ІІ Жүйелік талдау – қойылған мәселелі жағдайды талдау. Мәселелі жағдайды шешуге арналған сұрақтар: 1. Жүректің өздігінен жиырылуының физиологиялық мәні? Басқа мүшелерден айыр-машылығы неге байланысты?
2. Жүректің қозуды өткізу механизмі.
3. Депрессорлық нейронды кескен кезде артерия қысымы жоғарылау себебін түсіндіріңіз.
4. Физиканың гидродинамика заңын физиологиядағы гемодинамикаға қолдануға бола ма?
ІІІ. Проблемалық есептер – мәселелі жағдайдың негізін құраушы проблемаларды шешу жолдары. 1-есеп. Адам қарқынды жұмыс істегенде жүректің жиырылу қызметі жоғарылайды. Бірақ қанның минуттық көлемі төмендейді. Себебін түсіндіріңіз.
2-есеп.Экстракардиялық рефлекс туындады, осы кезде миокард жасушасында гиперполяризация процесі пайда болды. Қандай эфференттік жүйке жүрекке әсер етті?
3-есеп. Жүрек жиырылғанда тыныстық аритмияның себебін түсіндіріңіз.
4-есеп. Қарт адамдарда пульстік толқынның жылдамдвғын қалай өлшейді?
Миға шабуыл – ситуацияға қатысты идеяларды дамыту.
Осы тақырыпқа қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар
Жүрек ырғағының бұзылуы туралы не білесіздер? Одан шығу жолдары.
Синумтық брадикардия қандай жағдайда туындайды? Оның клиникалық маңызы неде?
Экстрасистолия қандай жағдайда туындайды? Оның клиникалық маңызы.
Жүрек ауруларының алдын алуда қолданылатын халықтық медицинаның емдеу жолдары туралы не білесіңдер?
Жүрек бұлшықетін халықтық емдеу жолымен тазалау түрлері.