2 Танаптық тәжірибелерге қойылатын талаптар
Танаптық тәжірибе басқада зерттеу әдістемесі сияқты зерттеу нәтижелерінен нақты және шын мәліметтер алуды қамтамасыз ету қажет, ол тәжірибеде салу және жүргізу әдістемесі талаптарын орындағанда, біртектілікті сақтағанда, дәлдік және бірлік айырмашылығында сақтағанда ғана іске асырылады.
Тәжірибенің дәлдігі (немесе танаптық тәжірибенің қателігі) – статистикалық көрсеткіш, тәжірибелік көрсеткіштердің сандық өзгергіштері, ол тәжірибе жадығаттарының әртектілігімен ерекшелінеді (тәжірибелік өсімдік, топырақ жағдайлары, техникалық қателіктер (эксперимент жасаушының қателігі).
Танаптық тәжірибенің дәлдігін арттыру тәжірибе жер учаскесін дұрыс таңдауға және дайындауға, мөлдектердің формасын және аумағын дұрыс таңдау, сонымен қатар тәжірибе варианттарының қайталымын, тәжірибе мөлдектерін және қайталымдарды дұрыс орналастыруға, өнімділік деңгейін анықтайтын нақты әдістемені таңдауға байланысты. Тәжірибенің дәлдігі басқа сөзбен айтқанда – алынған мәліметтердің зерттелетін нақты фактордың әрекетіне сәйкестігі.
Танаптық тәжірибенің қателігі жұмысты жүргізу техникасының және жүргізілетін жұмыстар жүйесінің қателігі, танаптық тәжірибе жер учаскесінің топыраққа құнарлығының әртектілігі, машиналардың және қондырғылардың ақауы, жұмыс жасайтын адамдардың нашар біліктілігі және т.б.. Осы қателіктердің барлығы тәжірибеде алынған мәліметтерге әсерін тигізеді.
Қателкітер қарапайым екіге бөлінеді біржақты (тұрақты) және екі жақты (кездейсоқ).
Тұрақты (біржақты) қателік машинаның, құралдың, қондырғылардың құрылысынан және нашар реттелуінен, олар алынған мәліметтердің жоғары немесе төмен қарай өзгеруіне әсер етеді , сондықтан тәжірибеде жақсы реттелген , сенімді, бұзылмаған машиналармен қондырғыларды пайдалану қажет. Көптеген жүйелі бір жақты қателіктерді азайтуға немесе жоюға мүмкіндік бар.
1. Өнімділік деңгейін үлгілік бау, үлгілік белгіленген аумақ, метр өлшегіш әдісімен есептеу тіклей есептеу әдісімен салыстырғанда үлкен қателіктерге алып келеді, әсіресе бұл әдістемені пайдалана алмайтын зерттеушілер жүргізссе.
2. Қондырғылардың қате жұмыс жасауы, машиналар, дұрыс орнатылмаған таразылар, себу мөлшері дұрыс қойылмаған сепкіштер және т.б., өсімдіктің өсу динамикасын, жапырақ бетінің ауданын анықтаған кезде объектіні субъективті түрде таңдау.
3. Біржақты қателіктерге дұрыс қарамау «қателігін»-де жатқызуға болады, ол зерттеушіде алдын ала жоспарланған оң және теріс мәлімтетерді алуға үміттенгенде (ол әсіресе жас зерттеушілерде кездеседі) бөледі. Ондай қателіктер алынған мәліметтердің орнынан жалған мәліметтер беруге алып келеді, оның өзін қылмыс деп санауға болады. Ондай зерттеушілерде арылуға және ғылыми жұмыстармен араласуға жібермеуге тура келеді.
Екіжақты (кездейсоқ) ол барлық зерттеулерде болады, әсіресе егістік тәжірибелерде, құнарлығы бойынша жер учаскесінің әртүрлілігі, ылғалдылығы, адам организмінің жетімсіздігі (түске реакциясы), аппаратураның жеткіліксіз деңгейдегі сезімталдығы және тағы басқалары. Екі жақты қателіктерді белгілі бір дәрежеде азайтуға болады, вариациялық статистика әдісін қолдану арқылы. Кездесетін барлық қателіктердің ішінде жер учаскесінің топырақ құнарлығының әр түрлі болуы, сондықтан бұл қателікке аса зор мән аудару керек, тәжірибенің жер учаскесін таңдаған және дайындаған кезде.
Тәжірибенің дәлдігіне әсер ететін басқа факторларды келесі дәрістерде қарастырамыз, ал қазір тәжірибенің бір тектігі және бір айырмашылық үрдісі деген түсініктерді қарастырамыз, ол зерттеудің сапасына әсер етеді.
Тәжірибенің типтілігі деп аймақтың, ауданның, аумақтың топырақ климат және өндірістік-агротехникалық жағдайында жүргізіледі, зерттелетін агротехникалық шаралар және сорттар сол аймақта қолданады. Климаттық, метеорологиялық жағдайлар Республиканың әр аймағында әр түрлі болады, сондықтан осы көрсеткіштер бойынша бір текті болады, егер зерттеу аймаққа тән жағдайда және аймаққа тән топырақ жағдайында жүргізілсе. Тәжірибеде типтік агротехника қолданылуы қажет, ол сол аймақтың ғылыми зерттеу мекемелерімен ұсынылған, осы топырақ климат жағдайына сай, өсіру технологиясы – алғы, прогрессивті болуы қажет.
Республиканың аймақтарында өздерінің жұмыс мезгілдерін өтеп біткен және моральды ескірген машиналар және қондырғылар қолдануда, сонымен қатар жаңадан әкелінген импортты машиналар және кешендерде қолданылады, сондықтанда дақылдарды өсірген кездеде қарапайым технологиядан бастап заманауи технологияларға дейін қолданылады, сондықтан тәжірибедегі технология типтік болады, егер агротехника ауылшаруашылығы өндірісінің алдыңғы қатарын ескере отырып ауылшаруашылығы ғылымымен ұсынылса.
Танаптық тәжірибелерді жүргізу кезінде топырақ өңдеу, алғы дақыл, себуге жіберілген сорттар, себу мерзімі себу мөлшері, тыңайтқыш қолдану, егістікті күтіп баптау және басқада технология элементтерінің агротехникасы аймаққа тән болуы тиіс, ол соңынан тәжірибенің өндірістік –шаруашылық типтілігіне әкеледі.
Тәжірибенің типтілігін қолданылатын топырақ өңдейтін, себетін, күтіп баптайтын, жинайтын машиналар және құралдар анықтайтынында естен шығармау керек. Себебі өндірістік жағдайда мөлдектердің аумағы 100-200 м2 артық болуы керек, ал аумағы оданда төмен тәжірибелерде себу, күтіп-баптау, жинау жұмыстарын қолымен «кіші механизацияны» ( кетпен, күрек т.б.) пайдалана отырып жүргізуге тура келеді, сондықтан бұл тәжірибелердің типтілігіне күмән келтіруге болады. Тәжірибенің типтілігін кейбір ұйымдастыру және техникалық жағдайларды, еңбек шығыны және тәжірибеде зерттелетін шараның экономикалық тиімділігін ескеруде сақтау мүмкін болмайды.
Жалғыз айырмашылықтың қағидасы немесе тепе-теңдік қағидасы, ол тәжірибені бірдей агротехникалық аяда жүргізуді қарастырады. Бұл қағиданың мәні танаптық тәжірибені жүргізу кезеңінде зерттелетін факторлар ғана әртүрлі болуы мүмкін ал зерттелмейтін жалпы шаруашылық агротехникалық аялар барлық танаптық тәжірибеде бірдей болуы керек. Мысалға технологияның кейбір элементтерін зерттеген кезде: себу мерзімі, себу мөлшері, сорттары, тыңайтқыш, топырақты өңдеу әдісі, егістікті күтіп баптау – осы элементтердің әр қайсысы зерттелетін фактор, ал зерттелмейтін өндірістік-агротехникалық ая барлық тәжірибе жер учаскесінде бірдей болуы қажет.
Алайда зерттелмейтін факторларды барлық варианттарда деңгейлестіру әр кезде дәлелденбейді, сол себептен зерттелетін және зерттелмейтін жағдайлармен, шараларды дұрыс бөлу қажет. Мысалға, себу мерзімін зерттеген кезде қатар аралықтарын қолымен өңдеген кезде алынған мәліметтер қате болады, қатар аралықтарындағы арамшөптер себілген дақылдың себу мерзімімен бірге зерттелетін факторға кіру қажет, алайда зерттеуші танапты арамшөптерден таза ұстау үшін қолымен қатар аралықтарын өңдеуге кіріседі, ол «тәжірибенің тазалығын» бұзады.
Басқа сөзбен айтқанда тәжірибені салғанда және жүргізгенде типтілік және дәлділік, қолдануға ұсынылған шаралар қаншалықты өндірісте қолдануға болатынына байланысты, әсіресе танаптарды қолымен өңдеу немесе әртүрлі мерзімде пісетін сортарды бір мезгілде жинау және т.б., жалғыз айырмашылық қағидасын ұстана отырып оларды сандыраққа дейін апаруға болмайды, қате алынған мәліметтерді өндіріске ұсыну арқылы
Сорттарды сынау кезіндегі жинау жұмыстары зерттелетін кешенге кіреді, ол қосымша зерттеуге кірмейді, себебі жинау мерзімі әрбір сорттың вегетациялық кезеңіне байланысты.
Бақылау сұрақтары
Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?
Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?
Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?
Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?
Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?
Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?
Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?
Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?
Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?
Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.
Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?
Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?
«Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?
«Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: |