Фотосинтез – үрдісі ж.рген кезде өсімдік жапырақтарында әр түрлі органикалық заттар түзіледі; крахмал, қант, амин қышқылдары,, ақуыз, органикалық қышқылдар және т.б.
Тыныс алу-күрделі органикалық заттардың тотығып, аң қарапайым қосылыстарға ыдырауы, бұл үрдіс оттегін сіңіріп, энергия мен СО2(көміртегі) болып шығады. Аэробты тыныс алу жағдайында бастапқы тыныс алу толығымен көмірқышқыл газ бен суға дейін тотығады.
АГРОМЕТЕОРОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Агрометеорология түсінігі. Агрометеорология - бұл метеоролиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларды, ауыл шаруашылығы өндірісіндегі объектілер мен үрдістердің өзара қатынастарын зерттейтін ілім. Оның негізгі метеорологиялық шамаларына ауаның қысымы, ауаның температурасы, ауаның ылғалдылығы, бұлттану, ауаның жауын-шашындары, жер жатады. Бұдан басқа метеорологиялық көрсеткіштерге күн радиациясы, оның спектрлік құрамы, күннің ұзақтықтығы біріктіріледі.
Тап осы жер мен сол мезгілде болған ауаның метеорологиялық нақты шамаларының жағдайы ауа райы деп аталады.
Жағрапиялық орнына байланысты белгілі бір аймақтың көп жылдық ауа райының ережесін климат деп атайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және сапалы өнімін алу үшін агроклиматтық қорларды дұрыс анықтап тиімді пайдаланудың зор мыңызы бар.
Ауа. Күн радиациясы. Жер планетасының сыртындағы газ қабатын ауа немесе атмосфера деп атайды. Ауадағы газ қоспаларын ауа дейміз. Оның құрамындағы негізгі газдар: азаот (78%), оттегі (21%), аргон (0,9%), көмірқышқыл газы (0,033%). Одан басқа ауада адамның іс-әрекетінен және табиғи тегіне байланысты қатты және сұйық бөлшектер болады. Оларды аэрозоль деп атайды. Ауаны бес негізгі қабатқа бөледі: тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера, экзосфера, әр қабаттардың арасында тропопауза, стратопауза, мезопауза және т.б. қабаттары ажыратылады.
Сәуле қуаты толқындарының ұзындығы бойынша бөлінуін спектр деп атайды. Күп спектррі үш бөлікке бөлінеді: ултракүлгін толқындар (=0,40-0,76 мкм), инфрақызыл толықындар (≥0,76мкм). Фотосинтез үрдісіне спектрдің барлығы емес, тек оның толқындарының ұзындығы 0,38-0,71 мкм болғандары ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді ғана тікелей қатысады. Оны фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) деп атайды.
Топырақ пен ауаның температуралық ережесі. Жер бетіне сіңген күн радиациясы жылуға ауысады. Сол жылудың бір бөлігін жер бетіне жақын ауаның жылуына, судың булануына жұмсалады, ал басқа бөлігі топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Тәулік бойы күн радиациясының жерге түсу мөлшері әр түрлі болғандықтан, топырақтың температурасы өте кең аралықта өзгеріп отырады. Топырақта жылудың ауысуы көбінесе молекулярлық жылу өткізгіштігі арқылы жүреді.
Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштеріне топырақтың жылу сыйымдылығы, жылу өткізгіштігі жатады. Топырақтың физикалық жылу көрсеткіштері көбінесе топырақтың ылғалдығына, түсіне, тығыздығына және құрылымына байланысты өзгереді.
Ауа мен топырақтағы ылғал (су). Өсімдіктердің тіршілігінде ылғал (су) маңызды факторлардың бірі болып табылады. Топырақтағы ылғал мөлшері бірнеше көрсеткіштермен сипатталады: өсімдіктердің солу ылғалдылығы, ең төменгі су сыйымдылығы, өнімді ылғал.
Ауадағы су буының пайыз мөлшерін ауаның ылғалдылығы деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |