ОБСӨЖ № 4-5
Егіс экспериментін жоспарлау.
Өзіндік тапсырмалар:
1.Экспериментті жоспарлау
2.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлау.
3.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасы
4.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу
. Ғылыми зерттеу жұмысы егіншілікте тәжірибе арқылы орындаудаа негізінен үш кезеңге бөлінеді:
жоспарлау
егістік тәжірибе жүргізу
нәтижелерді талдау
Егістік тәжірибені жоспарлау – зерттейтін объектісін және оның міндетін анықтау, тәжірибе схемасын құру учаскісін және оның тұрақты орнын таңдау. Зерттеу кезеңіне дейін жасалатын жұмыстар:
Зерттелетін заттың тақырыбын таңдап алу
Зерттелетін заттың қазіргі жағдайын тексеру.
Ғылыми жорамал жасау
Егістік тәжірибе схемасы мен әдістемесін дайындау.
Ғылыми жұмыс бағдарламасында тәжірибе схемасы, онда қолданылатын әдістеменің негізгі элементтері және тәжірибе жүргізуіндегі байқаулар мен есептеу жұмыстары көрсетіледі.
Тәжірибе схемасын дайындағандағы ең маңыздысы.
қойылған талабын орындау негізінің өзгешелігін сақтау және факторлық негізін сақтау;
бақылау вариантын дұрыс таңдау және тәжірибедегі зерттелмей ілесетін жағдайларды да анықтау;
факторлардың негізгі дәрежесін зерттелетін және өлшемінің түрленуі дұрыстығын анықтау.
Мысалы. «СҚ жеңіл сазды топырағына жаздық бидайдың себу мерзімі мен себу мөлшері»
Тәжірибе схемасы.
1. Себу мерзімі
|
2. Тұқым себу мөлшері
|
А0 - 30.04
|
А0 - 1,5 млн. ө.т. /га
|
А1 - 05.05
|
А1 - 2,0 млн. ө.т. /га
|
А2 - 10.05
|
А2 - 2,5 млн. ө.т. /га
|
А3 - 20.05
|
А3 - 3,0 млн. ө.т./га (St)
|
А4 - 20.05
|
А4 – 305 млн. ө.т. /га
|
А5 - 25.05
|
А5 - 4,0 млн. ө.т./га
|
А6 - 30.05
|
А6 - 4,5 млн. ө.т. /га
|
Егістік тәжірибе бағдарламасы мен схемасын жасағаннан кейін, оның әдісінің негізгі элементтерін мөлдектің көлемі мен пішінін, нәтижесінің дәлділігін арттыру үшін керекті қайталаулары, учаскіге мөлдектер мен қайталауларды орналастыру әдістерін анықтайды. Ол үшін егістік журнал күнделігіне тәжірибенің схемалық жоспарын құрастырады, мөлдектердің ені мен ұзындығын, қорғау алқаптарын т.б. құрылыстардың қашықтығы, учаскідегі варианттар мен қайталаулар орналастыру белгілері көмектеседі.
Егістік тәжірибеші схемалық жоспарына мөлдіктердің шекараларын белгілегеннен кейін схемалардан учаскіге тәжірибенің нұсқасын түсіреді. Тәжірибе танабын анықтауға ұзындығы 10 немесе 20м темір лентаны қолданады. Учаскінің тік бұрышын анықтап, тауып алуға айналы эккерден де сегіз қырлы аспабын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |