«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет63/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Тыныс алу коэффициенті дегеніміз – белгілі бір уақыт ішінде денеден шыққан СО2 газ бен денеге сінген О2 мөлшерінің аралық жасы.
ТАК=VCO2/VO2
Тотыққан көмірсуда ТАК= терең дем алған кездегі тыныс жолынан шыққан СО2 өкпеге сіңген О2 мөлшеріне тең болады. Белок пен май тотықса, ТАК төмен, әсіресе, тотыққан майда одан да төмен 0,7. Оның себебі, майдың молекуласында О2 атомы тотығатын көміртегі атомынан әлдеқайда аз. Көміртегі толық тотығу үшін ауадан келіп түсетін (жұтылатын) оттегі әлдеқайда көп болуы тиіс.
Мысалы, глюкоза мен үш пальмитин майының тотығу дәрежесін салыстырайық:

  1. С6Н12О+СО2→ 5СО2+6Н2О.

Яғни глюкоза моль, оттегі мен көміртегі атомы сан жағынан тең болғандықтан, сырттан келіп түскен оттегі аз болады: ТАК=СО22=1.

  1. Үш пальмитин майының молекуласында (СН3О515Н3КО)3) оттегі атомы сан жағынан тотығатын көміртегі мен сутегі атомдарынан әлдеқайда аз, сондықтан сырттан келетін оттегі де көп (145О2) болады.

2С 3Н(С15Н31СОО)+145О2=102 СО2+98Н2О
ТАК= 102СО2/146О2 = 0,703
Сондай-ақ белоктар ТАК – 0,8.
Адам денесінде тотығатын қоректік заттың түрі тағам рационының құрамына байланысты. Рационда белок басым болса, көбінесе, денеде белок тотығады, ал май басым болса, көмірсу тотығады.
Қорыта келгенде, ТАК арқылы оттегінің калориялық эквивалентін тауып, оны белгілі бір мерзім ішінде сіңген, жұтқан оттегі мөлшеріне көбейтіп, денеден шыққан энергия мөлшерін білуге болады.
Негізгі зат алмасу. Жұмсалған энергия мөлшері сыртқы ортадағы температураға, істелген жұмысқа, астың сапасына, оның мөлшеріне, денедегі зат алмасу қарқынына, т.б. жағдайларға байланысты.

Энергия жұмсалу стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жұмсалатын энергиямен салыстырылады. Стандартты жағдайда жұмсалған энергия негізгі алмасу деп аталады.
Ауаның t0 18-200 аш қарында, яғни соңғы рет ас ішкеннен кейін 14 сағаттан кейін зерттеледі.
Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты. Жұмсалған энергия мөлшері салмаққа байланысты болғандықтан ол адамның 1 кг салмағына жұмсалатын энергиямен белгіленеді. Бойы 170 см, 25-40 жастағы адам 1 сағат ішінде салмағының әрбір килограмына 1ккал (4,2 кДж) энергия жұмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тәулігіне денесінен 1770 ккал (7177 кДж) энергия бөліп шығарады.


10-ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет