Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


Дәріс № 6. Тақырыбы: « Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері»



бет38/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

Дәріс № 6.

Тақырыбы: « Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері»

1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары

2 Тәжірибеге мөлдектер аудандарының, пішіндерінің, бағыттарының және қайталымдардың әсері

1 Тәжірибенің дәлдігін арттыру шаралары

Бірінші кезең – сенімді мәліметтерді алуға, жүргізілген зерттеулердің дәлдігін арттыруға және қателіктерді жоюға немесе азайтуға мүмкіндік беретін жер учаскесін дайындау, мұның өзі зерттеу жұмыстарының бағдарламасын дұрыс құрастырумен, типтілікті сақтай отырып, танаптық тәжірибенің сызбанұсқасын жасаумен, бір ғана (жалғыз, дара) өзгешелік қағидасымен, жер учаскесін таңдаумен, зерттеумен және сол жердің топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын есепке ала отырып, жер учаскесін таңдаумен және т.б. тығыз байланысты.

Екінші кезең – тәжірибенің дәлдігін арттыруда және сенімді мәліметтер алуда шешуші рөл атқаратын фактор ретінде танаптық тәжірибені салу және жүргізу әдісі мен әдістемесін сақтау, дегенмен осы аталған барлық әдістеме талаптары бірінші кезеңде де мінедетті түрде орындалуы тиіс.
Әдіс және әдістеме – көпжоспарлы түсінік, ал терминдер грек тілінен алынған, яғни оларды кеңінен алып қарастырғанда төмендегідей мағыналарды береді:


Әдіс (methodos – грек тілінен аударғанда зерттеу жолы, теория, оқып-білу деген мағыналарды білдіреді) – қандай да бір мақсатқа қол жеткізу, нақты міндеттерді шешу әдісі, шындықты (ақиқатты) теориялық немесе іс-тәжірибелік игеру (танып-білу) операцияларының немесе шараларының жиынтығы.

Әдістеме (грек тілінде methodice) – алға қойылған міндеттерді орындауда еңбек шығынын және уақытты азайтуға, қателіктер жіберуден сақтануға мүмкіндік беретін, қандай да бір жұмысты, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістерінің жиынтығы.
Қазіргі кезде танаптық тәжірибе әдістемесі түсінігінің астарында келесідей элелменттердің жиынтығы түсіндіріледі: нұсқалар саны, мөлдектердің ауданы, оның пішіні және бағыты, қайталымдар, қайталанулар және оларды тәжірибелік жер учаскесіне орналастыру, зерттеу объектісі ретінде өсімдіктің өсіп-даму кезеңдеріне барлық тіршілік кезеңінде тиісті бақылаулар жүргізу, өнімді есептеу әдісі, тәжірибені уақытқа сай ұйымдастыру, сонымен қатар зерттеу жұмысын жүргізген кезде аталған элелменттерді қатаң түрде сақтау.
Тәжірибенің жер телімі топырағының құнарлылығының ала-құлалылығының әсерінен туындайтын қателіктерді азайту және тәжірибенің дәлдігін арттыру сияқты негізгі міндеттерді, зерттеу жұмыстарының әдісі мен әдістемесін (мөлдектердің негізгі көрсеткіштері, яғни мөлшері (ауданы), пішіні, бағыты және орналасуы, қайталымдардың саны, сонымен қатар т.б. сұрақтар) қатаң түрде сақтау арқылы шешуге болады.

Тәжірибелік мөлдек – белгілі бір пішіні мен мөлшері бар, тәжірибелік жер телімі ауданының бір бөлшегі, ол өзіне тәжірибе нұсқасын, яғни зерттеліп отырған факторды (агротехникалық шара, сорт және т.б.) орналастыруға арналған. Мөлдекте келесідей аудандарды ажыратады: жалпы (егістік), есептеу алаңы, яғни бұдан өнім есептеледі және есептеу жүргізілмейтін алаң, яғни бұған басқа да (бөтен) факторлардың әсерінен қорғайтын (жанындағы мөлдектердің өсімдіктерінен, жолдардар және т.б.), қорғаныс алаңдары жатады, ал тәжірибенің дәлдігін анықтағанда есептеу алаңдарының мәліметтеріне сүйенеді.

Тәжірибенің қайталымы – тәжірибелік аймақтағы (территория) әр бір тәжірибе нұсқаларының бір текті мөлдектер саны. Аймақтық (территориальная) қайталым жер учаскесінің топырақ құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын тәжірибенің әр бір нұсқаларымен толық қамтуға және нәтижесінде барлық тәжірибе бойынша анағұрлым сенімді, орташа нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тәжірибенің қайталануы – тәжірибенің белгілі бір сызбанұсқа және уақытқа сай әдістеме бойынша қайталануы, ол қандай да бір агротехникалық шаралардың және сорттың зерттелген жылдарының санын көрсетеді, мұның өзі әр жылда қалыптасатын метеорологиялық жағдайларға байланысты, тәжірибеде зерттеліп отырған факторлардың әсерін, өзара әсерін және соңғы әсерін белгілеуге мүмкіндік береді. Анағұрлым сенімді нәтижелерге қол жеткізу үшін тәжірибе кем дегенде 3 жыл қайталануы тиіс деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет