2. Физиологияның даму кезеңдері.
Басқа да биологиялық ғылымдар іспетті физиология ертеден дамыған. Байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғұламалары, дәрігерлері организмнің құрылысы, тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған.
Организмнің тіршілік іс-әрекетін бақылау және тәжірибелер арқылы ұғынатын ғылым ретінде физиология XVI-XVIIIғғ. Арасында қалыптасты.
Физиологияның дамуының екінші кезеңі 1628 жылдан бастап санайды. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер Уильям Гарвей (1596-1650) өзінің «Жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеулері» деген ғылыми еңбегін басып шығарды.
Гарвей жаңалықтарынан кейін организмнің функцияларын тәжірибе арқылы зерттеу көбейіп, физиологияның екінші даму кезеңінде көптеген жаңа ғылыми мәліметтер анықталды.
1748 жылы орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломонов тұңғыш рет жаратылыстанудың негізгі материя мен энергия сақталу заңын ұсынды.
XVIII ғ. Аяғында итальян физигі Луиджи Гальвани тканьдердегі электр құбылысын ашты.
Ғылым тарихында «Орыс физиологиясының атасы» деп танылған И.М. Сеченов бірінші болып қандағы еріген газдарды шығарып алып талдау жасады, тірі организмдегі әртүрлі иондардың қызметін анықтады, орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жиынтықтау құбылыстарын көрсетті.
Физиологияның бұл даму кезеңінде орталық жүйке жүйесін зерттеуге зор үлес қосқан орыс ғалымдары Н.Е. Введенский, Ф.В. Овсянников, И.А. Миславский, А.А. Ухтомский.
Физиологияның даму тарихының үшінші, Павловтан кейінгі кезеңі басталды. Оның алғашқы екбектері қан айналымының реттелу механизмдеріне арналды.
И.П. Павлов жүрек-тамыр жүйесін тексерумен қатар ас қорыту физиологиясын зерттеді. Ол организмнің қоршаған ортамен өзара байланысы, оның құбылмалы жағдайлары жоғары іс-әрекеті арқылы атқарылатынын дәлелдеді. Әсіресе, шартты рефлекстердің қалыптасу мен тежелу заңдылықтары жоғары жүйке іс-әрекетінің типтері, олардың тәжірибелік неврозда бұзылуы, ұйқы гипноз, сигналдық жүйелердің басым негіздерін анықтады.
И.П. Павлавқа 1935ж. Халықаралық XV физиологиялық конгресс «дүние жүзілік физиологтардың атасы» деген құрметті атақ берді.
Достарыңызбен бөлісу: |