Дыбысқа құлақ түрелік:
Дыбыстың күші децибелмен (ДБ) өлшенеді.
Ең төменгі естлу шегі = 0.
Қол сағатының дыбысы = 10.
Сыбыр = 20.
Қабырға сағат = 30.
Сыбыр әңгіме = 40.
Тыныш көше = 50.
Кәдімгі әңгіме = 60.
Көше шуы = 70.
Денсаулыққа қауіпті децит = 80.
Пневматикалық балға = 90.
Ұстахана цехы = 100.
Өте қатты ән = 110.
Ауру шегі = 120.
Дабыл үн = 130.
Реактив ұшақ = 140.
Мерт боларлық деңгей = 180.
Шуылдақ қару = 200.
Дыбыс қаттылығының нөлдік деңгейі 20 мк ПА дыбыс тығыздығына теңеледі, дыбыс әсері белсенділігі 10-12 Вт/мг.
5.9. Дәм сезу рецепторлары
Кейбір балықтарда дәм сезу хеморецепторлары денесінің беткейінде орналасқан. “Температура және ауруды сезу” рецепторлары сияқты.
Кейбір жәндіктердің дәм сезу рецепторлары мұртшаларында, аяғының табанында орналасқан. Бірақ та көптеген жер бетінде тіршілік етуші омыртқалыларда денесіндегі сезім рецепторлары жойылып кеткен тек ауыз қуысында ғана қалады. Дәм сезу нерв талшықтары тіл және жұтқыншақ талшықтарына, қысым, температура және ауырғанда сезетін рецепторларға байланысады.
Мысалы, тілдің түбі – ащыны, ұшы – тәттіні, бүйір беткейі – тұзды және қышқылды сезеді. Тұзды, дәмді сезіну Nа+ және К+ катиондары болады, ал металл еместердің катионы, мысалы, NН4+ тұздылықты сезуге әсер етеді.
Сутегі ионы басқа катиондарға қарағанда қышқылды сезуге әсер етеді.
Дәм сезу рецепторлары топ-топ болып “дәм сезу пиязшығында” (луковиц) орналасқан. Пішіні сопақша, ұзындығы 0,1 мм. Бір дәм сезу пиязшығында 10-15 клетка болады. Ол клеткалар бірнеше күн ғана қызмет істейді. Клетка тұрақты түрде бөлініп және орталыққа қарай ауысып отырады.
Дені сау адамда 10000 жақын, балаларда көбірек, тауықта 24, ал акулада 100000 (денесінің барлық беткейінде орналасқан) дәм сезу пиязшақтар болады.
Жер бетіндегі омыртқалыларда дәм сезу пиязшығы (вкус. луков.) тілдің бүрлерінде, таңдайында, көмекейде, жұтқыншақта орналасқан. Олардың көбісі “тіл жұтқыншақ нерв” арқылы сопақша мимен, ал кеңірдекте көмейдегі рецепторлар кезеген нервпен жалғасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |