3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
Электрондық коммерция – бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік-Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық қаржылық және сауда транзакцияларынан, осындай транзакцияларды жүргізумен байланысты бизнес-процесстерден тұрады. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде неғұрлым қарқынды дамуын соңғы екі жылда бастады, бұл интернет-пайдаланушылардың санының артуымен, әлеуметтік желілердің ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен, және жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық платформадан Web 2.0 платформасына көшуімен түсіндіріледі.
Ағымдағы жағдайды талдау
Бүгінгі таңда Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлем мемлекеттерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4% құрайды, бұл Ресеймен салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шеткі салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен түсіндіріледі. Әлемдік саясат көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санынан 20% артық болатын индустрияға айналып отыр және бұл 2-3 жылдай жалғасады (ондайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт).
Проблеманың екінші бөлімі – карточка бойынша төлемдерді іске асыру мәдениетінің жетіспеушілігі және e-commerce банк карталары бойынша төлемдерді жүргізу кезінде бас тартудың аса жоғары деңгейі. Қазіргі таңда барлық транзакцияның тек 21% - төлем карталарының көмегімен қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүргізу, ал қалғаны банкамат арқылы карточкамен ақша алу (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы мәліметтері бойынша елімізде 11 млн карточкаға қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн транзакция сәйкес келеді және картадан 3,4 млн төлем транзакциялары). Интернетте картамен төлемдерді жүзеге асыру туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың үлкен санымен тереңге бойлайды (нарықтың түрлі ойыншыларының карталар бойынша төлемдерді іске асыруы кезінде бас тарту деңгейі 37-ден 48%-ға дейін құрайды). Бұл көптеген қазақстандық екінші дәрежелі банктердің интернет-транзакциялар үшін төлем карталарын жабу және негізінен жасанды кедергі болып табылатын интернет-транзакциялар үшін арнайы рәсімдерді орнату салдары болып табылады.
Міндеті: Электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
-
тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы – 7 %, 2020 жылы - 10%;
-
электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендеріндегі айналым үлесі 2017 жылы - 30 %, 2017 жылы – 40%.
Қол жеткізу жолдары
Электрондық коммерцияны дамыту мақсатында келесі шаралар қабылданады:
салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірленеді;
Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті қалыптастыру туралы мәселе қарастырылады;
интернет-коммерсанттарды салықтық және кедендік преференциялармен және технопарктерге қатысу арқылы ынталандыру жүзеге асырылады;
электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі;
жалпы интернет-ортаны және негізінен интенет-бизнесті дамыту тақырыбына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын жүргізу іске асырылады.
3.4 Электрондық экономиканы қаржыландыру
3.4.1 АКТ өнеркәсіп саласында
Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін негіз жасайды. Алайда, отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және күшті өсуді көрсетпейді. Кәсіпорынның экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар түсімді қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл ретте аса көлемді шығындарды жұмсауды қаламайды.
Заманауи ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарастыруы және барлық ішкі процесстерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 10 687 879 млн.теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7% - ға жоғарлады.
Бүгінгі таңда ірі және орташа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндіріс саны 1 848 құрайды.
Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң өсіңкілігіне қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің төмен деңгейін атап өту қажет.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы әлеуметтік біліктілікке оқыту арқылы өндірістік процесстерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті, кәсіпорындардың аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.
Міндеті: Қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикаторлар:
-
Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру бойынша оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыскерлерінің үлесі 2017 жылы – 70%, 2020 жылы – 100%;
-
өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірілген өнім көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындарды арттыру 2017 жылы - на 30%, 2020 жылы – 50% (2012 жылға қатысты);
-
кәсіпорынның үлесті АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы 30%, 2020 жылы 50% (2012 жылға қатысты);
-
инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы – 15%, 2020 жылы – 10%;
-
өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 2017 жылы – 10%, 2020 жылы – 20%.
Қол жеткізу жолдары
Қосымша құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп кәсіпорындарында заманауи жоғары технологиялық өндірісті құру үшін жағдай жасау міндеті мынадай шараларды қабылдау арқылы іске асырылады:
өнеркәсіп кәсіпорындарының АКТ инфрақұрылымын дамыту;
адам өміріне және денсаулығына аса қауіп төндіретін барлық өндіріс процесстерін роботтандыру;
өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық және ішкі процесстерін басқару жүйелерін автоматтандыруды енгізу;
отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара әрекеттестік жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;
«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және салықтық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау көрсету құралдарын пайдалану арқылы өндірістік процессте энерго-, қорларды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны енгізуге өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру;
жаңа өткізу нарығын ашу арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының өнірістік өнімдерін Интернет арқылы сатудың жаңа сызбаларын дамыту және енгізу;
қойма қорларын теркеу процессін оңтайландыру, радио жиілікті сәйкестендіру (RFID) технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және өойма инфрақұрылымын дамыту;
апатты және басқа да төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу үшін өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын мониторингілеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру мәселесін шешудің негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі – ЗКЖ) – көліктің барлық түрлерінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингілеу және басқару, жол жүруді басқару, аумақта көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды ақпараттандыру мәселелерін шешу үшін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік, мобильділік.
ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық спутниктік жүйесі (бұдан әрі – НСЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, темір жол саласында белсенді қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.с.с.
ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін жағымды жағдай жасау.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Әлемдік сауда соңғы он жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі таңда шамамен 400 миллиардты құрайды, 2015 жылы 1 триллион доллорға жетеді деп болжануда. Осыған байланысты, Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктерді тасымалдау үшін пайдалану мақсатқа сай болып табылады, бұл көлік компаниялары бюджеті мен Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісінің артуына ықпалдастық жасайды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі жүктердің транзитінің көлемі 25 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлайды, ал транзиттің ортақ кірісі 1,5 миллиард доллорды құрайды.
Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында көлікте ескірген технологиялар мен көлік қызметтерінің сервистерінің төмен деңгейін пайдаланатын тасымалдауды қанағаттандырарлықсыз ұйымдастыруды атап өтуге болады. Дамыған мемлекеттерде көлік лектерін рационалдандыру, олардың оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда дамудың бастапқы деңгейінде.
Осы жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз ететін заманауи көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ, дамыған мемлекеттердің көліктік ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын қалыптастыруы қажет.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы халыққа көлік қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру.
Нысаналы индикаторлар:
-
көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы 100 %;
-
НСЖ жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы – 100 %;
-
билеттерді сату электрондық форматта іске асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) үлесі 2017 жылы – 40 %, 2020 жылы - 100%.
Қол жеткізу жолдары
Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушысының тиімділігі мен ықпалдастығын арттыру болады: темір жол, автомобиль, әуе және су.
Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мынадай шешімдерді іске асыру қарастырылады:
НСЖ енгізу мыналарды қамтамасыз етеді:
-
Көліктің әртүрлі түрлерін мониторингілеу және басқару;
-
Аймақта көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде азаматтар мен ұйымдарға уақыттың нақты көлемінде ақпаратты ұсыну;
-
Көлікте қылмыстық және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда ден қою қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну;
мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ енгізіледі:
-
көлік лектерінің параметрлерін мониторингілеу;
-
жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;
-
жол жүру ережелерін бұзушылықты фотобейне тіркеу;
-
әлеуметтік көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және басқалары);
-
заттектердің шығарылуын бақылайды (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді басқарады);
-
логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);
-
ақпараттық порталдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдастықты қамтамасыз ету (жол жүру қатысушыларын қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ, Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету;
-
парковкаларды басқару (тегін және ақылы парковкаларды басқару, тарифтерді дайындау, парковкалар бойынша көлік құралдарын бөлу (бұдан әрі - КҚ) және бос орындардың болуы туралы хабарландыру);
-
көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды есепке ала отыра);
-
КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтап тұру, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);
-
коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда барлық маршрут бойынша көлік құралдарын сүйемелдеу);
-
коммерциялық көлікті басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, жүргізушіні аутентификация және басқалары, коммерциялық КҚ борттық жүйелерін біріктіреді);
-
жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақты және аумақты параметрлерін сақтауды бақылау;
-
бірыңғай деректер қорына т/ж, су және автомобиль көліктері саласында жедел ақпарат алу;
-
техникалық тексерістен өткен автокөлік құралдарының бірыңғай ортасы;
«Ақылды аялдама» мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың қажеттілігін есепке алатын және келесіні қамтамасыз ететін кешенді ақпараттық жүйесі енгізіледі:
-
көліктің аялдамаға келіп тоқтайтын уақыты туралы жолаушыларды шынайы уақыт режимінде ақпараттандыру;
-
жолаушыларды маршрут нөмірлері мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері туралы ақпараттандыру;
-
жолаушыларды қоғамдық көлік жұмысы туралы ақпараттандыру:
жол жүру кестелеріндегі өзгерістер;
жол жүру маршруттарындағы өзгерістер;
жол жүру төлемдері тарифтерін өзгерту;
қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы;
дабыл түймесін басу арқылы ситуациялық орталық және төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерін шақыру мүмкіндігі бар, қоғамдық көлік және аялдамада бейнебақылау жүйелерін енгізеді;
мобильді құрылғылар арқылы билеттерді брондау, жол жүру төлемдері жүйелерін енгізу (билеттер штрих-кодтармен және бар-кодтармен жарақтандырылады, бұл билеттерді электрондық түрде мобильді телефонда ұсыну мүмкіндігін береді, ал контроллерлер немесе жол серіктер билеттерді арнайы есептеуіштерді тексереді).
3.4.3 АКТ агроөнеркәсіп кешенінде
Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі – АӨК) қоғам үшін аса маңызды өнім өндірілетін және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Аграрлы саласы дамыған жетекші мемлекеттердің тәжірибесі барлығының «технологиялық революциядан» өткендігін көрсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығы нақтымен (прецизионды) ығыстырылады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылық агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен қолданылады.
АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауа-райы болжамы, ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамсыздандыру, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар жөнінде хабарландыру аса маңызды рөлге ие.
Тиімді әрі бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық қорларды үнемдеуші АКТ енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға, өнділетін өнімдердің меншікті құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Ауыл шаруашылығының неғұрлым үлкен проблемасы жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «E-Аgriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі, аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхат жүйесі. Ағымдағы жылы 12 рұқсат беру қызметін автоматтандыру мен 4 лицензияны беру жүргізіледі.
«Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат қағазын береді, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 милионнан асты.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында мониторингілеу және сәйкестендірудің бірыңғай жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты мемлекеттік қызметтердің көп бөлігі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа түрлі нақтылық бойынша, түрлі әдістермен, үйлесім бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеу республикалық және жергілікті деңгейдегі түрлі мекемелермен жүргізіледі. Тіркеу жұмыстары деректердің бір ғана түрі бойынша түрлі органдармен жүргізіледі, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері әсерін тигізеді.
Міндеті: Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру.
Нысаналы индикаторлар:
-
интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 80 %, 2020 жылы - 100 %;
-
прецизионды жер шаруашылығын пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы – 15 %, 2020 жылы – 60 %;
-
геоақпараттық технологияларды пайдаланатын АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы 20 %, 2020 жылы – 80 %.
Қол жеткізу жолдары
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін уақтылы, ықпалдастырылған, жоғары тиімді ақпараттық ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.
ауыл шаруашылық және су ресурстарын алдын ала қашықтықтан тексеру жүйесін енгізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Прецизионды (нақты) жер шаруашылығын мониторингідеу және дамыту үшін әрі қарай келесі міндеттерді шешуге бағытталған бірыңғай геоақпараттық жүйелерді құру бойынша ұсыныстар әзірленеді:
АӨК бірыңғай цифрлық картаны құру бойынша ұсыныстарды пысықтау;
әртүрлі мемлекеттік органдармен қолданылатын жер қоры туралы ақпаратты бірегейлендіру;
мемлекеттік органдардың деректерімен өзара байланысты топография нысандарының бірыңғай жіктеуішін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
Топырақтың жағдайын мониторингілеу үшін телеметрия технологиясын пайдалану мүмкіндігі қарастырылады.
Делдалдық қызметтерді және АӨК тауарларын сату бағаларын негізсіз көтеруді жою үшін электрондық сауда жүйелері арқылы іске асырылады.
АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақапараттық-телекоммуникациялық желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылады (АӨК-платформа).
Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялау процессін автоматандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық үшін зияткерлік жүйелері
Қазіргі уақытта энергия тұтынушы азайту және өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың энергетикалық тиімділігін арттыру проблемасы бірінші кезекке шығуда. Заманауи АТК деңгейінің жоғары екенін және шетелдік тәжірибені ескере отырып оларды халықтың тұрмысында тұрғын үй-коммуналдық жүйелерінің жұмысы мен энергиямен жабдықтауда қолданудағы зор маңызын атап өткен жөн.
Заманауи тиімді тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін жасаудағы басты бағыт коммуналдық ресурстарды тұтыну деректер өлшемі мен оларды берудің зияткерлік жүйесін жасау болуы тиіс.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазіргі уақытта Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту (бұдан әрі – ТКШ) бағдарламасының шеңберінде күрделі қорды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуге, алайда салада АТК қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.
ТКШ объектілерінде объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен, инженерлік жүйелер тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әр түрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел ден қою проблемасы да жоқ.
Коммуналдық төлемдерді жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі бар жүйесі ашық емес, бұл ең бастысы энергия- және ресурс үнемдеудің жоқтығы өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады.
Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия сыйымдылығы бойынша Еуро одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары. Мемлекеттік мекемелердің көп бөлігі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер тиімсіз энергия жүйелерімен жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.
Мақсаты: ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасы мен АКТ енгізу есебінен энергия үнемдеу тиімділігін арттыру.
Нысаналы индикатор:
-
технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи монополиялар субъектілерінің үлесі:
-
сумен қамтамасыз ету және су бұрғыштау 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;
-
жылумен қамтамасыз ету 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;
-
газбен қамтамасыз ету 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы - 50 %;
-
электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген, электр қуатымен жабдықтау саласындағы табиғи монополялардың үлесі 2017 жылы – 30 %, 2020 жылы – 90%.
Қол жеткізу жолдары
ТКШ саласында қызметтер көрсету және АТК есебінен энергия тиімділігі сапасын арттыру мақсатына қол жеткізу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады.
Мынадай міндеттерді шешу үшін, сумен қамтамасыз ету, су бұрғыштау, газбен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету және энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінде технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу:
суды бұрғыштау, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру;
жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;
техникалық қамтамасыз ету шығындарын төмендету;
энергияны тұтынуды төмендету;
коммуналдық шығындарды пайдалану және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды шынайы уақыт режимінде пайдаланушылардың бақылауы;
сумен қамтамасыз ету, буды бұрғыштау және жылумен қаматамасыз ету желілеріне оұқсатсыз қосылуды болдырмау;
инженерлік желілердің жағдайын мониторингілеу және шынайы уақыт режимінде ағынды жерлерді анықтау;
Ғимаратты, құрылымдарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде заманауи энерго- және ресурстарды үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін ғылыми-техникалық құжаттар әзірленеді (өзектіленеді).
Заманауи энергияны үнемдеуші технологияларды өндіріс процессіне енгізу бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.
Республиканың барлық қалаларында сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі енгізілетін болады.
3.4.5 АКТ экологияда және гидрометеорологияда
Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайту бойынша барынша прогрессивті тетіктер қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта осындай механизмдердің бірі қоршаған ортаны «электронды» күзету деп аталатын ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.
Экономиканың барлық дерлік саласы тікелей немесе жанама түрде ауа-райының жағымсыз жағдайлары мен қауіпті гидрометрологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Осы ретте, гидрометрологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен технологиялық процесстердің, сондай-ақ, қолданылатын құралдар мен шаралардың сипаттамасына қарай ерекшеленеді.
АКТ үш бағыт бойынша экология және гидрометеорология саласында да қолданылады: АКТ жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен АКТ секторының өзінде энергия тұтыну мен зиянды қалдықтарды қысқарту, өндірістік процестерді жедел басқарудың бағдарламалық-техникалық кешендері, енгізу және орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы қалдықтарға және экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету және қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |