«Агрономиялық зерттеу әдістері» пәні бойынша ДӘрістер жинағы тараз 2021 ж



бет17/39
Дата02.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#479499
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
4 дәріс

Мөлдектердің көлемі. Әр бір мөлдектің ауданын көбейту топырақ құнарлылығы элементтерінің көп мөлшерін қамтуға мүмкіндік береді, ал керісінше орташа мөлшерден ауытқыған кезде топырақ құнарлылығы әр бір мөлдек көлемінде өзара сіңеді.
Мөлдектердің ауданы тәжірибеде зерттеліп отырған дақылмен, оны себу тәсілімен, бір шаршы метр жерге келетін өсімдіктердің санымен тығыз байланысты, мәселен, қатардағы тәсілмен себілетін дақылдардың, астық тұқымдас дақылдардың, мал азықтық дақылдардың 1 м2 жерге келетін өсімдіктерінің саны орта есеппен 200-250 өсімдік болуы керек, ал отамалы дақылдардың – жүгері, тамыржемістердің саны небары 8-12 өсімдік, яғни мөлдектердің ауданы кішірек болғанда, әр бір мөлдекке келетін өсімдіктердің саны да шектеулі болады, себебі жекелеген өсімдіктердің өзіндік қасиеттеріне сай өзгергіштігі жеткілікті дәрежеде тегістелмейді (біркелкі болмайды), яғни мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданында 40-60 өсімдік болғанның өзінде.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданы орта есеппен 100 мболуы керек, яғни 50-200 м2 арасында ауытқуы тиіс, мұның өзі өндірістік жағдайда қолданылатын техникаларды қолдана отырып, маңызды танаптық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қатардағы тәсілмен себілетін дақылдар үшін ауданы 50-100 м2, кең қатарлап себілетін отамалы дақылдар үшін 100-200 мболуы керек, тексеріп көру үшін (барлаушы, теңестіруші) алдын-ала салынатын тәжірибелерде қолмен өңдеуге 20-25 м2-лік мөлдектер рұқсат етіледі.
Селекциялық жұмыста, бірінші кезеңде селекционерде жаңадан шығарылған сорттың тұқымдық материалы шектеулі ғана болатын болса, онда мөлдектердің ауданы 0,5 м2-ден 2 м2 арасында ауытқуы мүмкін, кішігірім сорт сынауларда – 5-10 м2ал конкурстық сорт сынаулар 50-100 м2-лік, кейде 200 м2-лік мөлдектерде жүргізіледі.
Топырақ өңдеу тәсілдері, топырақты жел және су эрозияларынан қорғау және т.б. іс-шараларды зерттеу бойынша салынатын, әр бір мөлдекте жеке-жеке техника мен құрал-жабдықтарды пайдалануды талап ететін тәжірибелердегі мөлдектердің ауданы, зерттеліп отырған іс-шараларға байланысты 300 м2 –ден 1000 м2-ге дейін болады.
Тәжірибе қайталымы – тәжірибе дәлдігін арттыруға әсер ететін, зерттеліп отырған сызбанұсқаның әрбір нұсқалары үшін қайталанатын бірнеше мөлдектерді енгізумен байланысты, анағұрлым ықпалды амалдардың, оны тәжірибелік жер учаскесінің әр түрлі жерлерінде (бөліктерінде) орналасқан, бір ірі мөлдектің бөлігі ретінде қарастыруға болады, ол әр бір нұсқамен тәжірибелік танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толық қамтуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибелік нұсқалардың әр біріне қажетті жердің жиынтық ауданын біркелкі ұлғайтқанда, тәжірибенің дәлдігін бір мөлдектің ауданын ұлғайтқанға қарағанда едәуір көлемде арттыруға мүмкіндік береді, яғни 1 суреттегі мәліметтер бойынша: қайталымдардың санын 1-ден 10-ға дейін көбейткенде және мөлдектердің ауданын өзгертпегенде 25 м2 тәжірибенің қателігі 10%-дан 6,8-3,2%-ға дейін төмедеді, дегенмен тәжірибе қателігінің едәуір көлемде, яғни 10%-дан 5-4,5%-ға дейін төмендеуі 4-5 қайталым санында байқалды, ал 6 қайталым санында тәжірибенің дәлдігі 4,1%-ға дейін, 8 қайталым санында 3,5%-ға дейін, 10 қайталым санында 3,2%-ға дейін төмендеді, дегенмен 6 қайталым санынан бастап тәжірибенің дәлдігі шамалы ғана жоғарылады, сондықтан қайталым санын шектен тыс көбейтудің қажеттігі жоқ, яғни пайдасыз. Осыған байланысты дақылдардың өсіру технологиясының элементтерін зерттеу және сорт сынау бойынша бірфакторлы және қарапайым көпфакторлы танаптық тәжірибелерде, толықтай негізделген түрде, мөлдектердің ауданы 50-100 м2 болғанда 4-5 қайталым, 2 м2 -ден 10 м2-лік кішірек мөлдектерде немесе тәжірибелік жер телімі үлкен көлемде тегіс болмаған жағдайда 6-8 қайталым қолданылады. 8 және одан да көп қайталымдар саны ерекше жағдайларда, яғни зерттеліп отырған іс-шаралардың тиімділігі төмен болғанда қолданылады (мәселен, микротыңайтқыштардың, өсімдіктердің өсіп-дамуын реттеушілердің және т.б. тиімділігін зерттеген кезде). Ғылыми мекемелердің іс-тәжірибесінде 4-5 қайталым санынан 8-12 қайталым санына дейін және бұдан артық қайталым саны сирек қолданылатынын, сонымен қатар өндірістік жағдайда қайталымдардың ең төменгі саны қолданылатынын ескерген жөн, ал қайталымдар санының орнын және тәжірибенің анағұрлым жоғары дәлдігіне қол жеткізу үшін мөлдектердің есептеу алаңдарының ауданын арттырумен толықтырады.
Мөлдектердің ауданы – мөлдектердің пішінін дұрыс таңдау тәжірибенің дәлдігіне әсер етуі мүмкін, ал оның пішіні мөлдектің қысқа жағы мен ұзын жағының қатынасы арқылы анықталады (ұзындығы мен ені). Танаптық тәжірибелерде мөлдектердің пішіні тік төрт бұрышты, тік бұрышты және ұзарған пішінде болуы мүмкін.
Тік төрт бұрышты мөлдек – ұзындығының еніне қатынасы бірге тең мөлдек, мысалы, 10х10 м, 5х5 м және т.б. Тік бұрышты – ұзындығының еніне қатынасы бірден жоғары, бірақ 10-нан төмен, мысалы, 5х20 м, 5х40 м, 4х30 м және т.б. Ұзарған пішінді – ұзындығының еніне қатынасы 10-нан жоғары болуы тиіс, мысалы, 3,6х45 м, 4,2х50 м және т.б. Мөлдектердің ұзындығының еніне қатынасы 1:10 – 1:15 аралығында болғанда тәжірибенің дәлдігі жоғарылайтындығы және тиімділік (іс-шаралардың тиімділігі) жақсы байқалатыны анқыталған.
Тәжірибелік іс-жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, яғни мөлдектердің ең жақсы пішіні ұзарған (созылған) пішін болып табылады, себебі бұндай мөлдектер, танап топырағының құнарлылығы бойынша ала-құлалылығын толықтай қамтуына байланысты, тәжірибенің қателігін азайтуға мүмкіндік береді, яғни мөлдек ұзын болған сайын бұл міндет (тәжірибе қателігін азайту) жақсы орындалады. Сонымен қатар, мөлдектер топырақ құрамы өзегертін бағытқа қарай ұзарған (созылған) болуы тиіс, мысалы, тәжірибені баурайлы жер учаскесіне салған кезде, мөлдектер баурайдың барлық бөліктерін қамти отырып, оның бойымен ұзартыла (созылған) салынуы керек. Мөлдектердің ұзарған (созылған) пішіні механизацияланған егістерде және тәжірибедегі өсімдіктерді күтіп-баптаған кезде қажет, сонымен қатар мөлдектердің ені сепкіштердің, агрегаттардың (құралдардың) алым енімен анықталады, мысалы, астықты қатардағы әдіспен себетін және астықты-шөпті сепкіштердің (СЗП-3,6, СЗТ-3,6 және т.б.) алым ені 3,6 м, аңыздық сепкіштердің алым ені 2,1 м, көкеністік сепкіштер СО-4,2 – 4,2 м, жүгері сепкіші СУПН-8 – 5,6 м және т.б., сепкіштердің бұндай алым ендерін негізге ала отырып мөлдектердің ені және жоспарланған ауданнан келіп ұзындығы анықталады. Барлық жағдайларда мөлдектердің пішіні тік бұрышты болуы тиіс. Ұзарған (созылған) пішіндер көлемі бойынша ірі (50 м2 кем емес) мөлдектерде ғана пайдаланылады, себебі мөлдектердің ауданы кішігірім болса, онда ұзарған (созылған) пішінді мөлдектер өте тар болады, мұның өзі техниканы қолдануға, қорғаныс алаңдарын бөлуге қиындық туғызады.
Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күреске қолданылатын химиялық препараттарды зерттеген кезде, препараттар басқа да мөлдектерге түсіп кетуі мүмкін, сондықтан мөлдектердің бүйірінен жалпақ (кең) қорғаныс жолақтарын (бүйірлік қорғаныс алаңдары) бөледі, сонымен қатар бұндай тәжірибелерде пішіні төрт бұрышты мөлдектерді қолданған дұрыс, себебі ұзарған (созылған) мөлдектердің ортасынан немесе тік бұрышты мөлдектерге қарағанда, зиянкестерге көрші нұсқаларға өту қиындайды (жол ұзынырақ, алысырақ).
Мөлдектердің бағыты – тәжірибеден алынған нәтижелердің дұрыстығына (анықтылығына) әсер ету мүмкіншілігі бар. Мөлдектердің пішіні туралы мәселені қарастырған кезде, мөлдектерді баурайға ұзын жағымен кесе-көлденең емес, яғни баурайдың бойымен орналастыруға көңіл бөлінген, сонымен қатар мөлдектерді жер учаскесінің топырағының құнарлылығы күшті өзгеретін бағытына қарай орналастырған жөн, бұндай жағдайда тәжірибеде зерттеліп отырған нұсқаларды бір-бірімен салыстыруға анағұрлым тең (бірдей) жағдай қалыптасады. Тәжірибелерді танапты басқа да сыртқы орта факторларынан қорғауға арналған орман жолақтары бар жерлерде салған кезде, мөлдектерді орман жолақтарына ұзын жағымен перпендикулярлы орналастырған дұрыс. Топырақ құнарлылығы біркелкі (тегіс) танаптарда мөлдектердің бағыты, тәжірибені жүргізудің техникалық жағдайларымен анықталады, себебі бұл фактор тәжірибенің дәлдігіне айтарлықтай теріс әсер етпейді.
Қорғаныс жолақтары – көрші нұсқалардың әсерін жою үшін бөлінеді, мұны, әсіресе, тәжірибелерде тыңайтқыштарды, топырақ өңдеу тәсілдерін, алғы дақылдарды, суару жүйесін және т.б., зерттеген кезде сақтаған маңызды. Қорғаныс жолақтары бүйірлік және мөлдектердің соңындағы (аяқтық) болып бөлінеді.
Бүйірлік қорғаныс жолақтары – мөлдектердің ұзын жағының бойынан бөлінеді, оның ені тәжірибеде зерттеліп отырған 0,5 м-ден 1,5 м-ге дейін, ал суару жүйесі, гербецидтер зерттелетін тәжірибелерде 2-3 м және одан да кең (жалпақ) болуы мүмкін.
Соңғы қорғаныс жолақтары – мөлдектердің есептеу алаңдарын кездейсоқ зақымданудан қорғауға мүмкіндік береді, олардың ені 2 м-ден кем болмауы тиіс.
Бұрылыс жолақтары (қорғаныс жолақтары) мөлдектердің екі жағынан бөлінуі тиіс, олардың ені кем дегенде 10-15 м болуы тиіс, бұндай жолақтар дақылдарды себу кезінде техниканың бұрылуына және т.б. механикалық жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет