10.5. Майлардың алмасуы
Майлар мен липидтер (май тәрізді заттар – фосфаттар, стериндер, цереброзид) физика-химиялық қасиеттеріне байланысты бір топқа бірігеді. Олар суда ерімейді, органикалық ерітінділерде ғана ериді (эфир, спирт, бензол). Пластикалық және энергетикалық алмасуда маңызды рөл атқарады. Пластикалық рөлі клетка мембраналарының құрамына кіреді. Энергетикалық рөлінде ірі жануарлар майы – олеин 3 глицеридтер, пальмитин, стеарин, т. б. жоғарғы сатыдағы май қышқылдары.
Кейбір қанықпаған май қышқылдары, мысалы, линолевая және арахидон қышқылдары адам ағзасында, кейбір жануарлардың ағзасында түзілмейді. Сондықтан да олардың орны толтырылмайтын немесе ауыстырылмайтын майлар деп атайды. Фосфоридтер мен
стериндер клетка құрылымында, әсіресе, клетка мембраналарында, сонымен бірге ядро
және цитоплазмада болады. Әсіресе, нерв ткані фосфатидтерге бай. Фосфатидтер ішектің қабырғасында және бауырда синтезделеді. Бауыр кейбір фосфатидтердің, әсіресе, лецитиннің қоймасы деп есептеледі.
Стериндердің, әсіресе, холестериннің физиологиялық маңызы зор. Бұл да мембраналардың құрамына кіреді, ол – өтті қышқылдың, сонымен қатар жыныс бездерінің және бүйрек үсті бездерінің түзуші қоры.
10.6. Көмірсулардың алмасуы
Басты қызметі – энергия көзі болып есептеледі. Тез ыдырап, қоймадан тез бөлініп шығады. Қандағы деңгейі 4,4–6,7 ммоль/л (80-120 мг%). Әсіресе, ОНЖ қанттың деңгейінің төмендеуін тез сезеді. Қанның құрамында көмірсудың мөлшері 2,8-2,2 ммоль/л 50-40 мг төмендесе, адамның аяқ-қолы дірілдеп, есінен танып, ағыл-тегіл терлейді, терідегі қан тамырлары өзгеріске ұшырайды. Глюкоза ішектен қанға сіңеді. Содан кейін бауырда гликоген түріне синтезделеді. Бұл қоймадағы қант қоры деп есептеледі. Оның мөлшері ересек адамдарда 150–200 гр-ға дейін болады.
Гипергликемия – бұл ағзаға оңай ыдырайтын және тез қанға сіңетін көмірсулар енгенде, оның мөлшері тез жоғарылайды. Бұл жағдайда пайда болған гипергликемия немесе алиментарлы (қорек арқылы) деп аталады. Осының нәтижесінде қант зәрдің құрамымен сыртқа шығып отырады. Оның концентрациясы қанда 8,9–10,0 ммоль/л-ге (160–180 мг%) дейін көтерілетін болса. Егер астың құрамына көмірсу аз мөлшерде болып, ағзада жетіспеген жағдайда май және белокты заттар ыдырауының нәтижесінде түзіледі.
Екінші жолы гликогеннен түзіледі.
Гликоген бұлшық еттерде де жиналады. Оның мөлшері 1-2% шамасында. Фосфорилаза ферментінің әсерінен, әсіресе жұмыс істеген кезде гликоген тез ыдырайды. Соның нәтижесінде энергия бөледі. Қан арқылы келген көмірсуды әртүрлі мүшелер әртүрлі мөлшерде, мысалы, бас миы – 12%, көмірсу, ішек – 9%, бұлшық ет – 7%, бүйрек – 5% өзіне алып отырады.
Жануарлар ағзасында көмірсулардың ыдырауы ауасыз жолмен сүт қышқылына дейін ыдырайды, ал ауаның немесе оттегінің қатысуымен СО2 және Н2О-ға дейін ыдырайды.
Көмірсудың алмасуын реттеу параметрі қандағы деңгейінің 4,4–6,7 ммоль/л аралығында ұстай тұруы басты фактор.
11-ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |