Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


Үндістанда Махаянаның пайда болуы



бет106/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126
Діндер тарихы

4. Үндістанда Махаянаның пайда болуы


Ашокадан кейін империя кіші патшалықтарға бөлінді. Ашоканың өлімінен 100 жылдан кейін 330 жылдар аралығында буддизм Солтүстік Үндістанда кең тарады. Бұл кезеңде алдымен Сунг ақсүйектерінің басшылары буддизмге қарсы шыққан болса да б.э.д. ІІ ғасырда солтүстік батыста Грек-Үнді патшаларының қолдауымен буддизм қайта жанданды. Бұл патшалардан Менандер (Милинда) шамамен б.э.д.100 жылдары буддист болды. Сол уақытта буддизм Цейлонда әрдайым өз болмысын қорғай алатындай аяққа тұрды және Үндістаннан Қытайға қарай тарай бастады. Үндістанда өзара бөлінулердің күшейгені соншалықты дәстүрлі буддизм 16 тармаққа бөлінді. Осы уақытта «Үлкен арба» (Махаяна) деп аталатын бөлек бір буддист ағымы пайда болды. Осы атпен адамдардың азаттығы жолында әлемдік мақсаттарын баяндап және қашан пайда болғандығы нақты емес (шамамен б.э.д. І ғасыр – б.э. І ғасыр арасы) осы бағытты ұстанушылар дәстүрлі ежелгі фундаменталистік тармақтың ішінде Тхеравадин, Сарвастивадин секілді 18 тармақтағы алғашқылар «Хи-наяна» (кіші арба) деп аталды.
Махаянашылар, хинаяна бағыттары белгілі, аз, шектеулі топтағы құтылу жолын көрсеткендіктерін, өздерінің хинаянашылардай ақылға, білімге, даналыққа көңіл бөлумен қатар сүйіспеншілік пен мейірімділікке олардан да артық баса назар аударатындықтарын айтты. Бұл жаңа бағыттың тағы бір ерекшелігі «Бодхисатва» (Будда өкілі) ұғымына берген маңызы болып саналады. Олардың пайымдауынша барлық адамдар, тіпті «нәпсі» болмаған тіршілік иелері де Будда болуы, сәулеленуге қол жеткізуі мүмкін. Адам өмірінің маңызды мақсаты, арманы осы болуы керек. Махаянашылардың бұл мәлімдемелері сол кезеңнің зиялы қауымы арасында талас-тартысқа жол ашты. Осылайша бұл жаңа бағытты ұстанушылар пали тілінің орнына санскрит тілін қолдануға мәжбүр болды. Алайда олардың қолданып жатқандары аралас буддист санскриті еді (қасиетті кітаптары Три-питака). Махаянаның әлемдік мақсаты, оның жайылған жерлердегі жергілікті діндерден сенім мен салттарын алуға жол ашты. Міне осы әсерлердің алғашқысы Үндістанның солтүстік батысында және солтүстігіндегі скифтерге (б.э.д. 130 жылдары), одан кейін юүежілерге тарады. Юүежілер Кушан патшалығын құрып алдымен Пенжабты кейін Солтүстік Үндістанды қол астына қаратты. Осылайша зороастризм, христиандық, Рим және Грек ықпалдары буддизмге енді. Негізінде бұл ықпалдар, Махаянаның пайда болуына жол ашқандығы айтылса да, аз болса да Махаянаға бағыт берді.
Төртінші жиын 120 жылдары (128 немесе 144) таққа отырған Кушан императоры Канишка уақытында жиналған. Ашока секілді ол да буддизмді қабылдап, қолдау көрсеткен. Жаландхарда (кейбіреулері бойынша Кашмирде) жиналған бұл консильді Тхеравадиндер қабыл етпеді. Дегенмен Тхеравадин монахтары бұл консильге қатыспағандығы жайлы нақты мәлімет жоқ (барлық буддист тармақтары алғашқы үш консильді қабыл етеді, кейінгілерінде алауыздық бар). Махаянаның ажырауымен буддизмнің екіге бөлінуі Төртінші Консильден кейін болған. Канишканың аты Цейлон діни деректерінде кездеспейді. Ендігі пали мәтіндеріне сүйенетін ежелгі түрдегі буддизм І ғасырдан бастап Үндістанда кедеспейді. Индуизмнің ықпалымен буддизмге де әсер еткен бхакти ағымынан кейін будда брахмандардың веданта жүйесіндегі тұлғалық тәңірліктің орнына ресми, мүсіні жасалған тұлғаға айналдырылды. Бұрын бұған рұқсат жоқ болатын. Канишка, Будданың бейнесін бедерлі етіп ақшаның үстіне бастырды. Будда ежелгі брахман сенімдеріндегі Рама мен Кришна сияқты адам бейнесінде дүниеге келген бір тәңірге айналдырылды. Осылайша Будда мүсіндері жасала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет