Мақсаты: Адам физиологиясы ағзаларының арасындағы біртұтастығы жайлы мәліметтерге мән бере отырып оның қоршаған орта мен байланысының арасындағы құбылыстар жайлы мәліметтерді қалыптастыру.
Міндеттері: мүшелер, мүшелер жүйесі, біртұтас ағзаның қызметі жайлы заңдылықтар мен механизмдері туралы қазіргі көзқарастар мен байланыстыру;
– мамандардың кәсіби шығармашылық деңгейін қалыптастыру;
– физиологиялық эксперименттер жүргізу үшін шеберлігін, іскерлігін дағдыларын қалыптастыру;
– ағзаның резервтік бейімделу қабілеттілігін бағалауда базалық білімін нығайту;
– гомеостаз, гомеокинез және ағзалардың өзін-өзі реттеу қызметі жайлы түсініктерді қалыптастыру;
– теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыру әдіс тәсілдерін үйрену мүмкіндігін арттыру.
Құзыреттері (оқытудың нәтижелері): Инструментальды: Қалыпты жағдайда және қоршаған ортаның әртүрлі факторлардың әсерінен адам және жануарлардың организм қызметінің физиологиялық негіздерін біліп, талдауға қабiлеттiлігі болу керек. Электрондық мәліметтер, әдебиеттерден қажетті ақпараттарды таңдап алу және талдауға қаблеттілігі болу керек. Физиологиялық эксперименттерді жүргізу және ағзаның функционалдық деңгейін бағалауды білу керек.
Тұлға аралық: Топтарда жұмыс істеу қабілеттілігі, пәнге және әріптестерге өз көзқарасы және өзара сынға қабiлеттiлiгі болу керек.