2.Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихы
Тәжірибе салынатын жер учаскесінің тарихын зерттегенде – бұл жерге соңғы 3-4 жылда қандай алғы дақылдар себілгені, топырақты өңдеу тәсілі, енгізілген тыңайтқыштар және т.б. анықталады, сонымен қатар жер учаскесінің біртектілігіне әсер ететін және 5-10 жыл бойы соңғы әсерін тигізу мүмкіншілігі зор – арықтарды, орларды, шұңқырларды жабу (тегістеу), көшірілген құрылыстар және оның қалдықтары, ескі жолдар, малдардың тұрағы сияқты мәліметтерді анықтау қажет.
Тәжірибе салуға таңдалып алынған жер учаскесінің арамшөптермен күшті және біркелкі емес дәрежеде ластанса, әсіресе баурайлы – қалуен, бидайық, жусандар және .т.б ластанған жерлер танаптық тәжірибе нәтижелеріне айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін, сондықтан жер учаскесін зерттеген кезде, сол жердің арамшөптермен ластану ерекшеліктерін және дәрежесін, арамшөптердің ботаникалық құрамын, топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының және вегетациялық мүшелерінің потенциалдық мүмкіндігін белгілеу қажет. Жер учаскесінің арамшөптермен ластану дәрежесі көзбен бағалау арқылы немесе жоспарға тік жерлердегі арамшөптердің таралуын енгізе отырып, сонымен қатар бір өлшем жердегі арамшөптердің массасын анықтау жолымен сандық есепке алу арқылы анықталады.
Жер учаскесіне су бассейндерінің, ағаш отырғызылымдарының, құрылыс орындарының, жыралардың, жолдардың және т.б. жақын орналасуы топырақ және ауа құрғақшылығына, сол жердің жарықпен қамтамасыз етілуіне, желге, қар жамылғысының жиналуына және т.б. әсер етеді, сондықтан танаптық тәжірибе салуға жер учаскесін таңдаған кезде, сол жер учаскесінің нысандардан келесідей қашықтықта орналасқаны дұрыс, м:
Орман – 40-50
Жекелеген ағаштар -25-30
Су бассейіні, жыралар, батпақты жерлер – 100-200
Құрылыс орындары – 40-50
Жолдар – 5-10
Қоршаулар – 10
Жер учаскесінің топырағына толық зерттеу жұмыстарын жүргізудің өзі топырақ құнарлылығының әр түрлілігі туралы нақты мәліметтер бере алмайды және аталған көрсеткішке өсімдіктердің әсерін көрсете алмайды, соныдықтан топырақ құнарлылығының ала-құлалығының ең жақсы индикаторы өсімдіктің өзі болуы мүмкін. Әр түрлі дақылдардың топырақ құнарлылығы деңгейіне біркелкі әсер етпеуіне қарамастан (жоғары талап қояды – топырақ құнарлылығына талабы шамалы), өсімдіктерді индикатор ретінде пайдалана отырып, топырақты құанрлылығы бойынша біркелкі болуын қамтамасыз ету әзірге қиын, сондықтан барлаушы және теңестіргіш (уровнительные) егістер кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |