясын құру мемлекеттер арасындағы дау жүйелі түрде қайталанып тұрған жағдайда, әр туындаған дау бойынша тағы комиссия құрмау үшін пайдаланған жөн. Егер тараптардың дауды шешу тәртібі жөнінде келісімі болмаса, оны келісім комиссиясы өзі белгілейді. Тергеу комиссиясы секілді, келісім комиссиясы тараптардың әрқайсысынан түсініктеме алуына, тараптар ұсынған материалдарды қарауға, куәгерлерді, эксперттерді және т.с.с. шақыруға құқылы.
Комиссияның негізгі қызметі шарттың түрлі нұсқаларын жасауға бағытталған. Келісім комиссиясының кеңестері мен ұсыныстары дауды реттеудің нақты ережелеріне, сонымен қатар кейінірек басқа әдістер де арқылы реттелетін дау өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Алайда, дауласушы әр тарап келісім комиссиясының кеңесі мен ұсынысынан бас тартуға құқылы.
Соңғы кездері әдебиеттерде келісім комиссиясын халықаралық экономикалық, әсіресе халықаралық коммерциялық қатынастар саласында дауларды ретеуде қолданудың тиімділігі туралы жазылып келеді. Келісім комиссиясы, ғалымдардың бағалауы бойынша, халықаралық сауда саласындағы дауларды шешуде, коммерциялық арбитраж, сот өндірісі мен келіссөздер сияқты әдістермен бірге қолданылатын, өз алдына әдіс.
Кейбір екіжақты келісімдерде тараптар арасында дау пайда болған жағдайда әр түрлі комиссияның құрылуы туралы ережелер кездеседі. Канада мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы 1989ж. 1 қаңтарда қол қойылған шартында, дауды реттеудің бір әдісі ретінде, он күн ішінде дауды шешуге міндетті канада-американдық сауда комиссиясының құрылуы қарастырылған.
Келісім комиссиясын осылай пайдалану, 1980ж. 4 желтоқсанда өткен Бас Ассамблеяның 35-сессиясының резолюциясы қабылданғаннан кейін мүмкін болды. Бұл резолюция дауды бейбіт жолмен шешу әдісі ретінде келісім комиссиясының тиімділігін көрсетті және халықаралық сауда дауларын шешу үшін осы әдіске жүгінетін жағдайда ЮНСИТРАЛ регламентіне сүйенуіне кеңес береді.
Келісім комиссиясы дауды тез және арзан шешугемүмкіндік береді. Осы әдістің негізгі артықшылықтары:

    • Заңды шешім шығару үшін құқықты қатаң түрде қолданбауға мүмкіндік беретін келісімдік процедураның бейресмилігі, ақылға қонымдылық мен әділеттік тұрғысынан тараптардың мүдделерін қанағаттандыратын келісімге жету мүмкіндігі;

    • Жағдайдан «жеңіл» түрде шығуға мүмкіндік беретін процедураның икемділігі;

    • Келісімдік процедурасының әмбебаптық сипаты, яғни дау арбитражда не сотта белгілі себептермен қаралмайтын немесе олардың құзыретіне жатпайтын кезде, сол мәселені қарастырып, шешім шығара алады;

    • Инвестиция саласындағы, энергокөздері мен шикізатпен қамтамасыз ету және өнеркәсіптік объектілерді салу мен монтаждау туралы ұзақ мерзімді контрактыларда осы әдісті пайдалану мүмкіндігі. Бұл ұзақ мерзімді қатынастардың күтпеген өзгерістерге ұшырауы көбінесе қақтығыс тудыратындығына байланысты. Келісім процедурасы қатаң ережелермен бекітілмеген және дауды ауырпалықсыз шешуге болады.

Келісімдік процедураның кемшіліктерінің бірі, бұл әдіс даудың соңғы шешімінің шығуына кепілдік ете алмайды. Сондай-ақ, дауды реттеу жөніндегі тараптармен қабылданған келісім арбитраж шешімінің қасиеттеріне ие емес. Көптеген заңгерлер келісім комиссиясының әлсіз жері – келісім процедурасының басталуы қандай да болмасын мерзімдер ағымын не тоқтата тұрмайды, не тоқтатпайды да, ал бұл іс бойынша өте маңызды. Осы әдістің тағы бір кемшілігі, талаптар көп болған жағдайда тараптар дауды делдалға амалсыз тапсырады, бұл осындай жағдайда келіссөздердің төмен деңгейлі нәтижесіне байланысты.
Келісімдік процедурасын дауды реттеудің балама әдісі ретінде қарастыра отырып, зерттеушілер оны мемлекеттік емес әдіс ретінде қолдануды ұсынады. Әсіресе, бұл экономикадағы шет елдік инвестиция үшін мықты құқықтық негіз құру үшін өте маңызды. А.Г.Дудко МКАС негізінде халықаралық коммерциялық дауларды реттейтін әдістер жүйесін құруды ұсынады, бұд жүйе бір-бірін толықтырып тұратын дауларды реттеу әдістермен қамтамасыз ететін болады.
ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағын құру туралы келісім шарттың 19 бабында кеңес беру арқылы не келіссөздермен шешілмеген дауларды арнайы келісімдік процедурасының шеңберінде шешу жолы көрсетілген.
Даудың объективті жағдайларының және оны шешудің нақты жобасының болмауы себебінен, тараптар дауды шешу үшін келісім комиссиясы мен тергеу комиссиясын таңдайды. Дауды реттеу үшін оның жағдайларын анықтау мен ұсыныстар жобасын жасау жөніндегі келісім комиссиясының әрекеттері, дауды реттеудің бұл әдісін халықаралық экономикалық дауларды реттеуде сәтті пайдаланылуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттердің экономкалық келісім шарттарында арбитражға немесе сотқа жүгіну мүмкіндігі жиі көрсетіледі. Келісім шарттың ережелері бойынша, дау сотта немесе арбитражда тараптар басқа әдістер арқылы келісімге келе алмаған жағдайда қарастырылады. Дауды реттеу әдісін таңдау барысынды тараптар даудың сипатына қарай таңдауы керек. Арбитраж кең танылған д ауларды шешу механизмі болып табылады. Оның жалпы юрисдикциялы соттардан негізгі артықшылықтарына өндірістің құпиялығы, процесстің жылдамдығы мен үнемділігі, беспристрастность и объективность.
Халықаралық арбитраж деп дауласушы тараптар арасындағы халықаралық келісім негізінде бір тұлғамен (арбитрмен) немесе топпен (арбитрлармен) қарастырылатын және олар шығарған шешім тараптар үшін міндетті болып табылтын сот өндірісі.
Өзге де анықтамаларға сүйенсек, халықаралық арбитраж бұл «дауларды қарастыру мен реттеудің ерекше шарасы және ол қандай да бір нақты дауды, белгілі бір категорияға жататын дауларды немесе тараптар арасында кез келген дауды шешу үшін тараптардың өзара келісімімен құрылатын уақытша халықаралық ұйым».
Осы анықтамалар көрсеткендей, арбитраж өндірісі бір уақытта соттық және келісімдік сипатта болады. Тараптар келісімі дау туғаннан кейін жасалған бөлек арбитражды келісім түрінде немесе бастапқы келісімде арьитражды ескертпелер түрінде жазылады. Арбитраждың соттық сипаты тараптардың таңдауы немесе арбитраждық келісім бойынша тағайындалғанда, арбитрдің қарастырылып жатқан іске мемлекетпен тағайындалған судья сияқты кірісуінде. Ол іске, қатысушы тараптарға бейтарап болуы керек.
Халықаралық құқықта халықаралық арбитраждың екі түрлі нысаны қалыптасқан: халықаралық шарттармен қарастырылған, оларды қолдану не түсіндіру кезінде туындайтын дауларды шешетін (институционалдық немесе тұрақты арбитраж) және нақты бір дау бойынша құрылатын ad hoc арбитражы.
Институционалды арбитраж болашақта келісуші тараптар арасында туындауы мүмкін дауларды шешу үшін құрылған. Институционалды арбитражда шартқа қол қоюшы тараптар дау туындаған кезде жүгінуге міндетті, яғни дау арбиражға тұрақты түрде бағынады. Осы белгілері бойынша арбитраж халықаралық соттарға ұқсайды.
Ad hoc арбитраж дау туындағаннан кейін тараптардың арнайы келісімімен нақты бір дау бойынша шешім шығару үшін құрылады және өз функциясын атқарып болған соң қызметін тоқтатады, яғни уақытша сипатта болады.
1907 жылғы халықаралық шиеленісті бейбіт жолмен шешу туралы конвенцияның 40 бабына сай, арбитраж өндірісінің пәніне келісуші тараптар бағынуға мүмкін деп таныған барлық істер жатады./130/ Конвенцияда тек мемлекет қана нақты дау мен оны арбитраждың қарауына жіберу міндетінің арасындағы сәйкестікті бекіте алатыны жазылған. Алайда, дауды шешу үшін арбитражды қолданған кезде, тараптар пайда болған даудың сипаты мен белгілерін келісімге келу сатысында ғана емес, арбитражды пайдаланудың барлық сатысында анықтауға құқылы.
Арбитражды пайдаланудың қалыптасқан халықаралық құқықтық тәжірибесі тараптар арбитрларды, арбитраждық іс жүргізу процедурасын, арбитраж құзіретін, сонымен қатар, дауды толық емес, тек бір бөлігін арбитражға қарауға беруін қарастырған.
Арбитраж шешімі халықаралық құқыққа және де “ex qequoet bono” қағидасына негізделуі мүмкін. Таңдау дауласушы тараптартардың қалауына және де арбитраж өндірісіне жіберілген халықаралық даудың заңды аргументтеріне байланысты. Осыған байланысты арбитр тараптар бекіткен құзіретіні шеңберінен шығып кетпеуі керек, әйтпесе оның шығарған шешімдері жарамсыз болып танылуы мүммкін. Халықаралық тәжірибеде мұндай жағдайлар кездеседі. Мысалы, АҚШ пен Канада арасындағы шекаралық дау жөніндегі шешім арбитрдың өз құзыреті шеңберінен шығып кетуіне байланысты жарамсыз деп танылды.
Тараптар арбитрмен шығарылған шешіммен келісуі де, келіспеуі де мүмкін.
Халықаралық арбитраж халықаралық экономикалық дауларды шешу әдісі ретінде екіжақты келісім шарттарда көп кездеседі. Қазақстан мен Бельгия-Люксембург экономикалық одағының арасындағы өзара қолдау мен инвестицияны қорғау жөніндегі келісім, әрбір нақты жағдай бойынша құрылатын арбитражда дауды қарастыру көрсетілген. Келісім арбитрларды тағайындау тәртібін белгілейді, ол бойынша әр тарап екі ай мерзім ішінде бір арбитрды таңдауы керек, кейін осы екі арбитр бірігіп арбитраж төрағасы ретінде үшінші мемлекеттің азаматын тағайындайды. Егер екі арбитр үшінші арбитрді тағайындау жөнінде келісімге келе алмаса, оны халықаралық сот президенті тарптардың біреуінің сұрауы бойынша тағайындайды. Арбитраж процедура тәртібі мен шешімін көпшілік дауыспен қабылдайды. Арбитраждың шығарған шешімі тараптарға міндетті және ақырғы шешім болып табылады.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы «Капитал салымдарын қолдау мен қорғау жөніндегі» 1992ж. 19 майда жасалған келісімнің 7 бабына сәйкес, осы келісімді түсіндіру мен қолдану кезінде туындайтын, келіссөздер мен кеңес беру арқылы шешілмеген дауларды халықаралық құқықтың қолданбалы нормаларына сай шешу үшін тараптың сұрауымен арбитражға жіберуді қарастырады. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, халықаралық сауда құқығы жөніндегі Б.Ұ.Ұ. комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) регламенті қолданылады.
Арбитрды тағайындау процедурасы Қазақстан мен Бельгия-Люксембург экономикалық одағының арасындағы инвестицияны қолдау және қорғау жөніндегі келісімінде көрсетілген тәртіпке ұқсайды. Шарттың 7 бабына сай, қажетті құжаттар мен тыңдаулар, үшінші арбитр тағайындалғаннан кейін алты ай мерзім өткенше жиналуы керек, ал арбитраж соңғы тыңдаудан кейін екі ай мерзім ішінде шешім шығаруы керек. Арбитражда дауды қарау туралы ережелер Қазақстанмен жасалған барлық инвестицияны қолдау және қорғау жөніндегі келісімдерінде көрсетілген.
Халықаралық арбитраждың мемлекеттер арасындаағы халықаралық экономикалық ынтымақтастығы үшін маңызы халықаралық саяси құжаттарда қарастырылады. 1975 жылғы Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық Кеңесінің (ЕҚЫК) қорытынды актісінде халықаралық коммерциялық даулардың тез, әрі әділ шешілуі экономикалық ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететіндігі, және ол үшін ең қолайлы инструмент арбитраж екендігі жазылған.
1992жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі мемлекеттер және шет елдік тұлғалар арасындағы инвестициялық даулар жөніндегі Вашингтон конвенциясына қосылу туралы заңды қабылдады. Сондай-ақ, 1996 жылы сыртқы сауды арбитражы жөніндегі Европалық конвенцияны және шет ел арбитраждарының шешімдерін тану мен орындау туралы Нью Йорк конвенциясын бекітті. Елімізде 1994 жылдан бастап, ТМД шеңберіндегі шаруашылық қызметке қатысты дауларды реттеу тәртібі жөніндегі Киев шарты қызмет етеді.
Халықаралық сот мекемелері қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Олардың қызметінің аясына тек түрлі нысандағы халықаралық дауларды соңғы сатыларында ғана реттеу емес, сонымен қатар, саяси және экономикалық интеграцияны заңды қамтамасыз ету енеді.
Қазақстандық Халықаралық Арбитраж – өз қызметін ҚР «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңы мен «Аралық сот туралы» Заңдарына, және өзге ҚР заңнамалық актілері мен қолданбалы халықаралық шарттар негізінде атқаратын, өз алдына тұрақты жұмыс жасайтын арбитраж институты.
ҚХА аралық өндіріс кезінде ҚР резиденті болып табылатын заңды не жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер арасындағы шарттық не өзге азаматтық қатынастартардан туындайтын дауларды, арбитраждық өндіріс кезінде тараптардың ең болмаса біреуі ҚР резиденті болмаған жағдайда заңды не жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, коммерциялық ұйымдар арасындағы шарттық не өзге азаматтық қатынастартардан туындайтын дауларды қарастырады.
ҚХА шешімдері тараптармен бекітілген мерзім ішінде орындалуы керек. Егер мерзім шешімде көрсетілмеген болса, ол тез арада орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімде өз еркімен орындалмаған шешімдер ҚР заңдары бойынша жүзеге асырылады. ҚХА шешімдерін мәжбүрлі түрде орындату құзыретті сот берілген шешімдерді мәжбүрлі түрде орындату үшін атқарушы парағының негізінде шешім шығару кезінде ірекет етуші атқарушы өндіріс ережелері бойынша жүзеге асырылады.
“IUS” халықаралық аралық соты халықаралық дауларды шешу аясында айтарлықтай тәжірибе жинаған арбитраж орталығы болып табылады. Бұл аралық сот 1993 жылдан бастап дауларды қарастырады.
“IUS” халықаралық аралық соты әрқайсысы өз алдына тұрақты арбитраж соты болып табылатын, қазақстандық және ресейлік арбитражды институттарынан тұрады.
“IUS” қызметі бір Регламентпен реттеледі және бір басшылыққа – “IUS” халықаралық аралық сотының Кеңесіне бағынады.
“IUS” халықаралық аралық сотының шешімдері 150-ден астам елдер қол қойған Нью Йорк конвенциясына, сонымен қатар орындалуы тиіс елдің процессуалдық заңнамасында көрсетілген өзге де конвенциялар мен келісімдерге сәйкес танылады және орындалады.
Қазақстан аумағында оның шешімдері ҚР АІЖК және ҚР «Аралық сот туралы» мен «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» Заңдарында көрсетілген ережелерге сай, мәжбүрлі түрде орындатылады. Шешім заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл мерзімі ішінде мәжбүрлі түрде орындатылуы мүмкін.
“IUS” халықаралық аралық соты құзыретіне ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен оның бірлестіктері арасындағы, азаматтар, азаматтар мен ұйымдар арасындағы мүліктік және өзге де азаматтық құқытық дауларын және еңбек дауларын тараптар келісімі болған жағдайда қарастыру жатады.
БҰҰ Халықаралық соты. БҰҰ Жарғысына сәйкес 1945 жылы жаңа сот органы - БҰҰ халықаралық соты құрылды. БҰҰ Жарғысының 92 бабына сай халықаралық сот БҰҰ басты сот органы болып саналады. Оның құрылуы жарғының 1б. 33бабының, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерінің бірі ретінде сот өндірісін ұйымдастырылуын қарастыратын бөлігінің жүзеге асырылуын білдірді.
Халықаралық соттың құзыреті сот статутының II тарауында, сондай-ақ IV тарауда анықталған. Статуттың бұл тараулары халықаралық сот құзыретінің шегін айқындайды. Соттың құзыреті ең алдымен мемлекеттер арасындағы дауларға ғана жүреді, ол жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы және өзара жеке тұлғалар арасындағы дауларды қарастыра алмайды. Бұл ережені БҰҰ Статутының 35бабы (сот статутқа мүше мемлекеттерге ашық) мен 93бабының (БҰҰна мүше мемлекеттер статуттың қатысушылары болып саналады) ережелерімен байланыстырып қарау керек. Сонымен қатар, БҰҰ жарғысының 2б. 93бабына сай, Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен әрбір нақты жағдай бойынша Бас Ассамблея анықтайтын шарттар негізінде, БҰҰ на мүше емес мемлекет статутқа мүше бола алады. Статуттың 2б. 35бабына сәйкес, сот Қауіпсіздік Кеңесі анықтайтын шарттар негізінде кез келген мемлекетке ашық.
Халықаралық сот статутының 1б. 36 бабында «сот қарауына оған тараптармен берілген барлық даулар жатады...», басқаша айтсақ, мемлекеттердің дауды сот қарауына жіберуі қосымша сипатта болады./86, с 804/ Оның қосымша сипаты дау тек дауласушы тараптардың келісімімен ғана қаралатынын дәлелдейді, егер мемлекет келісім бермесе оны мәжбүрлеуге болмайды, яғни мемлекеттерде дауды шешу әдісін таңдау еркіндігі бар. Істі қарау мәселесін халықаралық сот емес, дауласушы тараптардың өздері айқындайды. Осылайша, сот құзыреті тараптарға міндетті емес, факультативті болып келеді.
Халықаралық сот статутында, оның міндетті заңды күшін мойындаудың бірнеше нұсқасы берілген. Мүше мемлекеттер 2б. 26 бабына сай өзіне бірнеше міндеттер алуына болады. Олар кез келген уақытта, шартты түсіндіру, халықаралық құқықтың кезкелген мәселесі және халықаралық құқықты бұзатын фактілер жөніндегі құқықтық даулар бойынша, басқа мемлекетке қатысты соттың заңды күшін мойындайтыны туралы мәлімдей алады.
Өзге жағдайларда, мүше мемлекетер тек белгілі істер категориясы бойынша ғана сот құзыретін міндетті деп тани алады. Мысалы, мемлекет соттың міндетті заңды күші туралы ережені қамтитын екіжақты халықаралық шарттың қатысушысы болған жағдайда. Мұндай шарттар қатарына бейбіт келісім шарттары, бейбітшілік пен ынтымақтастық жөніндегі шарттар, табиғи ресурстарын бірігіп пайдалану туралы шарттар, теңіз аймақтарын белгілеу жөніндегі және сол сияқты өзге де шарттар жатады.
Көптеген мемлекеттер соттың заңды күшін ескертпелер жасай отырып мойындайды. Ескертпелердің төрт түрі кездеседі:

  • арыз қабылданға дейін орын алған жағдайлар мен фактілер жөнінде туындаған дауларды соттың міндетті юрисдикциясынан алып тастау жөнінде;

  • өзара келісім шарттары жөніндегі;

  • мемлекеттің сыртқы құзыретіне жататын даулардың халықаралық сотта қаралмауы жөнінде;

  • көпжақты конвенцияларды түсіндіру мен орындауға қатысты даулардың кейбір бөліктерін соттың міндетті юрисдикциясынан алып тастау жөнінде.

Сонымен, халықаралық соттың міндетті юрисдикциясы мемлекеттермен толық не ескертпемен немесе халықаралық даулардың нақты бір категориялары бойынша мойындалады.
Сот өзінің соттық қызметтеріне басқа, БҰҰ Жарғысына сәйкес кез-келген мекеменің сұрауы бойынша заңды мәселелерге қатысты консультативті шешімдер беруге құқылы. Осы туралы БҰҰ Жарғысының 96-бабында және БҰҰ халықаралық соты статутының 65-бабында айтылған. Жарғының 96-бабына сай, халықаралық соттан кез келген заңды мәселелер бойынша консультативті шешімдер сұрауға Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңессі құқылы. БҰҰ басқа органдары, сонымен бірге, Бас Ассамблея сұрау салуға рұқсат беретін БҰҰ арнайы мекемелері де өздерінің қызмет атқару барысында пайда болатын заңды мәселелер жөнінде консультативті шешім шығаруын сұрай алады. Мұндай органдар қатарына Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық көрсету жөніндегі Кеңес, Халықаралық еңбек ұйымы, ЮНЕСКО және т.с.с. жатады.
Халықаралық соттың консультативті шешімі соттың сол мәселеге қатысты пікірі ретінде келеді. Оның міндетті сипаты болмайды, халықаралық сотқа шешім үшін жүгінген органды өзіне байлап қоймайды.
Тәжірибеде халықаралық сот белгілі бір шектеулермен, халықаралық ұйымдар шешімдерінің заңдылығына бақылау жүргізе алады, халықаралық әкімшілік трибуналдар шешімдерін қайта қарау жөнінде шешім шығаруға және аппеляциялық инстанция рөлінде қызмет етуге құқылы. Соттың осындай қызметтерін жүзеге асыру жағдайлары жиі кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет