-атын (-етін, -йтын, -йтін) формасы қай шақты біл-дірсе де, қажетінше, кептік, тәуелдік, септік, жіктік жал-ғауларын қабылдап, жұмсала береді. Мысалы: Түсін-бейтіндер, әдетте, оқымайды, тыңдамайды. Сенің түсінбейтінің де осындай қылығыңнан; Келетінімді бі-леді, күтетін болар т. б.
-атын формалы есімшеге -дай (-дей, -тай, -тей), -дық-тан жұрнақтары қосылып, туынды сөздер ж асала бере-ді. Мысалы: айтатындай, баратындай, көретіндей; ба-ратындықтан, келетіндіктен, оқитындықтан т. б.
Есімшенің келер шақ түрі етістік негізіне -ар (-ер,. -р) жұрнағы мен -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жүр-нағы жалғану арқылы жасалады.
а) -ар жұрнағы арқылы жасалатын есімше сейлемде Қай орында, қандай мүше болып қолданылса да, семан-тика жағынан үнемі келер шақ мағынасын білдіреді. Бі-Рақ бұл форманың қолданылу ерісі, есімшенің езге (ет-Кен шақ) формаларына қарағанда тар. Мысалы, -ар фор-Малы есімше анықтауыш қызметінде аз жұмсалады
да, көбінесе баяндауыш ретінде қолданылады; сондай-ақ, бұл форма тұрлаусыз мүше бола алады, бірак өзге есім-шелерге қарағанда, әлдеқайда сирек жұмсалады (болым-сыз түрі -бар-ма-с, кел-ме-с, айт-па-с, біт-пе-с, жаз-ба-с, үз-бе-с). Бүл есімше тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те колданыла береді, бірақ оған еш уақытта көптік жал-ғауы қосылмайды. Мысалы: Қайіта кірер есікті қатты жаппа; Айырылар дос ердің артқы қасын сұрайды; Бер-местің асы піспес; Көрмес — түйені көрмес т. б.
Бұл есімшенің болымды және болымсыз түрі кайта-ланып жұмсала береді де, түрлену ерекшелігіне орай, сөйлемде әр килы мүше бола алады. Мысалы: айтар-айтпастан, келер-келместен (тек пысықтауыш қана болады); болар-болмас бірдеме жиналыпты (анықта-уыш), келер-келмесі мәлімсіз (бастауыш) т. б.
Келер шақ көсемше екен, еді, емес дәнекерлерімен жэне -ақ шылауымен де жұмсала береді. Ондайда, әри-не, есімшеге күдік, сенім, шарт, болжал тәрізді косым-ша мағыналар жамалады (келер ме екен, айтар ма екен; барар еді, келер-ақ, айтар-ақ; келер емес, айтар емес
Достарыңызбен бөлісу: |