Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету
Негізгі міндеттер:
-
Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру арқылы оңтайландыру.
-
мемлекеттік органдардың ашықтығы.
-
«Электрондық үкіметті» дамыту.
-
Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу.
-
АКТ құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.
-
Мемлекеттік басқару жүйесін ақпараттандыру
арқылы оңтайландыру
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың рұқсат беру жүйесін және бақылау–қадағалау қызметін жетілдіру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда, рұқсат беру құжаттарын беру үдерісі автоматтандырылуда, рұқсат беру рәсімдерін ықшамдау жөніндегі нормалар заң жүзінде бекітілген, сондай-ақ тәуекелдіктерді басқару жүйесі негізінде тексерістердің мерзімділігін белгілеуге мүмкіндік жасайтын механизм енгізілген.
Осы шаралардың барлығы мына көрсектіштерге жетуге бағытталған::
уақыт шығындарын және бизнес шығындарын қысқарту;
әкімшілік тосқауылдарды төмендету;
мемлекеттік органның бақылау қызметін реттеу;
халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін автоматтандыруға және оңтайландыруға бағыттылған бір қатар шаралар жүзеге асырылуда.
Әкімшілік реформалардың катализаторы және құралы ретінде қарастырылуы тиіс ақпараттық технологиялар тиімді мемлекеттік басқару жүйесін құрудың негізгі жолдарының бірі болып белгіленген. Ақпараттық технологияларды мемлекеттік органдардың барлық деңгейінде қолдану бақылау мәселелерін ретке келтіруді қамтамасыз етеді, бизнес –үдерістердің және деректердің қайталануын жібермейді, нәтижесінде бюджеттік қаражат шығынын қысқартуға және халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды.
Міндет: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру үшін құрылымдық тәсілдемені енгізу.
Нысаналы индикаторлар:
-
Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингінде Қазақстан 2017 жылда тізімдегі бірінші 38 елдің қатарында болуы тиіс, 2020 жылда - 35 елдің қатарында болуы тиіс;
-
мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп уақыты 2017 жылда 5 жұмыс күннен, 2020 жылда - 3 жұмыс күннен аспауы тиіс;
-
мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылын автоматтандыруды қамтамасыз ету 2017 жылда – 80%, 2020 жылда - 100 %.
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың «электрондық үкімет» инфрақұрылымын пайдалануы көптеген әкімшілік өзгерістердің қозғаушы күші болып табылады.
Мемлекетті органдардың жұмысының тиімділігін арттыру уәкілетті органмен келісілген әрбір мемлекеттік органға арнағлан құрылымды құру арқылы мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандыруды болжайтын құрылымдық тәсілді қолдану арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік органның құрылымы мемлекеттік органның ағымдағы және жоспарланатын жағдайының егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтитын құжаттардың, үлгілердің, матрицалар мен диаграммалардың, сонымен қатар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған қызметтердің, бизнес-үдерістердің, деректердің, ақпараттық жүйелердің және техникалық инфрақұрылымның құрамдас бөлшектерінің арасындағы өзара тәуелділікті және өзара байланысты оңтайландыру жөніндегі іс шаралар жоспарының жиынтығы болып табылады. Құрылым өзара байланысты қабаттардан тұратын үлгі негізінде құрылады:
қызмет құрылымы;
деректер құрылымы;
қосымшалар құрылымы;
технологиялық құрылымы;
ақпараттық қауіпсіздік құрылымы.
Бірыңғай бизнес-үдерістерді, құжаттардың, стандарттардың және типтік шешімдердің бірыңғай шаблондарын пайдалану есебінен аймақтардағы мемлекеттік органдардың қызметін бірегейлендіруге мүмкіндік беретін жергілікті атқарушы органдардың құрылымы жасалады.
Пысықталған құрылымның негізінде мемлекеттік органдарда орндалатын бизнес-үдерістерді регламенттейтін нақтылы құжаттар әзірленеді.
Бюджеттерді және республикалық деңгейдегі АКТ-жобалардың көбін жүзеге асыруды АКТ-мен басқару үдерісі орталықтандырады.
Олардың стратегиялық жоспарларының бөлігі болатын, барлық мемлекеттік органдарды ақпараттандыру бойынша іс-шаралар әзірленеді. Ақпараттандыру іс-шаралары толықтығына, қарама-қайшылықсыздығына және мемлекеттік органдардың оңтайландырылған сәулетін енгізуге бағытталғандығына қатысты уәкілетті органмен тексеріледі.
Ақпараттандыру жоспарларын толыққанды орындау мақсатында әрбір мемлекеттік органда оны ақпараттандыру үшін жауапты ұйымдық бірлік құрылуы немес әрекет етуі қажет. Мұндай ұйымдық бірліктің мақсаттары мен міндеттері мемлекет көлемінде жүйелендіріледі.
Мемлекеттік органдардың АКТ- бағдарламаларының басшылары үшін мансаптық жүйе және оларды мемлекеттік органдар мен коммерциялық сектор арасында алмастыру механизмі әзірленеді.
Ақпараттық технологияларды пайдалану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері ашық ақпарат көздерінде жарияланады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-жобаларын жүзеге асыру регламенттерін бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту шаралары күшейтіледі.
АКТ және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік техникалық саясат әзірленеді.
1.2 Мемлекеттік органдардың ашықтығы
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта халықпен және бизнеспен мемлекеттің диалогының және кері байланысының механизмі құрылды. Барлық мемлекеттік органдармен азаматтар мен бизнес үшін ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар құрылды.
Заңды түрде мүгедектер үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар бектіліді.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарындағы ақпараттардың толықтығы мен сапасына бағалау жүргізілуде.
«Электрондық үкімет» порталында «Виртуалдық қабылдау» қызметі іске асырылған, онда азаматтар мемлекеттік органдарға тікелей хабарласады.
Одан басқа, Мемлекеттік органдар және Үкіметтің бірінші басшыларының блогтары жұмыс істейді, онда әрбір азамат өздерінің түсіндірмелерін қалдырып, қызықтыратын сұрақтарын қоя алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсында «Бизнесті Президенттік қорғау» арнайы тарауы құрылған.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталында Үкімет мүшелерінің және билік органдары өкілдерінің қатысуымен интернет-конференция жиі өткізіледі. Осындай конференцияларда азаматтар интерактивті режимде өздерінің сұрақтарына жауаптарды алады.
Үкіметтің өткізілген он-лайн отырыстарының саны 2011 жылы
37 отырысты құрады, он-лайн конференцияларды саны 40-ты құрады.
Міндет: азаматтардың, бизнестің және ақпарат қоғамының құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік органдардың қызметінің анықтылығы мен есептілігін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1. бағдарламаның іске асыру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының е-қатысу индексі (БҰҰ әдістемесі бойынша) алдыңғы 5 елдердің санында болуы тиіс;
2. «ашық деректер» порталының сервистерінде орналасқан белсенді пайдаланылатын қосымшалардың саны 2017 жылы 50, 2020 жылы - 65 кем еместі құрайды.
Қол жеткізу жолдары
Деректерді жинақтауды жүйелендіру және мемлекеттік органдардың ақпараттарын құрылымдау мақсатында келесі іс-шаралар іске асырылатын болады.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтар мен бизнеске Қазақстан Республикасы Үкіметімен және мемлекеттік органдармен берілетін жариялы ақпараттың тізбесі кеңейтіледі.
Электрондық ақпараттық ресурстардың объективтілігін, толықтығын және нақтылығын уақытылы беру мақсатында ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады, оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен оларды жариялы түрде тарату немесе мемлекеттік органдармен берудің міндетті сипаты белгіленген.
Халықпен сұхбат жасау, көрсетілетін қызметтердің сапасын талқылауға арналған алаң ретінде қызмет ететін, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бюджеттік қаражатты жоспарлау және нақты игеру жөніндегі деректерді шоғырландыратын «электрондық үкімет» порталы дамытылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тұрақты қоғамды мониторингінің үдерісіне азаматтарды, үкіметтік емес және басқа да мемлекеттік емес ұйымдар кеңінен тартылады.
Әлеуметтік проблемаларды мемлекеттік органдармен және халықпен кеңінен талқылау үшін Интернет желісінде әлеуметтік желілер қолданылатын болады, мемлекетті реформалау және жақсарту үдерісіне азаматтарды тартудың механизмі құрылады және іске қосылады.
Мемлекеттік мекемелердің сайттары бірдейлестіріліп және бірыңғай тұғырнамаға көшірілетін болады.
Барлық деңгейдегі және жергілікті өзіні өзі басқару органдарының әкімдерін қоса алғанда мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін азаматтармен электрондық бақылаудың механизмі іске асырылатын болады.
1.3 «Электрондық үкіметті» дамыту
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2008 жылдан бастап мерзімде Қазақстанның «электрондық үкіметі» БҰҰ рейтингісінде 43 позицияға көтерілді. 2012 жылғы наурыздың басында жарияланған «Электрондық үкімет адамдар үшін» БҰҰ Е-Government Survey-2012 рейтінгінде 38-орынды алды. Онлайн-қызметтерінің индексі 10 позицияға өсті. Е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге әлемде 2-орынды бөлісті.
Азаматтар мен ұйымдарға ақпаратты және қызметтерді беру міндеттерінің шешімінде базалық құрауыштар ойдағыдай іске асырылды және «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, осындай жобалар ретінде: электрондық лицензияларды беру, ХҚКО, салықтар мен айыппұлдардың электрондық төлемі, электрондық нотариат, электрондық кеден, электрондық мемлекеттік қызметтер, «электрондық үкімет» Call-орталығы бар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиімділігін арттыру мақсатында осындай электрондық құжат айналымы, электрондық мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік органдардың порталдары жобалары іске асырылды, Қазақстанның барлық емдеу мекемелерін және медицинаны басқарудың барлық жүйелерін қамтитын е-денсаулық сақтау жобасы енгізілуде.
«Е-Қаржымині» және «Е-Статистика» жобаларын іске асыру аяқталуда.
«Электрондық үкімет» инфрақұрылымы арқылы мемлекеттік органдармен халыққа және бизнеске 236 интерактивтік және транзакциялық қызметтер беріледі, оның 108 «электрондық лицензиялау» порталында және 128 «электрондық үкімет» порталында ұсынылады.
«Электрондық үкімет» порталын күн сайын 25 000 аса азаматтар пайдаланады. 13.3 млн. аса е-анықтамалар, оның ішінде 2012 жылғы 1 жарты жылдықта 4 млн. аса е-анықтамалар берілді.
2011 жылы 15% әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа көшірілді. 2013 жылда әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыру жоспарланған.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін халыққа және бизнеске
1 млн. аса электрондық цифрлық қолтаңбалар берілді.
«Е-лицензиялау» ақпаратық жүйесі барлық лицензиарлар мемлекеттік органдарда, 79 аумақтық лицензиарларларда, 16 жергілікті атқарушы органдардан 8-не енгізілді.
2012 жылғы сәуірдің 1-нен бастап орталық мемлекеттік органдардың барлық лицензиялары электрондық нысанда қалыптастырылуда, 2012 жылғы
9 айда 13 мыңнан аса электрондық лицензиялар қалыптастырылды.
92 лицензияларды оңтайландыру, 80 рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі жоспарлар бекітілді.
13 сала үшін өнімділіктің, қызметтің қосымшалар деректерінің, технологиялар мен стандарттардың эталондық моделдері құрылды, сондай-ақ оларды толтыру және бұдан былай сүйемелдеу үшін әдістемелер әзірленді.
5 жылға дейін сақтау мерзімімен құжаттарды қағаз тасығыштағы құжаттарды қайталаусыз орталық мемлекеттік органдарды электрондық құжат айналымына көшіру қамтамасыз етілді.
Электрондық әкімдіктерді дамытудың аясында 20 мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мүмкіндігімен «е-әкімдік» өңірлік шлюзі» жобасы іске асырылды.
Міндет: «электрондық үкіметті» мемлекеттің ақпараттандыру құралы ретінде дамыту.
Нысаналы индикаторлар:
-
«электрондық үкімет» индексі «БҰҰ әдістемесі бойынша» 2017 жылы алдыңғы 30, 2020 жылы – 25 елдердің қатарында болуы тиіс;
-
мемлекеттік қызметтерді берудің сапасымен халықты қанағаттандырудың индексі 2017 жылы 5 баллдан 4,5 баллды, 2020 – 4,7 баллды құрауы тиіс;
-
мемлекеттік қызметтерді көрсету бюрократиясының индексі
2017 жылы 3, 2020 жылы 1 болуы тиіс;
-
көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі дәстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына ара қатынасы бойынша 2017 жылы – 50%, 2020 жылы - 80% құрауы тиіс;
-
электрондық қызметтердің жалпы көлемінде мобилдік электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылы 36%, 2020 жылы 40% құрауы тиіс;
-
мемлекеттік органдардың автоматтандырылған функцияларының үлесі әлеуетті автоматтандырылғандардың санынан 2017 жылы кемінде 80% және 2020 жылы кемінде 100% құрауы тиіс;
-
аумақта жаңартылған (өзектіленген) картографиялық материалдың үлесі:
М1:500 нақтылықпен қалалар мен кеншарларда: 2018 жылы – 100%;
М1:2000 нақтылықпен басқа да елді мекендерде: 2020 жылы – 100%;
М1:10000 нақтылықпен өңделетін жерлерде: 2018 жылы – 100%;
М1:25000 нақтылықпен өңделмеген жерлерде: 2020 жылы – 100%.
Қол жеткізу жолдары
Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық желі және Қазақстанның «электрондық үкіметі» ақпараттық қоғамын құрудың инфрақұрылымы болады. «Электрондық үкіметті» дамытудың жаңа маңызды бағыттарының қатарында келесі міндеттер шешілетін болады.
Нақты нәтижелердің қысқаша итерация және жылдам жетістігіне бағытталған, модульдік қатынасты енгізудің жағына АКТ-жобаларының өмірлік циклы қайта қаралатын болады.
Үлкен емес АТ-компанияларда АКТ-жобаларына қатысу үшін «кіру табалдырығын» жою мақсатымен іс-шаралар өткізілетін болады.
Мемлекеттік басқару реоформаларының барлық түрлерін негізгі келісілген құрал болатын мемлекеттік органдардың Бірыңғай ақпараттық-талдамалық ортасы әзірленетін болады.
Мемлекеттің барлық әлеуметтік маңызды инфрақұрылымын (инженерлік желілер, тұрғын үй қоры, жолдар және т.б.) тексеру және паспорттандыру орындалатын болады, жаңа мемлекеттік деректер қоры құрылатын болады.
Мемлекеттік деректер қорын тіркеу объектілерімен ықпалдастырылған замаманауи, сапалы және толық гео-ақпараттық материалға қолжетімділікті мемлекеттік органдарға беретін бірыңғай ұлттық гео-ақпараттық орта құрылатын болады.
Мемлекеттік деректер қоры, мұрағаттар және ведомстволық ақпараттық жүйелер үшін тарихи мәліметтердің электрондық түріне жинаудың және ауыстырудың міндеті мемлекеттік деңгейде жүйелі шешілетін болады.
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызмет үдерістерін талдау негізінде үлгілік ақпараттық жүйелердің тізбесі анықталатын болады.Үлгілік ақпараттық жүйелер «бұлыңғыр сервистер» түрінде ақпараттандырудың жаңа моделінің аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға енгізілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді беру және оларды автоматтандыру жөніндегі бизнес-үрдістерді қысқарту және жеңілдету үрдісі жалғасатын болады.
Жергілікті атқарушы органдардың функциялары автоматтандырылатын болады.
Әкімшілік құжаттарды нөмірлендіру және кодтаудың бірыңғай жүйесі қарастырылады.
Мобильдік құрылығылар арқылы азаматтарға және бизнеске мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін жедел ұсыну үшін арналған «электрондық үкіметтің» бағыттарының бірі - «мобильдік үкімет» қарқынды дамитын болады.
Мемлекеттік органдардың арасында олардың жұмыстарының регламенттерін жетілдіру және Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) енгізу жолымен құжат айналымын айтарлықтай қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. ЭҚАБЖ жүйесі «бұлыңғыр сервистер» және мобильдік құрылғыларда жұмыс жасау жағына дамитын болады.
Коммерциялық және мемлекеттік жүйелер мен сервистерді ықпалдастыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Лицензиялық және еркін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың мәселелері регламенттелетін болады.
«Электрондық үкімет» Call-орталығы базасында мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына шағымдарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің мәртебелері мен даярлығы туралы хабарлау мәселелері бойынша Бірыңғай Call-орталығы құрылатын болады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен заңды және жеке тұлғалардың ресми ақпараттық өзара іс-қимылы, дербес деректерді пайдалану үшін арналған Азаматтың бірыңғай жеке кабинеті құрылады және енгізілетін болады, ол сондай-ақ мемлекеттік органдармен азаматтардың өзара іс-қимылының бірыңғай нүктесі болады.
Қоғамда электронды-сандық қол (бұдан әрі - ЭСҚ) кеңінен пайдалануға бағытталған жаңа үлгідегі жеке куәліктерге электрондық-цифрлық қолтаңбаларды жазудың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстар жүргізілетін болады.
Электрондық қызметтерге қоғамдық қолжетімділік пункттерінің саны нақты артылатын болады, сонымен қатар қолданыстағы пункттердің құрал-жабдықтары жаңартылады.
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Мемлекеттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру механизмінің бірі «бұлыңғыр есептеу», АКТ-аутсорсингі және тапсырыстарды шоғырландыруды пайдалануға көшуге негізделген ақпараттандырудың жаңа моделін енгізу болып табылады.
Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде деректерді өңдеу орталықтарының базасында серверлерді виртуалдау және «бұлыңғыр есептеу» моделдерінің технологиялары кеңінен қолданылады.
Осы технологияларды енгізудің нәтижелері бюджеттік қаражатты шоғырландыру және үнемдеу, мемлекеттік органдардың бизнес үдерістерінің тиімділігі болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда мемлекеттік секторда серверлерді «виртуализациялау» және «бұлыңғыр есептеу» технологияларын енгізу басталды.
2010 жылы Мемлекетттік органдардың серверлік орталығы пайдалануға ісуе қосылған болатын, оның базасында 2011 жылдан бастап есептеу ресурстарын орталықтандырылған беру үшін виртуалдау технологиясын қолданумен шоғырландырылған есептеу алаңы көбейтумен collocation (серверлік құрал-жабдықтар үшін бағана-орынды жалға алу) қызметтері беріледі.
«Бұлыңғыр» есептеу базасында «Қазақстан Республикасы мемлекетттік органдарының бірыңғай пошталық жүйесі» жобасын іске асыру және Павлодар қаласындағы Деректерді өңдеу орталығын құру басталды.
Міндет: мемлекетттік органдарда ақпараттық технологияларды қолданудың шығындарын оңтайландыру.
Нысаналы индикаторлар:
-
мемлекеттік органдардың меншікті дата-орталықтары, серверлік бөлмелері, серверлік құрал-жабдықтарының саны 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 80%, 2020 жылы – 50% қысқаруы тиіс;
-
меншікті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуін, меншікті ақпараттық жүйелерін құру және қызмет көрсету қызметтерін сатып алуға мемлекеттік органдардың шығындарын қысқарту 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 40%, 2020 жылы – 50% құрауы тиіс.
Қол жеткізу жолдары
Мемлекеттік органдардың АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару ақпараттандырудың жаңа моделін құру және енгізу арқылы АКТ-сервистеріне тапсырыс беру және тұтынуға АКТ-өнімдерін сатып алудан жоспарланған кезең-кезеңімен ауысу жүзеге асатын болады.
АКТ-аутсорсингіне берілетін тауарлар, жұмыстар және қызметтердің тізбесі анықталатын болады.
Мемлекеттік органдардың АКТ-тапсырысын шоғырландыру механизмі қалыптасатын болады.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай бұлыңғыр платформасын (бұдан әрі - G-Cloud) қолдануға негізделген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын ақпараттандырудың аутсорсингтік моделі іске асырылады.
G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және G-Cloud-та мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін көшіруге жауапты, ақпараттандыру саласындағы оператор анықталатын болады.
Мемлекеттік органдарда ақпараттық жүйелер мен серверлік құрал-жабдықтардың ревизиясын жүргізетін және оларды жоюдың және/немесе G-Cloud-қа ауыстырылуы тіртібін анықтайтын болады.
АКТ-инфрақұрылымын қалыптастыру және басқару жөніндегі қосалқы функцияларды олармен өзіне тән емес қысқартатын мемлекеттік органдармен жалға алу жалпы сервистерін G-Cloud жинақтау жүргізілетін болады.
G-Cloud инфрақұрылымына жауапты, ақпараттандыру саласындағы оператор, оператордың жұмысы үшін қажетті байланыс арналарына, қауіпсіздікке және басқадай бағыттарға жауап беретін даму жоспарын үйлестіру мен шоғырландырады және органдардың жұмысын біріктіреді.
Ақпараттандырудың жаңа моделдерінің бастамаларын қамтамасыз ету үшін АКТ-жобаларының қатынасында бюджеттендіру және мемлекеттік сатып алу үрдістерінде өзгерістер жүргізілетін болады.
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты міндет табиғи және антропогендік сипаттағы шұғыл жағдайлар мен дүлей күштерде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды ескертудің, алдын алудың және қабылдаудың жылдам өзара іс-қимылына құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің жоғарғы даярлығы болып табылады.
Құқық тәртібі органдары мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылы бірінші кезекте халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті төндіретін жағдайлар кезінде олардың барлық құрылымдарының ақпарат алмасуын және ұйымдасқан жұмысын өзіне қосады. Осындай жағдайларда, жедел деректерді алмасуға және болатын қауіп қатерлер туралы халықты уақытылы хабардар ету мен құлақтандыру үшін құрал ретінде іске кірісуге мүмкіндік беретін АКТ маңызды рөлін атап өту қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың саны (бұдан әрі - ТЖ) 2012 жылғы 8 айда 10328 жағдайларды құрайды (ТЖ жалпы санынан 81,7 % ), оның ішінде 94,4% (9751) тұрмыстық және өндірістік өрттер. 2011 жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлардың саны 1127 жағдайға немесе12,2% артты. Зардап шеккендердің саны 1413 адамды құрады (2011 жылғы ұқсас мерзіммен 13,1% көп).
Құқық тәртібіндегі органдармен қоғамдық тәртіпті қорғау және көшелерде және қоғамдық орындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру жөніндегі қажетті шаралар қолданылуда.
Қылмысты жедел елеу мақсатында нақты нарядтың орналасқан жерін қадағалау ауданының картасында нақты уақыт режимінде және жақын арадағы полиция нарядына оқиға болған жерге жөнелтуге мүмкіндік беретін «GPS» навигацииясы жүйесі парулдік машиналарда енгізілді және жұмыс жасайды, осы жүйемен жаяу жүретін патрулдік нарядтарды жабдықтау мәселесі пысықталуда.
Қазіргі уақытта барлық өңірлерде жедел басқару орталығы (бұдан әрі - ЖБО) жұмыс істейді, ол қылмысқа әрекет етудің жеделдігін артыруға, сондай-ақ облыстық орталықтардың көбіне криминогендік аудандарын бейне бақылаумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ситуациялық Орталығы пайдалануға енгізілді, ол бірыңғай жүйеге облыстың жедел басқару орталығын біріктіреді, өңірлерде жедел жағдайларды бақылауға және олармен селекторлық бейне байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүгін жалпы ел бойынша 606 – қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдері және 153 – тікелей учаскелік пукттеріне ЖБО қосылған 1300 аса бейнебақылау құрылғылары пайдаланылады. Олардың көмегімен 570 қылмыстар ашылды және 110 мыңнан аса құқық бұзушылықтар анықталды.
Міндет: АКТ кеңінен енгізу жолымен құқықтық тәртіп және шұғыл қызметтер органдарының қоғамдық қауіпсіздігі және жұмыстарының тиімділігі деңгейін арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
-
шұғыл қызметтер жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2017 жылы - 100%;
-
ТЖ әрекет ету уақытын қысқарту - 2017 жылы – 10,75%, 2020 жылы - 31%;
-
ТЖ туралы халықты жаппай хабарландырудың заманауи жүйелерімен жабдықталған елді-мекендердің үлесі 2017 жылы - 95%;
Достарыңызбен бөлісу: |