Адам қоғамының мағлұматтар жинақталуы



бет2/4
Дата04.12.2023
өлшемі24.84 Kb.
#485387
1   2   3   4
Архивтердің даму кезеңдері Толеухан Лида

I Петрдреформалары

Таптық қайшылықтардың шиеленiсуi орталықтағы және жергiлiктi самодержавиелiк аппаратты нығайта түсудi, соғыс жүргiзе алатын тұрақты армия құруды талап еттi. Реформалардың алғышарттары XVII ғасырдың өзiнде-ақ қалыптасты. Бұл уақытта мемлекет Романовтар әулетiнiң алғашқы өкiлдерiнiң мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiнде Аласапыран жылдардың салдарынан туындаған әлеуметтiк-экономикалық және саяси дағдарыстан шыққан едi. Iшкi нарықтың қалыптасуы сауда ережелерiн реттеу қажеттiгiн туындатты. Осыған байланысты 1653 жылы “Жарғылық кедендiк грамота” қабылданды. Қаржылық және салықтық жүйелер жетiлдiрiлдi. Монархияның сословиелiк-өкiлдiк формасының саяси құрылысы бұрынғыдан да абсолюттiлiкке ұмтыла түстi: бiртiндеп земстволық соборлардың қызметi тоқтатылды, патша атақтарының iшiнен шексiз билеушi дегендi қолдану жиiледi. Боярлар думасының билiгiн шектеудегi алғашқы қадам жергiлiкшiлдiктi шектеу (1682) болды. Жалпымемлекеттiк заңнама — Соборлық ереже (1649) рәсiмделдi. Қарулы күштердiң сословиелiлiгi мемлекет қажеттiлiгiн ендi қанағаттандырмады, сондықтан жатжерлiк үлгiдегi полктер құрыла бастады. Мәскеу мемлекетiнiң империялық сипатқа ие болған сыртқы саясаты iштей нығайып, белсендi әрекет ете бастады. Елде реформалар, негiзiнен, күш қолдану әдiстерiмен және мемлекеттiң экономикаға белсендi араласуымен қатар жүрдi.Олардың көпшiлiгiнде ойластырылмаған, асығыстық сипат болды, бұл соғыстағы сәтсiздiктерден, сондай-ақ кадрлардың, тәжiрибенiң жоқтығынан және өкiмет билiгiнiң ескi аппаратының қысым жасауынан көрiндi.I Петрге дейiн елдiң қарулы күштерiн соғыс болған жағдайда шақырылатын, соғыс аяқталған соң үйлерiне таратылатын жергiлiктi дворяндық жасақтар мен тұрақты атқыштар әскерi құрады. XVIII ғасырдың алғашқы бөлiгiнде дворяндық жасақтар, атқыштар әскерi жойылып, оның орнына қуатты тұрақты армия құрылды. Сонымен қатар қарулы күштердiң құрамында украиндық, дондық, жайықтық және жергiлiктi казактар ұйымы және ұлттық құрамалар (башқұрттар, қалмақтар) сақталып қалды. I Петр патшалығының соңында жаңа тџрақты армияда 126 полк болды. Жалпы әскер саны 200 мың солдатқа жеттi. Ол кезде казактардың тұрақты атты әскерiнде 100 мыңнан аса адам болды.Әскери реформа, iс жүзiнде тұтас мемлекеттiң мақсат-мүддесiн айқындады. I Петр армия мен флотты басты қамқорлыққа алды. 1694 жылы орыс армиясы жүргiзген iс-шаралар, сондай-ақ Азов жорықтары (1695, 1696) әскери құрылым қуатының қаншалықты төмен екендiгiн көрсеттi. Жаңа армияның негiзi 1687 жылы құрылған Преображенск және Семенов “ойын-ермек” полктерi болды. Армияны жасақтаудың негiзiне рекруттық жүйе (1705) алынды. Соған сәйкес қатардағы құрамға шаруалар мен басқа да салық төлейтiн сословиелердiң өкiлдерi алынды,23 ал офицерлер корпусы дворяндардан құрылды. Әскери мiндеткерлiк өмiр бойғы және тұрақты болып жарияланды.Мiндеткерлiктiң мәжбүрлеушi сипатына қарамастан, I Петр уақыт өте келе тұрақты ғана емес, сондай-ақ жалдамалы армиядан мүлдем ерекшеленетiн бiр ұлтты армияға да ие болды.
І Петр Ресейдің әскери қуаты мен халықаралық беделін арттыруға тырысты. Тұрақты орыс армиясы мен әскери-теңіз флотын құрып, әскери мектептің негізін қалады, әскери өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1695 — 96 жылдары Ресей түріктермен соғыс нәтижесінде Азов бекінісін алып, Азов теңізіне шықты. 1700 жылы Түркиямен бейбіт келісімге келіп, Еуропадағы ең қуатты держава — Швециямен соғысқа кірісті. 1700 — 21 жылдары Солтүстік соғыс нәтижесінде Ресей жеңіп, Еуропадағы қуатты державалар қатарына қосылды. 21 жылға созылған Солтүстік соғыста жеңіске жеткен ол император атанып, Ресей империяға айналды. 1721 жылы Ништадт бейбіт келісім бойынша Ресей Карелияға, Рига мен Нарва қалаларына иелік етіп, Балтық теңізіне шықты. 1722 — 23 жылдары Парсы жорығы нәтижесінде Ресей Дербент және Баку қалаларымен бірге Каспий теңізінің Батыс жағалауына иелік етті.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет