Абомазотомия- күйіс қайыратын малды ұлтабарын жарып емдеу әдісі. Автогамия


ОБСӨЖ № 6-7 Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар



бет64/82
Дата17.09.2022
өлшемі1.17 Mb.
#460852
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері

ОБСӨЖ № 6-7

Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар

Өзіндік тапсырмалар:
1. Тәжірибе учаскісінде топырақты өңдеу
2. Егістік өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдерін бақылау және оларды есепке алу.
3. Өсімдіктердің фотосинтездік процесінің негізгі көрсеткіші.

1. Егістік тәжірибе жүргізген мөлдектердегі топырақты өңдеуге қойылатын талаптар – топырақ сапалылығы және біртектестілігі.


Мөлдектерде дақылдарды себу перпендикулярлы бағытпен жүргізеді. Себу мөлшері жаппай тәсілі арқылы анықталады.

К = 100 × М × А


П
К - себу мөлшерінің салмағы кг/га:

М - себу – мөлшері (млн ө.т./га):


А – 1000 тұқым массасы г;
П – тұқымның себуге жарамдылығы %
Егістік тәжірибедегі мөлдектерді себердегі ұмытпайтын қағидалар:

  • барлық мөлдектердегі варианттарды тек бір ғана силкамен себу;


  • мөлдекке силка себер алдында 2-3 м қалғанда себетін шүмектерді жұмысқа қосады, ал мөлдек жиегінен шыққасын, яғни 2-3м шекарасына силканың себетін шүмегін көтереді;


  • мөлдек ішінде тұқым себу кезінде силканы тоқтатпайды.


Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар барлық мөлдектерде біркелкі бір мерзімде ұқыпты орындалады Әрбір байқаудағы тәжірибешінің белгіленетіні:




  • өсімдіктің жалпы жағдайы;


  • даму кезеңі,


  • ауа райы;


  • топырақ дымқылдығы


Егістік тәжірибе вегетативті және лаборатория тәжірибесінде байқау мен есеп мәліметі сенімді бөлу үшін зерттеуші есепке алады:




  • тәжірибе бағдарламасына енгізетіні бақылау есепке алу және талдау жұмыстары;


  • бақылау мен есептеу жұмыстарын орындайтын кезеңдері;


  • сегнамаларды іріктеп, көлемін анықтау.


Егістік тәжірибе арқылы зерттелетін агрохимиялық тәсілге фактордың әсерін есептеген сандары арқылы бағалайды, мысалы, тыңайтқыш немесе топырақты өңдеу варианты дақылдың пісу мерзіміне, шөптің шығымдылығына, топырақ қабатындағы ылғалға және егіннің арамшөппен ластануына тигізетін әсерін және т.б. бағалайды.


2. Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенеологиялық, метеарологиялық) бақылау, есепке алу жұмыстары, өсімдіктің биіктігі, түптелу жігері және өсімдіктер мен топырақтар үлгілеріне талдау жүргізіледі.
Ауа райының маңыздылығы тек қана агрометеорологияның, оның ішінде метеорология элементтері мен егіншілік объектілерінің жағдайларын бақылау мен есепке алу арқылы анықталады.
Ауа райын метеорология станциясында тұрақты бағалайды, олар облыстардың барлығында да және тәжірибе станцияларында да орналастырылған.
Мәдени өсімдіктердің өніміне үлкен әсер ететін жауын-шашын, себебі ол топырақ қабатындағы ылғалдың негізгі көзі болып саналады. Жауын-шашынның жиынтығын су қабатының биіктігін мм өлшемі арқылы белгілейді. Танаптың топырақ беткейіне жауын-шашынның шықтың, тұманның, бұршақтың т.б. жиналған ылғалын өлшеп, мм көрсетеді.
Егістік тәжірибені жүргізуде метеорологиялық жағдайға байланысты егін себу мерзімі анықталады. Егін себердің алында топырақ қабатының температурасына бақылау жұмысы жүргізіледі. Топырақ температурасын анықтауға топырақ термометрн қуыс бұрғы АМ-6 пайдаланады. Оны топыраққа енгізіп, 5 млн. есебін алады.
Дақылдардың бақылау жұмысын жүргізгенде белгілейтіндері:
1) Өсімдіктің қандай мүшелері және олардың саны немесе 10,25,50,75 % артық зақымдалған:
2) неден зақымдалған;
3) зақымдалған ауданы.
Күздік дақылдардың қыстап шығуға даярлау процестерін сипаттау үшін күзде оның өсу вегетациясы тоқтаған кезеңінде тексеріледі. Дақыл тұқымының топырақтағы орналасатын тереңдігін, түптену тереңдігін, тымыр жүйелерінің жағдайын, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерін, олардың биіктігін, себілген тұқымның жиілігі, арамшөптің таралу дәрежесі, өсімдіктерге зияңкестер мен аурулардың әсерлерін, метеорологиялық жағдайдың ыңғайсыздығынан жойылған өсімдіктерді, дақыл тұқымдарының көктеуін, егістің жалпы жағдайын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет