Адам қоғамының мағлұматтар жинақталуы



бет4/4
Дата04.12.2023
өлшемі24.84 Kb.
#485387
1   2   3   4
Архивтердің даму кезеңдері Толеухан Лида

Кеңестік дәуір кезеңі
Мұрағатта кеңес дәуіріне дейінгі кезеңнің барлығы 770-тен астам қорлары сақталуда. мұрағаттың ең көне құжаттары Семей кедені қорында сақтаулы 1732 жылғы құжаттан басталады және қор құжаттарында Жоңғар, Қытай және Орта Азиялық хандықтармен сауда қатынасының тарихы орын алған. Кеңес дәуіріне дейінгі кезең құжаттарының хронологиялық шегі XVIII ғасырдың аяғынан 1917 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.
Қараусыз қалған революцияға дейінгі тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мұрағаттардың негізгі міндетіне алынды. Ұлттық мұрағат қоры ұлттық құндылық ретінде бекітілген заңмен мойындалған тарихи, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық, саяси және мәдени маңызы бар барлық мұрағаттардың, мұрағат қорларының және документалды ескерткіштердің жиынтығы болып табылады. Себебі тарих қана ұрпақтар үндестігін жалғастырып, уақыттар арасындағы өзара байланыстар мен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бөкей хандығы тарихымен тығыз байланысты алғашқы ұлттық құндылықтардың ошағына айналған мұрағаттар бірнеше дәуірлік сан қилы тарихты бастан өткерді.
Төңкеріске дейінгі дәуірде Қазақстан тарихына қатысты шашыраңқы тарихи маңызды құжаттар негізінен ведомстволық мұрағаттарда орналасты. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарындағы саяси жағдайлар бірқатар маңызды тарихи құжаттардың Қазақстанмен шекаралас республикалар мен облыстарда қалып қоюына себеп болды.
Мұрағат құжаттарын пайдалану
Мұрағат құжаттарын пайдалану мәселесінде мұрағаттардың кеңестік дәуірде алдымен Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарып, тек кеңестік жүйе ыдырығаннан кейін барлық пайдаланушыларға бірдей қызмет ете бастағаны белгілі. Бүгінде еркін қол жеткізуге болатын мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады. мемлекеттің аса құпия мағлұматтары бейнеленген құжаттарды оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылған. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеуде арнайы қабылданған ережелерді, яғни ақпаратты іздестіруде анықтамалық аппаратты пайдалануды, көне мәтіндерді оқи білу қажет.
Тарихи деректерді кеңінен пайдалану мәселесінде барлық мұрағаттардың ақпараттық қызметі интеграциялануы маңызды болып табылады. Ақпаратты пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтетін осы бағыт кең көлемді ақпаратты жылдам алуды қамтамасыз етеді.
Қоғамның білімге деген қажеттіліктері қазір жаңа тасушылардағы ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік береді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетелдерде Қазақстан тарихына қатысты жазба деректерді іздестірумен айналысатын археографиялық комиссиялар нәтижелі жұмыстар атқарды.
Шетелдік мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми-зерттеу мекемелерінің сирек қолжазбалар бөлімдерінен іздеп табылған тарихи құнды құжаттардың біраз бөлігінің көшірмелері алынды. 2002-2005 жылдар аралығында барлығы 35 мыңнан аса тарихи құжаттар анықталды. Отандық мұрағаттарда сақтаулы құжаттардың басым бөлігімен көпшілік және ғылыми орта таныс. Тарихи, мәдени, саяси маңызға ие құжаттарды түрлі салаларда пайдалану да кеңінен жүргізілуде. Мұрағат мекемесі құжаттарды мүлтіксіз қорғап, сенімді жерде сақтауды қамтамасыз етеді және ұлттық тарихи-мәдени мұраны іске пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет