8.6. Лимфа айналымы. Лимфа жүйесінің құрылысы
Адамда және жылықанды жануарларда лимфа жүйесі мынадай құрылымдардан тұрады: 1) Лимфа капиллярларынан. Олар бір ұшы тұйықталған эндотелиалды түтікшелер, барлық мүшелер мен тканьдер ішіне кіріп жатады. 2) Мүшелер ішінде капиллярлардан кейін бір-бірімен байланысып жатқан және майда қақпақшалармен қамтамасыз етілген лимфа тамырлары. 3) Мүшеден шығып сыртқа таралған лимфа тамырлары. Олар басты лимфа бағаналарына барып қосылады, өзінің ұзына бойы жолында үзіліп, лимфа түйіндерін түзейді. 4) Басты лимфа өзегі, кеуде және оң жақ лимфа өзегі мойынның ішкі венасына құяды.
Лимфа дегеніміз не? Ол қалай түзіледі деген сұраққа тоқталайық.
Лимфа дегеніміз – тканьдерде пайда болған сұйықтықтар. Олар лимфа жүйесі арқылы қанның құрамына қайтып келеді. Лимфа ткань сүйықтығынан түзіліп, клетка аралық кеңістіктерге жиналады. Лимфаның түзілу механизміне келетін болсақ, капиллярлар арқылы қозғалған сұйықтықтар эндотелиялар арқылы гидростатикалық және осмостық қысымның арақатынасының айырмашылығына байланысты анықталады. Қарсы бағытталған гидростатикасын қысымға қарсы тепе-теңдікті сақтау үшін қан капиллярындағы осмостық күш қан плазмасын қан тамырда ұстап тұруға тырысады. Бірақ белок молекулаларының аздаған мөлшері қан тамырларына шығып, клетка аралық кеңістікке ауысады. Ал ткань сұйықтығындағы жиналған белок ондағы осмостық қысымды жоғарылатады да тепе-теңдікті бұзады. Соның нәтижесінде белоктың концентрациялық градиенті өзгеріп, лимфа капиллярларына қарай өтеді.
Плазма белоктарының мүшелерден ткань сұйықтығына, одан кейін лимфа каппиллярына өтуі әртүрлі органдарда әртүрлі. Мысалы, өкпеде – 4%, асқазан жолында – 4,1% жүректе – 4,4%, бауырда – 6,2%.
Лимфаның құрамында клетка элементтері, белоктар, липидтер, төменгі молекулалы орг қосылыстар (амин қышқылы, глюкоза, глицирин), электролиттер болады. Лимфаның клетка элементтері негізінен – лимфоциттер. Монофагтар, моноциттер аздау, гранулоциттер көптеу. Холестерин, фосфолипидтер лимфада липопротеин түрінде болады.
Лимфаның қозғалысы, лимфаның ағысы оның түзілген кезінен басталады. Басты факторы капиллярлардағы гидростатикалық қысымға байланысты.
Қанның бір минуттық айналымы кезіндегі 5-6 литр қаннан капилляр қабырғасы арқылы 15 мл сұйық сүзіліп отырады. Осыдан 12 мл қайтадан сіңеді (реабсорбция). Ал клетка аралық кеңістікте 3 мл ғана қалады. Ол кейіннен қанға келіп құяды. Егер бір сағатта ірі лимфа тамырларына 150-180 мл лимфа келсе, тәулігіне кейде лимфа өзегіне
4 л лимфа келіп, кейін жалпы қан жүйесіне қайта ағып келеді.
Лимфа тамырларындағы сұйықтықты қозғаушы күш лимфангиондардың белгілі бір ырғақпен жиырылуы.
Лимфангиондар түтікше тәрізді майда жүрекшелер немесе “микро-жүрекшелер”, оның өзінің құрамында активті элементтері бар, етті “манжеткалары” мен қақпақшалары жақсы дамыған.
Лимфаның басты қызметі - белоктарды, электролиттерді және суларды клетка аралық кеңістіктен қанға қайтып әкелу.
Тәулігіне қанға 100 г белокты қайтып құяды. Ағзадағы клетка-тканьдердегі бөгде заттарды (бактерия) усыздандыру қызметін атқарады. Лимфа тамырлары арқылы лимфа тек ткань мен клеткалардан ағып шығады, былайша айтқанда қан жүйесіне қайтып келіп құяды. Лимфа тамырлары кәдімгі дренаж жүйесі сияқты мүшелердегі, тканьдердегі клеткалары артық сұйықтарды жинап алып, бөліп алып отырады.
Венаға келіп құйылмас бұрын лимфа сүйықтығы лимфа түйіндерінен, былайша айтқанда биологиялық фильтрден (сүзуден) өтеді. Осы жерде кейбір бөгде заттар, мысалы, бактериялар ұсталып отырады.
9-ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |