Абдразаков б. Б


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТӨРЕЛІКТЕР МЕН АРАЛЫҚ СОТТАРДА ДАУЛАРДЫ ҚАРАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет4/37
Дата13.06.2022
өлшемі0.88 Mb.
#459196
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Халықаралық процесс

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ТӨРЕЛІКТЕР МЕН АРАЛЫҚ СОТТАРДА ДАУЛАРДЫ ҚАРАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


1.1 Халықаралық коммерцичлық арбитраттың түсінігі мен түрлері
Халықаралық дау негізінде экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық, әскери және халықаралық құқытық сипаттағы факторлар жатыр. Жалпы халықаралық дауды бір не бірнеше халықаралық құқық субъектілерінің арасында пайда болатын ерекше саяси-құықтық қатынас ретінде қарастыруға болады.
БҰҰ Жарғысында қақтығысты қатынастарды квалификациялау үшін «дау» және «жағдай» деген түсініктер пайдаланылады.
Мемлекеттер арасында наразылыққа әкелетін немесе олардың арасында дау тудыратын және халықаралық бейбітшілік пен қауыпсіздікке қауіп туғызатын «халықаралық жағдай» түсінігі, «дау» түсінігі секілді БҰҰ Жарғысында анықталмаған.
Халықаралық құқық доктринасы мен Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Халықаралық Сотының тәжірибелеріне сәйкес, мемлекеттер бір затқа байланысты бір-біріне наразылық қойған кезде дау туындайды. Ал, жағдай болса, мемлекеттер мүдделерінің қарсы келуі шиелініс тудырса да, бір-біріне наразылық қойылмайды. «Жағдай» «дау» түсінігіне қарағанда кеңірек ұғымда пайдаланылады. Екеуіне де ортақ белгі мемлекеттер мүдделерінің қақтығысуы болады.
Даулар мен жағдайлардың екі түрі қарастырылады: оның жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауыпсіздікке қауіп төндіретін және жалғасуы мұндай қауіп төндірмейтін. БҰҰ Жарғысы даулар мен жағдайларды аталған екі критерии бойынша бөлуді қарастырмайды. Бұл мәселені шешуді Қауіпсіздік Кеңесіне тапсырады. Жарғының 34 бабында «Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық шиеленіс немесе дау тудыратын кез-келген дау мен жағдайды, олардың жалғасуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қауіп тудыру мүмкіндігін анықтайды».
Халықарлық құқыққа сай әр мемлекет және өзге де халықаралық құқық субъектілері араларында туындаған дауды халықаралық бейбітшілік, қауіпсіздік пен әділеттілікке қауіп төндірмейтіндей етіп бейбіт жолдармен шешуге міндетті. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы халықаралық құқықтың императивті қағидасы болып табылады. Бұл қағида БҰҰ Жарғысының 3б. 2-б., Халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің Қорытынды актісінде және өзге де көптеген әмбебап, аймақтық пен екіжақты шарттарда бекітілген.
Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу әдістерін қолдану жөнінде мәселе 1899ж. және 1907ж. Гаага конференцияларында талқыланған болатын. Ф.Ф. Мартенс атап өткендей, «халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу әдістерінің даму тарихында 1899ж. мамырда Билеуші Императормен шақырылған Гаага конференциясы әрқашанда ерекше орын алады». 1907ж. Конференция халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу жөнінде Конвенцияны мақұлдады. Конвенцияның 1бабында: халықаралық дауды бейбіт жолмен шешуді қамтамасыз ету үшін мемлекет мүмкіндігінше күш қолданбауы керек деп көрсетілген. Конвенцияда дауларды бейбіт жолмен шешудің бірқатар тиімді әдістері көрсетілген, соның ішінде ізгі қызметтер мен делдалдық, халықаралық тергеу комиссиялары, халықаралық аралық соттар және т.б.
Осылайша, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалыптасып, бірқатар халықаралық шарттарда бектілді. Кейінірек бұл қағида БҰҰ Жарғысында нақтыланды. Мемлекеттер арасында туындаған даулар мен түсініспеушіліктерді шешудің заңды әдістері болып тек БҰҰ Жарғысында көрсетілген тізімдегі әдістер ғана танылды. Бұл әдістердің кейбірі тек декларативті-ұсынысты сипатта болады. 1989ж. 29 қыркүйектегі Бас Ассамблеяның 44-сессиясында КСРО халықаралық құқықтың рөлін көтеру жөніндегі Меморандумында халықаралық құқықтық тәртіпті нығайтуда әрекет етуші құрал болатын әмбебап халықаралық акт қабылдауды ұсынды.
Бұл шартты құжатта – дауларды бейбіт жолмен шешудің Бас актісі ––БҰҰ Жарғысында бектілген мемлекеттер арасындағы даулардың барлық түрлерін тек бейбіт жолмен шешу қағидасы ары қарай дамып және нақтылануы мүмкін еді.
1970ж. халықаралық құқық қағидалары жөніндегі Декларация халықаралық даулар мемлекеттер егемендігінің теңдігі негізінде және дауды бейбіт жолмен шешу әдісін еркін таңдау қағидасына сай шешілетінін көрсетеді.
Халықаралық құқықта дауды саяси немемсе құқықтық деп бөлу мәселесі өте күрделі. Бұл мәселе халықаралық экономикалық дау түсінігіне анықтама беруде өте маызды рөл атқарады. Соңғы кездерге дейін халықаралық құқық теориясында халықаралық экономикалық дау термині құқықтық дау ретінде қарастырылған.
Ғалымдар дауды осындай түрлерге бөлу кезінде қарама қарсы көзқараста болды. Олардың кейбіреулері даудың негізгі және салыстырмалы маңыздылығы төмендеу құқықты бөліп көрсетуді қажет деп есептейді және осыған сәйкес олрды шешуге әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдану керек. Басқа зерттеушілер субъективті құқықты танудан бас тарта отырып, құқықтағы мүдделерді ескеруді ұсынады.
Үшіншілері құқықтың анық нормалары бар болған кезде дау заңды немесе құқықтық болып есептеледі. Және керісінше, әрекет етуші құқық нормалары нысанында халықаралық құқық дамымаған кезде саяси дау деп саналады.
Г.Кельзиннің ұстанымы өте қызықты. «Кез-келген қақтығыс – деп ойлайды ол – экономикалық немесе саяси сипатта болса да дауды құқықтық деп санауға кедергі клтірмейді. Қақтығыстағы мүдделердің сипатына қарай экономикалық немесе саяси болып бөлінеді. Қақтығыс осы мүдделерді бақылайтын құқықтық тәртіпті қатысты құқықтық болып табылады». Осындай көзқарасқа сай, ол құқықтық дауларды екі жақ та өз талаптарын және талаптарынан бас тартуын өзге қағидаларға сүйеніп емес, позитивтік халықаралық құқыққа негіздеген кезде туындайды деп санайды. Бұдан даудың экономикалық та, саяси сипаты да оның құқықтық нысанын жоққа шығармайды деген түйінге келсе болады.
Дауларды саяси немесе құқықтық деп бөлуде ең объективті критерий, оның объектісі мен пәні болып табылады. Тараптардың мүддесі секілді критерийге сүйене отырып, дауды бөлу көптеген қиыншылықтарды тудырады, себебі даудың кез келген түрінде оның болуы міндетті. Халықаралық дауда тараптар үшін мүдделердің артықшылық деңгейін, құқықтық және құқықтық емес мүдделердің пайыздық не сандық қатынасын анықтау қиын. Егер осындай критерийді пайдаланатын болсақ, дауларды тек саяси не құқықтық деп қана емес, әлеуметтік, экология, медицина, денсаулық сақтау аясындағы даулар деп бөлуге болады. Сондықтан, мүдде секілді критерий қосымша және шартты сипатта ғана болады.
Р.А.Каламкарян даулардың саяси немесе құқытық болып бөлінуі негізделетін non-liquet теориясын сынға ала отырып, мұндай бөлу халықаралық құқық тұрғысынан басында қабылданған, туындаған дауларды толығымен реттеуді қамтамасыз ететін арбитраждық міндеттеменің маңыздылығы жоққа шығарады, өйткені тараптар дауды өз бұрмалауымен саяси не құқықтық сипатқа жатқызып жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін дейді.
Заңгерлердің көбісі non-liquet теориясына тыйым салатын халықаралық құқық нормаларын жақтайды, себебі бұл тыйым кез келген халықаралық дауларды заң және әділеттілік негізінде шешуге мүмкіндік береді. Халықаралық арбитраждың қолданылатын құқық нормаларының жоқ болуы немесе анық болмағандықтан шешім шығарудан бас тартқан кезі болмаған тәжірибесі бұған дәлел болады. Халықаралық арбираж бен соттар тәжірибесі мемлекеттер өздері шарт жасасқан кезде даудың сипаты мен оны сот тәртібімен шешу мүмкіндігі қарастыратындығын көрсетеді.
Сонымен, дауларды құқықтық немесе саяси деп бөлуден бас тарта отырып, халықаралық заңгерлер кез келген «саяси» дауды халықаралық құқық негізінде реттеу мүмкіндігі туралы концепция ұсынады, яғни кез келген дау шығу сипатына қарамастан, заңды сипатта болады және арбитраж немесе сот тәртібімен реттелуі мүмкін.
Халықаралық экономикалық дауларды шешу ерекшелігі халықаралық экономикалық қатынастардың біртекті болмауына байланысты. Экономикалық даулар басқа халықаралық даулар секілді халықаралық құқық негізінде қарастырылады. Алайда, халықаралық экономикалық ынтымақтастық көбінесе мемлекеттердің жеке тұлғалары қарым-қатынасында жүзеге асырылғандықтан, олардың арасындағы дауларды шешу халықаралық экономикалық жүйенің тұрақтылығына айтарлықтай әсері бар.
Халықаралық сауда айналымында Халықаралық Коммерциялық арбитраж атауына иеленген арбитраждық тергеу, халықаралық сауда аясында туындаған дауларды шешудің негізгі тәсілі болмастан бұрын болған.
Арбитраждық тергеу мемлекеттік сот әділдігінен бұрын пайда болды және оның бастауы Рим кездерінде туған.
Өркениет туындағаннан бастап адамдар, саудагер мамандығы әлемде ең ежелгі болып табылмаса да, халықаралық саудамен айналысқан. Ассириялықтар ежелгі египтіктерді сатқан; қытайлықтар -Үндістан, Грек және Рим халықтарын сатқан және сол кездерде олар сауда дауларын шешумен жиі айналысқан.
Бастапқыда арбитраждық соттардың шешімдері мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар көмегімен орындалмаған. Тараптар тек қана арбитраждық келісімде арнайы өндіру шараларын немесе шешімді орындауды қамтамасыз ететін басқа тәсілді алдын-ала ескерген. Мемлекеттік соттар шығаратын шешімдер иеленген заңдық күшті, алғашқы болып Юстиниан арбитраждық соттардың шешімдеріне де заңды күш енгізген. Сот шешімінің заңды күшіне енуі халықаралық саудада аз дегенде бір шетел тұлғасы қатысқандықтан, тараптардың біреуі көбінесе басқа тараптың соттарына сенімсіздік білдірген. Одан басқа, ішкі дауларды шешуге байланысты, судьялар мен соттарға көп міндет жүктелген. Осы әрекеттің барлығы тәжірибеге әкелді, яғни дауға қатысушы тараптар, олардың арасындағы дауды шешетін арбитр ретінде әрекет ететін, сыйлы тұлғаларды тағайындаған. Өкінішке орай, бұл тағайындалған тұлға өзін әрқашанда адал ұстамаған. Грек мифологиясы бізге Трояндық ханзада - Паристің мысалын келтіреді. Жебеуші әйелдердің қайсысы: Гера, Афина немесе Афродита ең әдемі деп сұрағанда, ол айғақтарды әділдікпен бағалай алмай, оның орнына сұлу ханша Еленаны ұрлауға көмектесетініне уәде беру нысанында Афродитадан пара алған. Нәтижесі Трояндық соғысқа әкелді.
Сонымен қатар арбитраждық шешімдерді орындау кезінде қиыншылықтар болды. Бірақ өзінің әйгілігін сақтау және қазірде халықаралық коммерциялық дауларды шешудің тиімді және кең қолданбалы болуына айналдыру мақсатында, көптеген ғасырлар бойы нақты қызмет атқарды.
Феодал өзінің қол астындағылардың үстінен шектеусіз билік және сот билігін жүргізгенін ескеріп, феодализм кезеңі халықаралық коммерциялық арбитраждың дамуына ықпал етпеді деп айтуға болады.
Арбитражға деген қызығушылық сауданың дамуымен қатар өсті. Арбитражды, сауда сияқты ежелгі деп айтуға болады. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қазіргі заманғы дәуірі XVIII ғ аяғы -XIX ғ басына тән, яғни ол кезде сауда саласындағы даулар және теңіз арқылы тауарларды тасымалдауға байланысты даулар арбитраж жолымен шешілген. Бұл кезеңге сонымен қатар биржалар, саудалық сипаттағы мекемелер немесе сауда-өнеркәсіптік палаталар құрған, алғашқы тұрақты әрекет ететін арбитраждық институттар жатады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, халықаралық коммерциялық арбитраждың дамуында күйреу кезеңі орын алған кезде Париждегі Халықаралық Сауда палатасы құрылды. Бірақ оны құрудың жұмысы соғысқа дейін басталса да, 1905 жылы құрылған сауда палаталарының Конгрессінің шешімі негізінде, Париждегі Халықаралық Сауда палатасы бүкіләлемдік үкіметтік емес сауда ұйымы ретінде 1914 жылы 10 маусымда құрылды. Оның отырысында Халықаралық Сауда палатасының Жарғысы бекітілді және қызметтің бағдарламасы қабылданды.
Бұдан басқа, 1912 жылы Бостонда өткен Конгресстің отырысында, халықаралық аяда туындаған дауларды шешуді реттейтін халықаралық құқықтық нормаларды туындату қажет деп танумен байланысты Резолюция қабылданды.
Өзінің қызмет етуінің басынан бастап, Палата тарабынан саудагерлердің арасындағы дауларды «жылдам, қымбат емес және түпкілікті» шешу үшін, жағдай жасауының маңызы зор болды. Бұл көріністе қазіргі заманғы халықаралық коммерциялық арбитраждың мәні көрініс тапты.
«Халықаралық коммерциялық арбитраж» термині бірнеше мағынада қолданады. Біріншіден, бұл термин сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын дауларды шешудің механизмін білдіреді. Екіншіден, «халықаралық коммерциялық арбитраж» термині осындай дауларды шешу үшін туындаған орган болып табылады. Үшіншіден, «халықаралық коммерциялық арбитраж» терминінің мағынасы ол арбитраждың құрамы: бірнеше арбитрлер немесе жеке арбитр.
Халықаралық коммерциялық арбитраж екі немесе бірнеше тараптар арасында жасалған келісімге сәйкес сотта дауларды қарау жабық жүргізілетін, дауларды шешу үшін механизм ретінде көрініс табады және бұл бойынша тараптардың келісуі бойынша, арбитр (арбитрлер) шығарған шешім, әділетті қаралғаннан кейін тараптар үшін міндетті болады.
Бір немесе бірнеше арбитрлерден тұратын арбитраждық сотқа дауды шешуге беру орын алған дау бойынша тараптардың келісімімен жүзеге асады. Арбитраждык, сот тараптармен тікелей сайланады немесе олардың атынан тараптар арбитраж жүргізу процедураларын белгілейді. Арбитраждық сот шығарған шешім түпкілікті және тараптар үшін заңды, міндетті болып табылады, бірақ бұл шешім тараптар ұсынған дәлелдемелер мен дәлелдерге сәйкес қабылдану керек. Нағыз арбитраждық шешім соттармен танылуы және орындалуы мүмкін.
Әрбір арбитраждық істе барлық элементтер бірдей болса да, арбитраж бәрібір біртектес механизм болып табылмайды. Әрбір арбитраждық тергеудің табиғаты, мәселенің мәніне, даудың мөлшері және сипатына, даудағы тараптардың пайда болуы және жағдайларына тәуелді.
Әртүрлі мемлекеттердің фирмалары және ұйымдары арасында туындайтын сауда және басқа экономикалық қатынастар саласындағы дауларды қарастыратын арбитраждық соттарды, халықаралық құқықтың субъектілері ретінде мемлекеттердің арасындағы дауларды қарастыратын арбитраждық соттардан айыру қажет. Сонымен қатар шетел элементі бар құқықтық қатынастар бойынша, дауларды қарастыратын арбитраждық соттарды, мемлекеттің шаруашылық субъектілердің арасындағы дауларды шешетін арбитраждық соттардың жүйесінен айыру қажет.
Шетел ұйымдары мен фирмаларына байланысты дауларды қарастыруға арналған, арбитраждық соттарға қатысты халықаралық коммерциялық арбитраж түсінігі қолданылады.
«Халықаралық» термині таза ұлттық болып табылатын және ұлттық шеңберден шығатын арбитраждар арасындағы айырмашылықты білдіреді. Әртүрлі елдердің құқықтық жүйелері «халықаралық» деген түсінікті түрлі түсіндіреді. Кейбір елдерде даудың сипаты бойынша айырмашылық келтіріледі: дау халықаралық сауданың мүдделерін қозғаса, ол халықаралық болып есептелінеді. Басқа құқықтық жүйелер даудың тараптарына көңіл бөледі: оның ұлтына, тұрақты тұратын жеріне және т.б.
Арбитраждың «халықаралық» сипатының негізгі заңды маңызы былай көрініс табады, яғни белгілі елдер : Франция, Италия және Швейцария ішкі арбитражға қолданылатын құқықтық режиммен салыстырғанда, халықаралық арбитраждарға ерекше құқықтық режимдер қолданады. Өйткені ішкі арбитраждарға домицилилер және бір мемлекеттің азаматтары қатысады, сол себептен мүмкін мемлекет осындай түрдегі арбитраждарға бақылау жүргізеді.
1985 жылғы халықаралық сауда арбитраж туралы ЮНСИТРАЛ Типтік заңына сәйкес, арбитраж халықаралық болып табылады, егер: а) арбитраждық келісімнің тараптарының коммерциялық кәсіпорындары шартты жасағанда әртүрлі мемлекеттерде орналасса; немесе b) келесі орындардың біреуі мемлекеттен тыс жерде орналасса, яғни ол жерде тараптар өзінің коммерциялық кәсіпорындарына ие: арбитраждың орны, егер ол арбитраждық келісімде анықталса немесе оған сәйкес; сауда қатынастарынан туындаған міндеттердің едәуір бөлігі сол жерде орындалуы тиіс қандай да бір орын, немесе дау пәнімен тығыз байланысты орын; немесе с) арбитраждық келісімнің пәнімен бір елмен ғана байланысты екеніне тараптар тікелей түрде келіссе.
Арбитраждың «халықаралық» сипатының іс жүзіндегі маңызы - дауды шешуге аз дегенде бір шетел құқықтық жүйесі және бір шетел мемлекеті қатысады.
«Коммерциялық» термині коммерциялық және коммерциялық емес келісім-шарттарының арасында айырмашылықты келтіретін елдерде қолданылады. Көптеген елдерде арбитраждық сотқа коммерциялық келісім-шарттардан туындайтын даулар ғана жіберіледі.
Даудың «коммерциялық» сипаты орасан зор маңызға иеленеді, егер арбитраждық шешімді тану және орындау немесе арбитраждық шешімді орындауға талпынса, онда шетел арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы 1958 жылғы Нью- Йорк Конвенциясының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Көптеген елдер Конвенцияда көзделген ескертулерді қолданады, және олар өздерінің ішкі құқық жүйесімен коммерциялық ретінде қарастыратын дауларға ғана Конвенцияның ережелерін қолдану қажет.
Айтып кететін жәйт, арбитраж тәртібінде дауларды қарастыру белгілі ерекшеліктерге ие және сот тәртібімен салыстырғанда құндылықтарды қамтиды. Дауға қатысушы тараптар өзара келісім бойынша қандай болсын арбитражды таңдай алады, арбитрлерді тағайындау, істі қараудың орны және тілі туралы келісе алады, процедуралық кезеңдерді ескерте алады. Арбитраждың құндылықтарының бірі болып істі (жалғыз инстанция және күрделі емес процедура орын алғанда) қарастырудың мерзімінің ұзақ емес болуы, Арбитраждық соттарда дауларды шешу бойынша шығындар едәуір азырақ (негізінен едәуір қысқа процессуалдық циклдің арқасында және процессуалдық өкілдіктің төмен бағасы), процессті жүргізуге кеткен және соның ішінде адвокаттарға кеткен шығындар, әдетте батыс елдерінде жоғары. Арбитраждың үлкен құндылығы болып, арбитрлердің құзыреті табылады, өйткені олар мамандардың санынан сайланады. Фирмалар мен ұйымдардың көзқарасы жағынан, елеулі құндылық болып, арбитраждық соттың әдетте жабық түрде мәжіліс өткізуі. Істі қарау процессінде қабылданатын шешімдер, талап арыз талаптарының шеңберінен шықпауы тиіс. Арбитраждық шешімдер түпкілікті болып табылады, шағымдануға жатпайды және тараптар үшін міндетті және кеткен шығындар халықаралық конвенциялар жүйесі, әлемнің жүзден астам елдерінде олардың мәжбүрлі орындалуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық коммерциялық дауларды, мынандай жағдайда арбитраждық қарау орын алады, егер:
- дауды қандай соттар қарайтынын тараптар келісе алмаса; соттар ұсынылған арыздар мен құжаттарды сот ісін жүргізу тіліне аударуды талап ете алады; және бұл тіл тараптардың біреуіне шетел тілі болып немесе негізгі келісім-шарт жасалған немесе тараптар арасында хат жазысу тілі болып табылмаса. Тіпті егер арбитражға қатысушы тараптар әртүрлі тілді мемлекеттерден болса, онда олар ресми қатынастар орын алған және екі тарап үшін түсінікті тілде арбитраждық тергеу жүргізілуі тиіс жөнінде келісе алады.
- жауапты тарап активтің көп бөлігіне иеленбеген елде, дау шешіле алады.
Шешімдер шығарылмаған елдерде арбитраждық шешімдер танылады және
орындалады. Сот шешімдерін тану және орындау бойынша келісімдер жүйесінен қарағанда, 1958 жылғы Нью-Йорк Конвенциясы белгілеген, шетел арбитраждық шешімдердің тану және орындалу жүйесі, орасан зор географиялық қолданыста;
- тараптар олардың арасында туындаған дауды, жария еткісі келмесе.
Сонымен қатар айтып кететін жәйт, арбитраждық тергеуге қатысуға ниет білдірген тараптардың біреуінің құқық қабілеттігі анықталатын заңға сәйкес, құқық қабілеттігі жоқ болса, онда арбитраж мүмкін емес. Мысалы, Сауд Арабия мемлекеті арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Мемлекеттік агенстволар келісімде тарап ретінде көрініс тапса да, АҚШ Федералдық үкіметі арбитраждық келісімде тарап бола алмайды. Арбитраждық келісімде бірнеше мемлекеттер (мысалы, Иран) тарап бола алады, егер сәйкес мемлекеттік органның ерекше рұқсаты берілсе. Арбитраж өзінің табиғаты бойынша өте икемді. Тәжірибелі қатысушылардың қолында, ол даудағы жылдам және түпкілікті шешімді шығарудың құралы болатындай, қалыптасуы қажет.
Халықаралық коммерциялық арбитраждың өспелі танымалдығы және оның рөлін ресми мемлекеттік мекемелермен тану халықаралық коммерциялық арбитраждың халықаралық - құқықтық регламентациясының кеңеюіне әкелгенмен бірге, оған жеке елдердің ұлттық заңдары бейімделді. Бұл ерекше маңызға ие, өйткені қорыта келгенде тура құқықтың ұлттық жүйелері арбитраж қызметінің маңызын және тиімділігін анықтайды. Көптеген мемлекеттер халықаралық коммерциялық арбитраждың ерекшелігін ескеретін, қазіргі заманғы арбитраждық заңдарды қабылдады. Негізінен, мұндай елдердің территорияларында тараптардың еріктерінің максималды автономиясының қағидалары бойынша халықаралық арбитраждық тергеуді жүзеге асыру мүмкін болады, сонымен қатар мемлекеттік соттардың арбитраждық процесске араласу мүмкіндігі шектелген, оның тиісті жүргізуіне үлес қосу жағдайларын қоспағанда.
Қазіргі уақытта "арбитражды делокализациялау", оны "интернационализациялау" деп аталатын бүтін теория туындады немесе басқаша айтқанда, оны жүргізу орнының территориясында мемлекеттік бақылау және құқықтың ұлттық нормаларынан бөлінген құбылыс ретінде арбитраж туралы көріністер. Ұлттық соттар тарабынан қандай болсын араласушылықтан түгелдей бөлінген шетелдік субъектілердің қатысуымен, арбитраждық тергеуді өзінің территориясында жүзеге асыруға мемлекеттің рұқсатын білдіреді.
Бұл себеп бойынша айта кету керек, бұл теориядан басқа арбитраждық тергеуді жүргізу елінің құқығымен оның байланысын анықтау немесе халықаралық коммерциялық арбитражға үш тәсіл тән. Бірінші тәсілде халықаралық тәсілдің болжауынша, халықаралық коммерциялық арбитраж арбитраждық тергеуді жүргізу елінің заңдарымен мүлдем байланысты емес, арбитраждық тергеудің тараптарымен қарастырылған, тек қана процедураның негізінде жүзеге асырылады. Екінші тәсілдің болжауынша, арбитраждық тергеуді жүргізу орнындағы заңдар халықаралық және ішкі арбитраж арасында айырмашылық келтіреді. Халықаралық арбитраж, әдетте арбитраждық тергеуді жүргізу орнымен байланысы аз, сол себептен заң қабылдаушы сот араласушылығы үшін аз негіздерді және халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін заңдарда императивтік нормаларды шамалы қарастырады. Үшінші тәсілде халықаралық және ішкі арбитраждың қызметін реттейтін ортақ заң ғана орын алады, бірақ ол дауларды шешудің екі механизмдерінің заңдарын модернизациясын жүргізуге кедергі келтірмейді.
Барлық бұл теоретикалық тәсілдер қазіргі өмірде орын алады. Бірақ сөйтсе де халықаралық коммерциялық арбитраж, оның тиімділігі және оның ең басты орын алуы құқықтың әр түрлі жүйелерін қолдауға және негізінен арбитраждық тергеуді жүргізу орнының құқығына тәуелді. Халықаралық коммерциялық арбитражды таныған мемлекеттер, арбитраждық процесске қолдау көрсетуі тиіс.
Соңғы жылдары халықаралық коммерциялық арбитражда сол немесе басқа дауларды қарау мүмкіндігінің мәселелеріне, одан сайын көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар соның себептерінің бірі - халықаралық саудада дауларды шешудің әдісі ретінде халықаралық коммерциялық арбитраждың танымалдығының өсуі. Халықаралық коммерциялық арбитраждағы әр түрлі сипаттағы дауларды қарастыру мүмкіндігі туралы концепция халықаралық коммерциялық арбитражға қатысты жария тәртіпті шектеуді қамтиды. Бұл концепция бойынша әрбір мемлекет өзі арбитражда қаралатын мәселелерді анықтайды.
Бірақ әлі халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін реттейтін халықаралық конвенциялардың қатысушылары болмайтын немесе халықаралық айналымның тұтынушылығына қалыптаспаған заңдарға ие мемлекеттердің едәуір мөлшері орын алады. Бірақ бұған қарамастан, арбитраж қолданады және халықаралық коммерциялық дауларды шешудің тиімді құралы ретінде одан сайын таралуда және танылуда.
Халықаралық тәжірибе көрсететіндей, соңғы жылдары арбитраждық тергеудің төртібінде қарастырылатын тараптардың біреуі шетел мемлекеті болып табылатын даулардың саны өсті. Сөйтіп, Париждегі Халықаралық сауда палатасының арбитраждық ережелеріне сәйкес қарастырылатын барлық істердің 30%, мемлекет қатысатын даулар.
Егер мемлекет қандай болсын контракт (коммерциялық мәміле) бойынша, мүмкін дауларға қатысты шетелдік заңды немесе жеке тұлғамен арбитраждық келісім жасаса, онда ол мынаны білдіреді, яғни ол арбитражбен бірге, басқа мемлекеттің сотында да дауды қараған кезде иммунитетке сілтеме жасай алмайды, егер бұл сот өзінің құзыретіне сәйкес арбитраждық келісімнің әрекет етуі туралы дауды қарайтын болса. Бірақ арбитраждық келісімнің орын алуы сот көмегімен жүзеге асырылатын, арбитраждың шешімін мәжбүрлеп орындауға қатысты немесе алдын ала қамтамасыз етудің иммунитетінен мемлекет бас тартқан болып есептелмейді. Сондықтан тәжірибе мемлекет немесе мемлекеттік мекемелер қатысатын контрактілерге бұл мәселелер бойынша (иммунитеттерден бас тарту) арнайы шарттарды енгізу жолына түсті.
Дауларды шешудің жарамды тәсілдерінің бірі ретінде арбитражға жағымды қатынас, 1975 жылғы Еуропада қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Жиынның Қорытынды актісінде көрсетіледі. Жиынға қатысушы -мемлекеттер "өзінің елдерінің ұйымдарына, мекемелеріне және фирмаларына сәйкес жағдайларда өндірістік ынтымақтастық немесе арнайы келісімдер туралы коммерциялық мәмілелер және контрактілерде арбитраждық ескертпені қарастыруға" кеңес берді. Сонымен қатар, "арбитраж туралы ережелер өзара қол жетімді регламент негізінде арбитражды жүргізуді және бұл салада әрекет ететін үкімет аралық және басқа келісімдерді ескеріп, үшінші елде арбитражды жүргізуді қарастырсын деп", олар ұсынды.
Айта кеткен жөн, дауларды арбитраждық қарастыру кезінде тараптарға таңдаудың кең еркіндігі беріледі, ол арбитраждық тергеудің негізгі құндылығы болып табылады және сырқы саудалық қызметтің қатысушылары үшін оны тартымды жасайды.
Арбитраждық тергеудің тараптарына өзінің қалауы бойынша құқық қабілеттілікті жүзеге асырған, еш нәрсемен шектелмеген мүмкіндік, құқықтар мен міндеттерге иелену, оларға билік ету, құқықтық қатынастың пайда болуын, өзгеруін және тоқтату кезін, қорғау тәсілін анықтау және т.б. беріледі. Шартты негізде арбитраждық келісімнің тараптары, олардың дауын қарастыратын арбитраждық органды таңдайды (ол институциялық арбитражбен бірге, арбитраж аd һос та болуы мүмкін). Тұрақты әрекет ететін арбитраждық органды таңдаған кезде, оған тараптармен берілген дауды шешетін нақты арбитраждық институтты тараптар анықтайды. Тараптар аd һос арбитражын таңдаған кезде, тараптар арбитражда істі қараудың процедурасын дербес анықтайды, я бомаса арбитраж аd һос үшін арбитраждық регламенттердің біреуін қолдану туралы келісе алады. Сонымен қатар, тараптарға өзінің қалауы бойынша арбитрлерді тағайындау және арбитраждық соттың құрамын қалыптастыру мүмкіндігі беріледі (арбитрлер арбитраждық мекемелер ұсынатын, арбитрлер тізімінен таңдала алады және тараптармен олардың қалауынша таңдалады). Істі қарастырған кезде, арбитраждық сот тараптардың талаптарының шегінен шықпауы тиіс. Одан басқа, арбитраждық келісімнің тараптары арбитраждық тергеуді жүргізудің орны, істі қарау тілді анықтау, сонымен бірге олардың келісім-шартына қолданылатын құқықты көздеу туралы келісе алады.
Халықаралық коммерциялық арбитраждың кең таралу және дамуын ескеріп, халықаралық коммерциялық арбитраждың саласында екі маңызды конвенцияларға қосылғанына қарамастан (1958 жылғы шетелдік арбитраждық шешімдерді тану және орындау туралы Нью-Йорк Конвенциясы және 1961 жылғы сыртқы саудалық арбитраж туралы Еуропа Конвенциясы), Қазақстан Республикасына халықаралық коммерциялық арбитраж туралы Заңды қабылдаған жөн, тіпті бұл заңның негізіне халықаралық сауда арбитражы туралы ұсынылған ЮНСИТРАЛ Типтік заңы мен мұндай заңды қабылдаған мемлекеттердің тәжірибесі мен сынағын енгізіле алады.
Арбитраждың құқықтық реттелуіне қатысты халықаралық Конвенциялар мен халықаралық тәжірибедегі нормативтік құжаттарды, әлемдік арбитраж мекемелерінің регламенттерін, жеке құқық саласындағы қазақстандық және шетелдік авторлардың еңбектерін қарастырып халықаралық арбитраж қызметінің құқықтық жағдайын тереңінен зерттеп, бітіру жұмысты жазатын кезде алдыма қойған мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды.
Халықаралық коммерциялық арбитраж шетелдік элементі бар даулардың тез және икемді шешудің жолдарының бірі деп айтуға болады. Әсіресе бұл институт халықаралық деңгейде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметінде туындайтын мәселелерді шешуге өте қолайлы. Себебі бітіру жұмысымды зерттеу барысында анықтағанымыз, егер де тараптар туындаған коммерциялық дауды мемлекеттік сотта шешуді қарастыратын болса өте ұзақ уақытқа созылады. Ал арбитраждық соттағы сотшығармашылық процедура мерзімін тараптардың өздері белгілеулеріне мүмкіншіліктері бар.
Дүние жүзі мемлекеттерінің халықаралық коммерциялық арбитраж туралы заңды қабылдауы, сол елдің көптеген халықаралық мәселелерін шешуге, әлемдік аренаға қадам басуға және экономикалық жағдайын көтеруге зор және халықаралық ынтымақтастықты сақтауға үлесін қосады. Ресми түрде сипаттама беретін болсам, келесі түрде анықтауға болады:

  • әлемдік экономикаға интеграцияны жоғары деңгейде бекітіп алу және нарықтың қатысушылары арасында туындайтын дауларды өздері алдын-ала келісілген шарттағы қағидаларын сақтай отырып, сол заманға сай даулы мәселені шешетін механизмімен қамтамассыз ету;

  • отандық және шетелдік тарап арасында еркіндік пен өзара сенімнің болуына қол жеткізу;

  • мемлекеттік сотшығармашылығына қосымша көмек ретінде аралық сотшығармашылық процедурасын дамыту;

  • аралық сотшығармашылық процедурасын өткізу жері болып танылу, өйткені мемлекеттке үлкен қаржылық табыс береді;

  • Конституцияға сәйкес құқықтық мемлекеттің қызметін дамыту.

Халықаралық Коммерциалық Арбитраж халықаралық құқықты реттеудің ең негізгі бағыты болып белгілі бір мемлекетте арбитрдің шығарған шешімін басқа бір мемлекетте тану мен орындалуын қамтамассыз ететін құқықтық жағдай жасау болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда шетелдік арбитраждық мекемелердің шешімін тану.
Қазақстанда шетел арбитраждарының шешімдерін тану мен орындалуының құқықтық негіздері 13 шілде 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 425 бабында қарастырылған. Азаматтық іс жүргізу Кодексінде былай делінген:

  1. Егер Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде бұл көзделген болса шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдері Қазақстан Республикасында танылады және орындалады.

  2. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібі Қазақстандық заңдарға сәйкес анықталыды.

Біріншіден, азаматтардың құқықтарын қорғау салаларында Конституцияны кеңейту ең алдымен жеке құқық саласында туындайтын мәселелерді шешу үшін бағытталды. Екіншіден, мемлекеттік соттарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жүгінуге болады.
1995 жылы Қазақстан Республикасы 1958 жылғы шетел арбитраждарының шешімдерін тану және орындау туралы өте маңызды Нью-Йорк Конвенциясын ратификациядан өткізген еді. Бұл құжаттың маңыздылығы соншалықты, әлемдегі елдердің 90-нан астамы ратификациялаған. Бұл Конвенция мемлекеттерді шетелдік арбитрдің шешімін өз мемлекетіндегі арбитрдің шешімімен бірдей дәрежеде тануын мәжбүрлейді. Яғни бұл құжат арбитрдің шешімінің басқа екінші мемлекеттерде орындалуын қамтамасыз ететін кепіл болып табылады.
Нью-Йорк Конвенциясы 12 баптан тұрады. Конвенцияның 3 бабында былай делінген: Әрбір келісуші мемлекет арбитраждық шешімді міндетті және прооцессуалдық – құқықтық нормаларға сәйкес орындалуы қажет. Арбитраждық шешімнің танылуы мен орындалуы үшін икемді жағдайлар жасалсын және басқа арбитрлық шешімдердің орындалуына жиналатын баждар мен алымдарға қарағанда төмен бағамен алынсын. Сондықтан Нью-Йорк Конвенциясы басқа халықаралық құжаттардың арасында өте үлкен маңызға ие.
1985 жылы ЮНСИТРАЛ-дың Халықаралық Коммерциалық Арбитраж туралы үлгі заңына сәйкес, тараптар арбитрлардың санын өз қарауынша анықтауға, арбитрды тағайындау процедурасына келісуге, даудың нысанын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды сұрауға, арбитраждық қарауды жүргізу процедурасы туралы келісуге, ауызша тыңдау өткізуді келісуге, бітімгершілік келісімін жасауға, талапкер талаптан бастартуға, шешімді түзету, қосымша шешім шығаруға құқылы.
Халықаралық коммерциялық даулардың тез және дұрыс шешілуі мақсатында арбитраждық келісім өте маңызды орын алады. Арбитраждық келісімнен 2 маңызды процессуалдық-құқықтық ерекшелікті анықтауға болады. Біріншіден, арбитраждық келісім тараптарға міндетті болып табылады және олар дауды арбитражға беруден бас тарта алмайды. Ал бұл жағдай мемлекеттік соттардың юрисдикцияларын белгілі бір дауларға қатысты шектейді.
Халықаралық коммерциялық арбитраж ол - шығарылған шешімі міндетті күшке ие болатын, тараптардың өздері тағайындаған бейтарап арбитрлардың немесе арбитрлардың әртүрлі мемлекеттерден шыққан, не арбитрлардың шетелдік элементі бар тараптардың арасындағы дауды шешудің тәсілі.
Халықаралық коммерциялық арбитраж үш мағынада қолданылады:

  • Коммерциялық дауларды шешудің механизмі;

  • Бұл дауларды шешу үшін құрылған орган немесе мекеме.

  • Белгілі бір дауды шешуге арнайы құрылған арбитрлар құрамы немесе жеке арбитрлар.

Халықаралық арбитраж әсіресе экономикалық ынтымақтастықтың дамуында және тұрақтануында маңызы үлкен. Халықаралық коммерциялық келісімдерден туындайтын дауларды шешу сауда және экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюіне, тұрақтануына ықпал тигізеді. Ал бұл үшін тиімді құрал болып халықаралық коммерциялық арбитраж табылады.
Тәуелсіз сот билігі – демократиялық қоғамның ажырамас бөлігі. Заң үстемдік ететін құқықтық мемлекетті орнықтыруға жәрдемдесу – сот төрелігі органдарының негізгі міндетін қысқаша осылай тұжырымдауға болады. Сот жүйесі түбірлі өзгерістер жүзеге асып жатқан жауапты кезеңді бастан кешіріп жатқан қазіргі кезде мұның өзі ерекше және өзекті мәселе болып табылады.
Бітіру жұмысымызды қорытындылай келе, бұл халықаралық жеке құқықтың бір бөлімі болып табылатын арбитраждық институттың әр ел үшін маңызы өте зор екенін және де азаматтардың жеке құқықтырын әлемдік деңгейде қорғаудың бірде-бір дұрыс тәсілі болып танылатынын анықтадық. Сондай-ақ халықаралық конвенциялар арбитраждың құқықтық реттелуін қамтамассыз ететін және шетелдік элементі бар дауларың эффективті шешілуіне ықпалын тигізетін жалғыз бір құжат екеніні анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет