Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу жолымен құқық тәртібі және шұғыл қызметтер органдары жұмыстарының қоғамдық қауіпсіздігі және тиімділігі деңгейі бойынша міндетттерді іске асыру келесі шараларды қабылдау жолымен шешілетін болады:
орындалатын жұмыстардың тиімділігін және сапасын арттыру үшін шұғыл қызметтердің операциялық және өндірістік қызметі автоматтандырылатын болады;
оқиғалар туралы, оның ішінде геоақпараттық жүйелерді пайдаланумен оқиға болған орындар туралы деректерді берумен шұғыл қызметке хабарлау бойынша міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының ТЖМ әрекет етудің 112бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі құрылатын болады;
әрбір қалада күмән келтіретін тұлғаларды, оқиғаларды, жол-көлік және өзге де оқиғаларды анықтау мәніне азаматтар көп жиналатын көшелер және орындарға тұрақты мониторинг үшін бейне бақылау орталығы құрылатын болады;
АКТ қызметтінің ісінде қолданатынды зерделеуге акцентімен шұғыл қызметтер жұмыскерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру курсынан өтетін болады;
мобильдік құрылғыны қосқанда барлық байланыс құралдары арқылы уақытылы хабарлау үшін ТЖ ескерту мен жоюды қамтамасыз ететін жүйе дамытылатын болады.
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
Негізгі міндеттер
-
Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі;
-
АКТ-нарықты ынталандыру.
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
Бүгінде ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым экономикалық дамудың аса маңызды элементіне айналып отыр. Уақтылы қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке енуі мүмкін болып табылмайды. АКТ-ның қолжетімділігі ақпараттық қоғамды құруға арналған тұғырнама болып табылады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2012 жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасында тұтынушылық сұраныстың өсуі экономиканың өсуіне оң ықпал жасады, мұны көтерме және бөлшек сауданың 14,3%-ға, көлік қызметінің 7,2%-ға, байланыс қызметінің 12,8%-ға өсуінен көруімізге болады.
Телекоммуникация қызметтерінің дамуы келесі индикаторлармен сипатталады:
-
жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейі 95,6%;
-
Интернет желісін пайдаланушылар саны 8,8 миллион адамға жетті (53,5 %);
-
тіркелген байланыс абоненттерінің саны 4,2 миллионнан астам абонентті құрады (26%);
-
ұялы байланыс абоненттерінің саны 26,2 млн. құрады (158,3 %).
Қазақстанда ұялы байланыс қызметтерінің тұрғындар арасындағы сұранысы артуда, бұл абоненттер санының тұрақты артуын білдіреді.
Сондай-ақ, 2011-2012 жылдары Интернет және ұялы байланыс қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ұялы байланыс операторларының желі ішінде қоңырау шалуға жұмсалатын ең төменгі құны 30%-ға, мобильді интернетке ең жоғарғы тариф 50%-ға дейін төмендеді.
Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжетімділік тарифтері бойынша жарияланған IT 2012 әлемдік есебіне сәйкес Қазақстан әлемде 13-орынды иеленді (2009 жылғы қорытындылар бойынша 19-орын).
Міндет: Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтары ақпараттық инфрақұрылымының қолжетімділігі
Нысаналы индикаторлар:
-
Интернет желісіне қолжетімді үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы - 65%; 2020 жылы - 80%;
-
Тіркелген телефон байланысы бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;
-
Мобильді телефоны бар үй шаруашылықтарының үлесі – 2017 жылы – 80%; 2020 жылы - 100%;
-
Теледидары бар үй шаруашылықтарының үлесі 2017 жылы – 100%; 2020 жылы - 100%;
Қол жеткізу жолдары
Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті дамыту келесі бағыттар бойынша қамтамасыз етіледі:
1) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;
2) Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі «цифрлық теңсіздікті» қысқарту (ірі қалалар, моноқалалар, ауылдар).
Интернет желісіне КЖҚ қызметтерін дамыту мақсатымен қолданушыларға жоғары жылдамдықпен үлкен көлемді мәліметтерді жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар қолдану қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, қолданушыларды Интернет желісіне КЖҚ мақсатында Министрлік байланыс операторлармен бірлесіп 4G еңгізу және FTTH, CDMA 450/EVDO, 3G технологияларды әрі қарай дамыту туралы іс-шаралар жүзеге асырылуда.
2013 жылы CDMA 450/EVDO технологиялары бойынша Интернет желісіне КЖҚ қызметтерімен тұрғындар саны 50 және одан да көп елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.
FTTH технологиясы бойынша Интернет желісіне КЖҚ барлық қалалар мен облыс орталықтарында 2015 жылға дейін аяқталады.
3G үшінші буынның мобильді байланысымен 2013 жылдың басында тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын елді-мекендердің тұрғындарын, ал 2015 жылдың басына дейін тұрғындар саны 10 мың және одан да көп адамды құрайтын аудан орталықтары мен елді-мекендердің тұрғындарын қамтамасыз ету жоспарланады.
2013 жылдың басына 4G төртінші буын стандарты Астана, Алматы қалаларында, 2014 жылыдың басына – республиканың барлық облыстық орталықтарында, 2015 жылдың басында - тұрғындар саны 50 мың және одан да көп адамды құрайтын барлық елді-мекендерде, ал 2018 жылдың басында – Қазақстан Республикасының бүткіл райондық орталықтарында енгізіледі.
Ұялы байланыс қызметтері тарифтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін (сондай-ақ, мобильді Интернет) ұялы байланыстың басым операторларының трафигіне қосылу және оларды жіберу қызметтерінің тарифтерін төмендету іске асырылады (жыл сайын 2015 жылға дейін 10% төмен емес).
Қазақстанның барлық аумағында халықтың 95% эфирлік хабарларды таратумен және 100% спутниктік хабарларды таратумен қамтуды қамтамасыз ететін эфирлік цифрлық желі құрылады.
2.2 АКТ-нарықты ынталандыру
АКТсаласы әлемдік экономиканы дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Ақпарат дәуірінде АКТ және ақпараттық инфрақұрылым жаңа бизнес-үлгілерді, тауарлар мен қызметтерді, жаңа ашылулар мен өнертабыстарды дайындауға ықпал жасайды, жалпы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра отыра бизнес-үлгілерді ұйымдастыруды іргелі түрде қайта құрудың ғылыми-технологиялық кілті болып табылады.
АКТ-ны кеңінен қолдану, ең алдымен жыл санап артып келе жатқан аталған саладағы инновацияларды дамытудың өсіңкілік трендімен байланысты. Бүгінде Интернет, бұлыңғыр есептеулер, мобильді және мультимедиалық технологиялар, RFID, NFC, роботтар, виртуалды шындық және басқалары «ақылды» экономикасы бар елдердің міндетті атрибутына айналып отыр.
Қазақстан Республикасының ірі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына кіруге қатысты кеудемсоқ мақсаттары елде білімге негізделген жаңа экономиканы қалыптастыру бойынша үлкен күш жұмсауды талап етеді, қазіргі таңда бұл тек АКТ-ны дамыту және енгізу арқылы мүмкін.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Дүниежүзі банкінің мәліметтері бойынша, әлемде АКТ нарығының жалпы көлемі 2011 жылы 3 280 миллиард АҚШ доллорын құрады және жыл сайын 4%-ға артуда. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2011 жылы 840 миллиард теңгені құрады, яғни Қазақстанның ЖІӨ-ның 3,02 %.
IDC бағалауы бойынша, барлық ІТ-нарықтың көлемі 2011 жылы 207 миллиард теңгені құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өсім - 19,2%. Осы ретте нарықтың 88,6%-ы жабдықтарға, 5,2%-ы БҚ-ға, 6,2%-ы ІТ-қыметтерге тиесілі. Бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-қызметтер нарығының төмен көрсеткіштері ең алдымен АКТ саласындағы кәсіпорындарда инновациялық қызметтердің дамымағандығын көрсетеді. Бұл, ең алдымен, ғғылыми-зерттеу қызметі қауіп-қатерінің жоғары болуы мен елдегі АКТ компаниялар, ЖОО-лар, АКТ саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының инновациялық әлеуетінің әлсіздігіне байланысты.
Сонымен қатар, аталған саладағы негізгі проблемалар АКТ құралдарының отандық өндірісі деңгейінің төмендігі және оның импортқа тәуелділігі, сондай-ақ, ІТ-білім берудің халықаралық стандарттары мен жаңа білім беру технологияларының трансферті мақсатында отандық ЖОО-лардың шетелдік университеттермен ынтымақтастығын дамытудың төмен деңгейі.
Міндеті: Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру.
Нысаналы индикаторлар:
-
ЖІӨ-дегі АКТ секторының үлесі 2017 жылы - 3,8 %, 2020 жылы - 4%;
-
АКТ саласындағы инновацияларға жұмсалатын шығындардың үлесі 2017 жылы - ЖІӨ 0,5%, 2020 жылы - ЖІӨ 0,9 %;
-
Елдегі АКТ саласындағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділіг 2017 жылы - 7 %, 2020 жылы - 10%;
-
АКТ-парктердің саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;
-
АКТ саласында МЖӘ сызбасы бойынша бизнес-инкубаторлардың саны 2017 жылы 2, 2020 жылы 4;
-
МЖӘ сызбасы бойынша ортақ қолданыстағы зерттеу зертханаларының саны – 8;
-
PhD дәрежесіндегі АКТ мамандарының саны 2017 жылы 200, 2020 жылы 300.
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанның АКТ нарығын дамытудың мемлекеттік саясаты келесі шараларды қолдана отыра отандық АКТ кәсіпорындарды қолдау мен АКТ саласындағы инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыруға бағытталады:
өңірлік АТ- және технопарктермен инновациялық зерттеу орталығы ретінде «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА аумағында АКТ-кластерін құру;
бизнес инкубациялау механизмі бар шағын инновациялық және стартап компанияларды егістік және венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту;
өзекті бағыттар бойынша салалық кәсіпорындарға арналған инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін қажетті инфрақұрылымы бар ортақ пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханаларды құру: роботты құру, мобильду технологиялар, бұлыңғыр және Grid есептеулер, жасанды зияткерлік, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, мультимедиа технологиялары және басқалары;
АКТ қызметтерді коммерцияландыру орталықтарын құру;
ноу-хау технологиялық және зияткерлік трансфертін қамтамасыз ету мақсатында білімнің ғаламдық банкін па йдалану үшін шетелдік зерттеу және көп ұлтты корпорациялармен ынтымақтастық жасау;
өндірістік кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін білім ордалары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын қолданбалы зерттеу қызметіне белменді түрде тарту арқылы ғылым – білім – индустрияның тығыз ынтымақтастығын орнату;
меншікті әзірлемелерін ілгерілету бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында маркетингтік және коммерциялық қызмет машықтарын дамыту;
АКТ саласындағы отандық кәсіпорындарды әлемдік нарыққа шығаруға ықпалдастық жасау;
еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдана отыра бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығын дамыту.
Акцияларының елу және одан көп акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компанияларға жататын мемлекеттік органдар, жер қойнауын пайдаланушылар, концессионерлер, жүйелерді қалыптастырушы ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу кезінде тұрақты негізде АКТ саласындағы жергілікті қамтуды дамытуды мониторингілеу және талдауды жүргізу.
Нарықты білікті АКТ мамандармен қамтамасыз ету үшін білім бағдарламаларын АКТ саласындағы мамандарды даярлаудың әлемдік стандарттарына сәйкес жетілдіру жоспарланады.
3. Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру
Негізгі міндеттері
-
Адами капиталды дамыту.
-
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту.
-
Электрондық коммерцияны дамыту.
-
Электрондық экономиканы қалыптастыру.
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлік сауаттылық және білім деңгейін арттыру
Бүгінгі таңда АКТ-ны енгізу көп жағдайда ғылым, білім, экономикалық және әлеуметтік саланы дамытуды анықтайды, еңбек өнімділігі, өндірілетін тауарлар, қызметтердің сапасын, мемлекеттік билік органдарының жұмысының тиімділігін және олардың қоғаммен өзара әрекеттестігін арттыруға ықпалдастық жасайды. Алайда, жоғары білім деңгейінсіз, жұмысында бағдарламалық қамтамасыз етуді, ресурстарды, жаңа технологияларды пайдаланатын қандай да бір саланың қызметкерлері енгізілетін АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдалануға, және сәйкесінше олармен ұсынылатын қызметтер мен орындалатын функцияларының сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру кезіндегі негізгі мәселе халықтың жалпы компьютерлік сауаттылығын арттырумен қатар экономиканың барлық салаларындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызмеркерлердің, шағын және орта бизнес өкілдерінің профильді бағыттар бойынша компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру болады.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
2006 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Көрсетілген бағдарлама, сондай-ақ АКТ таралуының жоғары деңгейі және Интернеттің экономика, мемлекеттік басқару, азаматтардың күнделікті өмірі мен кәсіби қызметіне енуі өз нәтижесін берді және компьютерлік сауаттылық деңгейі 2008 жылғы деректер бойынша 18,7 %, ал 2011 жылғы деректер бойынша 47,4 % дейін өсті. Алайда, тар мамандандырылған компьютерлік сауаттылыққа қатысты проблема орын алып отыр, дәрігерлер медицинада қолданылатын технологияларды жеткілікті деңгейде білмейді және біліктілікті арттырусыз телемедицинаға көше алмайды, көптеген оқытушылар электрондық оқыту жүйесін пайдалануды бастау үшін арнайы дайындықты қажет етеді және т.с.с.
АТ-мамандарды даярлаудың кері факторлары даму деңгейі төмен АКТ әдістеме, оларды даярлауға арналған білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бейімдеу, заманауи АТ-мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын жетілдіру жүйелері жеткілікті деңгейде дамымаған, бұл мамандарды даярлау мазмұнының индустрияның қажеттіліктеріне адекваттылығына қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
Қызмет етудің қашықтықты нысандарын дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына қызметтің қашықтықты нысанын заңнамалық бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді. Алайда, жұмыстың аталған нысанын кеңінен қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ, дегенмен де қашықтықты жұмысбастылық көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы, жол кептелістерінің азаюы, экологияға келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің әлеуметтік тұсы (мысалы, мүгедектер немесе кішкентай балалары бар әйелдердің жұмыс істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және т.с.с.
Міндеті: Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде адами капиталды дамыту жағдайларын жасау.
Нысаналы индикаторлар:
-
адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы - 0,764, 2020 жылы - 0,781;
-
электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;
-
халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 80 %;
-
қашықтықтан жұмысбастылар саны 100 тұрғынға шаққанда 2017 жылы - 7 адам, 2020 жылы – 20 адам.
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанда ақпараттық қоғамды дамытуды қалыптастырудың ғаламдық факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін аталған бағдарламаның шеңберінде мынадай шаралар іске асырылады:
қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында қолданылатын АКТ біліктілігінің қажетті дейгейіне дейін арттыру үшін біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстары ашылады;
қашықтықты қолжетімділікті дамыту шеңберінде мынадай шараларды іске асыру жоспарланады:
қашықтықта қолжетімділік нарығын дамыту бағдарламаларын іске асыру;
қашықтықты қолжетімділік жүйелерін енгізетін және шалғайдан еңбек ету мүмкіндігін беретін жұмыс берушілерді ынталандыру;
халықтың және бизнестің ақпараттық қоғам мүмкіндіктеріне дайындығын арттыру мақсатында мынадай шаралар іске асырылады:
компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтары мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлері (өз бетінше жұмысбасты), жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыс істейтін жастар, сонымен қатар қарттар мен әлеуметтік-қорғалмаған сатысындағы өзге де санатқа жататын адамдарды үшін электрондық формада мемлекеттік қызметтерді пайдалану бойынша курс өткізіледі;
АКТ саласындағы мамандардың деңгейін және жаңа технологиялардың жоғары өсуін ескере отыра, олардың біліктілігін арттыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
АКТ мамандықтар бойынша біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
АКТ мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарды құру;
АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
Заманауи АКТ дамуы білім беруді дамытудың қарқыны мее бағытын анықтайды: әдістемелер вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге жақын болуы керек, және әдістемелік, өндірістік ретіндегә өзінің біліктілігінен асып түсуі тиіс. Теріс жағдайда АКТ-ның адами капиталды қалыптастыруға жасайтын ықпалы теріс болып шығады.
Болашақ білім – бұл аралас білім, яғни оқу процессіне күндізгі және желілік бағына енгіділуінің түрлі деңгейінен тұратын күндізгі және желілік бағдарламалардың симбиозы. Қазіргі таңда аралас оқыту тәжірибеден өткізілуде (дәстүрлі және электрондық оқыту). Халықаралық зерттеулерге сәйкес (Watson, John, 2008) болашақта аралас оқу формасы орта білім беру саласында басымдыққа ие болмақ.
Білім беру саласында АКТ дамытудың барлық жаңа үрдістерін ескеру және оларды білім беру процессінде пайдалану елдегі білім беру деңгейін жаңа деңгейге шығаруға көмек береді.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін ғаламдық енгізу мақсатында 2011 жылы мектептер мен техникалық және кәсіби білім беруге (бұдан әрі – ТжКБ) электрондық оқудың ақпараттық жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы басталды. Алайда, аталған жоба цифрлық білім беру контентін стандарттау, білім ордаларын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ қамтамасыз ету, оқушылар мен оқытушыларды жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету тәрізді бірқатар ілеспелі тапсырмаларды шешуді талап етеді.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы Қазақстанның білім беру және ғылым салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
-
барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарын электрондық оқу жүйелерімен 2017 жылы 50 %, 2020 жылы 100% дейін қамту;
-
Ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету – 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы - 50%.
-
Мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017 жылы 60 %, 2020 жылы – 90%;
-
Ғылыми және ғылыми-техникалық электрондық мерзімді басылымдардың саны 2017 жылы– 2, 2020 жылы - 4.
Қол жеткізу жолдары
Білім беру саласына АКТ-ны толыққанды енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылады:
мультимедиа-технологияны қолдану арқылы цифрлық ғылым және білім ресурстары жүйелі түрде дамытылады;
білім беру саласындағы стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестіріледі;
мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленеді;
мектеп жасына дейінгі балалардың тіршілік ету әрекеттерін мониторингілеу және басқару бойынша ресурстар қарастырылады;
Орта білім мекемелерінің білім беру процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
білім беру барысында АКТ-ны пайдалану әдістемесі бойынша оқытушылар үшін АКТ бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру;
мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау.
Жоғары оқу орындарының оқу процессіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
ЖОО-лар жанында студенттердің ғылыми жұмыстарын іске асыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған зертханаларды ашу;
Білім беру процесстерін электрондық форматқа көшіру қарастырылады: материалдарды тарату, жаңалықтарды жариялау, оқушылардың өзара араласуы, барлық, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылардың өзара жекелеген қарым-қатынас жасауы;
білім беру процессіне мамандықтар бойынша нақты бір кәсіби қызметке арналған жаңа бағдарламалық шешімдері мен қосымшаларды тәжірибелік пайдаланудың негізгі машықтарына оқытуды енгізу (мысалы, экономика факультетінің студенттеріне экономика саласындағы заманауи бағдарламалық шешімдерді).
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық жәрдем көрсетудің сапасын жаңа бір деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету және қамтамасыз етуде аса маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау технологиялары емделушілерді қашықтықтан мониторингілеуді жүргізу, емделушілер арасында ақпаратты жақсы тарату, әсіресе адыс жерлерде, мүгедектер мен егде тартқан адамдар үшін мүмкіндік береді.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске қосылып отыр. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Емханаға жатқызу бюросы», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлы емделушілердің электрондық тіркелімі»), Дәрігерлік-санитарлы көмектің ынталандырушы құраушысы» порталдары жұмыс істейді.
Алайда, шектен тыс бюрократизация проблемасы қалып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді. Жыл санап емделушілердің дәрігердің кабинетіне кезегінің артуы байқалады, емделушілер дәрігерді таңдау кезінде кең альтернативаға ие емес, сондай-ақ, оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған проблемаларды АКТ-ны кеңінен қолдану, «электрондық денсаулық сақтауға» көшу арқылы жоюға болады, бұл медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыруға, емделушіні тексеру және емдеудің жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз ету, қағаздарды толтыруға кететін уақытты қысқарту, және сәйкесінше оны емделушіге қызмет көрсетуге жұмсауға болады.
Міндеті: АКТ-ны барынша қолдану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
-
денсаулық сақтау ұйымын бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосу – 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %;
-
«Электрондық медициналық картамен қамтамасыз етілген тұрғындардың саны 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %;
-
денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастыру тұғырнамасымен ықпалдастыру 2017 жылы 40 %, 2020 жылы - 100 %;
-
100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны 2017 жылы - 60, 2020 жылы - 100.
Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады:
елдегі барлық медицина мекемелерін ақпарат алмасу және қолжетімділігі үшін ДСБАЖ-ға қосу;
барлық бастапқы медициналық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру (осы ретте барлық медициналық құжаттаа үшін бірыңғай формат қамтамасыз етіледі);
қажет болған жағдайларда телемосттарды, консилиумдарды және саланың жетекші мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың бірыңғай қорғалған желісін құру;
мекеме қызметі, мамандар, емделушілерді қабылдау кестесі туралы қажетті ақпараттан тұратын бірыңғай ықпалдастырылған платформаны әзірлеу, енгізу және оған медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін және деректер қорын қосу, Интернет желісі немесе мобильді телефония деректер қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету,
сондай-ақ Интернет арқылы жедел қолжетімділік мүмкіндігімен дәрігерге бару, диспансеризация, диагностикалық зерттеулер, амбулаториялық және стационарлы емдеулер туралы ақпараттан тұратын, қорғалған емделушінің электрондық (мобильді) картасы арқылы шынайы уақыт режимінде деректерді емделушінің электрондық картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін емделушінің денсаулық жағдайын мониторингілеу құрылғыларын енгізу;
эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар, олардың алдын алу және емдеу туралы мәліметтер, жарияланымдар, есептер, зерттеу жұмыстарынан тұратын ғылыми және медициналық деректер қорын құру;
Қазақстан Республикасында тіркелген дәрі-дәрмектің жалпыға қолжетімді бірыңғай деректер қорын құру, олардың дәріханалар желісінде болуы;
емделушілердің тағайындау мұрағатына жедел қолжетімділікті алуға мүмкіндік беретін электрондық медициналық тағайындаулар мен рецептердің жүйесін құру;
егде тартқан және жалғыз басты азаматтардың (60 жастан асқан) денсаулық жағдайын мониторингілеудің телемедициналық браслетін енгізу;
жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;
АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін құру.
Достарыңызбен бөлісу: |