«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет14/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

3. физиология ғылымының Қазақстанда даму. Физиология ғылымының қазақ жерінде дамуы барысында, оның іргетасын қалаған – атақты ғалым, академик А.П. Полосухин (1901-1965) болатын.Ол Қазақстанда алғашқы ғылыми-зерттеу физиология институын ашып, қан айналы жүйесі мен бұрын тексерілмеген лимфология саласын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Республикамызда белгілі ғалымдар: академик Т.Ш. Шарманов, Х.Қ. Сәтбаева, Н.О. Базанова, К.Т. Тәшенов, Х.Д. Дүйсенбин, т.б дамуына үлес қосты.
Сонымен физиология-дені сау адамның тіршіліг мен кінаратсыз өмір салтының теориялық негіздерін жасайтын ғылым.
1.1. Қозғыш тканьдер физиологиясы
1.2. Қозғыштық және қозу
1.3. Қозғыш тканьдер және олардың қасиеттері
1.4. Қозғыш тканьдердегі электрлік құбылыс
1.5. Тұрақты тоқтың тканьдерге әсері


1.1. Қозғыш тканьдер физиологиясы

Тірі клеткаға тән басты қасиет – оның тітіркендігіштігі, яғни тітіркендірудің әсерінен зат алмасу үдерісінің өзгеріске ұшырау арқылы жауап беру қабілеттілігі.


Қозғыштық – клетканы тітіркендіргенде қозу арқылы жауап беру қасиеті. Қозғыш ткандерге нерв, ет және кейбір секрет бөлуші клеткалар (бездер) жатады.
Тірі клеткаларға тән тағы да бір ең маңызды қасиет – электрлік қозғыштығы немесе электр тогымен әсер еткенде қозу арқылы жауап беру қабілеттілігі.
Қозғыш тканьдердің осындай жоғарғы сезімталдығын, әсіресе, өте әлсіз электр тогының әсерінің қозу қабілеттілігінің болатынын құрбақаның артқы аяғының нерв – еттен жасалынған препаратты қоздыру барысында ең алғаш Л. Гальвани тәжірибе жүзінде көрсетті.
Егер осы перепаратқа әртүрлі металдарды бір-біріне жалғастырып тигізетін болсақ (мысалы, мыс пен цинк), бір пластинкаға етті, екіншісіне нервті, сол кезде ет жиырылады (Гальванидің бірінші тәжірибесі).
Гальванидің тәжірибесінен жан-жақты талдау жасай отырып, А. Вольт: электр тоғы клеткада пайда болмайды, ол әртүрлі металдардың электролитпен жанасқан жерінде, себебі ткань сұйықтығы тұздардың ерітіндісінен тұрады деген қорытынды жасады. Осы зерттеудің нәтижесінде А. Вольт жаңа құрал жасап, оны “Вольт бағанасы” деп атады (ол бірінен кейін бір қағаз орналасқан цинк және күміс пластинкалардан, оның аралары тұзды ерітіндіден дымқылданған қағаз арқылы бөлінген).
Бірақ өзінің тәжірибесінің дұрыстығын дәлелдеу үшін Л. Гальвани екінші тәжірибе жасайды: етке етті реттеуші нервтің ұшын осы еттің бетіне жанастырғанда еттің жиырылғаны байқалды (Гальванидің екінші тәжірибесі, металсыз).
Сонымен, Л.Гальвани өзінің көзқарасын анықтап, дәлелдеп әрі қарай дамытты. Ең бірінші, “жануарларда электрлік құбылыстың” болатынын дәлелдеп берді, яғни тірі клеткаларда электр тогының болатындығын, тірі клеткаларда электр құбылысы болатынын “екінші тетанус” тәжірибесінде толық дәлелдеп берді. Осы тәжірибені жасаған Маттеучи: “нерв – ет препаратын электр тогымен тітіркендіріп, перепаратта пайда болған биотокпен екінші препаратты тітіркендіргенде, электр тогы пайда болады” – деген.
ХІХ ғасырдың аяқ кезінде Л.Герман, Э.Дюбуа – Реймон, Ю. Бернштеиндердің зерттеулерінің нәтижесінде, тірі клеткалардағы электрлік қозудың пайда болуы клетка мембранасында орын алатындығын дәлелдеп көрсетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет