Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет102/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Діндер тарихы

Бөлім сұрақтары:
1. Сабийлік қай жерде және қашан басталған?
2. Сабийлікте оразаның мағынасы нені білдіреді?
3. Сабийллердің ең маңызды қасиетті кітаптары қайсысы?
4. Сабийлікте ақырет сенімі бар ма?
5. Бір Сабийлік бір күнде қанша рет суға түсіп тазалануы керек?
6. Сабийлікте қарама-қайшы күштер қайсылар?
7. Сабийліктер бойынша қайсысы қасиетті мейрамдар?

15. БӨЛІМ

БУДДИЗМ ҰЛТТЫҚ ДІНІ


Буддизмді б.з.д. VI ғасырда Үндістанда Будда деген адам құрды және ол әлемдік сипатқа ие болды. Бұл дін Үндістанда пайда болғанына қарамастан, оның жолын ұстанушылар әлемнің әр түкпіріне тарап кеткен. Қазіргі таңда ол үлкен діндердің алғашқы бестігіне кіреді. Дінді тұтынушыларының саны – 300-400 млн. шамасында. Басым көпшілігі Үндістан, Қытай, Манчжурия, Монғолия, Цейлон, Тайланд, Бирма, Камбоджа, Лаос, Бенгал, Вьетнам, Бутан, Бирмания, Сингапур, Малайзия, Тибет, Корея, Жапония сияқты Оңтүстік Азия елдерінде және Қиыр Шығыста шоғырланған. Кейбір Батыс елдерінде ерекше жаңа буддистік ағым болып табылатын зен буддизмі өз жақтастарын тауып, қатарын толықтыруда.
Буддизм атауы батыс елдерінде Будда негізін салған дін ретінде қолданылады. Буддистік Азия елдерінде бұл дін Будда жүйесі және діні мағынасындағы «Будда-Сасана» атымен белгілі. Буддизмнің өз қасиетті кітабы, доктринасы, бұйрық-тыйымдары және өз қауымдары бар. Дегенмен оның дін, ағым, жол немесе философиялық ағым болған-болмағандығы айқын емес.
Буддизм Азия мен Алдыңғы Азияға тарап жатқанда І ғасырда Батыс Түркістанда кейін Шығыс Түркістанда түркілер осы дінмен танысты. Бірақ ішінде қасиетті қайыршылық, молдас құрып отырып ойға шому (медитация) секілді ерекшеліктері бар дін оларға тартымды болмаған. Ет жеуге, құрбан шалуға, атқа мініп сауыт-сайман киюге үйреншікті, табиғатпен етене араласып кеткен түркілер, ет жемейтін, көбінесе өсімдікпен қоректенетін буддизмге үйрене алмады. Олардың уақыт өте келе Исламды бар болмысымен қабылдауына осы мәселелер және «жиһад түсінігі» мен қоса буддизмде кездеспейтін, бірақ әрі ежелгі түркілерде әрі Исламда тамыры терең жалғыз тәңір сенімі рөл ойнаған болатын.
Буддизм Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ның кезеңіндегі үлкен діндердің бірі болатын. Алайда Құранда немесе хадис кітаптарында бұл жайында оған қатысты мәлімет жоқ. Сонымен қатар бұрынғы және жаңа деректерде Құранда Тин сүресінің 1 – аятында баяндалған інжір Будданың астында аянға қол жеткізгендігі айтылған жабайы ағашты меңзегендігі алға тартылады. Будданың туылған жері Капилавасту қаласының Зул Кифл (Кифтік адам, яғни араб тілінде «п» әріпі болмағандықтан капилалық) атындағы пайғамбардың аталуына себеп болғандығы білдіріледі (213). Зул Кифл жайында Құран, хадис және басқа Ислам деректерінде көп мәлімет жоқ. Тек қана Құранда екі рет сөз қозғалады (214).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет