Агроөнеркәсіп кешені дамуындағы днқ технологиялар


Дезоксирибонуклеин қышқылы



бет3/19
Дата15.02.2022
өлшемі0.83 Mb.
#455385
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Лекция ДНК

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.

ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.

Агроөнеркәсіп кешені - Қазақстан экономикасының негізгі және ерекше болашағы бар өзекті саласы. Әлемнің санаулы елдері ғана ауыл шаруашылығын дамытуда біздің әлеуетімізбен салыстырмалы түрде ғана теңеседі. Әлем халықтарының өсуіне орай азық-түлікті экспорттауға қабілетті мемлекеттер көп ұзамай әлемдік нарықта көшбасшы болатынын бүгіннің өзінде де аңғару қиын емес. Біздің елде де мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын дамытуға жылдан-жылға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы саланы қаржыландыру көлемі ұлғайып, жаңа бағдар-ламалар әзірленуде, мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері жасалуда. Егер статистикалық деректерге сүйенсек, ауыл шаруашылығынан тұрақты өсуін байқаймыз: жалпы өнімнің көлемі мен саланы инвестициялау артып, жаңа ауылшаруашылық нысандары пайдалануға беріліп жатыр. Сонымен қатар, "ауылшаруашылық өнім-дерін сыртқа шығару артқан сайын, олардың бағасы өседі, ауылшаруашылық экспортының құрылымы неге өзгермейді" деген сауалдар көпшілікті жиі мазалайды.Себебі отандық ауыл шаруашылығы өнімде-рінің басым бөлігі әлемдік нарықтағы бәсеке-ге түсуге қауқарсыз. Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігі алдымен өнімді өндіру барысында қолданылатын технологиялардың деңгейімен анықталады. Демек, бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының қатарында көтерілген мәселе ауыл шаруашылығына бөлінген қар-жының көлемін ұлғайту ғана емес, саланың ғылыми-инновациялық жағын қалпына келтіріп, оны жетілдіру.

Сондай-ақ, келешекте Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі де күн тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі, олай болса агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік қолдау шараларын "сары қоржынға" байланысты қысқарту керек болады да, сол сәтте ғылымды мемлекеттік инвестициялау бойынша бұл санатқа, атап айтқанда, "жасыл қоржынға" ондай шектеулер таратылмаған. Сол себепті тек бүгін технологиялық жетілдіру мәселесіне сапалы секіріс пен қолжетімді, тиімді инновациялар қажет. Агроөнеркәсіп кешені үшін оңтайлы агротехнология, жоғары өнімділік әкелетін сұрыптар мен будандар, мол өнім беретін малдар, жоғары өнімділікке қол жеткізетін машиналар мен жабдықтар керек. Осындай инновация құрудың негізін тек өзіндік, жоғары дамыған аграрлық зерттеу жүйесі арқылы ғана іске асыруға болады. Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар келтіре кетейін: Қазақстанмен салыстырғанда, табиғат жағдайы салқындау Аустралияда бидайдың өнімділігі екі есе жоғары. Мұның құпиясы неде? Аустралия ауылшаруашылық саласы бойынша әлемдегі ең үздік ғылыми- зерттеу жүйесін қалыптастырды. Аустралия ғалымдары биотехнологияны үздіксіз дамытып, сұрыптың сипаттамасы бойынша ерекше түрлерін жасауға болатынын көрсетті. Геномика саласы бойынша ғылымдағы жетістікке жету ауыл шаруашылығында сұрыптауды арзан және қысқа уақытта жүзеге асыруға жол ашады. Мысалы, жуырда Квинсленд университетінің ғалымдары бар-жоғы екі жарым жыл ішінде қажетті тұқымдарды жиынтықтау арқылы бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты. Бұрынғы дәстүрлі әдіспен сұрып жасауға 15 жылдан астам уақыт кететін. Қорыта айтқанда, Аустралия фермерлері үшін ең заманауи агротехнология мен селекциялық жетістіктерде қолжетімділік бар. Елдегі аграрлық ғылым саласындағы күшті ғылыми жасампаздық - Австралияның әлемдік азық-түлік нарығындағы негізгі бәсекелестіктегі артықшылығы.

Асылтұқымды малды әкелу - табыстың көзі емес. Мал шаруашылығы саласынан бір мысал. АҚШ, Франция, Канадада ірі қара малды асылдандыруды жақсарту шетелден асылтұқымды малды әкелу жолымен емес, жоспарлы түрде тұқымдық құрамға геномдық сұрыптауды енгізу жолымен шешілуде. Генотиптің ерекшелігімен танысқаннан соң, арнайы әдістеменің негізінде нақты әр малға жас кезінен бастап шаруашылық құндылығын танып, оның үздік әлеуеттік бағытын дамытуды анықтайды. Одан әрі қарай табынның асылтұқымды құндылығын жедел көтеру үшін жаңа репродуктивті технология кеңінен қолданылады.

Нәтижесінде оңтайлы будандастыруды таңдау арқылы нақты шаруашылыққа қажетті сипаттама негізінде табынды жасақтауға мүмкіндік алады. Геномдық сұрыптауды қолдану нәтижесінде Францияда соңғы 20 жылда сауын сүтінің көлемін бір сиырға шаққанда жылына 4-тен 6 мың литрге арттырған немесе 1,5 есеге өскен. Бұл жағдайда сүттің сапасы талапқа сай түрлі бағыттағы қайта өңдеуден кейін де тұрақты болады. Әрине, бұл жай технология емес, осының арқасында асылтұқымды мал шаруашылығын тұрақты және орнықты дамытуды қамтамасыз ету мүмкіндігі жасалады. Ал малды асылдандыру үшін шеттен тасымалданған мал уақыт өте келе өзінің тектілігін жоғалтады. Тағы бір ауыл шаруашылығын инновациялық дамытуға жарқын мысал - Нидерланды елі. Жер көлемі біздің Алматы облысының бестен бір бөлігіне тең бола тұра, жылына құны 50 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығарып, әлемде АҚШ-тан кейін екінші орындағы экспортер ретінде танылып отыр. Бұл елдің ауыл шаруашылығының құдіреттілігі неде? Нидерландының аграрлық саладағы экономикалық және технологиялық саясатының қалыптасуы негізінен әлемдегі ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші нысан - Вагенинген зерттеу университетімен тығыз байланысты.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет