Топырақ түзуші себеп-шарттар. Топырақ түзілу процесіне әсер етуші маңызды себеп-шарттары болып өсімдік және жануарлар әлемі, климат, топырақ түзуші жыныстар, жер бедері, геологиялық жасы және адамның өндірістік әрекеті саналады.
Өсімдік және жануарлар әлемі. Топырақ түзілу процесіне жасыл өсімдіктер, хлорофилсыз төменгі сатыдағы ағзалар және жануарлар қатысады. Бұлардың әрқайсысының рөлі әр түрлі, бірақ олардың бірлесе әрекет етуі тау жынысын топыраққа айналдырады.
Төменгі сатыдағы өсімдік ағзалары. Олардың тау жыныстарына алғашқылардың бірі болып қоныстанады және топырақ түзілу үрдісінің алғашқы сатысында, оның биологиялық мүжілуіне белсенді қатысады. Олар тіршілік әрекетіне қара шірінді құрамына енетін жаңа органикалық заттар құрайды, өсімдік қалдықтарын жоғарғы сатыдағы өсімдіктер минералды және азотты қорек көзі ретінде пайдаланатын, қарапайым қосылыстарға дейін ыдыратады, ауаның бос азотын байлайды. Бұларға бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырғанда мен қыналар жатады.
Топырақта тіршілік ететін жануарлар қарапайымдылардан –талшықтылардан, тамыраяқтылардан, ифузориялардан; жоғары ұйымдастырылғандардан –құрттардан, жәндіктерден және олардың балапан құрттардан, омыртқалы жануарлардан –саршұнақтардан, аламандардан, қосаяқтардан, сұр тышқандардан және т.б. тұрады. Олар өсімдік қалдықтарының ыдырауына мүмкіндік жасайды, топырақты органикалық заттармен байытады, су және ауа өзкішгізтікті жақсартады.
Макробедерлі деп үлкен аумақтық жалпы кейпін анықтайтын және тектоникалық үрдістерініғ нәтижесі болып саналатын, оның ең ірі пішіндерін – қыраттарды, тау жүйелерін, үстірттерді; пайда болағн орташа шамадағы бедер пішіндерін –қыраттарды, тау жүйелерін, үстіртерді, шатқалдарды айтады.
Мезобедер – экзогендік үрдістердің нәтижесінде пайда болған орташа шамадағы бедер пішіндері - төбелер, сайлар, аңғарлар, табалдырықтар.
Микробедер деп салыстырмалы биіктігі бір метрдің әр жақ бер жағында болатын шамалы ауданды алып жататын бедердің ұсақ пішіндерін айтады. Бұған шөгу құбылысының салдарынан тегіс жерлерде пайда болған төмпешіктер, ойпандар, ойыстар жатады. Бұл пішіндер құрғақ дала аймағына тән.
Адамның өндірістік әрекеті. Топырақтың дамуына табиғи факторлармен бірге адам да өндірістік әрекетімен үлкен әсер етеді. Адамның топыраққа әсер ету тәсілі әр қилы. Механикалық өңдеу, шөп себу, танапты қорғауға орман алқаптарын жасау, жақсартушы (мелиоративтік) шаралар адамның топыраққа әсер ететін әрекеттерінің бІр бөлігі ғана. Адамның өндірістік әрекетінің нәтижесінде табиғи топырақ түзу үрдісі күрт өзгереді: табиғи өсімдіктер мәдени өсімдіктер егістігімен ауыстырылады, кейбір қолайсыз химиялық және физикалық қасиеттер әктастау немесе гипстеумен жойылады, қоректік элементтері және қара шіріндісі аз топырақтарға тыңайтқыш, сидерация қолданылады, топырақтың су, ауа және жылу ережелері реттелінеді. Бірақ адамның реттелінбеген, бақылаусыз, жүйесіз және қарапайым (жабайы) өндірістік әрекеті топырақ құнарлылығына кейін түзете алмайтын үлкен зиян келтіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |