Агроэкология негізіне кіріспе


ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ



бет5/26
Дата03.01.2022
өлшемі66.82 Kb.
#450138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Агроэкология лек. (1)

ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫ

Топырақ туралы түсінік. Табиғи себеп-шарттардың әсерінен, сондай-ақ адамның өндірістік әрекетінен пайда болған құнарлылыққа ие және өсімдіктің өнімін қалыптастыра алатын, жер шарының құрғақ бөлігінің үстіңгі қабатын топырақ деп атайды. Топыраққа ғана тән қасиет құнарлылыққа байланысты. Сондықтан топырақ пен құнарлылық егіз.

Құнарлылық – топырақтың мүмкін өнімді қалыптастыру үшін өсімдікті бүкіл тіршілік мерзімінде қажетті қоректік заттармен, сумен және басқа да тіршілік себеп шарттарымен қамтамасыз ету қабілеті. Тау жынысының топыраққа айналуы қабыса және бір мезгілде жүретін екі мүжілу және топырақ түзөілу үрдістерінің нәтижесінде жүреді.

Физикалық мүжілу-бұл тау жыныстары мен минаралды химиялық құрамы өзгермей механикалық майдалануы, үгілуі. Мұндай мүжілудің факторларының бірі болып температураның ауытқуы саналады. Тау жыныстарын құрастыратын минаралдардың көлемі қыздырған кезде, ашық түсті минералдарға қарағанда көбірек ұлғаяды. Салқындатқан кезде олардың көлемі кезекпен кішірейеді. Нәтижесінде тау жынысында әр түрлі бағыттағы жарықшалар пайда болады. Пайда болған жарықшаларға жиналған су қатқан кезде оның қабырғаларына зор күшпен әсер етеді де, тау жынысын жарады. Тұз кристалдары тап осындай әсер жасайды. Физикалық мүжілу-үгітілу нәтижесінде тау жынысы әр түрлі іріліктегі сынықтарға бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет