12. Жиырылдырғыш белокқа жатпайды:
А) Актин;
В) Миозин;
С) Пропомиозин;
D) Тропонин;
Е) Миоглобин.
13. Бұлшық еттің жиырылу механизмінде маңызы зор ион:
А) Na+.
В) K+.
С) Cl-.
Д) Ca++.
Е) Mg++.
14. Бірынғай бұлшық етінің негізгі құрылымдық бірлігі:
А) Саркомер;
В) Миоцит;
С) Саркоплазмалық ретикулум;
D) Миофибрилл;
Е) Протофибрилл.
15. Бұлшық етті қозу табалдырығына тең күшпен, 1 Гц жиілікпен тітіркендіргенде туатын жиырылу:
А) Сіресіп жиырылу.
В) Изометрлік.
С) Дара жиырылу.
Д) Ауксотониялық.
Е) Концентрлік.
Жүйке жүйесінің физиологиясы
1. Гипоталамустың қызметі:
А) Белгілі бір бағытта мінез-құлық, сана-сезімді қалыптастыру және еттердің ырыққа байланысты қозғалысын бақылау;
В) Вегетативтік қызметті реттеуші жоғарға ми қыртысы асты орталық;
С) Көру, есту, ауруды сезуді жинақтап реттеу орталығы ;
D) Денені тепе-теңдікте ұстау, іс-қимылды бақылау, еттің қуатын, қимылын реттеу орталығы;
Е) Тыныс алуды реттеу, қорғаныш реакциялардың (түшкіру, жөтелу) орталығы.
2. Соматикалық нерв жүйесінің ролі неде?
А) Сезім мүшелерін басқару;
В) Жүректің жұмысын басқару;
С) Қозғалысты басқару;
D) Асқазан жұмысын басқару;
Е) Жоғарғы нерв жүйесінің қызметін бақылау.
3. Тітіркендіруді қабылдайтын рефлекстік доғаның бөлімі:
А) Жүйке орталығы.
В) Афференттік жүйке талшығы.
С) Эфференттік жүйке талшығы.
Д) Рецептор.
Е) Эффектор.
4. Рефлекс доғасының компонентіне жатпайды.
А) Афференттік нейрон.
В) ОЖЖ.
С) Рецепторлар.
Д) Эфферентті нейрондар.
Е) Глия.
5. Дивергенция – бұл:
А) Импульстердің бір нейронға жиналуы.
В) Импульстердің ОЖЖ-де бірнеше нейронға жиналуы.
С) Қозудың тұйық нейрондар тізбегімен таралуы.
Д) Тітіркендіргішті тоқтатқаннан соң жауаптың жалғасуы.
Е) Импульстердің жинақталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |