«адам қҰҚЫҒЫ» ПӘннін оқУ-Әдістімелік кешені


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет6/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#125109
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы ұлттық институтар.

  2. Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғаудағы мемлекеттік институттар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




12. Ұлттық құқық қорғау жүйесіндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі мен орны.

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Қазақ қоғамының демократиялануы. Коммерциялық емес ұйымдар мен жеке секторлар қызметі.Мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтен тыс ұйымдардың ара қатынасы. ҮЕҰ әрекет ету бағыттары.

Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғаш­қы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуына жете маңыз беріліп келеді. Со­ның айқын бір көрінісі Конститу­ция­мыз­дың 1-бабында адам құқықтарын сақ­тау нормасы бекітіліп, 30-бап түгел­дей аза­мат­тардың құқықтарына, бостан­дық­тары­на, мүдделеріне арналды. Бұл демо­кра­тиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Демек, адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау тетіктерін іске асы­руға, олардың орындалуына кепілдік беруді күшейтуге Елбасымыздың сара сая­сатының арқа­сын­да ерекше назар ау­да­рылды. Ал бұл мәсе­лелердің шын мә­нін­де қалай жүзеге асып жат­қандығын Президент жа­нын­­дағы Адам құ­қық­тары жө­нін­дегі комиссия жұмы­сынан бай­қауға болады. Ол еліміздегі адам құқықтары жөнін­дегі ал­ғаш­қы мамандан­дырыл­ған ұлт­тық мекеме бо­лып табылады.

1994 жылғы 12 ақпанда Ел­басы Адам құқықтары жөнін­дегі рес­пуб­ликалық ко­мис­сияны құру туралы Жар­лық­қа қол қойды. Осы кезден бастап Адам құқық­тары жөніндегі комис­сияның жаңа ережесі бекітілгеннен кейін ол Мемлекет бас­шысының жанында жұ­мыс істейтін бо­л­ды. Бұл оның мәрте­бесінің маңызды­лы­ғын көрсетеді, сол себепті комиссияға іс-қимыл жасауға жеткілікті түрде құқық та берілген.

Комиссияның жоғары мәртебесі және оның уәкілетті органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы «жалғастырушы тетік» рөлі тек адам құқықтары саласы­ның түйткілді нүктелерін тез табуға ғана емес, олардың арасында конструктивтік диалог­тың дамуына да мүмкіндік туғы­за­ды. Комиссия қоғамдық пікірді, қолда­ныс­тағы заңнаманы зерттеп, Мемлекет басшысына адам құқықтары саласын­дағы жағдай, азаматтық қоғамның сұраныс­та­ры туралы мәлімет береді. Сонымен қа­тар, комиссия адам құқықтары сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге белсенді атсалысады, осы салада халық­аралық ынтымақтас­тық­тың күшейтілуіне көмектеседі.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғаудың мемлекеттік тетігін жетілдіруге бағытталған бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануына өз үлесін қосты деп нық сеніммен айта ала­мын. Бұл Қазақстанның Адам құқық­тары жөніндегі халықаралық конвенцияларына және БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құ­қық­тар мен экономикалық, әлеуметтік жә­не мәдени құқықтар туралы халық­ара­лық пактілеріне қосылуы, халықаралық гума­ни­тарлық құқық және адам құқық­тары жө­нін­дегі халықаралық шарттар жө­ніндегі ведомствоаралық комиссия құру, Білім жә­не ғылым министрлігінде Балалар құқық­тарын қорғау жөніндегі коми­тет­тің құ­рылуы болып табылады. Бұған Қазақстан Республикасындағы Адам құ­қық­тары жө­нін­дегі уәкіл (Омбудсмен) инс­титуты­ның құрылуын, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларын Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігінің қарамағына беруді, өлім жазасына мораторий енгізуді, Көші-қон полициясының жұмыстарын халық­ара­­лық стандарттарға сәйкес жақ­сар­ту­ды, «Қа­зақ­телеком» АҚ ұсынатын байла­ныс қыз­меті­нің тарифін төмендету мен қол жетімдігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.

Қазіргі кезде Комиссия ратифика­ция­ланған халықаралық келісімдерді іске асыру өзекті мәселелерімен, қамауда ұс­тай­тын орындарда қинаудың алдын-алу, тәуелсіз ұлттық превентивтік тетіктерін құрумен, Омбудсмен институ­ты­ның заң­на­малық базасын халықаралық стандарт­тарға сәйкестендіру және жетілдірумен, 2009-2012 жылдарға арнал­ған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары са­ла­сындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асырудың мониторингімен, азаматтық қоғамның институт­тары­мен, халықара­лық ұйымдармен, шетелдік елшіліктерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірумен, құқық қорғау қызметінде мем­ле­кеттің оң имиджін құруына көмек­тесу­мен айналысады.

Жыл сайын Комиссия хатшылығына 1000-нан астам азаматтардан жазбаша шағым хаттар келіп түседі. Келіп түскен арыздар Комиссияның тиісті ұсыным­дары­мен не болмаса қорытын­ды­лары­мен уәкілетті мемлекеттік органдарға: прокуратура, сот, орталық және жергілікті ат­қару­шы билік органдарына қа­рауға жіберіледі. Конституция қағидаларына, сон­дай-ақ басқа да заңнамалық актілер нор­ма­ларына сәйкес Қазақстан Республи­ка­сының азаматтары, шетел азаматтары, оралмандар, азаматтығы жоқ адамдар, ұйым­дар өз құ­қық­тарын қорғау үшін заң­да белгіленген тәр­тіппен Комиссияға ша­ғым­дануға құ­қы­лы. Тек Адам құқықтары жөніндегі комиссия қарау тәртібі, негізінен, әкім­шілік құқық бұзушылық туралы заңна­ма­мен, қыл­мыс­тық іс жүргізу және азамат­тық іс жүр­гізу заңна­маларымен шешілетін азамат­тар­дың шағым­дарын қара­майты­нын атап өткім келеді.

2010-2011 жылдар бойы Комиссия мем­лекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және халықаралық сарапшылармен өзара іс-қимыл жасау арқылы елімізде адам құ­қық­тары мен бостандықтарының сақ­талуы­на мониторинг жүргізді, оның қоры­тын­дылары 2010 жылғы Қазақстан Рес­пуб­ликасында адам құқық­тары­ның ахуа­лы туралы баяндамада өзінің орнын тапты. Ал 2011 жылы Комиссия өзінің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдар, үкі­мет­тік емес ұйымдар, оның ішінде халық­аралық құқық қорғау ұйымдарының мәлі­меттеріне, сондай-ақ Комиссия және оның хатшылығының арнайы зерттеулерінің қоры­тындыларына негізделген «2010 жыл­ғы Қазақстандағы адам құ­қық­тарының ахуа­лы» атты жыл сайынғы баяндама жо­ба­сы­ның тұсауын кесті.

Онда, ең алдымен, елдегі адам құқық­тары ахуа­лы көрсетілді. Баян­дама құ­қық қорғау ор­ган­дары­ның жұ­мы­сы тура­лы деректерге то­лы, осы сала­да­ғы ұлттық заңна­ма­ны көр­сетеді, оны халық­ара­лық құқықтық актілермен са­лыс­тырады жә­не т.б. Ал­ғашқы тергеу-тексеру ба­ры­сында адам құқық­тарын сақтау, құқық қорғау ор­гандарының кейбір лауа­зым­ды тұлғалармен қинау­ды қолданудың алдын-алу жолдары бойынша, сондай-ақ ақпарат алуға азаматтардың консти­туци­я­лық құ­қық­тарын қамтамасыз ету мәсе­ле­леріне қатысты ұсыныстар берілді.

Адам өз құқықтары мен бостан­дық­та­рын, оларды қалай қорғап қалуды білуі керек, әйтпесе құқықтық тетіктердің тиімділігі туралы айтудың мағынасы болмай­ды. 2005 жылы комиссия адам құқық­тары­ның түйінді мәселелері бойынша 3 жинақ шы­ғар­ды. 2004-2006 жылдары жеке жинақ­пен Мемлекет басшысының аты­на «Қа­зақ­стан Республикасында адамның және азамат­тар­дың құқықтары мен бос­тан­дықтарын сақтау туралы» 2003, 2004, 2005 жылдардағы ко­ми­ссияның баянда­ма­лары жарияланды.

ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдар­лама­сының (БҰҰДБ) көмегімен құрылған адам құқықтары жөніндегі цифрлы кітапхана ха­лықты құқықтық ағартуда ең көр­некті құ­рал­дардың бірі болып табы­лады. Оған ұқсас кітапхана ТМД және Балтика елдерінде жоқ. Нормативтік құқықтық актілерді Ин­тернеттегі http://hrc.nabrk.kz мекен-жай бо­йынша алуға болады. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жарияланған. Интернетке қосылмай цифрлы кітапха­на­ға тікелей кіру үшін офф-лайн режимі қолданылады, бұл аз қамтылған азаматтар үшін өте маңызды.

2006 жылғы қыркүйек айынан бастап Комиссияның веб-сайты, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде адам құқықтары жө­ніндегі нормативтік құқықтық актілер­дің, құқық қорғау тақырыбында ақпа­рат­тық-анықтамалық материалдардың электрон­дық кітапханасы қызмет етеді. ЮНЕСКО-нің кластерлік бюросының және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының көмегімен Ал­маты қаласының, Оңтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан облыстарының әкімдік­те­рін­де ұқсас цифрлік кітапханалар құрылған.

Бүгінде ұлттық заңнамаға, құқық қол­дану практикасына адам құқықтары жө­нін­дегі халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі бүкіл барлық деңгейлерде жә­не құқық қорғау форумдарында талқы­лану­да. Оның үстіне бұл мәселе Қазақ­стан­ның ЕЫҚҰ-да төрағалық етуіне бай­ланысты өзекті мәселеге айналды. Ұлттық жоспар­дың кейбір қағидалары Қазақстан Респуб­ликасындағы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдамасында өз орнын тапты. Осы­ған орай Ұлттық жоспардың кей­бір ұсы­ным­дарын іске асыру мақса­тында мемлекеттік органдар бірқатар нормативтік актілерді қабылдады. Мәселен, заңдарды жетілдіруге, қоғамды ақпарат­тан­дыруға, құқық қорғау органдарының кәсіптілігін жоғары­лату­ға бағытталған 2010-2020 жылдарға ар­налған БҰҰ Азап­тауға қарсы комитетінің ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-ша­ралар жоспары, азаптау және қатыгездікке байланысты т.б. арыздарды тексеру туралы нұсқаулық бекіді.

Әрине, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқық­тары әлі де сөзсіз басымдыққа ие болған жоқ, мемлекеттік органдар және басқа ұйым­дар қыз­метінде көбінесе тар ве­домство­­лық және кор­поративтік мүдде­лер­ді алға қояды. Адам құқықтарын сақ­тау жөнін­дегі түйінді мәсе­лелерді шешу – бұл қо­ры­тындысы барлы­ғы­ның және әр қай­сы­сының күш салуына байланысты кешенді, көп еңбекті қажет ететін, мақсатты міндет. Адам құқық­та­рын қамтамасыз ету және қорғау сала­сын­дағы мемлекеттік инс­ти­тут­тардың және үкімет­тік емес құ­қық қорғау органдары­ның жұ­мы­сы әр­қашанда жүйелі емес. Өкі­нішке орай, адам мен аза­маттың құқық­тары мен бос­тан­дықтарын бұзу жағдай­лары әлі де кең таралған, олар Комис­сияның баян­да­ма­сын­да жіті баян­да­ла­ды. Бұқаралық ақпарат құралдарында да азаматтардың құқықтары мен бостан­дық­тарын бұзу фактілері ту­ралы ақ­парат көп.

Негізгі себептердің ішінде – патернализм және құқықтық нигилизм дәс­түр­лері арқылы көрсетілетін қоғамдық сана-сезім­нің инерциясы, азаматтарға өз құқық­тарын және бостандықтарын жү­зе­ге асы­руға кедергі жасайтын заңна­ма­дағы және құқық қолдану прак­ти­ка­сын­дағы кемшіліктер дей­­міз. Өйткені, адам құқықтарын және бос­­тандықтарын жү­зе­ге асыру үшін құ­қық­тық тетіктер мен процедуралардың бір­ыңғай, дәл үйлес­ті­ріл­ген жүйесі керек. Осы­ған байла­ныс­ты, бірыңғай стратегия ендіру, Қазақ­стан­дағы адам құқықтары сала­­сындағы жағдайды жақсарту жөнін­дегі мемлекеттік құрылымдар мен үкімет­тік емес ұйымдардың күштерін біріктіру ар­қылы Адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қамтамасыз ету және қорғау бо­йын­ша тұжырымдаманы әзірлеу негізгі мақсат.

Құқық қорғау саласында ҮЕҰ-мен жә­не халықаралық ұйымдармен ынты­мақтас­­тық мәселелерін жетілдіру қажет, мемлекеттің құқықтық саясатын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды іске асыру бо­йын­ша алдымен адам құқықтарының сақ­талуына мониторингке, талдамалық зерттеулерге, білім беру бағдарлама­лары­на қа­тысу керек. Мемлекет басшы­сы 2008 жыл­ғы 26 қаңтарда өткен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның кеңейтілген алқа мәжілі­сін­де Қа­зақ­стан халықаралық қоғамдас­тық­тың толық құқықты мүшесі деп айтты. Біз барлық халықаралық құқық жөніндегі көпшілікке танылған актілерге қосылдық. Осыған байланысты, біз еш­кімге Конституциямен және заңдар­мен бекітілген адам құқықтарын бұзуға және елдің имиджін төмендетуге жол бермеуіміз керек.

Түскен өтініштерді талдау бойынша елі­мізде азаматтардың конституциялық құ­қықтарының бұзылуы жалғасып жатыр. Олардың ішінде: негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тарту және соттау, сондай-ақ кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау, лаузымды тұлғалардың қыз­мет бабын теріс пайдалануы, бостан­дық­тан айыру орындарда ұстау режімін бұзу, дәлелсіз тұтқынға алу, қылмыстық істер бойынша дәлелдерді фальсифика­ция­­лау, тергеу жүргізудің және қыл­мыс­тық және аза­маттық істерді соттарда қарау мерзім­дердің ұзақтығы, заңсыз жұмыстан босату, тұрғын үй, зейнеткерлік құқық­тарын және медициналық қамтамасыз ету құқығын бұзу және т.б. Комиссия алғаш­қы тергеу ор­ган­дардың заңдылығын сақ­тау­ды бақы­лау жүргізетін орган емес екенін және түс­кен өтініштер бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ екенін есепке алып, осы өті­ніштер зерттеліп және қоры­тынды жасал­ған соң прокуратура орган­дары­на қарау үшін жолданады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия үкіметтік емес ұйымдарды өзінің тең дә­режедегі әріптесі ретінде танитынын баса айтқым келеді. Елбасының Жарлы­ғы­мен бекітілген «Қазақстан Респуб­ли­касында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжы­рым­дамасын» Комиссия күнделікті қыз­метінде кеңінен қолданады.

Біз үкіметтік емес ұйымдармен өз ын­ты­мақтастығымызды одан әрі жан­дан­дыра түспекпіз. Конференциялар, дөңге­лек үстелдер, семинар-тренингтер, оты­рыстар өткізу, тергеу изоля­тор­лары мен түзеу мекемелеріне, құрылыс объекті­лері­не және әлеуметтік саланың басқа да мекемелеріне бірге бару шең­беріндегі кездесулер кеңінен тараған.

Комиссия өкілдерінің өзі де үкі­мет­тік емес құқық қорғау ұйымдары өткі­зе­тін іс-шараларға түрлі әдістемелік және ақ­па­рат­тық көмек көрсете отырып, белсене қаты­са­ды. Өзара екі жақты тиімді келісім бо­йын­ша үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дарына келіп түскен аза­мат­тардың күрделі шағымдарын қарау тәжі­рибеге енгізілген. Үкіметтік емес ұйым­дар өкілдері Адам құқықтары жөніндегі комиссияның және оның сараптамалық кеңесінің құра­мы­на кіреді. Азаматтық қоғам институт­та­ры­мен адам құқық­тары саласындағы әріп­тестік қатынас­тар­ды дамыту үшін Адам құқық­тары жөніндегі комиссияның құра­мы­на аза­мат­тық қоғамның барынша таны­мал жә­не беделді өкілдерін енгізе оты­рып, са­палы түрде өзгерту ұйғарылды.

Адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің құрамдас бір бөлігі болып табы­ла­тын үкіметтік емес құқық қорғау ұйым­дар да өз тараптарынан Комиссия­ның жұ­мы­сына оң бағаларын беріп, әр­дайым өзара іс-қимыл жасауға дайын екен­дерін білдіріп отырады. Комиссия өз тарапынан үкі­мет­тік емес ұйымдар тура­лы заңнаманы жә­не құқық қолдану прак­тикасын жетілдіру туралы ұсыным­дарын Мемлекет бас­шы­­сына, Парламентке жә­не Үкіметке жібереді.

Қазіргі замандағы адам құқықтары – жал­пыадамзаттық мәдениеттің қуатты бө­лігі. Ал дипломатия мемлекетаралық қа­тынастарды қалыптастыруда ғана емес, адам құқықтары саласындағы ха­лық­ара­лық ынтымақтастықты дамыту мен ны­ғайтуда да шешуші рөл ат­қарады. Сон­дық­тан бүгінгі қолданы­лып жүрген адам құқықтарын қор­ғаудың халықара­лық әмбебап және өңірлік тетіктері нақ осы дипло­матиялық өнердің арқасында сәтті әзірленген. Демек, сөзімді қо­ры­тын­ды­лай келе, адам құқық­тарының мә­ні­­сін мен мынандай формуламен анық­таған болар едім: «Адам құқық­тары – жоғары құн­ды­лық, оны құр­меттеу, сақ­тау және қорғау – мем­лекеттің міндеті»



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Үкіметтік емес ұйымдар: мазмұны, түрлері.

  2. Ұлттық құқықты қорғаудағы үкіметтік емес ұйымдардың маңызы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Искакова Г.К. Современность: права и свободы человека. Монография. Семипалатинск, 2013.-299 с

  2. Сборник документов по международному праву в области защиты прав человека. Алматы: САК, 2003.- Т.1. – 576 с.

  3. Права человека. Основные международные документы. - М.: Международные отношения, 2009. - 157 с.




13. Адам құқықтарын бекітудегі саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі

Тақырыптың мақсаты: қарастырылып отырған мәселеле бойынша негізгі анықтамаларға сипаттама беру, жан-жақты қарастыру, сипаттама беру.

Жоспары:


Саяси партиялардың жалпы ұғымы. Азаматтық қоғамның институттары. Саяси партияларды құрудың құқықтық тәртібі. Саяси партиялардың тіркелу тәртібі. Саяси партиялардың бағдарламалары.Саяси партиялар қозғалысы. БАҚ ұғымы және әрекеті.

Кез келген қоғамның саяси жүйесі әрқашан дамуда және өзгерісте болады. XIX, XX ғасырларда және XXI ғасырдың басында Қазақстан халқы мәні және түрі жағынан үлкен айырмашылығы бар 4 саяси жүйенің ауысуын басынаң өткізді: дәстүрлі «номадтық», ресейлік «императорлық-монархиялық», кеңестік «псевдо-федералистік», қазіргі заманғы «республикалык-демократиялық». Қазақстан қоғамының құрылымдық саяси салаларын өзгерістер мен маңызды трансформациялық бастамалар қамтыған. Мемлекеттегі билік құрылысы мен ұйымдасуы егеменді мемлекетті құру кезінде аса үлкен маңызға ие болды. Мемлекеттіліктің болмысы егеменділіктің қалыптасуымен не бұл мемлекеттіліктің құлдырап, басқаларға тәуелді болуымен анықталады.

Трансформация кезеңіндегі басқа да мемлекеттерге де сиякты Қазақстан үшін биліктің саяси құрылымының тиімді үлгісін таңдау, биліктің шиеленіссіз өзара әрекеттесуін ұйымдастыру мәселесі тұрды. XX ғасыр аяғында Қазақстан өз тарихының жаңа парағы - тәуелсіздік қарсаңында тұрды. КСРО-дағы реформалар шеңберінде Қазақстанның саяси және экономикалық дербестігін бекітуге бағытталған белсенді қадамдар жасалды. «Қазақ ССР Президенті лауазымын қалыптастыру туралы және Қазақ ССР-ның Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақ ССР қабылдаған заңға сәйкес президент институты бекітіліп, 1990 жылдын 24 сәуірінде Республиканың Жоғары Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ ССР-ның түңғыш Президентін сайлайды. 1990 жылдың 25 қазанында елдің жоғары заң шығарушы органы егеменді Қазақстан қазірғі заман тарихында үлкен бетбұрыс болған «Қазақ ССР мемлекеттік егеменділігі туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл елде мемлекеттік биліктің үстемдігін және оның сырткы саяси қарым-қатынастарда оның тәуелсіздігін жариялау туралы мемлекеттің алғашкы ресми бағдарламалық мәлімдемесі болды. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының тілегін білдере, бірігу мен халықтар достастығын бекітуді маңызды мақсаттардың бірі ретінде есептеп, республиканың барлық азаматтарының лайықты және тең жағдай өмір сүруін қамтамасуз етуге, адам құқықтарының Декларациясын және ұлттың өзін-өзі анықтау деген құқығын мойындай, қазақ ұлтының тағдыры үшін жауапкершілікті сезіне, адамгершілік демократиялық кұқыктық мемлекетті құру шешімін сезіне отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасынын мемлекеттік егеменділігін жариялап, осы декларацияны қабылдайды.

Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы егеменді мемлекет бола отырып, басқа мемлекеттермен егеменді республикалардың Одағына ерікті түрде бірігеді және келісім-шарт негізінде өзара қарым-қатынас жасайды. Қазақ ССР Одақтан ерікті түрде шығу құқығын өз үлесіне қалдырады.

Еріксіз түрде Қазақ Автономды республикасының алғашкы Құрылтай съездінде (4-12 қазаң, 1920ж. Орынбор) Қазақ АССР-ның енбекшілері кұқықтарының Декларациясының қабылданыуымен, ОСК және СНК сайлаумен қазақ халқының тарихында алғаш рет оның ұлттық мемлекеттілігін қалыптастыруға бағытталған 1920 жылдардағы оқиғалар еске түседі. Бірақ тоталитарлық-коммунистік режим жағдайында тәуелсіздік пен егеменділік жоққа шығарылып, тек 1990 жылдың қазаңында ғана Қазақстан шын мәнісінде тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік алды. Сонымен, Егеменділік туралы Декларация Қазақстан тәуелсіздігінің саяси-құқықтық қайнар көзі бола отырып, кейінірек Қазақстан дамуының болашақ үлгісін анықтаған болатын.

90 жылдардың басындағы саяси жағдай ерекшеліктері Қазақстан қоғамының барлық күштерінің бірігуін талап етті. Үш славян мемлекеттерінің жетекшілері 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежде, Белоруссия басшыларының (кезінде Никита Хрущевтің) резиденциясында келесі құжатқа қол қойды: «КСРОдағы халықаралық құқық ретінде және геосаяси шынайылылық ретінде өз өмір сүруін тоқтатты». 16 қазаңда 1991ж. Қазақ ССР-ның Президентін сайлау туралы жарлыққа қол қойылды. Мемлекет басшысы басталған реформаларды жалғастыруда бүкіл халықтың сенімін алу үшін Қазақстан Президентінің бүкіл халықтық сайлауын өткізу саяси шешімін қабылдайды. 98 пайыз Қазақстандықтардың қолдауына ие болып, 1 желтоқсан 1991 жылы Н.Ә.Назарбаев бүкіл халықпен сайланған тұңғыш президент болды. Парламентпен емес, бүкіл халықпен сайланған президенттің саяси беделі халықаралық аренада да, елде де өлшеусіз жоғары болды. Ал мемлекет 10 желтоқсан 1991 ж. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы деп жарияланды.

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюы және жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін жариялау тарихтағы өмірлік маңызға ие болды. Егеменділікті жариялаумен Қазақстан Республикасы парламентаризмінің тарихы басталды. Қазіргі заман жағдайында парламентаризмнің қалыптасу және даму процесі үлкен қызығушылық танытты.

25 наурыз 1990 жылы Қазақстанда Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесіне шақырылымына Қазақстан тарихында алғаш рет тұңғыш демократиялық сайлау өткізілді. 1990ж. пайда болған алғашқы парламент 1990 жылдың сәуірінен 1993 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етті. Ескі номенклатуралық элитаны кетіру оның мәні болып табылды. Қазақстан территоряисында ешкашан заң шығарушы және өкілдік органға мұндай бәсекелескен сайлау өткізілмеген. Сайлау алдындағы күреске 360 депуттаттық мандат үшін 2 мыңнан аса үміткерлер қатысып, республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 жуық адам сайланды. Бұл саяси жүйенің трансформациясын білдірді. Өзіндік заңнама негізін салу қазақстандық парламенттің маңызды мақсаттарының бірі еді. Бұл бір палаталы парламент Қазақстан Республикасының мемлекеттік кұрылыс негіздерін және тәуелсіздігін бекітетін «Мемлекеттік егеменділік туралы Декларацияны», «Мемлекеттің тәуелсізідігі туралы» Конституциялық Заңды, алғашқы посткеңестік Конституцияны (28 қаңтар 1993ж.) қабылдады; 265 заң қабылдап, жеткілікті деңгейдегі заңнамалық негізді салды. Сонымен, Қазақстан Республикасының егеменділігін және тәуелсіздігін дамытуға кажет заңнамалық негіз, ұлттық тәуелсіздікті, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына кепілдікті қамтамасыз етудің сапалы жана кезеңіне ауысу бастамасы салынды. Алайда КОКП жетекші рөлімен тығыз байлынысты және тәуелді болуы Кеңестің билік құрылымы ретінде жағдайы басқа жүйелі сипаттамалардың өзгеру сәтінен бастап құлдырай бастады. Байланыстырушы элемент ретінде коммунистік партияның саяси алаңнан кетуімен жүйе құлдырады. Күрделі әлеуметтік-экономикалык және саяси жағдайлар биліктін заң шығарушы және өкілдік органының тұракты негізде жұмыс істеп, қызметінің өзгеруін талап етті. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес Жоғарғы Кеңес биліктің бөліну принципін жүзеге асыруды қиындататын үлкен өкілеттіктерге ие болды. Бұл өкілді органға үкіметтің қызметіне араласуға немесе оны ауыстыруға мүмкіндік берді. 1993 жылдың күзінде Кеңес түріндегі өкілдік органдар жүйесі құлдырады. Өзін-өзі таратудың бұқаралық процесі парламенттің өзімен Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы Заң қабылданады. Тереңдетілген реформаларды жалғастыру үшін Президенттің тікелей қатысуымен және басшылығымен құрастырылған жаңа Конституцияны қабылдау туралы республикалық референдум үлкен маңызға ие болды. Нәтижесінде 1995 жылдың 30 тамызында тұрақтылықты қамтамасыз ететін биліктің бөліну принципінің нақты жүйесі жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданады. 1995 жылғы Конституция негізінде өз қызметін 1996 жылдың 30 қаңтарында бастаған жаңа екі палаталы парламент қалыптасты.

1999 жылдың күзінде Орталық Азияда алғаш рет Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне парламенттік типтегі саяси партиялардың құрылу процесін тездеткен және жандандырған пропорционалды өкілеттік негізінде партиялық тізім бойынша (10 депутат), Парламентке саяси партиялардың сайлануына мүмкіндік берген аралас тәсілмен сайлау өткізілді. Мажоритарлы бір мандатты округтерде 547 үміткер тіркелді (1 орынға 8 адам). 2007 жылғы Конституциялық реформа Қазақстанда жаңа сападағы саяси жүйенің пайда болуына мүмкіндік берді деп айтуға болады. Парламенттің өкілеттіктерінің кеңейтілгендігін сипаттайтын Конституциядағы өзгерістер мен толықтырулар президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқару түріне ауысуға мүмкіндік берді. Оның құрамындағы депутаттар санының ұлғаюы Мәжіліске сайлану тәртібін өзгертті, мемлекетке саяси партияларды қаржыландыруға рұқсат беріп, жергілікті өзін-өзі басқару институтын күшейтті. Парламенттік көпшілік негізде үкіметтің қалыптасуы және қызмет етуі маңызды, себебі Премьер-Министрді және оның кабинетін бекітуде негізгі рөл Мәжіліске тиесілі болды. Үкімет құрамын парламенттік көпшіліктегі Фракциялар қалыптастырады.

Сонымен Қазақстан Республикасының Парламентіне демократиялық мемлекеттің саяси жүйесінде және конституциялық механизмінде жетекші рөл берілді. Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет ретінде біртіндеп бекіту саяси-құқықтық механизмдері бар дамыған парламентаризмге деген талпынысын білдірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет