Үшінші тарау бойынша олыстың суармалы жерлерінде су пайдалану жә-не су беру, оны жетілдірудің ғылыми негіздері, Сырлария өзені бассейніндегі су шаруашалғының жағдайы, облыстың су ресурстарының сапалық және сан-дық сипаттамалары, Сырдария өзені бассейнінде су-жер ресурстарын пайдала-ну, облыстағы суармалы егістікте суды тиімді пайдалану, суды көп тұтынатын күріш ауыспалы егістік танаптараның баланысын реттеу мәселелері қарасты-рылған.
Сырдария өзенінің транзиттік ағыны облысымыздың су ресурстарының көп бөлігін құрайды. Қызылорда облысына Көктөбе бекетінен орташа көпжыл-дық міндетті ағынның лимиті жылына 10,2 км3 мөлшерінде (жылына 8,66 км3-ке дейін 90 пайыздық қамтамасыздықтағы аз сулы жылдары). 1974-1986 жыл-дардан берілмей келеді. Бұл Сырдария өзені бойында Тоқтағұл су қоймасының (1974ж) салынып бітуімен және бұл мерзімдерде табиғи аз сулылыққа бай-ланысты.
1987 жылдан бастап Көктөбе су бекетіне судың ағып келуі орташа көпжыл-дық лимит көлемінен аса бастады. (4-кесте) Бұл келесі факторларға байланыс-ты: біріншіден, ағын пайда болатын аймақта климатпен берілетін көпсулылық-тың келуімен; екіншіден, аграрлық секторда дағдарыстың күшеюі мен өнім өт-кізетін нарықтың аздап жоғалуына байланысты Арал теңізі бассейніндегі елдер-дің 1990 жылдардан бастап суармалы жерлерінің ауданының шамамен 20 пайызға қысқаруы; үшіншіден, Қырғызстан Республикасының Тоқтағұл су қой-масын қысқы мезгілде көп мөлшерде электр энергиясын өндіру үшін энергети-калық режимге көшіруі.
1991-2006 жылдар мерзімінде бұл су қоймасынан «қыс-жаз» уақытында су жіберу қатынасы 50:50, ал 1971-1990 жылдары мерзімінде 30:30 құрады. Осы-ның нәтижесі болып көп мөлшерде су ресурстарын Арнасай ойпатына бос тас-тау табылды, өйткені төменгі ағыста Сырдария өзені арнасының су өткізу қабі-леті бүкіл қысқы ағып келген суды қабылдауға мүмкіндік бермейді. Жазғы ағынның қысқаруы облыс экономикасы салаларының, әсіресе ауыл шаруашы-лығының сумен қамтамасыз етілуінің төмендеуіне және өзеннің төменгі ағы-сындағы экологиялық жағдайдың нашарлауына әкеледі.
Қызылорда облысының аумағында пайда болатын жер беті су ресурстары-на орташа сулы жылдары 120 млн м3 жалпы көлемде болатын жер бедерінің кейбір айларында жиналатын уақытша су ағындары мен бұлақ ағындары жатады. 5-кестеден көретініміз Сырдария өзенінің ағыны үлкен ауқымда ауыт-қитындығы Көктөбе және Қаратерең су бекеттері арасында 60-65 пайызға дейін су жоғалады.
Көктөбе және Қаратерең су бекеттеріндегі Сырдария өзенінің ағындары
(Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметтері бойынша)
4- кесте
Жылдар
|
1999
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
Көктөбе су бекеті
|
17
|
12,2
|
11,7
|
15
|
19,6
|
19,8
|
20,4
|
14,7
|
17,3
|
11
|
15,04
|
25,8
|
Қарате
рең су бекеті
|
6,03
|
3,87
|
3,56
|
6,46
|
9,18
|
9,62
|
11,1
|
8,14
|
6,62
|
3,69
|
4,11
|
9,2
|
Су-жер ресурстарын игеру және қорғаудың кешенді мәселелері оларды пайдалануды дұрыс басқармаудан пайда болады. Осының нәтижесінде Сырдария өзенінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимдері тез нашар бағытта өзгерді. Қазіргі кезде өзен ағысы толық 1960 жылдардан бастап рет-телген. Сондықтан, Сырдария өзені алқабының Қазақстан бөлігіне судың келуі табиғи факторға емес, антропогендік факторға байланысты. Бұл шаруашылық қажеттіліктеріне су-жер ресурстарын пайдалану деңгейіне талдау жасағанда дә-лелденеді. Қызылорда облысының егін шаруашылығы суармалы жерлерге не-гізделген. Өткен ғасырдың 60 жылдары бүкіл елімізде мелиорация саласына жоғары мән берілген болатын. Соған байланысты 1960-1980 жылдары Сыр өңі-рінде мелиоративтік жұмыстар жоғары қарқын алды. Оған дәлел облыс көле-мінде 1995 жылы 226,8 гектар жерде суармалы егістік инженерлік жүйеге келті-рілген (1-сурет). Сол жылдары облыс бойынша жалпы дақылдардың егіс көлемі 287 мың гектарға жетті. 2001-2002 жылдары инженерлік жүйеге келтірілген суармалы жер көлемі 172 мың гектарды құрады. Демек, 1995-2002 жылдар ара-лығында 54 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген суармалы егістік пайда-ланудан шығып қалды. Оның негізгі себептері: топырақтың сортаңдануы, жер асты суларының жоғары деңгейде тұруы, суармалы желінің құрамдас бөлік-терінің талапқа сай жұмыс істемеуі т.б.
1-сурет – Қызылорда облысында инженерлік жүйеге келтірілген
суармалы жер көлемінің өзгеруі
Өңірдегі басты дақыл күріштің өнімділігі 1983-1996 жылдар аралығында жоғары деңгейде болды. Әрбір гектар егістіктен 48-51 центнер күріш алынған. 1997 жылдан кейін күріш өнімділігі төмендеді. Бұған себеп агротехникалық шаралардың талапқа сай орындалмауы, күріш атыздар беті тегістігінің нашар-лауы, минералды тыңайтқыштардың толыққанды қолданылмауы және екінші дақыл – жоңышқа өнімінің төмен болуында (2–сурет). Жоңышқаның өнімділігі 1980-1990 жылдар 1 гектарға шаққанда 50-59 центнер болған. Одан кейін бұл дақылдың өнімділігі 20-22 центнерге дейін төмендеді. Бұл өз кезегінде негізгі дақыл күріш өнімінің азаюына себеп болды.
а) Қызылорда облысында күріш дақылының өнімділігі
б) Қызылорда облысында жоңышқа дақылының өнімділігі
2-сурет – Дақылдар өнімінің өзгеруі
Күріштің маусымдық суару мөлшері 1980-1990 жылдар аралығында 26-28 мың текшеметрге жеткен болатын. Соңғы жылдары бұл мөлшер бірсыпыра азайып 23-25 мың текшеметр болды. Қазақтың күріш жөніндегі ғылыми зерттеу институтында атқарылған зерттеулерге қарағанда күріштің жаз бойы суды тұ-тыну мөлшері 8,5-9 мың текшеметрді құрайды. Күріш егісінің алғашқы суға бастыру кезеңінде берілетін су мөлшері жоғарыда айтылған ғылыми мекеменің мәліметі бойынша 3,5-4 мың текшеметрді құрайды. Күріш атызында жаз бойы топыраққа төмен қарай сүзілген су мөлшері 4,5-5 мың текшеметр. Осы аталған үш құрамдас бөлікті қосқанда 16,5-18 мың текшеметр болады. Бұл мөлшер кү-ріш дақылына шын мағынасында қажет ылғал көлемін көрсетеді. Демек, алдағы уақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп осы дақылды өсіп-өндіруге ке-тетін су мөлшерін әлі де 4-5 мың текшеметрге азайтуға болатыны көрініп тұр. Осылай жасағанда Сырдария өзенінен егіске алынатын су көлемі 10-15%-ға кемиді. Бұл біріншіден, кіші Аралға құятын су мөлшерін көбейтеді. Екіншіден, Сыр өңірі егіс алқаптарында мелиоративтік жүктемені азайтады. Соның негізін-де егістіктің экологиялық-мелиоративтік жағдайын жақсартуға жол ашылады.
жылдар
мың м3/га
Қызылорда облысында күріш дақылының маусымдық суару мөлшері
мың м3/га
жылдар
Қызылорда облысында жоңышқа дақылының маусымдық суару мөлшері
3-сурет – Дақылдардың суару мөлшерінің сызбасы
Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедицияның мәліметте-рі бойынша соңғы уақытта Сырдария өзені суының сапасы жоғары болмаған. 2009 жылы жаз бойы дария суының бір литрінде Түгіскен алқабы тұсында 1,86, Қызылорда маңайында 1,97, Қазалы төңірегінде 2,25 г тұз болған. Өзен суы төмен жылжыған сайын минералдануының өсуі түсінерлік құбылыс (5-кесте).
Сырдария суының минералдануы
(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының
мәліметі бойынша г/л (2009 ж.)
5-кесте
-
Айлар
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
Жаз бойғы ор-таша мөлшер
|
Түгіскен алқабы
|
2,29
|
-
|
1,43
|
1,86
|
Қызылорда алқабы
|
-
|
-
|
-
|
1,97
|
Қазалы алқабы
|
2,25
|
-
|
-
|
2,25
|
Обылыс бойынша орташа
|
|
|
|
2,03
|
Егістен қашыртқыланған судың тұздылығы вегетациялық мерзімде өзге-ріске ұшыраған. Өңір көлемінде бұл судың орташа минералдануы бір литріне 3,06 г болып отыр. Қашыртқыланған судың ең жоғары мөлшері шілде айында орын алған. Жалпы коллектор – қашыртқы жүйесіне түскен су да тұз мөлшері анау айтқан жоғары емес (6-кесте).
Бір гектар күріш егісіне сумен бірге жаз бойы 49,13 т тұз келіп шөккен. Оның 6,58 т ғана қашыртқылармен сыртқа кеткен. Сонда күріштік топырағында бір маусымда жиналған тұз мөлшері 42,55 т. Сырдария суының күрделі ласта-нуы шамамен 1980 жылдардан басталған. Содан бері күріштіктің бір гекта-рына 1200 т аса тұз шөккен деп айтуға болады.
Қашыртқы суының минералдануы
(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының
мәліметі бойынша г/л)
6-кесте
-
Айлар
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
Жаз бойғы ор-таша мөлшер
|
Түгіскен алқабы
|
2,36
|
3,59
|
2,51
|
2,82
|
Қызылорда алқабы
|
3,13
|
-
|
-
|
3,13
|
Қазалы алқабы
|
-
|
-
|
-
|
3,23
|
Облыс бойынша орташа
|
2,745
|
3,59
|
2,51
|
3,06
|
Күріштен кейін көкөніс өсірген учаскелерде тұз молынан жиналған. Мұн-да жаз бойы бір гектар жерде 18,57 т тұз шөгіп жиналған. Картоп егісінде де тұздар молынан шоғырланып, топырақта олардың мөлшері 15,73 т. жеткен. Кү-ріштен өзге егістің тағы бір ерекшелігі, олардан тыс жерге тұздардың жылжы-мауында (7-кесте).
Әрбір гектар егіске Сырдария суымен келіп түскен тұз мөлшері
(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының
мәліметі бойынша 2009 ж.)
7-кесте
Дақылдар
|
Маусымдық суару мөлшері, мың м3/га
|
Судың орта-ша минерал-дануы, г/л
|
Егіс топыра-ғына келіп түс-кен тұздар, т/га
|
Егіс сыртына кеткен тұз көлемі, т/га
|
Күріш
|
24,20
|
2,03
|
49,13
|
6,58
|
Жоңышқа
|
4,94
|
2,03
|
10,03
|
-
|
Дәндік жүгері
|
5,65
|
2,03
|
11,47
|
-
|
Картоп
|
7,75
|
2,03
|
15,73
|
-
|
Көкеніс
|
9,15
|
2,03
|
18,57
|
-
|
Судың егінді суаруға жарамдылығын төмендегі белгілі белгілі де түпкілі формула негізінде анықтауға болады
(1)
мұндағы, rCa, rMg, rNa – судағы химиялық элементтердің эквиваленттік мөлшері; S – судың минералдануы, г/л.
8-кестеде Сырдария суының егіске жарамдылығын анықтайтын көрсет-кіштер берілген. К > 1 болғанда ол су егін суаруға жарамды деген сөз, егер К < 1 төмен болса жарамсыз. Біздің мәліметтеріміз бойынша бұл көрсеткіш К < 1 төмен, демек осы айларда немесе вегетациялық кезең басында (мамыр) нақ ор-тасы – шілдеде Сырдария суының химиялық құрамы қолайсыз болып қалып-тасады. Шамасы осы мамыр мен шілдеде Сырдария бойында жоғары орналас-қан елдердің суармалы алқаптарынан Сырдарияға зиянды химиялық заттар мо-лынан түсуі мүмкін. Маусым мен тамыз айларында өзен суының химиялық құ-рамы дақылдарға қолайлы. Демек өзен суының сапасын түбегейлі әр ай сайын талдап отыру қажет.
Сырдария суының К- мөлшерінің көрсеткіші
(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының
мәліметі бойынша)
8-кесте
Мамыр
|
Маусым
|
Шілде
|
Тамыз
|
0,69
|
1,08
|
0,39
|
2,36
|
-
|
1,18
|
-
|
1,35
|
2009 жылы жалпы барлық егістікке 4781,5 млн т тұз келген. Қашыртқы-ланған сумен егістен тыс аумаққа 639,5 мың т. тұз көшкен. Соңғының үлесі не-бәрі 13,4% . Бұл өте аз. Сондықтан, егіс алқаптарының мелиоративтік жағдайы барған сайын күрделене береді (9-кесте).
Обылыс егіс алқаптарында сумен келген және қашыртқымен
кеткен тұз мөлшері
(Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясының
мәліметі бойынша)
9-кесте
Егіс көлемі мың га
|
Егіске берілген су, млн м3
|
Егіс топы-рағына ке-ліп түскен тұз, мың т
|
Қашыртқымен ағып кеткен су көлемі,
млн м3
|
Қашыртқыға кеткен тұз, мың т
|
Егістен қа-шыртқымен кеткен тұз улесі, %
|
51.51
|
2355.44
|
4781.5
|
208.97
|
639.5
|
13.4
|
Төртінші тарау бойынша жүргізілетін іс шаралардың экологиялық-экономикалық маңызы қарастырылған.
Суармалы жерлерде өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштері жеке және біріктіруші болып бөлінеді. Тиімділіктің жеке көрсеткіштері - өнім сапасы, еңбек өнімділігі, жер және су беру, қор және зат беру, өнім өндірудің ұстанымдары және басқалар. Жалпы тиімділік өндірілген өнімнің санымен ғана берілмейді, сонымен қатар қойылған мақсатқа сәйкес басқа да көлемдік көрсеткіштермен беріледі.
Суармалы жерлердің экономикалық тиімділігін қабылданған шешімдер мен іске асырылатын жоспарға байланысты жалпы жағдайда келесі көрсеткіш-терді қолданып негіздеуге болады:
-
таза пайда (дисконтты, яғни уақытқа келтірілген);
-
пайда индиксі (табыстылық);
-
ішкі пайда мөлшері;
-
құнын өтеу уақыты
Таза пайда қарастырылып отырған мерзімде ағымдағы тиімділіктер қосын-дысымен анықталады. Пайда индиксі инвестиция мөлшерін келтірілген пайданың қосындысына бөлінгенге тең. Ішкі пайда мөлшерінен келесіні табады – егер қаржы ішкі пайда мөлшері тең немесе қажетті пайда мөлшерінен артық болса, онда шығындардың қайтқаны. Құнын өтеу уақыты – аз уақыт аралығы, аралық тиімділігі аралық шығындарға тең және алдағы уақытта оң болып қалуы жоспарланған іс-шараларды іске асырғанда, яғни техногендік бұзылған суармалы жерлерді қайта жаңғырту кезінде экономикалық тиімділік көрсеткіштері келесідей болуы керек:
-
жылдық экономикалық тиімділік (Эг);
-
таза экономикалық тиімділік (Эч);
-
аралық тиімділік (Эинт) немесе таза дисконтталған пайда (УДД);
-
абсолюттік экономикалық тиімділік көрсеткіштері: экономикалық тиімділік коэффициенті (ен) және құнын өтеу уақыты (Ток).
Құнын өтеу уақыты іс-шараны іске асыруды бастағаннан бастап, ең аз уақыт аралығын (Ток) көрсетеді. Бұл кезде тиімді аралық (таза дисконтталған пайда) теріс болмайды, яғни оны дисконттауды пайдаланып анықтау ұсынылады.
Жалпы өнім құны Қызылорда облысындағы суармалы жерлерге суды тиімді пайдаланғанда ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен яғни су-жер ресурстарын тиімді пайдалану технологиясын пайдаланғанда бұрынғы күріш ауыспалы егістігінде дақылдарды өңдеу жүйесіндегіден артады. Сондықтан пайда индексі - 0,344-тен – 0,624 аралығында болады.
Пайда индексі таза дисконтты пайдамен тығыз байланысқан, яғни таза дисконтты пайда ЧДД оң мәнді болса, онда ИД1,0 және керісінше пайда индексі ИД1,0, яғни ұсынылған тиімді су пайдалану Сырдария өзенінің төменгі ағысында су-жер ресурстарын пайдалануға мүмкіндік тудырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
-
Қызылорда облысындағы егіс алқаптарын суару үшін Сырдария өзенінен су алатын жалпы ұзындығы 2232,25 км магистралды және шаруашылық аралық каналдары бар. Осы аталмыш каналдар егіс алқаптарына Сырдария өзенінің суы ең жоғарғы деңгейде болғанда бір мезетте 1058,5 м3/с су алады. Аталған каналдардың қазіргі жағдайдағы пайдалы әсер коэффициентті 0,6 –0,65 ке тең. Яғни 1058,5 м3/с судың 423,4 м3/с су каналдың жақтаулары мен табаны арқылы сүзілуге ұшырауда және гидротехникалық құрылымдарының техникалық жағдайының нашарлауы су ысырабын ұлғайтуда. Ал магистралды каналдар мен олардың тармақтары үшін пайдалы әсер коэффициенті 0,75-0,80 аралығындағы шамадан төмен болмауы тиіс. Магистралды каналдар бойындағы ысырап болатын судың басым бөлігі сүзілуге байланысты. Осы сүзілуге кеткен су ысырап болуымен қатар канал бойындағы егіс алқаптарына кері әсерін тигізеді.
-
Қызылорда облысының суармалы егіс алқаптарына ысырапсыз су жеткізу үшін ауқымды іс-шаралар орындалуы қажет. Аталмыш жұмыста бұл мәселені мынадай іс-шаралар арқылы жүзеге асыру қарастырылған:
- каналдардың жақтаулары мен табандарын соңғы үлгідегі геотекстиль (t=5мм) және рено төсеніші (6х2х0,3) отандық материалдарымен бекіткенде сүзілу коэффициентті 0 % - ға тең болады;
- бұл іс-шараны өндірісте қолданғанда каналдың жақтауларымен таба-ны арқылы кететін судың сүзілуінен және каналды қайыр басудан және арам шөптердің өсуінен қорғайды;
- пайдалы әсер коэффициентін 0,6-дан 0,88 ге көтеруге мүмкіндік бе-реді.
3. Өңірдегі басты дақыл – күріштің өнімділігі 1983-1996 жылдар аралы-ғында жоғары деңгейде болды. Әрбір гектар егістіктен 48 – 51 центнер күріш алынған. 1997 жылдан кейін күріш өнімділігі төмендеді. Бұған себеп агротех-никалық шаралардың талапқа сай орындалмауы, күріш атыздарының бет те-гістігінің нашарлауы, минералды тыңайтқыштардың толыққанды қолданыл-мауы, және екінші дақыл – жоңышқа өнімінің төмен болуында. Қазір күріштің пісіп жетілуі үшін әрбір гектарға 25-30 мың м3 су берілуде.
4. Зерттеу қорытындысы аймақтағы жалпы қабылданған күріш өсіру технологиясымен салыстырғанда суғару суын пайдаланып, күріш өсірген жағдайда суды 30-40 %-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен қатар, егіс алқаптарының тегістігін 5 см-ге келтіру керектігін, жо-лақпен, қарықпен және жыра көмегімен бастырып ілеспелі дақылдарды суару қосымша 20 %-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді және егіс алқабын сортаңданудан сақтайды. Сондықтан су үнемдеу технологиясын күріш ауыс-палы егістіктеріне ендіру суармалы алқаптардың сумен қамтамасыз етуін көтереді.
5. Өңір суармалы алқаптарында кәріз жүйесінің ашық көлденең түрі жобаланып қолданылуда. Уақыт өте келе кәріздің бұл түрінің тереңдігі азаюда. Осының салдарынан егістегі ыза су деңгейі көтеріледі. Қазір егіс алқаптарындағы ыза су деңгейі 1,5-2,5 м тереңдікте жатыр. Бұл топырақтың сортаңдануына себеп болуда. Сондықтан, алдағы уақытта кәріз – қашыртқы жүйесін тиісті қалпына келтіру жұмыстары орындалуы қажет.
6. Су үнемдеу технологияларын күріш суармалы жүйелерінде су-жер ресурстарын пайдаланғанда экономикалық бағалау күріш ауыспалы егісті-гінде дақылдарды өңдеудің бұрынғы жүйесімен салыстырғанда олардың тиімділігін көрсетеді. Пайда индексі 0,324-тен 0,585-0,624-ке дейін су үнем-деу, тиімді пайдалану технологиясында көтеріледі. Сондықтан, ауыспалы егістікте күріш және оған ілеспелі дақылдарды су үнемдеу, оны тиімді пай-далану технологиясымен өңдегенде облысымзда Сырдария өзені суын және жер ресурстарын пайдалану тиімдірек екенін көрсетеді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар тізімі
1. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысында Сырдария өзенінің суын егіске пайдалану мәселелері. Ғ 96. Ғылым, білім және иновация: жастардың ғылыми шығармашылығы // Жас ғалымдар еңбектерінің жинағы / Қызылорда; Тұмар, 2010.
2. С.И. Қошқаров, Е.Н. Әлімбаев, Ж.М. Абуов. Қызылорда облысы суармалы егістікте суды тиімді пайдалану Хабаршы №1(31) 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |