«Адам және жануарлар физиологиясы» пәні, негізгі оқу пәні ретінде биология және биотехнология факультетінің биология, биотехнологияның және биология педагогика мамандықтары бойынша 3-курс студенттеріне оқылады



бет65/103
Дата12.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#477263
түріБағдарламасы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103
ЛЕКЦИЯ АЖФ сонгы

Ұйқы безі. Асқазанның астында орналасқан. Оның денесі үш бөліктен тұрады: бас бөлігі, денесі және арқа бөлігі (құйрық). Ұйқы безінің бас бөлігін таға тәрізді он екі елі ішек қоршап жатады, ал артқы бөлігі (құйрық) талақтың үстіне орналасқан. Ұйқы безінің клеткалары ұйқы безі сөлін бөліп шығарады. Оның құрамында белокқа, майға және көмірсуларға әсер етіп, оларды ыдырататын арнаулы ферменттер бар. Мысалы, трипсин ферменті белоктарды аминқышқылына дейін ыдыратады, ал липоза – майларды глицерин мен май қышқылына, ал амилоза және мальтоза ферменттері жай глюкозаға (қант) ыдыратып отырады.
Ұйқы безінің сөліндегі барлық ферменттер тек сілтілі ортада ғана өзінің активтілігін көрсете алады.
Бауыр – біздің денеміздегі ең ірі бездердің бірі. Оның салмағы 1,5 кг-ға дейін болады. Ол без кеуде жағымыздағы көк еттің астында орналасқан. Бауыр бөлек-бөлек болып орналасқан безді клеткадан тұрады. Бауыр бөліктері дәнекер тканьдермен бір-бірінен бөлініп тұрады. Оларға нерв тканьдері, қан тамырлары осы қабат арқылы өтіп отырады. Бауырда түзілетін өттің қызметі ас қорыту үшін өте маңызды. Өт майлы тағамдардың ыдырауына және оның ішекке сіңірілуіне көп көмегін тигізеді. Бауырда пайда болған өт, сонда орналасқан өт қабына келіп құйылады. Ал ішекке, әсіресе, он екі елі ішекке өт адам тамақ ішкен уақытта ғана келіп құяды.
Екінші жағынан бауыр біздің денеміздегі сүзгіштік қызметін атқарады. Оны мынадай мысалдан көруге болады. Үлкен қақпа венасы қандары ас қорыту органдарынан, ұйқы безінен және талақтан бауырға келіп құяды. Өздеріңіз білесіздер вена қаны таза қанға жатпайды. Олардың құрамында неше түрлі зиянды заттар бар. Осы зиянды заттарды бауыр усыздандырады, зәр шығару органдары арқылы сыртқа шығарып отырады. Бауырдың осындай қызметін ең бірінші И.П.Павлов зерттеген.
10.2. Ас қорыту бездерінің қызметін зерттеу

Бездерден ас қорыту сөлдерінің бөліну жолы екі түрлі физиологиялық үдерістермен реттеліп отырады. Біріншісі – нерв жүйесі арқылы реттелсе, екіншісі гуморалдық (“гумор“ деген латынның – сұйықтық деген сөзінен шыққан) жолмен реттеледі. Енді осы бездерден сөл қалай бөлінеді соған қысқаша тоқталайық. Ауыз қуысында, тілдің үстінде және қарынның қабырғасында орналасқан рецепторлар бар екенін білеміз. “Рецептор“ деген латынның қабылдаушы, алушы деген сөзінен шыққан. Басқаша айтқанда, нерв талшықтарының ұшында орналасқан нерв клеткаларының сезімтал бөлігі. Сонымен, ауыз қуысына, қарынға қоректік зат келіп түскен уақытта қабылдағыш нервтің сезімтал рецепторларын тітіркендіреді. Осы тітіркендіруден пайда болған қозу импульсі сезгіш нерв талшықтары немесе ортаға тепкіш арқылы бас миының бір бөлігі сопақша миға жеткізіледі. Ал сопақша мидан шыққан жауап кері қарай орталықтан тебілген нерв талшықтарымен бездерге келіп жетеді де, бездерден осы тітіркенуге жауап ретінде сөл бөлу үдерісін күшейтеді. Бұл үдерісті сөл бөлінудің нерв жүйесі арқылы реттелуі деп атаймыз.


Ал гуморалды жолмен сөл бөлудің реттелуі ішкі секреция бездері сығылатын гормондар арқылы жүреді. Мысалы, парасимпатикалық талшықтарының ұштарынан медиатор (нерв қоздырушы химиялық зат) ацетилхолин бөлініп, сөл бездерінің клеткаларын қоздырып, одан сөлдің бөлініп шығуын күшейтеді. Ол, көбінесе, сұйық сөл бөлуге әсерін тигізеді. Ал, егер симпатикалық нерв системасының талшықтарынан бөлінетін гормон норадреналин осы бездердің клеткаларына әсер еткенде, сөл бездерінен өте қою сөл бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет