ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ
13-дәріс жоспары
11.1. Бүйректен қан айналумеханизмі және оны реттеу
11.2. Зәр түзу механизмі
Ақырғы өнімдерді бөлуге қатысатын басты мүшелер: бүйректер, өкпелер, тері бездері, асқазан-ішек жолдары. Өкпеде СО2, су буы, кейбір жеңіл газ тәрізді заттар (эфирдің буы, алкоголь) болады. Ал сөл бездері, асқазан және ішек бездері ағзаға түскен ауыр металдар, дәрі заттар, салицилаттар, бөгде органикалық заттар, әсіресе осы бездердің рөлі бүйректің қызметі төмендегенде жоғарылайды.
Осылардың ішінде бүйректер ең маңызды да, басты мүше болып табылады. Бүйрек арқылы бөлінетін азоттық өнімдердің алмасуынан пайда болатын ақырғы өнімдер және бөгде заттар: мочевина, зәр қышқылы, креатинин, аммиактар, мочевина белок алмасу кезінде түзіледі. Мысалы, тәулігіне шамамен, 100 г белоктан 16 г азот немесе 30 г мочевина, нуклеин қышқылынан зәр қышқылы тәулігіне зәрдің құрамымен 0,7 г, ал ет тканінде креатинин түзіледі. Ол сусызданып, креатинге айналып, зәрмен бірге тәулігіне 1,5 г дейін бөлініп отырады. Бүйректе көптеген аминқышқылдары дезаминсіздену үдерісіне ұшырап, оның ішіне глутамин қышқылы нәтижесінде улы зат – аммиак түзіледі. АҮФ жартылай өзіне сутегі ионын қосып алып, аммонийге айналады. Тәулігіне 0,3–1,2 аммиак бөлінеді. Егер бүйректік функциясы бұзылса, онда осы айтылған ақырғы өнімдердің концентрациялары жоғарылап кетеді. Қалыпты мөлшері мынадай:
Зәр қышқылы – 5 ммоль/л;
Мочевина – 0,25–0,30 ммоль/л;
Креатинин – 60–100 мкмоль/л;
Аммиак – 0,03–0,03 мкмоль/л.
Бүйрек, сонымен қатар реттеуші орган болып есептеледі: қанның айналымын (зәр түзілу арқылы) клетка ішіндегі және сыртқы сұйықтықты, осмостық қысымын, плазманың иондық құрамын қышқыл-сілтілік ортаны да реттеуші болып табылады.
Нефрон. Адамның әр бүйрегінде 1,3 млн нефрон бар. Кейбір мәліметтерге қарағанда
4 млн. Егер осы нефронды қарайтын болсақ, әр нефронның ұзындығы 50–75 мм, ал барлық нефронның жалпы ұзындығы 120 км-ге дейін жетеді.
Нефрон екі қабырғалы қапсуламен көмкерілген (Боумен-Шумлян-ский капсуласы), ішінде қан капиллярларының шумағынан тұратын бүйрек денесі (немесе Мальпигии денешігі деп те атайды) болады. Одан кейін проксималды иірілген канал, Генли ілмешегі және дисталды иірілген канал, ол жинаушы түтікшеге барып (құйылады) жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |