б. Діни дәстүрлер және мейрамдар
Қазіргі кездегі иудейлер арасында туылғаннан өлгенге дейінгі бірқатар діни міндеттерді және салт-дәстүрлерді орындауға мәжбүр ететін наным-сенім кең тараған. Жаңа туылған нәрестеге белгілі бір уақыт ішінде есім қойылады. Қыз баласына ат беру рәсімінің жай қарапайым орындалуының себебі – олардың еркек құрлы қадірі жоқтығынан. Бала сегізінші күні сүндетке отырғызылады. Сүндетке отырғызу кезінде дәстүрге сай діни рәсімдер орындалады. Сүндетке отырғызылатын баланы ұстап тұратын кісіге өкіл әке мағынасына келетін «сандек» делінеді. Сандектің салт-дәстүрді, діни мәселелерді жақсы білуі тиіс.
Тауратта еврей әйелдерінің өте күшті болғандығы, кіндік шешесіз-ақ босана беретіндіктері айтылады. Сонымен қатар әйелдердің туа салысымен қайтыс болуы Талмудта үш себеппен байланыстырылады: етеккірге онша көңіл бөлмеу, қамырды ажыратып бөлуде және Шабат шырағын жағу кезінде қателік жасаулары.
Бала сүндетке отырғызылғанда жанұясы бесіктің айналасында жиналып, бесікке Таураттың парағы (біршама уақыт бесіктің басында ұстап тұрады), сия мен қалам қойылады. Осылайша бала Тауратты көркемдеп жазушы болады деген тілекпен орындайды. Тауратты үйренуі және қорғауы үшін дұға жасалады.
Иудейлер балаларын мектепке бермей тұрып, оларға ең кемінде таңертеңгілік және кешкілік оқылатын дұғалар үйретеді. Бала мектепке салтанатты түрде барады. Раввин бұл тақырыпта әңгіме жүргізіп, оқыта бастайды. Бала 6-7 жасқа келгенде синагогада діни білім беріледі. Әрбір ер бала он екі жасқа толып, одан бір ай өтер-өтпес шариғаттың ұлы мағынасындағы «Бар Митзва» деген ат алады. Ол енді иудей шариғатына бағынуға тиісті болады. Бұл балиғат жасына толғанды білдіреді. Бала бұдан былайғы жерде синагогаға барып, «тефилим» деп аталатын құлшылық белбеуін және «таллит» деген дұғалық мойын орағышты пайдалана бастайды. Жас жеткіншек ораза тұтуға міндеттеледі, синагогада Тауратты оқуға шақырылады.
Иудаизмде үйлену діни үкімге жатады.Үйлену ережелері Талмудта егжей-тегжейлі жазылған. Үйленбек болған екі жас некелеспей тұрып, неке қиятын раввинді жағалайды, кеңес сұрайды. Раввин оларға иудей дінінің үйлену негіздерін түсіндіреді. Бұл мәселеде раввиндердің ықпалы жоғары болады. Раввин түрлі жағдайларға байланысты үйленуге рұқсат бермеуі де мүмкін. Иудейлерде басқа дін өкілдерімен үйленуге рұқсат жоқ. Сонымен қатар мұндай үйленгендер болған жағдайда, дүниеге келетін баланың яхуди дінінің ережелеріне сай тәрбиеленуі шарт қосылады (ұзақ бір тәжірибеден кейін кейбір мақсаттарға жету үшін басқа діндегілермен үйленуге рұқсат етілген).
Иудаизмде үйлену неке қидыру арқылы орындалады. Неке екі куәгердің алдында жасалады. Яхуди некесі белгілі ақшаның немесе құнды бір нәрсенің берілуі, қағаздарға қол қойылуы және неке түнімен аяқталады. Неке жалпы синагогтарда қиылады. Үйленетін күні жас-жұбайлар ораза тұтады және рәсімдер түскі уақытта жасалады. Үйлену рәсімі үйленіп жатқандардың алдыңғы жасаған қателіктерден тазаруға бағытталған күнә мойындау түрінде жүреді. Келіннің ораза тұтуынан бөлек раввин бір күн бұрын суға малынуы тиіс. Жамағаттан үйлену рұқсатын алу осы шартқа байланысты (Иудаизмде бой дәрет не толықтай суға түсу немесе ағын су, жаңбыр суымен жуыну арқылы орындалады).
Келіні, анасы, күйеу бала, әкесі синагогта «хубба» деген жамылғының астында орындарына отырады. Раввин бір стакан шарап алып дұға еткеннен кейін, келін мен күйеуі шарап алып ішеді. Кейін күйеуі келіншегінің жаулығын ашып оған: «Сен маған мына жүзікпен Мұса мен Исрайыл шариғаты бойынша некелендің», - деп жүзікті оның саусағына тағады. Келіннің үйленуді қабыл еткендігін айтуы тиіс емес. Неке осылай аяқталады.
Иудаизмде әйелдің ажырасу құқығы жоқ. Еркек қалаған уақытта әйелімен ажыраса алады. Қазіргі таңда әр қилы елдердің шарттарына қарай түрлі қағидалар орындалып жатқанын кездестіруге болады. Жаназа көмілгеннен кейін қара жамылып отырған адам жеті күн бойы үйде болып, аза тұту рәсімін өтейді.
Күнделікті өмірдегі құдайы жан тыныштығын сезіну иудейдің барлық іс-әрекеттерін айқындайды. Ояна салысымен иудейдің ең алғашқы ойы Тәңір болып табылады. Таңертең жуынғаннан кейінгі иудейдің ең бірінші міндеті – таңертеңгілік дұға оқу. Дұғадан алдын Тораны үйрену немесе зерттеуден басқа ешқандай жұмысқа бастамайды.
Тәңір адамды тыңдайтындықтан дұға мен жалбарынулар Оған бағытталады. Талмұт және литургияның кейбір мәтіндері дұғаның шын жүректен жасалуын талап етеді және қабыл етілуін осыған байланысты екендігін айтады. Жеке дұғамен қатар уақыт өте келе белгілі кезеңдерде көпшілікпен айтылатын дұғалар да пайда болған. Бұл дұға жалпы жиындарда болмаған адам үшін де міндетті.
Иудаизмде діни мейрамдар өте көп. Бұлардың маңыздылығы мен мәндері бір-бірінен бөлек. Хронологиялық тұрғыдан бұл мейрамдарды былай келтірсек болады:
Достарыңызбен бөлісу: |