Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде



бет104/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126
Діндер тарихы

2. Буддизмнің принциптері


Буддизмде Будданың доктринасы пали тілінде «дхамма» деп аталады. Будда дхамманы, яғни қол жеткізген өмір заңын жариялағандағы алғашқы уағызы «заңның доңғалағын айналдыру» деген тақырыппен басталды. Сондықтан доңғалақ Буддизмнің символына айналды. Будда сарай өмірі мен нәпсісін азаптау секілді екі шектен шығушылық арасындағы орта жолды насихаттады. Шектен шығушылықтың екеуі де азапқа салатындықтан орта жолда құтылу, бақыт пен еркіндік бар деп есептеді. Осы орта жол адам баласын қайғы-қасірет теңізі болған мына жалған дүниеге бір жола қайта оралудан құтқарып, нирванаға жеткізеді. Адам бейнет, қиыншылықты жеңу туралы шындықтарды біле бастайды, егер ізгі буддист болып өмір сүрсе, нирванаға жетеді. Нирванаға жету үшін жаман мінездерге толы менмендікті, қалау мен ашкөздікті жойып, даналықтың кемеліне қол жеткізу қажет. Адам тек қана нирванаға жету арқылы тәнәсухтан өзін құтқара алады.
Негізінде буддизм, джаинизм, аживика әрекеті VІ ғасырдағы үнділердің қатаң брахман тәртібіне, каста жүйесіне қарсы туындаған әрекет. Сондықтан да Будданың ілімін брахмандар қабылдамайды. Олар бұл үкімін Будданың іліміне бір жаратушы Тәңірге, брахманның діни рәсім мен қызметтеріне орын берілмегендігімен байланыстырады. Буддизм Үндістанның солтүстік шығысында Ганг өзенінің ағып жатқан оңтүстік шығысындағы Косала (қазіргі Оудх) және Магадха (қазіргі Бихар) патшалығының ішінде орын алған, брахман мәдениетінің орталығынан алыс жатқан, брахманизмнің толық кіре алмаған жағрафиялық орталықта шыққан.
Брахмандардың Тәңірге адами қасиеттердің арасында істегеніне өкінетін, алданып қалатын, әлсіз жерлері бар, сиқырды жақсы көретін, адамдар тарапынан шарасыз халге түсетін бір болмыс ретінде түсіндіргеніне Будда қарсы шықпаған. Оның бұл анықтамаларға келіспейтіндігі белгілі. Алайда Тәңірді жоқ деп қарсы шыққан жері де жоқ. Буддистер бойынша осыншама ұзақ уақыттар бойы бар болып келген әлемнің қалай жаратылғандығы адамның білімінің, түсіне алу қабілетенің жетпейтіндігі. Адамның міндеті рухани кемелдену, жаман мінез-құлықтан арылу, қиыншылықтарға себеп болатын ашкөздіктен, ренкарнация шеңберінен құтылуы керек.
Буддизмнің басты сендіргені, адам мен ақиқат арасында өмірдің ауырпалықтарға толы екендігі. Төрт қасиетті ең басты шындық Будданың құтқарылу жөніндегі уағыздарының негізін құрайды:
1. Адам болмысының мәні – бейнет, азап, қиыншылық, жамандық және қанағатсыздық (дуккха). Туылу, ауру, қарттық пен өлім – бәрі азапқа жатады.
2. Азап шегудің басты себептері – қалау, құштарлық пен ашкөздік. Ал бұлар жаңа «кармаға» және «эменацияға», жаңа ренкарнацияға, өлімге жол ашады.
3. Азап шегушілікке тоқтау салу керек. Үнемі қайталанып келе беретін кезеңдерден құтылудың бірден-бір жолы – нирвана (ниббана).
4. Азаттыққа, жаңа өмірге, нирванаға жете білу керек.
Будда болу үшін сегіз түрлі жолдан өту керек. Бұл сегіз түрлі жолдың жүзеге асу үшін біріншіден қасиетті шындықтың санаға жетуі, екіншіден түсінілуі, үшіншіден жүзеге асыру жолдарын қарастыруы керек. Алғашқы үш қасиетті шындық Будданың уағызының пәлсапалық жағын қамтиды. Ал, төртінші қасиетті шындық буддизмнің этикалық-моральдық принципін, халыққа көзқарасын, қысқасы, діни болмысының ерекшелігін қамтиды.
Будда ведалардың беделін және ведик құрбандық жүйесін, адамның өз-өзіне зұлымдық етуін, (йога және соған ұқсас жолдармен) жеке дара рухты, монастырдағы касталық бөлінушілікті жоққа шығарып, брахмандар көңіл аударған метафизикалық мәселелерден аулақ болды. Бірақ Будда жалпы үнді сенімдеріне жататын карма-ренкарнация, асқан қайсарлықпен ренкарнациядан құтылу жағын қолдады.
Будда доктринасының философиялық жағы пессимизмге толы еді. Өйткені ол өмірдің табиғи құбылыстарын азап, қиыншылық ретінде көретін. Одан құтылудың жолы тілек-қалаулардан, құштарлықтан, ашкөздіктен ұзақ тұру деп есептеді. Бұл негізінде упанишадтарда кездесетін өмір туралы көзқарасының дамыған түрі.
Буддизм Үндістанның танымал алты философиялық жүйесінің бірі саналатын самкхиямен ортақ кейбір жерлері болғандықтан жүйенің буддизмнің ықпалына ұшырағандығын алға тартады. Бұл философиялық мәселелерді қоя тұрып, буддизмдегі моральдық-этика адамдарға, хайуандарға, жалпы, жаратылыс атаулыға деген сүйіспеншілік пен мейірім-шапағаттан тұрады. Міне, буддизмнің брахманизмге қарсы күш ретіндегі шынайылығы осында жатыр. Будда кезінде барлық пұттардың құлатылуын әмір еткенімен кейіннен оның мүсіндері жасалып, жұрт табына бастады. Әлемдегі ең үлкен үш діннен бұрын буддизм, соңынан христиан діні өз қатарын молайту үшін және өзге адамдар тарапынан қабыл етілуі үшін негізгі принциптерден бас тартуларына тура келді. Бұл дағдарысты тек Ислам діні ғана айналып өтті. Ислам діні жайылу жолында мұндай бассыздыққа салынбады. Қайта Исламның жайылуы өзіндік ерекшеліктерінің мықты сақталуының арқасында болды.
Буддизмде философиялық-теологиялық бір әрекет, бір ағым, бір тариқат ретінде қарайтындар болса да, бұл жүйеде барлық мәселелерді келісімге әкелетін жері болуымен қатар, оның құрушысы, қасиетті кітабы, сенім негіздері, бөлек жамағаты, ғибадатханалары, өзіне тән ерекшеліктерінен де басқа бір дін ретінде бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет