Адамзат баласы дүниеге келген күннен бастап қай жерде болмасын өзіне жәрдем беретін, барлық нәрсені құдіретіне бағындырған бір күшті іздеуде


ә. Құран-Кәрім бойынша христиан діні



бет47/126
Дата31.08.2022
өлшемі480.31 Kb.
#460106
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126
Діндер тарихы

ә. Құран-Кәрім бойынша христиан діні


Құран-Кәрімде христиан сөзінің орнына «насрани», ал христиандар үшін «насара» сөзі қолданылған. Сонымен бірге христиандарды «кітап иелері» деп атаған жерлері де бар. Али-Имран сүресіндегі мына аят осыған бір мысал бола алады: «(Мұхаммед с.а.у.) «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаһқа құлшылық қылайық, Оған ешнәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Аллаһтан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық ...» (122). Бұл аятта Ұлы Аллаһ иман келтіргендердің бірлесетін ортақ нәрсесі Аллаһтың барлығы және бірлігі (таухид) екендігін, христиан дінінің түп негізінде таухид сенімі болғандығын білдіреді. Және Құранда Хз. Ибраһим туралы ол яхуди де, христиан да емес, ол «ханиф» және «муслим» яғни таухид Ислам сенімінің негізінде екендігін айқындайды (123). Осылайша Құран үш иләһи дінде де үлкен пайғамбар саналатын Хз. Ибраһимнің иудаизм мен христиандықтағы секілді шектен шығушылықтан ұзақ екендігін, таухид жолының үлгі аларлық тұлғасы болғандығын баяндайды.
Құран Кәрімде христиандарды яхудилермен бірге және ретіне қарай яхудилерден кейін де сөз етеді. Яхуди және христиандар тек қана өздерінің ғана жәннәтқа кіретіндіктерін алға тартып тартысқа түседі (124). Олардың әрбірі тура жолдың тек қана өздерінің діндері екенін, қарсыласының өзінің дініне кіру арқылы ғана құтыла алатындығын айтады (125). Бұған жауап ретінде Ұлы Аллаһ оларды Аллаһқа ортақ қоспайтын «Ибраһимнің дініне» мойынсұнуға шақырады (126). Өйткені аят Хз. Ибраһимнің «Раббы (Ибраһимге) «мұсылман бол» деді. Ол «Әлемдердің Раббысына мойынсұнамын» деген еді» (127) деп Ислам жолын ұстанып, мойынсұнғанын білдіреді, бұл жол басқа пайғамбарлардың да жолы: (Мұхаммед с.а.у.) «Біз Аллаһқа, өзімізге түсірілген Құранға, Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп (ғ.с) және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұса, Ғиса (ғ.с) сондай-ақ пайғамбарларға Раббыларынан түсірілгенге де иман келтірдік; ешбіреуінің араларында айырмашылық жасамаймыз. Сондай-ақ біздер Ол Аллаһқа мойұсынушылардың қатарынанбыз» де (128).
Құран барлық пайғамбарлардың жолының «Ислам» болғандығын, Мұсылман болып өтуді ұлдарына насихат еткендерін (129), Аллаһ оларды мойынсұнатындардан ету, ұрпақтарынан да мойынсұнатын үммет шығаруы үшін дұға еткендіктерін (130) айтып мына сұрақты қояды: «Немесе сендер: «Ыбрайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: яһуди немесе христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед с.а.у.) оларға «Сендер жақсы білесіңдер ме? Аллаһ жақсы біле ме?»,-де (131).
Құран бойынша иудейлер секілді христиандар да берген уәделерінде тұрмағандықтан қияметке дейін араларында өзара жауласу мен дұшпандық оты лаулады. Хз. Мұхаммед (с.а.у.) оларға да жіберілген пайғамбар еді. Ол кітап иелерінің жасырған, құпия ұстаған нәрселерінің көпшілігін оларға егжей-тегжейлі түсіндіріп берген болатын. Бірақ иудейлер мен христиандар өздерін «Құдайдың ұлдарымыз, сүйіктілеріміз» деп санап, Хз. Мұхаммедке (с.а.у.) қарсы шықты. Олар Эзраны (Узейір), Исаны Құдайдың баласы санаған, адамды тәңірге айналдырып, күпірлікке түскен еді (132). Шын мәнінде Құдай Тағала – біреу, серігі жоқ, шексіз биліктің иесі, еш нәрсеге мұқтаж емес, тумаған да, туылмаған. Құран бұл мәселенің шешімін тауып, олардың бұл айтқандарына жауап ретінде аятта былай баяндайды: «Егер Аллаһ, Мәриям ұлы Мәсіхты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Аллаһтан құтқаруға кім ие?», -де (133).
Құран Кәрім Хз. Иса Ұлы Аллаһтың құлы және елшісі, ол таухид дінін дәріптеді, Ол да пайғамбарлардың бірі, оған Інжіл деген кітап берілген дейді. Хз. Исаның тәңірлігіне мүлдем қарсы болды. Шын мәнінде, Інжіл – шынайы жол, жарқыраған нұр, үгіт-насихат айтушы, жөн сілтеуші кітап. Онда христиандардың Аллаһ тағалаға, ақырет күніне сенулері, игі іс жасаулары әмір етілген болатын. Бірақ Кітап иелері киелі кітаптағы бұйрықтарға құлақ аспай, дінде шектен шыққан әрекеттерге барды, берген уәдені бұзды, жүзеге асырылуы тиісті үкімдерді орындаудан бас тартты. Иудей раввиндері секілді христиан монахтары да өздеріне жүктелген жауапкершілікке салғырт қарады, айналасындағы адамдарды күнә істеуден, дұшпандықтан және харам ас жеуден тыймады. Шын мәнінде Хз. Иса және Інжіл Тауратты растаушы, қолдаушы, кейініректе келетін Ахмед есімді пайғамбарды сүйіншілеу үшін жіберілді. Құранда Інжіл иелерінен ондағы Аллаһтың үкімдерімен амал ету талап етілген және мойынсұнбайтындардың адасатындығы айтылған (134).
Сонымен қатар олардың Аллаһқа және ақырет күніне иман етіп, ізгі амал істегендеріне қорқыныш жоқ (135). Алайда олар «Расында Мәриям ұлы Мәсіхты «Аллаһ» дегендер кәпір болды. Негізінде Мәсіх: «Әй Израйл ұрпақтары! Аллаһқа құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің Раббыларың! ... деген «Мәриям ұлы Мәсіх; бір пайғамбар ғана» (136).
Мәриям ұлы Исаны тәңір еткен христиандар: «Аллаһ үштің үшіншісі» (137) деп тура жолдан адасқан, таухид сенімінен ұзақтаған. Таухидтен ұзақтаған христиандарды Ұлы Аллаһ діндерінің негізіне, таухид пен Ислам жолына шақыруда (138). Аллаһ Хз. Мұхаммед жайында барлық дін иелеріне араларындағы келіспеушілік жайында былай баяндайды: (Мұхаммед с.а.у.) «Саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрынғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Аллаһтың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Аллаһ қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Аллаһ жақ, Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді» (139).
Құран Кәрім бойынша муминдер иудейлер мен христиандармен дос болмауы тиіс. Өйткені олар бір-бірімен дос (140). Муминдерге ең басты дұшпан яхудилер мен мүшріктер. «Біз христиандармыз» дегендер сүйіспеншілік жағынан муминдерге жақын. Өйткені олардың араларында тәкәппарланбайтын монахтар бар (141).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет