Сигналдарды табу (қабылдау);
Сигналдарды ажырату, айыру, саралау;
Сигналдарды өзгертіп, өңдеп беру;
Келген ақпараттарды кодтау;
5) Сигналдың әр түрлі белгілеріндегі детектрлеу (жоғарғы дыбысты төменге түсіру)
6) Бейнелерін тану, әрине, осылардың бәрі де шартты түрде бөлінеді.
Қабылдағыштардың жіктелуі: Барлық рецепторларды үлкен екі топқа бөлуге болады:
сыртқы немесе экстрорецепторлар;
ішкі немесе интерорецепторлар
Экстрорецепторларға жататындар: есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, сылап-сипау.
Интерорецепторларға: висцрорецепторлар (ішкі мүшелердің күйін, жағдайын сездіруші) ветибуло-проприрецепторлар (тірек қимыл аппараттарын).
5.3. Көру талдағышы
Ең маңызды сезім мүшесі 90% ақпарат көру талдағыштар арқылы болады. (мақал бар “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық” деген).
Жарық сезетін торлы қабатқа жеткенше жарықтың сәулесі бірнеше мөлдір беткейлерден өтеді. Мүйізді қабықтың алдыңғы және артқы беткейі арқылы көз бұршағы, шыны тәрізді дене арқылы. Көздің ішіндегі жарық сәулелерінің сынуы оның қисық және сыну көрсеткішімен анықталады. Кез келген оптикалық жүйелер жарықтың сыну күшін диоптриямен белгілейді (D). Бір (D) линзаның сыну күшімен фокусының арақашықтығына тең 100 см. Ал адамның көзінің сыну күші алыстан қарағанда 59 D, ал жақыннан қарағанда 75 D.
Торлы қабатта көретін заттың бейнесін жасау үшін торлы қабықтағы заттың мөлшерін және мүйізді қабаттан қашықтығын білу керек.
5.4. Көз алмасының қозғалысы
Егер тура қарағанда күйден сыртқа 450, ішке 450, жоғары 540, төмен 570 бұрып қарауға болады. Осы көз алмасының іс-қимылы алты түрлі ет талшықтары арқылы іске асырылады. Екі қиғаш (жоғарғы төменгі) және төрт тура еттер (сыртқа, ішке, жоғары, төмен) арқылы.
5.5. Торлы қабаттағы бейненің көрінуі
Екі көз алмасының бір мезгілде қозғалуы арқылы торлы қабыққа заттың бейнесі көрінеді. Егер осы қозғалысында бұзылыс болса, қитарлық немесе заттың бейнесі дұрыс бір уақытта торлы қабыққа түспегендіктен әртүрлі орында көрініп, дұрыс көру үдерісі бұзылады. Қалыпты жағдайда көз қарашығы екі көзде де дөп-дөңгелек, диаметрі бірдей. Жарықтың күшіне қарай өзгеріп отырады.
Нұрлы қабықта екі ет талшығы бар, ол қарашықты қоршап тұрады. Сақиналы ет парасимпатикалық нерв арқылы реттесе, радиалды еттер симпатикалық нерв арқылы реттейді. Біріншісі қарашықты кішірейтеді, ал екіншісі кеңітеді.
Қарашықтың мөлшері, оның көру реакциясы бас миының зақымдалуына диагноз қоюда ең басты көрсеткіш болып саналады.
5.6. Заттың түсін көріп ажырату
Тостағаншалар арқылы: көк, жасыл, қызыл сияқты үш түрлі түсті көруге болады. Аралық түстерді көруге бір мезгілде екі типті бірнеше тостағаншалар қозуымен жүреді. Жеке түстерді ажырата алмайды. Іске соқырлық деп атайды. Түсті қабылдаудың бұзылуын дальтонизм деп атайды. Мысалы, кейбір адамдар қызылды, жасылды дұрыс ажырата алмайды.
Торлы қабат
Пегменттік клетка таяқша және тостағанша торлы қабаттың артқы беткейінде орналасқан. Сондықтан да көзге келіп түскен жарық екі қабаттан өтіп барып сыртқы фоторецепторға жетеді. Неге фото-рецепторлар өте тереңде орналасқан деген сұраққа жауап беру үшін, басты бір себебі рецептордың артында пигментті клетка қабаты орналасқан, ол қара пигмент меланин деп аталады. Меланин торлы қабат арқылы жарықты сіңіреді. Ол жарықты кейін шағылыстырмайды және көздің ішінде де шашыраңқы жасамайды, жан-жаққа жібермейді. Ол фотокамераның беткейі сияқты қызмет атқарады. Меланинді клетка көру пигменттің жарық сезгіштік қабілеттілігін химиялық жолмен қалыптастырып отырады.
Сол үшін меланин рецептордың жанында орналасқаны жөн.
Торлы қабат үш қабаттан тұрады. Сыртқы қабат көз алмасының ортасынан фоторецепторлар, одан кейін аралық қабаты, ол биполярлы нейрондардан тұрады, сол арқылы фоторецепторларды үшінші қабатпен байланыстырып тұрады. Үшінші қабат гангиолар клеткалардан, оның дендриттері биполярлы клеткамен аксондары көру нерв түзеді.
Фоторецепторлар – адамда торлы қабықтың рецепторлық қабатында 120 млн таяқша және 6 млн тостағанша клеткалары бар.
Таяқша қараңғыда көру үшін тостағанша заттың түсін ажырату үшін керек.
Достарыңызбен бөлісу: |