2.Танаптық тәжірибе бағдарламасын және сызба нұсқасын жасаудың негізгі ұстанымдары
Тәжірибе сызбасы – ол тәжірибеге кіретін және бір-бірімен салыстыруға болатын барлық варианттар жиынтығы, бұл дегеніміз бір шаралар зерттелу үшін, ал енді бір шаралар олармен салыстыру үшін- бақылау немесе стандарт варианты.
Жалғыз айырмашылықтың қағидасы - дұрыс жасалынған тәжірибе сызбанұсқасы әрбір вариантты басқалармен салыстыруға мүмкіндік жасауы тиіс. Әдістемелік дұрыс қойылған тәжірибенің басты көрінісі тәжірибе сызбасындағы бақылау вариантын таңдау, сонымен қатар тәжірибе салатын жердің ( алғы дақыл, топырақ өңдеу, тыңайтқыш) фоны (аясы). Танаптық тәжірибені ешбір қателіксіз жүргізу барлық әдістемелік талаптарға сай жасалынған тәжірибе сызбасын жасауға байланысты, сондықтан жауапты міндеті болып саналады, ал зерттеу қорытындылары қойылған міндетті шешуге бағытталуы тиіс.
Алдынғы дәрістерде тәжірибенің біртектілігіне көңіл аударылған болатын, алайда алынған ұсыныстардың бірнеше жыл қолданылатынын ескере отырып, сол тәжірибе салынған жылғы біртектілікті ғана емес, сонымен қатар жақын жылдары болатын жағдайлардыда ескеру қажет, болашаққа жұмыс жасау қажет (а.ш.техникалары, тыңайтқыш, агротехникалық ая). Қысқа мерзімді тәжірибелерде өндірістің күнделікті мәселелері шешіледі, ол жағдайда қазіргі заманғы өндіріске сай келетін агротехникалық аялар және т.б сұрақтарға бағдар жасауға болады.
Кешенді (көп факторлы) тәжірибелердің сызбасы тәжірибеде зерттелетін әрбір фактордың әсерін зерттеуге мүмкіндік беретіндей салынды қажет . А.В. Соколованың (1984) айтуы бойынша «Нақты тәжірибе сызбасы әртүрлі талаптар және мүмкіндіктердің талдауы. Мүмкіндіктердің барлығы талаптарды қанағаттандырмауы мүмкін, соның нәтижесінде тәжірибе варианттарын қысқартуға тура келеді, тәжірибенің неге құнсыздануының қорытындыларын түсіну үшін, тәжірибелік істе аз істеп жақсы көрсеткіш алу, көп істеп нашар көрсеткішке жеткеннен жақсы. Көп қызықты варианттары бар тәжірибе, егерде бақылау варианты болмаса, ол тәжірибе болып саналмайды. Сондықтан вариант санын қысқартқан кезде, егерде бақылау вариантын қысқартатын болсақ, онда бір мезгілде зерттеу нәтижелерінде қысқартау болып саналады».
Тәжірибе бағдарламасын жасаудағы жоғарыда айтылған жадығаттарды келесі сызба түрінде көрсетуге болады:
Зерттеу мәселесі.
Тақырыбы.
Зерттелетін сұрақтың өзектілігі.
Зерттеудің мақсаты және міндеті.
Зерттелетін варианттардың ғылыми жаңалығы және практикалық бағалылығы.
Тәжірибе сызбасы (варианттың мазмұны және тізімі).
Топырақ климат жағдайының жалпы сипаттамасы және тәжірибе жүргізетін жер туралы мағлұмат.
Зерттелетін объектінің жалпы сипаттамасы (дақыл, сорт, шаруашылық маңызы (өсіру мақсаты), морфологиялық және биологиялық ерекшелігі. Өсіру технологиясы).
Бақылау сұрақтары
Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).
Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?
Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.
Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?
Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?
Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?
Достарыңызбен бөлісу: |